Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АЕАГ-1 каз силлабус.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
112.49 Кб
Скачать

2.4 Дәрігер-резиденттің сабақ кезіндегі өзіндік дәрігерлік жұмысы:

  • Дәрігерлік конференцияға тақырыптық хабарламаларды дайындау;

  • Медициналық құжаттарды рәсімдеу;

  • Ғылыми-зерттеу жұмыстары, кафедраның ғылыми үйірмесіне қатысу;

  • Ғылыми конференцияларда баяндама жасау;

  • Балалардың проф.қарауларына және диспансеризациясына қатысу;

  • Педиатрлар Ассоциациясы жұмыстарына, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, симпозиумдарға қатысу;

  • Дәрігерге міндетті көлемде санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу.

ЕСКЕРТУ:

1. Емдік жұмыс: резидент дәрігер-ординатордың штат бірлігіне қарастырылған науқастардың 50%-ына курация жүргізу қажет.

2. Кафедраның шешімі бойынша аптасына ұсыныс жасалады:

  • 1-2 семинар,

  • 1-2 тақырыптық немесе клиникалық талдаулар,

  • 1 ғылыми-тәжірибелік конференция,

  • 1 ауру тарихын экспертті бағалау бойынша сабақ;

3. Резиденттер курация жасаған науқастардың ауру тарихын экспертті бағалауды топтың оқытушысы және бөлім меңгерушісі жүргізеді.

«Амбулаториялық - емханалық акушерия және гинекология -1» бағдарламасы бойынша:

Дәрігер-резидент білуі тиіс:

  • Перинатальдік ауру және аналық өлімге қауіп тобы болып табылатын жүктілерге диспансерлік бақылау жүргізу және тіркеуге алуды білу.

  • Асқынусыз босанған әйелдерді курациялау.

  • Гинекологиялық ауруларда емдеудің заманауи әдістерін қолдану және диагноз қою.

  • Гинекологиялық және онкологиялық ауруларды ерте анықтау мақсатында әйелдерді профилактикалық қарауды жүргізу.

  • Жүктілерді босануға физикалық және психопрофилактикалық дайындау сабақтарын өзіндік жүргізу.

  • Жүктілердің және босанушылардың патронажын жүргізу.

Дәрігер резидент істей білуі тиіс:

  • Кіші гинекологиялық оталарды заманауи медициналық технологияларды қолдана отырып жүргізу(жатыр мойны биопсиясы, цитологиялық зерттеу мақсатында жатыр қуысы сұйықтығын аспирациялау, полипэктомия, диатермокоагуляция, ЖІС салу және алу).

  • Жүктілікте, босануларда және гинекологиялық ауруларға байланысты уақытша еңбекке жарамсыздыққа тексеру жүргізу.

  • Медициналық тіркеу-есеп құжаттарын рәсімдеу.

  • Әйелдер консультациясы жұмысының айлық көрсеткішіне қатысу,медициналық көмектің тиімділігіне және сапасына,акушерлік гинекологиялық көмекті жақсарту мақсатында жаңа ұсыныстар жасауға қатысу.

  • Халыққа білім беру жұмыстарын өткізу,дәрігерлермен және акушеркалармен келесі үлгіде: жеке және топтық әңгімелесу,лекциялар,витраждар,электронды және басылым түріндегі публикациялар(теледидар,радио және интернет).

  • Науқастармен, науқастардың туыстарымен,медициналық қызметкерлермен қарым-қатынастың коммуникативті дағдыларын көрсету.

  • Озық және үздіксіз кәсіби білім алуға ұмтылу, қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтауда клиникалық тәжірибесі мол дәрігер мен науқастың құндылықтарын ғылыми дәлелдемелерде пайдалану.

2.5 Консультацияларының уақыты: 15.30-17.30

Тындаушы резиденттердің бітіргеннен кейін меңгеруге тиіс кәсіби құзыреттіліктері:

Оқыту деңгейі

Бітірушінің құзіреттіліктері

Оқытудың соңғы нәтижесіндегі әр бір құзіреттіліктің салыстырмалы үлестірілімі

Р1. Ғалым зерттеуші (2)

Р1.2. Ақпараттық басқару: алынған мәліметтерді критикалық интерпретация жасайды және өз позициясын, ой-пікірін немесе шешімін негіздейді.

0.1

Р2. Дәрігер клиницист (3)

Р2.3. Медициналық процедуралар: резидентура тізіміне сәйкес медициналық процедураларды кең ауқымды орындау мүмкіндігін, оларды жағдайға сәйкес бейімдей алатының көрсетеді.

0.2

Р2.4. Дәлелді медицина: тәжірибеде дәлелді медицина қағидаттарын қолдануға қабілетті.

0.2

Р3. Кәсіби тұлға (2)

Р3.3. Командалық жұмыс: көп салалы командада жұмыс жасау қабылетін көрсетеді және басқаны оқыту.

0.3

Р4 . Денсаулық сақтау жүйесінің қызметкері (2)

4.2. Медициналық құжаттар: денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес мамандыру бейімі бойынша медициналық құжаттарда ұйымдастырады.

0.2