Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз.лекции с планом.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
392.43 Кб
Скачать

1.2.3. Хромкенді өнеркәсіп

Қазақстан хром кендерінің ірі қорларына ие. Хром кендерінің қорлары мен өндірілу көлемі бойынша Қазақстан ОАР-нан кейін әлемдегі екінші. Республика үлесіне әлемдік марганец кендері өндірісінің 17,94%-ы тиесілі.

Қазақстандық кендерндегі хром тотығының орташа мөлшері 50,2%-ды құрайды, бұл бүкіл әлемдегі ең жоғарғы көрсеткіш. Отандық хром кендері сонымен қатар темір мен зиянды қоспалар – фосфор мен күкірттің төмен мөлшерлерімен ерешелінеді. Бұл оларды кез келген облыстарда (металлургия, оттөзімділер мен химия өнеркәсібінде) шектеусіз қолдануға мүмкіндік береді.

Қазақстандық хром кендерінің қорлары мен өндірілуі Ақтөбе обысы Хромтау ауданының Кемпірсай массивінің аумағында шоғырланған. Осы массивтің кен орындары бүгінгі күнге дейін жалғыз кәсіпорын «Қазхром» ТҰК құрамындағы Дөң КБК-мен игеріліп келді. Қазақстанда 160-тан асам хром кен орындары белгілі, олардың тек 20-сының ғана өндірістік маңызы бар. А+В+С1 категориялы дәлелденген қорлардың жалпы көлемі 316 млн. т құрайды. Отандық хром кен орындарының басты кемшілігі қорлардың негізгі бөлігінің (92%) терең горизонттарда орналасқандығы және осыған байланысты оларды жер асты әдіспен игеру қажеттілігі болып табылады.

Қазақстанның хром кенді базасы шоғырлану мен игерілудің жоғары дәрежесімен сипатталады. Мысалы хром кендерінің А+В+С1 категориялы қорларының 78%-ы (247 млн. т) «Алмаз-Жемчужина» и «Миллионное» кен орындарына («Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығы» ат-ғы шахтасының аумағында), 14%-ы (46 млн т) «Қазақ ССР-ның 40 жылдығы-Молодежное» атты кен орнына («Молодежная» шахтасының аумағында) тиесілі.

Дөң кен байыту комбинаты (ДКБК) 1938 жылы құрылып, хром кендерінің өндірілуін Гигант каръерінен бастады. 1982 жылға дейін ДКБК тау жұмыстары мен кендер өндірілуі тек ашық әдіспен ғана жүргізілді. Аталған жылы «Молодежная» шахтасы іске қосылды. 2008 жылдан бастап ДКБК-да кендердің өндірілуі тек жер асты әдіспен ғана жүргізілетін болады. Қазіргі уақытта ашық әдіспен игеріліп келе жатқан жалғыз карьер «Поисковый» толығымен игеріліп, келешекте тек техникалық қажеттіліктер үшін қолданылады. Ашылған жылдан бастап кәсіпорын 22 каръерді игеріп, олар кейіннен бос жыныспен толтырылып рекультивацияланды. «Поисковый» каръері жабылғаннан кейін кендердің өндірілуі тек екі шахтада ғана жүргізіледі - «Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығы» атындағы және «Молодежная».

«Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығы» атындағы шахтаның бірінші кезегі 2001 жылы іске қосылып, қазіргі уақытта оның қуаттылығы жылына 2 млн. т құрайды. Осы шахтаның құрылысы 2018 жылға дейін жалғаспақ, сол уақытта оның терендігі 1,5 км құрайды.

«Молодежная» шахтасы 1982 жылы қосылғанда оның алғашқы қорлары 62 млн. т құрады. Қазіргі уақытта оның жылдық қуаттылығы 1,7-1,75 млн.т құрайды.

Дөң КБК-да бай (Cr2O3 > 45%) кеннің ұсақталуы мен сұрыпталуы және кедей (Cr2O3 < 39%) кеннің байытылуы екі ұсақтап-сұрыптау фабрикаларында жүргізіледі (ҰСФ). Олардың жалпы қуаттылығы ұсақталатын кен бойынша 5 млн. т және 1,2 млн. т концентрат. ҰСФ-тың екеуінде де байытудың гравитациялық әдісі қолданылады. 2001 жылдың қазанында ҰСФ-1 құрамында жылдық өнімділігі 200 мын т брикеттеу цехы, ал 2005 жылдың желтоқсанында ҰСФ-2 құрамында финляндиялық «Outokumpu Oy» компаниясының технологиясы бойынша дүние жүзіндегі ең ірі (жылдық өнімділігі 700 мын т) күйдірілген хромкенді шекемтастар өндіру кешені іске қосылды. Дөң КБК 3,5 млн т кен өндіріп, дүние жүзіндегі хром кендерін өндіріп өңдейтін ең ірі кәсіпорын болып саналады.

Қазіргі уақытта Дөң кен байыту комбинатының негізгі тұтынушылары Ақсу және Ақтөбе ферроқорыту зауыттары мен Ақтөбе хром қосылыстары зауыты болып табылады. Сонымен қатар кендердің бір бөлігі Украина, Ресей мен Қытайға жөнелтіледі.

2005 жылы британдық Oriel компаниясы «Восход» кен орнын өз меншігіне алып, Хромтау қаласынан 11 км қашықтықта осы кен орнының қасынан кен байыту комбинатының құрылысына кірісті. КБК-ның жобалық қуаттылығы 1,3 млн. т кен құрайды. «Восход» кен орнының қорлары 19,5 млн. т құрайды.

Компания кен байыту комбинатында байытылған кенді қытайлық Sinosteel, шведтық Vargon Alloys, және британдық компанияның меншігіндегі Тихвин ферроқорыту компаниясына жөнелтеді деп жоспарлануда. Құрамына шахта, байыту фабрикасы мен темір жол терминалы бар кен байыту комбинаты 2008 жылы қолдануға тапсырылады деп жоспарлануда.