Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
практика.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
52.75 Кб
Скачать

Педагогикалық құжаттардың сызбалары мен түрлерінің үлгілері

Оқу-таныстыру жұмыстары

Оқытушының студент-машықкермен жұмыс жоспарының үлгісі

  1. Студенттерді тақырыптық жоспармен, қабылданған сабақтың жоспарын жасау үлгісімен, пәндерді оқыту әдістемелік жүйесімен таныстыру.

  2. Іс-тәжірибешіні кабинеттермен, оның құрал-жабдықтарымен, оқыту құралдарының сақталу жағдайларымен және сабаққа дайындалу мен өткізуде кабинеттті пайдалану мүмкіншілігімен таныстыру.

  3. Кабинентті безендіру, сабаққа көрнекі құралдар мен дидактикалық материалдарды дайындау жұмыстарына студенттерді бөлу.

  4. Студенттерге дайындаған сабақ тақырыптары бойынша кеңес береді, конспект мен оқу жоспарын тексеру.

  5. Студенттерге пән бойынша жоспарланған жұмыстарының орындалуына көмектесу.

  6. Іс-тәжірибе барысында студенттің орындаған жұмыстарын қорытындылап, мінездеме беру (жазбаша түрде).

Сабақты талдау негіздері

Сабақ туралы жалпы ережелері:

  1. Қазіргі сабақтың негізгі идеясы – оқыту – тәрбиелеу – дамытудың біріңғай болуы.

  2. Сабақтың жалпы функциясы: оқушының тұтас тұлға ретінде дамуын дамытушылық және тәрбиелік оқыту негізінде қалыптастыру.

-саналы түрде терең ғылыми білімдермен қаруландыру,

-оқушыларды өз бетімен оқу іс-әрекетін құруға үйрету,

-оқуға деген тұрақты қызығушылығын, өз -өзін оқыту, тәрбиелеу жетілдіруге үйрету,

-оқушылардың ақыл-ойын дамытуына әсер ету,

-оқушылардың мінез-құлқын, жігерлігін, оқуға деген құмарлығын қалыптастыру.

3. Сабақтың мақсатын толық және дұрыс қоюы, сабақтың сабақ жүйесінде және тақырыпты зерттеудегі орны мен рөлі.

4. Сабақ мазмұнын таңдау нақтылығы және тиімділігі.

5. Сабақтың құрылымын дәлелдеп алуы.

6. Іріктеп таңдалған әдіс-тәсілдері және құралдары сабақтың әр кезеңінде тиімді шешілуі.

7. Оқушылардың сабақтағы іс-әрекеттері, олардың жемісті болуы.

8. Педагогикалық басқарудың тәсілдері және мұғалім мен оқушылардың өзара байланысты іс әрекеттерінің сипаты.

9. Тиімді және нәтижелі оқытудың негізігі фактолрлары мен шарттарын белгілеу, олардың сабақ мақсатына сай болуы.

10. Болашақта сабақты әбден жетілдірудің жолдары.

Талдаудың мақсаты бірқатар қызметтерді жүзеге асырады: бақылау (көмектесетін), оқытатын (негізгі) және тәрбиелейтін (мұғалімге өз білімін және тәрбиесін көтерудің бағытын анықтауға көмектесетін). Осыған байланысты сабақты талдауда мыналар нақты сипатталуы тиіс:

  1. оқытылатын материалдың ғылымилығы, оның бағдарламаға сәйкестігі, алған білімнің сапалылығы;

  2. жетістіктер мен мұғалімнің жұмысындағы кемшіліктер белгілінген, оқытудың әдістері озық тәжірибе мен ғылыми ұсыныстарына сәйкестігі педагогикалық шеберлікті көтеругу нақты ұсыныстар берілген;

  3. мұғалімнің іскерлік және этика нормасына сай сапалары, оның тілі, сөйлеу мәдениеті және т.б. бағаланған.

Сабақты талдаудың үлгісі (сұлба)

1. Сабақтың тақырыбы мен мақсатының негізділігі.

2. Өткізілген сабақтың тақырыпқа байланысты сабақтар жүйесіндегі орны, өткен және өтілетін сабақтармен байланысы.

3. Сабақтың құрал-жабдықтары:

а) сабақтың басталуына құрал-жабдықтардың болуы мен дайындығы;

б) өтілетін сабаққа құрал-жабдықтардың тиімді таңдалуы және оның сабақ мақсатына сәйкес келуі;

в) жалпы дидактикалық және эстетикалық талаптарға көрнекі құралдардың сай болуы;

г) сабақта пайдаланылған техникалық оқыту құралдары.

4. Сабақтың әр кезеңінің байланысы және дәлелділігі.

5. Танымдық іс-әрекетті арттыру әдістері мен тәсілдері.

6. Фронтальды және жеке жұмыстардың үйлесімділігі.

7. Сабақтағы пәнарлық байланысты жүзеге асыру.

8. Сабақта өз бетіндік жұмыстарды ұйымдастыру (түрлері мен көмектесу сипаты).

9. Оқытушының сабаққа дайындығы:

а) теориялық материалды білуі, жұмыстың әр түрлі әдістері мен тәсілдерін пайдалана білуі, сабақ жүргізуге техниканы пайдалануы;

б) арнайы әдебиеттерді пайдалануы;

в) оқушыларды жеке қасиеттеріне сәйкес сабақ үстінде орынды мадақтау және бетіне баса білуі;

г) оқытушының сөйлеу сипаты: анық, дәл, эмоционалды, мәнерлі жеткізуі.

д) оқытушының педагогикалық мәдениеті.

10.Оқушылардың сабаққа көңіл бөлуі:

а) қызығушылық;

б) белсенділік;

в) ынталылығы.

11. Сабақтың тұтастығы мен аяқталуы. Оқушылардың сабақта алған білімі мен біліктіліктері.

12. Қорытындылар мен ұсыныстар:

а) сабақ өткізудегі қиыншылықтар;

б) сабақтың жалпы бағасы, негізгі жақсы жақсы жақтары, шығармашылық тапқырлығы;

в) негізгі кемшіліктері.