Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
+Барлық билеттің жауабы.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.54 Mб
Скачать

2. 1989 Жылы Қазақстанда болған толқулар мен ереуілдердің талаптарын анықтаңыз.

 1989 жылғы маусымдағы Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында ірі бас көтеру болды. Әлеуметтік мәселелер ашық наразылыққа шығуға мәжбүр етті. Олар: жастар арасындағы жұмыссыздық, жұмыс күшін вахталық əдіспен сырттан əкелу, тұрғын үй бөлуде жəне балабақшаға орналастыруда бұрмалаушылыққа жол берілуі, сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету мекемелерінің жұмысындағы ірі кемшіліктер.

 Əлеуметтік   қақтығыстың түрткісі: вахталық әдіспен келгендердің жергілікті халықтың дәстүрлерімен санаспауы, дөрекі түрде кемсітуі. Жанжал алдымен жергілікті ұлт өкілдері мен кавказдықтар арасындағы қайшылықтан басталды. Сырттай қарағанда ұлтаралық қақтығыс сипатында өтті. Бұл жанжал құқық қорғау орындары мен арнайы тапсырмалы əскерлердің күшімен тоқтатылды. Бірақ көптеген мəселелер бұрынғысынша шешілмей қалды.

 1989 жылғы шілде айында Ресейдегі Кузбасс,Украинадағы Донбасс кеншілерінің ереуілге шығуы Қарағандыдағы кеншілер ереуіліне ықпал етті. Олар экономикалық жəне саяси талаптар көтерді: еңбекақыны арттыру, азық түрлерін көбейту, шахталардағы жұмыс жағдайын жақсарту. Сонымен бірге Семей ядролық полигонын жабу,одақтық министрліктердің монополиясын жою мәселелерін көтерді.

Ереуілді тоқтату үшін КСРО көмір өнеркəсібі министрінің келуі кеншілерді тоқтатпады.

Қарағандыға ереуілшілерді тыныштандыру үшін келген КСРО көмір өнеркәсібі министрі М.И. Шадатовтың жауаптары кеншілерді қанағаттандырмады.

Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Н.Назарбаев шұғыл ұшып келіп, кеншілермен бірнеше кездескеннен кейін ереуіл тоқтатылды. Республика басшылығы кеншілердің талаптарын орындауға уəде берді.

Кеншілер құрған ереуіл комитетін Д.Тегісов, П. Шлегель, М. Рамазанов, В. Перебейнос т.б. басқарды. Кеншілер құрған ереуіл комитеті ұзақ уақыт бойы өз қызметін жалғастыра берді.

3. Е.Көтібарұлы бастаған азаттық күрестің болған аудандарын карта бойынша белгілеңіз және маңызын түсіндіріңіз.

Есет батыр Көтібарұлы (1807–1888) — халықтың әйгілі батырларының бірі. Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы ұлт-азаттық қозғалыстың басшысы, Кіші жүздің Қабақ руының басқарушысы болған. Ақтөбе облысының Шалқар ауданындағы Шалқар көлінен жеті-он шақырым жердегі Ақши бойында дүниеге келген.

Көтерлісті қамтыған жерлер: 1838 жылы Жоламан батырмен бірге көтеріліске шығып, Елек қорғанына шабуыл жасаған. 1847–1878 жылдары Жанқожа батырмен бірге Қоқан, Хиуа хандықтарына қарсы шықты. 1847–1858 жылдары Есет батыр Арал теңізінің батыс жағалауын, Үлкен және кіші Борсық құмдары мен Мұғалжар тауларын, Жем, Сағыз, Ырғыз, Елек, Ойыл, Қыйыл өзендерінің бойын жайлаған қазақтардың Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы көтерілісіне басшылық жасады. ХІХ ғасырдың 40–50 жылдарындағы Есет Көтібарұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі, негізінен, ұсақ қимыл-әрекеттермен сипатталды.

Олар шекараға жақын орналасқан Ресей бекеттеріне шабуыл жасап отырды. 1853–1854 жылдары Есет батырдың басшылығымен қарулы көтеріліске шыққан Кіші жүз қазақтарының шекаралық әкімшілікпен қақтығыстары болды. 1853 жылы осы көтерілісті басуға сұлтан Арыстан Жантөрин, екі казак отряды мен 200 жігітті бастаған сұлтан Таукин, Орал бекінісінен майор Михайлов пен 600 жігітті бастаған сұлтан Е.Қасымов аттанды. Патша әкімшілігінің бұл жоспарынан хабардар болған Есет батыр Көтібарұлы шекті ауылдарын Үстіртке жіберіп, өзі 800 жігітпен жазалаушы отрядтарды күтіп қалды. Жақсы қаруланған жазалаушы отрядтардың көтерілісшілерге қарсы бұл жорықтары нәтижесіз болды. Орынбор генерал-губернаторының нұсқауымен көтерілісті басу келесі көктемге қалдырылды. Есет батыр Көтібарұлы 1853–1854 жылдың қысын Үлкен Борсықта өткізді. 1854 жылы көтерілісшілердің саны 1500-ге жетті. Олар Ресей үкіметінің алдына: қазақ қауымынан түйе жинауды тоқтату, жайылымдық жерге еркіндік беріп, Жем, Мұғалжар, Елек, Қобда, жайық өзендерінің бойларына көшіп-қонуға мүмкіндік жасау туралы талаптарын қойды. 1855 жылы Орынбор генерал-губернаторы Кіші жүздің бір топ билеуші сұлтандарына көтерілісті басып, Есет батырды қолға түсіруге қатаң тапсырма береді. Маусымның аяғында тапсырманы орындау үшін 900 адамдық отрядпен, өзіне бекітілген екі зеңбірегі бар казак жүздігі және дистанция бастықтарымен бірге Арыстан Жантөрин жорыққа аттанып, Ор бекінісінен 140 шақырым жер шамасындағы Елек өзенінің жоғарғы сағасындағы Суықсу шатқалына келіп бекінеді. Сұлтан ордасы мен көтерілісшілер арасында бірнеше күн бойы келіссөз жүргізіліп, екі жақ нақты шешімге келе алмайды. Осыдан кейін Есет батыр өз адамдарымен кеңесіп, сұлтан ордасына шабуыл жасауды ойластырады. 1855 жылы шілдеде көтерілісшілер сұлтан ордасын тұтқиылдан шабуылдап, А. Жантөрин бастаған он шақты би-старшындарын өлтіріп, казак отрядын талқандайды. Бұл оқиғаға мазасызданған Орынбор әкімшілігі көтерілісшілерді басуға тағы да жазалаушы отрядтар жіберіп, олар қазақ ауылдарын қырғынға ұшыратты. 1856 жылы қыркүйекте әскери дала сотының үкімімен А. Есмамбетов, Қ. Қарин және Е. Айнақұловтар атылды. 1857 жылы Ерназар Кенжалин, Бекет Серкебаев, тағы басқа 18 адам Сібірге жер аударылды. 1858 жылы қыркүйекте Бородин басқарған жазалаушы отряд көтерілісті біржолата басты. Есет батыр көтерілістен бас тартқан соң, оған кешірім жарияланды. 1859 жылы тамызда бір топ сұлтан, билермен бірге Санкт-Петерборға жіберіліп, 24 тамызда патша Александр ІІ-нің қабылдауында болды. 1861 жылы Есет Көтібарұлы қабақ руының басқарушысы болып тағайындалды. 1869 жылы Ырғыз уезі бастығының көмекшісі болып бекітілді. 1873 жылы Хиуа жорығына қатысқаны үшін патшадан алтын медаль алды. 1879 жылы ол қызметтен босатылды.

Есет батыр Көтібарұлы 1888 жылы қартайған шағында дүние салды.Есет батыр Көтібарұлы бастаған көтерлістердің тарихи маңызызор болды. Ол көтерілістер Орта Азия хандықтары мен Ресей империясының отаршылдық езгісіне қарсы бағытталды. Халық көтерілістері қазақ халқының бойында бостандықты аңсаған рухтың өшпегендігін, тәуелсіздік пен азаттыққа деген ұмтылысының зор екенін көрсетіп берді. Қазақ батырлары өз бастарын қатерге тіге отырып, ХІХ ғасырдың 60- жылдарындағы әкімшілік реформа басталар қарсаңында отаршыларға қарсы күрес әрекеттерін жүзеге асырды. Бұл көтерілістер патша үкіметінің Орта Азия мемлекеттерінің аумағын жаулап алу үрдісін біраз уақытқа тоқтатты.

22-билет 1.Шілікті патша қорғандары, зерттелуі.

Шығыс Қазақстандағы Зайсан ауданының жерінде алып “патша қорғандары” көптеп кездеседі. Бұл жерде сақ дәуірінің 200-ден аса обалары орналасқан. Оның ең көп шоғырланған жерін Шілікті ескерткіштері деп атайды. Шілікті қорымында барлығы 51оба бар. Алып қорғандардың диаметрі 100 метрге, биіктігі 8-10 метрге жетеді. 

Берел обасына жерленген адам астау-саркофагқа салынып, қарағаймен қаланған қабір ішінде жатыр. Қабір жанына 16 аттың қаңқасы, ер-тұман бірге көмілген. Ат әбзелдерінің алтынмен апталғанына қарағанда, обада тайпа көсемі, ру ақсақалы, бай немесе батыр адам жерленген болуы керек. 

Археолог-этнолог Әбдеш Төлеубаевтың б.з.б.8 ғасырға жататын 3-Шілікті қорымындағы №1обадан тапқан археологиялық жаңалығы тарих ғылымында үшінші алтын киімді адам ретінде танылып отыр. Обаның биіктігі 8 метр, диаметрі 100 метрге жуық. Алып ғимараттың ішіне патшаны жерлеген. Ол сом алтыннан құйылған 4325 (2011 жылғы баспада 4303 деп берілген) қаптырма және әшекей түймешіктермен безендірілген киіммен жатыр. Патшаның жанынан биліктің белгісі болып саналатын алтын бесжұлдыз табылды.

Бұл жәдігерді ғалымдар “Шілікті алтын адамы”деп атады. 

1998 -1999 жылдары З. Самашевтің жүргізген қазба жұмыстары кезінде Берел кезеңіндегі №11оба толық ашылып, ғаламат олжа табылды. Балқарағайдан ойылып жасалған астау табытта 45 жастағы ер адам мен әйел жерленген (б.з.б.294 ж.). Олардың киімдері інжу-моншақтар және алтын жапырақшалармен әшекейленген. Обадан ат-әбзелдері мен ішкі құрылысы бұзылмаған 13 жирен жылқы табылды. Әр жылқы алтынмен апталып, күміспен күптелген салтанатты әбзелдермен безендірілген. 

Осы аумақтағы Шілікті қорымындағы 51 обаның бірі “Алтын қорған” деп аталады. 1960 жылы зерттелген “Алтын қорған” обасында ер адам мен әйел жерленген. Балқарағай бөренелерінен салынған қабірден 13 қола жебе, қорамсақ , алтын қаптырма табылды. Ғалымдар бұл қорғанды б.з.б.7 - 6 ғасырларға жатқызады.