Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гемонефрология каз 4к.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
299.01 Кб
Скачать

3. Оқыту мақсаты:

- Cтудент білуге тиіс:

  1. Пиелонефриттердің этиологиясын және патогенезін;

  2. Пиелонефриттердің жіктемесін, клиникасын, ағымын, асқынуларын және болжамын;

  3. Клиникалық-зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерінің заманауи әдістерін;

  4. Пиелонефриттердің заманауи емдеу принциптерін;

Студент жасай алуы тиіс:

  1. Науқастың анамнезін жинауды;

  2. Объективті тексеру әдістерін қолдануды;

  3. Қажетті клиникалық-зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерін таңдауды және алынған нәтижелерді талдауды;

  4. Науқасты емдеу жоспарын және реабилитациясын құруды;

  5. Науқаспен, оның туыстарымен, әріптестерімен және басқа да медициналық қызметкерлермен барынша сенімді қарым-қатынас орнату, коммуникативті дағдыларды игеру.

Дағдыларды игерген болуы тиіс:

  • Пиелонефриті бар науқастарды қарауды, пальпация және перкуссия жүргізуді;

  • Қан қысымын өлшеу және пульсті санауды;

4. Тақырып бойынша талқыланатын сұрақтар:

а) базистік білімі бойынша:

  1. Қалыпты анатомиядан - бүйректің құрылысы.

  2. Қалыпты физиологиядан – бүйректің функциясы.

  3. Ішкі аурулар пропедевтикасынан – зәр шығару жүйесі науқастарын зерттеу әдістері.

б) осы тақырып бойынша:

1. Жедел және созылмалы пиелонефриттің анықтамасы.

2. Жедел және созылмалы пиелонефриттің этиологиясы, патогенезі.

3. Жедел және созылмалы пиелонефритің клиникалық көрінісі.

4. Жедел және созылмалы пиелонефриттің диагностикасы.

5. Бүйрек ұстамасы кезіндегі шұғыл көмек.

6. Бүйрек ұстамасы тыс уақытта созылмалы пиелонефритті емдеу принциптері.

7. Созылмалы пиелонефрит нәтижесінде дамыған созылмалы бүйрек шамасыздығы.

8. Жүктіліктің созылмалы пиелонефрит барысына әсері.

9. Жедел және созылмалы пиелонефриттің алдын-алу, науқастарды динамикалық бақылау.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтар, жұптасып жұмыс істеу, жаттығуларды орындау (инновациялық оқыту әдістерін қолдану: аудиотаспа, бейнетаспа, электрондық оқулық, проблемаға бағыттап оқытуға арналған материалдар).

ауызша сұрастыру, тестілеу, науқасты шолуға қатысу, тақырыптық науқастарды талқылау, науқас курациясы, шағын топта жұмыс істеу, дискуссиялар, презентациялар, қайта байланыс. ПБО.

6. Қолданылатын әдебиеттер:

Қазақ тілінде

негізгі:

  1. Калимурзина Б.С. Iшкi аурулар. 2005.

  2. Жаманкулов К.Ж. Iшкi аурулар. 2008.

Орыс тілінде

қосымша:

  1. Маколкин В.И., Овчаренко С. Внутренние болезни, 2005.

  2. Моисеев В.С. и др. Внутренние болезни с основами доказательной медицины и клинической фармакологии, 2008.

  3. Мартынов А.И., Мухин Н.А., Моисеев В.С. Внутренние болезни, 1-2 том, 2005.

  4. Орлов В.И. Руководство по ЭКГ. - М.: Медицина, 1998.

7. Тест сұрақтары:

1 Вариант

1. Созылмалы пиелонефрит кезіндегі инфекцияның ену жолдары:

а) урогенді (жоғарылау).

б) гематогенді.

в) аралас.

г) барлығы дұрыс.

д) дұрыс жауап жоқ.

2. Созылмалы пиелонефритпен сырқат науқастарда жиі кездесетін шағымдар:

а) бас ауыруы.

б) бел аймағындағы ауырсыну.

в) полиурия.

г) әлсіздік.

д) барлығы.

3. Созылмалы пиелонефритке тән ауыру сезімінің белгілері:

а) ауырсынудың ассиметриялы болуы.

б) жайсыздық, ауырлық сезімінің болуы.

в) ауырсынудың қабырға асты аймағына берілуі.

г) а,б.

д) а,б,в.

4. Созылмалы пиелонефрит кезіндегі несеп синдромына тән белгі:

а) барлығы дұрыс

б) лейкоцитурия.

в) бактериурия.

г) протеинурия.

д) гипостенурия.

5. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі кезіндегі анемияның себептері:

а) уремиялық гастрит.

б) бүйректің эритопоэздік қызметінің төмендеуі.

в) сүйек кемігіне уремиялық токсиндердің әсер етуі.

г) тамырішілік гемолиз.

д) барлығы дұрыс.

6. Пиелонефриттің дамуына әсер етуші факторлар:

а) несеп ағардың таралуы мен бүгілулері.

б) нефроптоз.

в) зәр шығарушы жолдардың аномалиялары.

г) зәр шығару жолдарына сырттан қысым түсуі.

д) барлығы.

7. Пиелонефриттің қоздырғыштары:

а) аталғандардың барлығы.

б) энтерококк.

в) протей.

г) стафилококк, стрептококк.

д) ішек таяқшасы.

8. Жедел пиелонефриттің клиникалық белгілері:

а) ауырсыну сезімі.

б) лейкоцитурия.

в) дене температурасының жоғарылауы,

г) а,б.

д) а,б,в.

9. Созылмалы пиелонефриттің ең жиі түрі:

а) жасырын (латентті).

б) гематуриялық.

в) гипертониялық.

г) нефротикалық.

д) аралас.

10. Пиелонефритте зақымдалады:

а) бүйрек шумақтары

б) бүйрек түбегі

в) қуық

г) несеп ағар

д) несеп шығару жолы