- •051301 – Жалпы медицина
- •Тақырыбы: Анемиялық синдром. Темір тапшылықты анемия, в-12 тапшылықты, гипо-аплазиялық анемиялар. Этиологиясы, жіктелуі, клиникалық көріністері. Заманауи емдеу принциптері.
- •Сабақтың мақсаты
- •3. Оқыту мақсаты:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •Орыс тілінде
- •І вариант
- •2. Төмендегi медикаменттiк емнiң дұрысын таңдаңыз:
- •3. Миелолейкозға тән цитохимиялық реакция:
- •1. Тақырыбы: Гемобластоздар. Жедел және созылмалы лейкоздар. Эпидемиологиясы. Жіктелуі, клиникалық көріністері. Заманауи диагностика әдістері. Емдеу принциптері.
- •3. Оқыту мақсаты:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •Орыс тілінде
- •3. Спленомегалия болған жағдайда созылмалы миелолейкоз туралы төмендегі қандай жағдай болғанда күдіктенуге болады:
- •Ситуациялық есептер
- •2 Есеп
- •3 Есеп.
- •4 Есеп.
- •5 Есеп.
- •3. Оқыту мақсаты:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •Орыс тілінде
- •7. Тест сұрақтары
- •Ситуациялық есептер
- •4 Есеп.
- •5 Есеп.
- •6 Есеп.
- •3. Оқыту мақсаты:
- •6. Қолданылатын әдебиеттер:
- •Орыс тілінде
- •1 Вариант
- •2 Вариант
- •1. Тақырып: Нефротикалық синдром. Гломерулонефриттер. Жедел және созылмалы гломерулонефриттер. Этиологиясы. Жіктемесі, клиникалық көрінісі. Қосымша диагностика әдістері. Заманауи терапия принциптері.
- •3. Оқыту мақсаты:
- •4. Тақырып бойынша талқыланатын сұрақтар:
- •6. Қолданылатын әдебиеттер:
- •Орыс тілінде:
- •7. Гломерулонефриттегі гематурия қандай себептерге байланысты дамиды:
- •8. Цилиндрурия немен байланысты:
- •9. Гипертониялық синдромды тудыратын:
- •9. Созылмалы гломерулонефриттің диагностикалық критерийлері:
- •10. Созылмалы гломерулонефрит науқастарына кортикостероидты терапия қолданылады, егер:
- •Ситуациялық есеп № 1
- •Ситуациялық есеп № 2
1. Тақырып: Нефротикалық синдром. Гломерулонефриттер. Жедел және созылмалы гломерулонефриттер. Этиологиясы. Жіктемесі, клиникалық көрінісі. Қосымша диагностика әдістері. Заманауи терапия принциптері.
2. Сабақтың мақсаты: Гломерулонефриттердің диагностикасы, емі және алдын-алу шаралары бойынша білімдерін және машықтануын қалыптастыру.
3. Оқыту мақсаты:
- Cтудент білуге тиіс:
Гломерулонефриттердің этиологиясын және патогенезін;
Гломерулонефриттердің жіктемесін, клиникасын, ағымын, асқынуларын және болжамын;
Клиникалық-зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерінің заманауи әдістерін;
Гломерулонефриттердің заманауи емдеу принциптерін;
Студент жасай алуы тиіс:
Науқастың анамнезін жинауды;
Объективті тексеру әдістерін қолдануды;
Қажетті клиникалық-зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерін таңдауды және алынған нәтижелерді талдауды;
Науқасты емдеу жоспарын және реабилитациясын құруды;
Науқаспен, оның туыстарымен, әріптестерімен және басқа да медициналық қызметкерлермен барынша сенімді қарым-қатынас орнату, коммуникативті дағдыларды игеру.
Дағдыларды игерген болуы тиіс:
Гломерулонефриті бар науқастарды қарауды, пальпация және перкуссия жүргізуді;
Қан қысымын өлшеу және пульсті санауды;
4. Тақырып бойынша талқыланатын сұрақтар:
а) базистік білімі бойынша:
1.Қалыпты анатомиядан - бүйректің құрылысы.
2.Қалыпты физиологиядан – бүйректің функциясы.
3.Ішкі аурулар пропедевтикасынан – зәр шығару жүйесі науқастарын зерттеу әдістері.
б) осы тақырып бойынша:
Жедел гломерулонефриттің анықтамасы, этиологиясы.
Жедел гломерулонефриттің патогенезі.
Жедел гломерулонефриттің классификациясы.
Жедел гломерулонефриттің клиникасы (синдромдар).
Жедел гломерулонефриттің диагностикасы.
Созылмалы гломерулонефриттің анықтамасы, этиопатогенезі.
Созылмалы гломерулонефриттің классификациясы.
Созылмалы гломерулонефриттің клиникасы (синдромдар).
Созылмалы гломерулонефриттің диагностикасы.
Гломерулонефриттердің емі және диетотерапия ерекшеліктері.
Гломерулонефриттердің асқынулары, оларды емдеу принциптері, болжамы және диспансеризациясы.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтар, жұптасып жұмыс істеу, жаттығуларды орындау (инновациялық оқыту әдістерін қолдану: аудиотаспа, бейнетаспа, электрондық оқулық, проблемаға бағыттап оқытуға арналған материалдар). Ауызша сұрастыру, тестілеу, науқасты шолуға қатысу, тақырыптық науқастарды талқылау, науқас курациясы, шағын топта жұмыс істеу, дискуссиялар, презентациялар, қайта байланыс. ПБО.
6. Қолданылатын әдебиеттер:
Қазақ тілінде:
негізгі:
Калимурзина Б.С. Iшкi аурулар. 2005.
Жаманкулов К.Ж. Iшкi аурулар. 2008.
Орыс тілінде:
қосымша:
Маколкин В.И., Овчаренко С. Внутренние болезни, 2005.
Моисеев В.С и др. Внутренние болезни с основами доказательной медицины и клинической фармакологии, 2008.
Мартынов А.И., Мухин Н.А., Моисеев В.С. Внутренние болезни, 1-2 том, 2005.
Орлов В.И. Руководство по ЭКГ. - М.: Медицина, 1998.
7. Тест сұрақтары:
1 - вариант
1. Жедел гломерулонефриттің дамуында қандай инфекция басты роль ойнайды:
а. алтын тәрізді стафилококк
б. В-гемолитикалық стрептококк
в. пневмококк
г. ішек таяқшалары
д. барлығы
2. Залалданғаннан кейін жедел гломерулонефриттің бүркемелі кезеңі қанша уақытқа созылады:
а. 1 ай
б. 2-3 ай
в. 2-3 апта
г. 2-3 күн
д. 1 жыл
3. Гломерулонефрит патогенезіне қатысатын келесі факторлар:
а. базальді мембрананың иммунды қабынуы
б. шумақтардың сүзгіш беттеріне антиген-антидене комплекстерінің жиналуы
в. капиллярлық микротромбтардың құрылуы
г. біреуде сәйкес келмейді
д. барлығы қатысады
4. Жедел гломерулонефриттің клиникалық көрінісінде келесі негізгі синдромдар білінеді:
а. несеп
б. гипертензивті
в. ісіну
г. несеп, гипертензивті
д. несеп, гипертензивті, ісіну
5. Несеп синдромына тән емес:
а. протеинурия
б. изостенурия
в. гематурия
г. лейкоцитурия
д. цилиндрурия
6. Протеинурия симптомының пайда болуы немен байланысты:
а. шумақты капиллярларынан плазмалық белоктың көп өтіп кетуі
б. шумақ капиллярларынан плазмалық белоктың аз өтіп кетуі
в. иммундық комплексінің элиминациясы
г. шумақты капиллярларынан плазмалық белоктың көп өтіп кетуі,
шумақшы капиллярларынан плазмалық белоктың аз өтіп кетуі,
д. шумақты капиллярларынан плазмалық белоктың көп өтіп кетуі, шумақшы капиллярларынан плазмалық белоктың аз өтіп кетуі, иммундық комплексінің элиминациясы
