Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
_Цифрлық сұлбақұралым_3-86.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.17 Mб
Скачать

1.10 Сурет

Жоғарыла құрылған шифратор сұлбасының айта кететін бір кемшілігі бар, оған екі сигнал қатар жіберілген жағдайда екі сигнал коды араласып, нәтижесінде түскен сигналдардың ешқайсысына да сәйкес келмейтін код қалыптасады. Осындай жағдайды болдырмас үшін шифратордың өндірісте шығарылатын микросұлбалары (мысалы, 74148 микросұлбасы), әдетте, мәртебелі шифраторлар түрінде құрылады. Яғни олар түскен бірнеше сигналдың белгіленген мәртебесі жоғарғысының кодын шығарады да, қалғандарына көңіл бөлмейді.

1.3.2 Дешифраторлар.

Дешифратор (Decoder) – кірістеріне түскен екілік кодқа сәйкесті шығысында сигнал қалыптастырушы құрылғы, яғни ол позициялық кодты унитарлық кодқа түрлендіреді.. Мысал ретінде төрт теріс шығысында (Q3…Q0) теріс сигналдар қалыптастыратын дешифратордың сұлбасын құру жолын қарастыралық. Шығыс саны төртеу болғандықтан, оның кірісіне түсетін код екіразрядты (A1A0) болады. Дешифратордың іске қосу кірісіндегі (E, Enable) сигналдың жандандыру деңгейін нөлдік мәнінде алалық.

Дешифратордың келтірілген түсіндірме суреттемесінің негізінде оның ақиқаттық кестесін (1.4 кесте) құрамыз.

1.4 к е с т е

E

A1

A0

Q3

Q2

Q1

Q0

0

0

0

1

1

1

0

0

1

1

1

0

1

1

0

1

0

1

1

1

1

0

1

1

1

1

*

*

1

1

1

1

Кесте деректерінің негізінде жазылған дешифратор шығыстарының логикалық өрнектері:

1.11, a-суретте дешифратордың жазылған өрнектер негізінде құрылған сұлбасы келтірілген.

Дешифраторлар сұлбада шартты сызба белгілемесімен (1.11, b-сурет) көрсетіледі. 1.11, c-суретте дешифратордың Electronics Workbench бағдарламасында жиналған сұлбасының біріктірілген жеке блок түріндегі суреттемесі келтірілген.

a

b

c

1.11 Сурет

1.2 тарауда қарастырылған қиыстырма құрылғының шығыс сигналын суреттеуші логикалық функцияның өрнегіне (1.1) көз салсақ, оның құрамына кіретін конъюнктивті термдердің сегіз тура шығысты дешифратордың сәйкесті шығыстарының логикалық өрнектеріне сәйкес келетіндігін, ал функция өрнегінің өзінің, шындығында, сәйкесті дешифратордың жұмыс логикасын анықтайтынын байқауға болады. Демек, дешифратордың сәйкесті шығыстарын OR элементі арқылы біріктіріп, осы құрылғыны жүзеге асыруға болады. Теріс шығысты дешифратор пайдаланылуы жағдайында (біздің жағдайдағыдай) (1.1) өрнегін де Морган заңы бойынша түрлендіру керек болады:

.

Түрлендіру нәтижесінде алынған өрнектен берілген құрылғының қызметін жүзеге асыру үшін дешифратордың сәйкесті шығыстарын біріктіруге NAND элементін пайдалану қажеттігіне көз жеткіземіз (1.12 суретті қара).

1.12 Сурет

Қиыстырма құрылғыларды дешифратор негізінде құру – аса ыңғайлы тәсіл: біріншіден, логикалық өрнекті қарапайым түрге келтірудің қажеті жоқ (дәлірек айтқанда, қажетті жалғанымдарды логикалық өрнектің өзінің де қажеті жоқ – қажетті жалғанымдарды кестеден-ақ анықтауға болады), екіншіден, жалғыз дешифратор негізінде функцияны қатар жүзеге асыруға болады.