Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Атырау-тех-практика .docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
356.6 Кб
Скачать

4. Станциялық жолдарда болу кезіндегі қауіпсіздік талаптары ­­

Станциялардың қызметкерлері темір жолдарда болған кезде мына қауіпсіздік шараларын сақтауға міндетті:

1) жолдардың бойымен тек жолдың жиегімен немесе жол аралығының ортасымен жүріп өтуге, бұл жағдайда жүріп бара жатқан поездарды, маневр жасаған құрамдар мен локомотивтерді, вагондардың ағытылуын, жүк тиеу габариттері кескіндерінің шектерінен шығып тұрған заттардың және жылжымалы құрамның болмауын қадағалап байқауға;

2) жүру жолындағы құрылғылармен заттарға (шектік бағаншалар, икемді тартым науалары, су тартқыш астаулар мен құдықтар, СОБ және байланыс құрылғылары) назар аударуға;

3) жылжымалы құрамның тасасынан, ғимараттан жолға шыққан кезде алдын ала бұл жолмен жүріп келе жатқан жылжымалы құрамның жоқтығына көз жеткізуге;

4) алдын ала бұл жерде қауіпті қашықтықта жүріп келе жатқан жылжымалы құрамның, локомотивтің жоқтығына көз жеткізіп қана жолды тіке кесіп өтуге;

5) рельске, үшкір мен рамалық рельстің аралығында немесе бағыттамалық бұрмадағы науаның ішінде тұрмауға;

6) жылжымалы құрам тұрған жол арқылы екінші жағына өткен кезде вагондардың астына кірмеуге, тек вагондардың тежегіш алаңшаларын пайдалануға;

7) станцияның аумағы бойынша жұмыс орнына және жұмыстан кейін қарай қызметтік өтпенің арнайы белгіленген маршруттары бойынша жүруге;

8) вагонның тежегіш алаңшасынан жол аралығына түсерден бұрын баспалдақтардың, тұтқалардың түзулігіне, сондай-ақ шектес жолмен қауіпті қашықтықта жүріп келе жатқан локомотивтердің, вагондардың, дрезиналардың, автоматрисалардың жоқтығына және жол аралығында сүрініп қалатын бөтен заттардың жатпағанына көз жеткізуге. Тежегіш алаңшадан түскен кезде тұтқадан ұстауға және вагонға бетімен қарауға;

9) жылжымалы құрам толық тоқтаған кезде ғана өтпе алаңшасына (арнайы баспалдаққа) көтерілуге және одан жерге түсуге;

10) поездар 120км/сағаттан артық жылдамдықпен тоқтамай жүріп келе жатқан кезде поезд жүріп келе жатқан жолға жақын рельстен кем дегенде 5метр қашықтықта тұруға;

11) поездар, сондай-ақ маневрлік құрамдар, локомотивтер бұдан кем жылдамдықпен жүріп келе жатқан, вагондарды ағытқан кезде алдын ала шеткі рельстен кем дегенде 2 метр қашықтықта қауіпсіз орынға (жолдың жиегіне немесе аралығына) шегініп тұруға міндетті.

Станциялар мен парктер бойынша кезекшілерге, бағыттамалық қосындардың кезекшілеріне вагондардың қозғалыс жылдамдығын реттеушілерге, құрастыру бригадаларына жолдарда тұрған вагондар немесе локомотивтер тобын аралап қарау кезінде жолдан 5 метр қашықтықта өтуге, ал ағытылған вагондардың арасынан кем дегенде 10 метр қашықтықта өтуге рұқсат етіледі.

Қорытынды

Өндірістік-технологиялық тәжірибемді қортындылай келе техникалық жабдықтау жағынан:

I. Бөлім. Жалпы жағдайы

1.1.Атырау стансасы мінездемесі: учаскелік(телімдік) санаты жағынан: I-класты коды   661705

1.1.1Стасаның екі жағынан беглі беру және бағдаршамдар автоблакировкамен жабдықталған.