Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
111.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
41.34 Кб
Скачать

Зерттеулерді үйлестіру және ұшуды басқару

1983 жылы НАСА мен ғылыми қоғамдастық арасындағы кикілжіңнен кейін Ғарыштық телескоп ғылыми институты құрылды. Институтты Университеттердің Астрономиялық зерттеулер ассоциациясы басқарады, ол Балтимор, Мэриленд штатындағы Джон Хопкинс университетінің кампусында орналасқан. Хопкинс университеті — ассоциацияға мүше 32 АҚШ университеттері мен шетелдік ұйымдардың бірі. Ғарыштық зерттеулер ғылыми институты ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру мен астрономдардың осы білімдерге қол жетімдігін қамтасыз етуге жауап берген; бұл функцияларды НАСА өз бақылауында қалдырғысы келген, бірақ ғалымдар оларды академиялық мекемелерге беруді жөн көрді.

Еуропа ғарыштық телескоп үйлестіру орталығы 1984 жылы Гархинг, Германия, қаласында құрылып дәл сондай мүмкіндіктерді еуропалық астрономдарға беруді қамтамасыз ететін болады[27].

Ұшуды басқару Гринбелт қаласында (Мэриленд штаты), ғарыштық телескоп ғылыми институтынан 48 шақырымда орналасқан Годдард ғарыштық ұшыру орталығына жүктелді. Телескоп жұмысын тәулік бойы төрт топ мамандар кезекпен бақылайды. Техникалық қолдау НАСА мен контакттік-компаниялармен Годдард орталығы арқылы іске асады.

Ұшыру және жұмыстың басталуы

Бастапқыда телескопты орбитаға жіберу 1986 жыл қазан айына жоспарланған еді, бірақ «Челленджердің» қаңтардың 28 апатынан кейін «Спейс шаттл» бағдарламасы бірнеше жылға тоқтатылғандықтан ұшыруды басқа уақытқа шегеруше тура келді.

Осы уақыт кезінде телескоп жасанды түрде тазаланған атмосфералы бөлмеде сақталды, ал борттық жүйелері кей бөлшектері қосылып тұрды. Сақтауға да айына 6 млн доллар шығын кетті, сәйкесінше жоба бюджеті де одан ары аса берді.

Мәжбүрлік дер кезінде ұшуды шегеру бірқатар жетілдіруді енгізуге ықпал етті: күн батареялары одан да эффективтісіне ауыстырылса, борттық есептеу кешені, байланыс жүйесі де жетілдіріле түсті, сонымен бірге жемдік қорғаныс қаптамасы құрылымы да телескопқа орбитада қызмет көрсетілуін жеңілдету мақсатында өзгертілді. Оның үстіне, телескопты басқару үшін бағдарламалық қамтамасыздандыру 1986-жылы дайын болмады және іс жүзінде толықтай ұшыру алдында ғана 1990-жылы жазылып бітті .

Шаттлдар қайта ұша бастағанда 1988 жылы ұшыру біржола 1990 жылға көзделді. Ұшыру алдында айна бетінде жиналған шаңды сығылған азотпен тазартылды, ал барлық жүйелері толықтай бір тексеріліп шығады.

Шаттл «Дискавери» STS-31 1990 жылдың сәуірдің 24 ұшырылып, ал келесі күні телескоп есептелген орбитаға шығарылады.

Жобалау барысында алғашқы бюджеті 400 млн болғанымен ақыры жалпы 2,5 млрд доллар кетті. Жобаның жалпы құны 1999 жылғы есеп бойынша АҚШ жағынан 6 млрд доллар және ЕҒА жағынан 593 млн еуро шыққан 

Жетістіктері

15 жыл бойғы жұмысы барысында жер маңы орбитасындағы «Хаббл» 22 мың аспан денелерінің — жұлдыздартұмандықтаргалактикалар мен ғаламшарлардың 1 млн суреттерін түсірген. Бақылау барысындағы күн сайынғы ақпарат ағыны 15 ГБ құрайды. Телескоптың жалпы жұмысы кезіндегі барлық ақпарат көлемі 20 терабайттан асып жығылады. 3900-дан астам астрономдар оны зерттеуге падалануға мүмкіндік алды, 4000 мақала ғылыми журналдарда жарық көрді. Орташа алғанда, астрономиялық мақалардың цитаттау индексі басқа деректерге негізделгендердікінен екі есе артық екені анықталған. Жыл сайынғы ең көп дәйектелетін 200 мақалалардың кемінде 10 %-і Хаббл мағлұматына негізделіп жасалған мақалалар. Нөлдік цитаттау индексі бар астрономиядағы 30 % еңбектерінің тек қана 2 % ғарыштық телескоп ақпаратына негізделіп жарық көрген еңбектер [77].

Әйтсе де, «Хаббл» жетістіктері үшін төлетін құны орасан зор: әр түрлі телескоптардың астрономия дамуына әсерін зерттеу көрсеткендей ғарыштық телескоп негізіндегі еңбектер цитаттау индексі жердегі 4 метрлі айнасы бар рефлектордікінен 15 есе көбірек болғанымен ғарыштық телескопты ұстауға 100 еседен де артық қаражат керек екен [78].

Ең маңызды бақылаулар

  • Бикеш шоғырындағы Цефеидке дейінгі қашықтықты өлшеу арқылы Хаббл тұрақтысының мәні айқындалды. Орбиталдық телескоп бақылауына дейін бұл тұрақтының мәнінің дәлсіздігі 50 % деп есептелсе, бақылаудан кейінгі дәлсіздігі 10 % болды[79].

  • «Хаббл» жоғары сапалы Шумейкеров — Леви 9 кометасы мен Юпитер ғаламшарымен соқтығысуының суретін 1994 жылы түсіріп берді.

  • Алғашқы рет Плутон және Эрида бетінің картасы жасалды[80][81].

  • Алғашқы рет СатурндағыЮпитер мен Ганимедтегі полярлық шұғыла ультракүлгін сәулесі бақыланды[82],.

  • Күн жүйесінен тыс ғаламшарлар жайлы қосымша деректер алынды, соның ішінде спектрометриялық мағлұматтар да[83].

  • Ориона тұмандығындағы жұлдыздар айналасынан көптеген проғаламшарлық дисктер табылды [84]. Біздің галактикадағы жұлдыздардың басым бөлігінде ғаламшарлар түзілу процесі жүріп жатқандығы дәлелденді.

  • Жоғарымассивті галактикалардың орталықтарындағы қара құрдымдар жайлы теория жартылай құпталды, осы бақылаулар негізінде қара құрдымдар массасы мен галактикалар қасиеттерін байланыстыратын гипотеза ұсынылды[85][86].

  • Квазарларды бақылау нәтижесінде қазіргі үдеумен кеңейетін, қара энергиямен толы ғаламның космологиялық моделі алынды, әрі ғаламның жасы дәлірек анықталды — 13,7 млрд жыл[87][88].

  • Гамма-жарқылдың оптикалық диапазондағы эквиваленті бар екендігі табылды[89].

  • 1995 жылы «Хаббл» бірнеше мың көмескі галактикасы бар аспанның өлшемі аспанның 30 миллионнан бірі болатын (Hubble Deep Field) бөлігін бақылады. Осыны аспанның басқа жеріндегі бөлікпен (Hubble Deep Field South) салыстырғанда ғаламның изотроптығы жорамалы қуатталды[90][91].

  • 2004 жылы эффективті үзіндісі шамамен 106 секунд (11,3 тәулік) болатын аспанның (Hubble Ultra Deep Field) бөлігі түсірілді, бұл өз кезегінде алыс галактикаларды алғашқы жұлдыз пайда болған дәуірге дейін одар әрі зерттеуге мүмкіндік берді. Алғашқы рет протогалактикалардың, Үлкен жаралыстан кейін миллиард жылдан аз уақытта пайда болған алғашқы материя ұйытқылары бейнелері түсірілді 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]