- •*Балалардағы тіс жарақаттары. Жоғарғы және төменгі жақ сүйек сынықтары.Қосарланған жарақаттар1*5*1*
- •*Балалардағы тіс жарақаттары. Жоғарғы және төменгі жақ сүйек сынықтары.Қосарланған зақымданулар*2*12*1*
- •*Балалардағы тіс жарақаттары.Жоғарғы және төменгі жақ сынықтары.Қосарған зақымданулар*3*13*1*
- •*Балалар бжа жұмсақ және сүйек тінінің ісіктері және ісік тәрізді түзілістері. Қатерлі ісіктер*1*10*1*
- •*Балалардағы бжа жұмсақ және сүйек тіндерінің ісік және ісік тәрізді түзілістері*2*30*1*
- •*Балалардағы бжа жұмсақ және сүйек тіндерінің ісіктері және ісік тәрізді түзілістері*3*30*1*
- •*Балалардағы бжа қабыну аурулары.Самай-төменгі жақ буыны аурулары.Жоғарғы ерін және таңдайдың туа біткен жырығы*1*10*1*
- •*Балалардағы бжа қабыну аурулары. Самай-төменгі жақ буыны аурулары.Жоғарғы ерін және таңдайдың туа біткен жырығы*2*70*1*
- •*Балалардағы бжа қабыну аурулары. Балалардағы самай-төменгі жақ буынының аурулары. Жоғарғы ерін мен таңдайдың туа біткен жырығы*3*70*1*
- •7.5 Тісті эндодонттық емдеу, қабынуға қарсы терапия
- •*Қатты тіндердің тісжегі,тісжегі емес зақымданулары және олардың асқынулары*1*10*1*
- •*Тісжегі және тісжегі емес зақымданулар және олардың асқынуы*2*30*1*
- •*Қатты тіндердің тісжегі,тісжегі емес ақаулары және олардың асқынулары*3*30*1*
- •Балалардағы ақшқ аурулары*1*10*1*
- •Балалардағы ақшқ аурулары*2*70*1*
*Балалардағы бжа қабыну аурулары.Самай-төменгі жақ буыны аурулары.Жоғарғы ерін және таңдайдың туа біткен жырығы*1*10*1*
#101
*!Флегмона қайда орналасқанда жұтыну қызметін бұзады?
*ұртта
*самайда
*бет сүйекте
*құлақ маңында
*+ауыз қуысы түбінде
#102
*!Түкті фолликуланың іріңді-некротикалық қабынуы,теріастылық май жасушалары - бұл
*абсцесс
*флегмона
*карбункул
*+фурункул
*сібір жарасы
#103
*!Бірнеше түкті фолликулалардың іріңді-некротикалық қабынуы - бұл
*абсцесс
*флегмона
*фурункул
*+карбункул
*сібір жарасы
#104
*!Фурункулдың қандай жергілікті асқынуы НЕҒҰРЛЫМ кең таралған?
*сепсис
*іріңді плеврит
*іріңді менингит
*+бет венасының тромбофлебиті
*кавернозды синус тромбозы
#105
*!Төменгі жақтың жедел одонтогенді остеомиелитіне тән клиникалық белгі қандай?
*альвеола өсіндісі аймағында инфильтрат,ауырады
*+жақ аймағында муфтотәріздің инфильтраттың болуы
*аймақтық лимфа түйіндерінің ұлғаюы
*себепші тістің қозғалғыштығы
*пародонт тіндерінің қабынуы
#106
*!Созылмалы остеомиелит төменгі жақ бұрышы аймағында орналасса қандай асқыну болуы мүмкін?
*тұрақты үлкен азу тістер адентиясы
*тұрақты үлкен азу тістер гипоплазиясы
*тістемнің бұзылуы
*+жақ сүйектер микрогениясы
*СТЖБ анкилозы
#107
*!Балалардағы төменгі жақ денесінің жедел одонтогенді остеомиелитіне қандай белгі тән?
*«пластмасс ойыншық»
*«пергамент сықыры»
*толықтырылу
*күш
*+Венсан
#108
*!Жақ сүйектер гематогенді остеомиелитінің токсикалық формасына тән клиникалық белгі?
*тахикардия
*АҚ тұрақты болмауы
*дене салмағының азаюы
*анемия, лейкоцитоз,ЭТЖ жоғарылауы
*+температура қисығының гектикалық типі
#109
*!Балалардағы гиперэргиялық тип бойынша дамитын жақ сүйектің гематогенді остеомиелитінің асқынуы болып табылады?
*мұрынның қосымша ұойнауларының қабынуы
*тромбогеморрагиялық синдром
*+токсикалық- инфекциялық шок
*ауыз қуысы түбі флегмонасы
*тромбофлебит
#110
*!Гематогенді остеомиелитпен ерте балалық жаста ауырған науқастарда қандай асқыну болуы мүмкін?
*тіс түсінің өзгеріу
*тіс пішінің аномалиясы
*+СТЖБ анкилозы және микрогения
*жақ сүйектердің қбынулы контрактурасы
*одонтогенді қабыну үрдісінің дамуы
*Балалардағы бжа қабыну аурулары. Самай-төменгі жақ буыны аурулары.Жоғарғы ерін және таңдайдың туа біткен жырығы*2*70*1*
#111
*!Қабылдау бөліміне 13 жастағы баланы бет-жақ аймағының флегмонасына күдіктеніп алып келді.Қарап тексергенде:бала бозарған,жұтынғанда және ауызды ашқандағы ауруға шағымданады,әлсіз,дімкәс.Сол жақ тіласты және жақасты аймағы аздап ісінген,аузын 1см-ге дейін орталық күрек тістер тұсында аша алады.
Қабыну үрдісінің НЕҒҰРЛЫМ орналасуы?
*самай асты аймағында
*жақарты аймағында
*төменгі жақастылық аймақ
*шайнау кеңістігінде
*+қанаттәрізді-төменгі жақ кеңістігінде
#112
*!Хирургиялық кабинетте бір тәулік бұрын 5 жастағы балада периостит көрінісімен болған периодонттың созылмалы қабынуы өршуі бойынша 6.5 тісін ашылды.Келесі күні баланың дене температурасы 39,0-ға көтеріледі,оң жоғарғы жақтың жұмсақ тіндері ісінуі нәтижесінде – бет асимметриясы,6.5 тіс маңындағы шырышты қабық қызарған,ісінген,муфтотәрізді қалыңдаған.
Рентгенограммада қандай өзгерістер НЕҒҰРЛЫМ болуы мүмкін?
*периодонт саңылауының тарылуы
*+сүйек тінінің деструкциясы
*уақытша тістер түбірлерінің сорылуы
*фолликулгның үрдіске енуі
*периодонт саңылауының кеңеюі
#113
*!Қабылдау бөліміне анасы 8 күндік сәбиінің құлақмаңы аймағының ісінуіне,дене температурасының жоғарылауына шағымданып келді.Анамнезден:бір тәуліктен бері ауырған,анасы маститпен науқас,бала емізеді.Объективті:екі жақты құлақ маңы жұмсақ тіндерінің ісінуі нәтижесінде беттің асимметриясы,без тығыздалған,ауырады,сілекей түтіктерінен іріңді бөлініс бөлінеді.
Келтірілген болжамды диагноздың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?
*эпидемиялық паротит
*эпидемиялық емес паротит
*Герценберг паротиті
*+жаңа туылғандардағы паротит
*вирусты сиалоденит
#114
*!14 жастағы бала балалар стоматологиялық емханасына төменгі жақ аймағындағы ауру сезімге,жалпы әлсіздікке,жүрегінің айнуына,дімкәстікке,иек және төменгі ерін аймағындағы ыңғайсыздыққа шағымданып келді.Пальпациялағанда төменгі жақасты және мойын лимфа түйіндерінің ұлғайғандығы,муфтотәрізді инфильтраттың болуы байқалады.Ауыз ашылуы шектелген,4.6 тісінде терең тісжегі қуысы,қозғалмалы,тіс-қызылиек қалтасынан іріңді бөлініс бөлініп тұр.
Келтірілген болжамды диагноздың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?
*4.6 тістен дамыған жедел іріңді периодонт қабынуы
*4.6 тістің периодонттың созылмалы қабынуының өршуі
*4.6 тістен дамыған төменгі жақтың жедел іріңді периоститі
*+4.6 тістен дамыған төменгі жақтң жедел одонтогенді іріңді остеомиелиті
*4.6 тістен дамыған төменгі жақтың созылмалы остеомиелитінің өршуі
#115
*!Емханаға 8 жасар баланың сол төменгі жақ аймағындағы ауру сезіміне,4 күн бұрын пайда болған төменгі ерініндегі ыңғайсыздыққа шағымданып келді.Ауыз қуысында:4.6 тісі пломбаланған, 4.6,8,5 тістер маңындағы шырышты қабық қызарған,ісінген және муфтотәрізді қалыңдаған.Ауруханаға түскен күні жалпы жағдайы ауыр,жене температурасы 38,4°,тамыр соғысы - -120,лейкоциттер – 17 10*9/л,таяқша ядролы нейтрофильдер - 18%,сегментті ядролы лейкоциттер - 56%,лимфоциттер - 12%, моноциттер – 13%, ЭТЖ – 35 мм/сағ.
Қандай болжамды диагноз НЕҒҰРЛЫМ болуы мүмкін?
*4.6 тістен дамыған ауыз қуысы түбі флегмонасы
*4.6 тістен дамыған төменгі жақасты аймағының аденофлегмонасы
*4.6 тістен дамыған жедел одонтогенді периоститі
*+4.6 тістен дамыған төменгі жақтың жедел одонтогенді остеомиеліті
*4.6 тістен жамыған төменгі жақасты кеңістігінің одонтогенді флегмонасы
#116
*!Балалар стоматологиялық емханасына ата-анасы баласының төменгі жақтың оң бөлігіндегі ауру сезіміне,төменгі ерін ыңғайсыздығына шағымданып келді.Аурудың басталуы созылмалы периодонт қабынуымен емделіп,пломбаланған 4.6 тіспен байланысты.Жалпы жағдайы ауыр, Т-38,4˚. Тамыр соғысы минутына - 120.
Келтірілген болжамды диагноздың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?
*ауыз қуысы түбі флегмонасы
*төменгі жақтың жедел одонтогенді периоститі
*+төменгі жақтың жедел одонтогенді остеомиелиті
*қанат-жақ кеңістігінің флегмонасы
*төменгі жақасты кеңістігінің одонтогенді флегмонасы
#117
*!Емханаға ата-ана 3 жастағы қыздарының тәбетінің нашарлауына және бетінің асимметриясына шағымданып келді.Анамнезден анасының айтуынша туылған сәтінде айдаршықты өсінді буындық басының жедел гематогенді остеомиелиті болған,қысқарған және оң жақ айдаршық өсіндісі қалыңдаған.
Келтірілген болжамды диагноздың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?
*самай-төменгі жақ буыны артриті
* самай-төменгі жақ буын артрозы
*прогнатиялық тістем
*+ самай-төменгі жақ буын анкилозы
*айдаршықты өсіндінің созылмалы остеомиелиті
#118
*!Қабылдау бөліміне 4 айлық бала жеткізілді.Анамнезден – терінің іріңді ауруы.Оң жақ қабақ терісі қызарған,көз саңылауы жабық.Көздің төменгң жиегі бойында,көздің сыртқы бұрышына жақын жыланкөз орналасқан,жоғарғыжақтың оң бөлігінің альвеола өсіндісі муфтотәрізді қалыңдаған,өтпелі қатпар тегістелген.Дене температурасы 39,7,бала мазасыз.
Келтірілген болжамды диагноздың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?
*оң көздің дакриоциститі
*ұрт аймағының одонтогенді абсцессі
*бет сүйегінің одонтогенді емес абцессі
*ретробульбарлы кеңістіктің флегмонасы
*+жоғарғы жақтың гематогенді остеомиелиті
#119
*!Қабылдау бөліміне анасы 10 күндік нәресінде құлақмаңы аймағының ісінуіне,дене температурасының жоғарылауына шағымданып алып келді.Анамнезден:бір тәуліктен бері ауырады,шала туылған,емізеді.Объективті:оң жақ құлақ маңы аймағының ісінуі нәтижесінде - бет асимметриясы,без тығыз,ауырады,сілікей без түтігінен іріңді бөлініс бөлінеді.
Аталған ауруды тудырушы қандай этиологиялық фактор НЕҒҰРЛЫМ тудыруы мүмкін?
*+мастит
*рахит
*сепсис
*анемия
*шала туылу
#120
*!Хиругиялық кабинетке ата-ана 10 жастағы баласында оң жақ құлақмаңы аймағында шаншудың болуынағқұлаққа ауру сезімінің таралуына,ісінуіне,ауызының кебуіне, дене температурасының 39 С жоғарылауына шағымданып келді.Тері жабындылары қызарған,сипағанда тығыз инфилтрат байқалады,ауырады.Түтік сағасынан кір іріңді сұйықтық бөлінеді.
Келтірілген болжамды диагноздың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?
*аденофлегмона
*эпидемиялық паротит
*+жедел іріңді сиалоаденит
*жедел серозды сиалоаденит
*созылмалы сиалодениттің өршуі
#121
*!Қабылдау бөліміне 11 жастағы баланы жедел іріңді сиалоаденит бойынша жеткізді.Дәрігер іріңді ошақты ашты,бірақ оперативті араласудан кейін баланың сол жақ ерін ұшы салбырап түсіп кеткен, «желкен» белгісі байқалады.
Келтірілген қандай анатомиялық түзілістің зақымдануы НЕҒҰРЛЫМ мүмкін?
*шайнау нервісі
*шайнау бұлшықеті
*құлақ-самай нервісі
*+бет нерв тармағын
*үшкіл нерв тармағын
#122
*!Қабылдау бөліміне 4 айлық баланы ауыр жағдайда жеткізді.Дене температурасы 39,7,мазасыз.Анамнезден:терінің іріңді ауруы.Оң көздің төменгі қабағы терісі қызарған,көз саңылауы жабық.Көздің төменгі жиегі бойы,көздің сыртқы бұрышына жақын жыланкөз орналасқан,жоғарғы жақ альвола өсіндісі муфтотәрізді қалыңдаған,өтпелі қатпар тегістеоген.
Келтірілген болжамды диагноздың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?
*оң көздің дакриоциститі
*ұрт аймағының одонтогенді абсцессі
*бет сүйегінің одонтогенді емес абцессі
*ретробульбарлы кеңістіктің флегмонасы
*+жоғарғы жақтың гематолгенді остеомиелиті
#123
*!16 жастағы жасөспірім жағарғы жақ сүйегінің ісінуіне шағымданып келді.2 жыл бұрын жарақат алған.Жергілікті:интактілі 1.4 тіс сауыты,түсі өзгерген,1.4 тіс түбірі аймағының вестибулярлы жағынан ісінген,ауырмайды,шырышты қабық боз-қызғылт түсті.Рентгенограммада 1.4 тіс түбірінен дамыған дөңгелек пішінді түзіліс әсерінен гаймор қуысының мөлшері кішірейген.
Келтірілген болжамды диагноздың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?
*созылмалы периодонтит
* остеобластокластоманың кистозды формасы
*фиброзды дисплазия
*+радикулярлы киста
*амелобластома
#124
*!Профилактикалық тексеру кезінде 10 жастағы балада төменгі күрек тістер мойынының жалаңаштанғаны анықталды.Аталған тістер температуралық тітіркендіргіштерге сезімтал,қызылиек қанағыш.Алдыңғы бөлікте қызылиек жиегінен өтпелі қатпарға дейінгі қашықтық 4мм.
Клиникалық көрініс қандай ауруға НЕҒҰРЛЫМ тән?
*төменгі ерін үзеңгісінің төмен бекуі
*+атрофиялық гингивит
*жергілікті пародонтит
*диффузды пародонтит
*катаральды гингивит
#125
*!Профилактикалық тексеру кезінде 9 жастағы балада төменгі күрек тістер мойынының жалаңаштанғаны анықталды.Аталған тістер температуралық тітіркендіргіштерге сезімтал,қызылиек қанағыш.Алдыңғы бөлікте қызылиек жиегінен өтпелі қатпарға дейінгі қашықтық 3мм.
Клиникалық көрініс қандай ауруға НЕҒҰРЛЫМ тән?
*+ауыз кіреберісінің тар болуы
*төменгі ерін үзеңгісінің төмен бекуі
*жергілікті пародонтит
* катаральды пародонтит
*пародонтоз
#126
*!Бет-жақ хирургиясының қабылдау бөліміне 8 айлық баланы дене температурасының 38.5°С жоғарылауына шағымданып алып келді.Анамнезден:бір апта бұрын ЖРВИ-мен ауырған.Бала мазасыз,мойынның бүйір бетінде жайылған инфильтрат,төменгі жақ қырынан бастап бұғана ұстілік аймаққа дейін таралған.тері қызарған,керілген,жылтыр,флюктуация белгісі оң.
*төменгі жақасты аймағының одонтогенді флегмонасы
*+мойынның бүйір бетінің аденофлегмонасы
*мойынның бүйірлік кистасы
*жақасты абцессі
*одонтогенді іріңді лимфаденит
#127
*!Емханаға 12 жастағы баланы тамағындағы және жұтынғанда күшиетін ауру сезіміне,ауыз ашуының шектелуіне шағымданып алып келді.Анамнезден:ата-анасының айтуынша 4.6 тісі торусальды жансыздандыру арқылы жұлынған,кейін жұтынған сайын ауырған.Үйде емделген.Жалпы жағдайы орта ауырлықта, Т-38,3, лейкоциттер - 12000 / мл., ЭТЖ-26 мм/сағ.
Келтірілген болжамды диагноздың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?
*+қанат-жақ кеістігі флегмонасы
*оң жақ жақасты аймағының флегмонасы
*жұтқыншақ маңы кеңістігінің флегмонасы
*оң жақ мойын аймағының абсцессі
*оң жақ таңдай доғаларының абсцессі
#128
*!Емханаға анасы 8 жастағы баласының құлақмаңы аймағының ісінуіне,ауызының құрғауына,тәбетінің нашарлауына,дімкәстігіне шағымданып келді.Анасының айтуынша 3 күннен бері ауырады.Қарап тексергнеде дене температурасы 38С,екі жақты бет асимметриясы.тері жабындылары қызарған,ісінген.Пальпацтядағанда құлақмаңы сілекей без түтігінен қою мөлдір сілекей бөлінеді.
Келтірілген болжамды диагноздың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?
*паренхиматозды сиалоаденит
*жедел іріңді лимфаденит
*жедел іріңді периостит
*калькулёзды сиалоаденит
*+эпидемиялық паротит
#129
*!Бет-жақ бөліміне ата-анасы 4 жастағы баласы аузының шектеліп ашылуына шағымданып келді.Анаснезден:анасы бала 1,5 жаста жарақат алғанын,айдаршықты өсінді сынығы бойынша ауруханад ем қабылдағанын айтты.Қарап тексергенде ауыздың ашылуы 1см-ге шектелген,беттің төменгі 1/3 толық дамымаған,тістем – прогнатиялық.
Келтірілген болжамды диагноздың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?
*екіншілік деформацияланушы остеоартроз;
*буын дисфункциясы
*гематогенді остеомиелит;
*+сүйек анкилоз;
*остеоартрит.
#130
*!Емханаға 15 жастағы қыз бала оң жақ самай-төменгі жақ буыны аймағындағы,шайнағанда күшиетін ауру сезіміне шағымданып келді.Пальпациялағанда сол жақ СТЖБ аймағында ауру сезімді,ауызды ашқанда сықыр байқалады.
Келтірілген болжамды диагноздың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?
*екіншілік деформацияланушы остеоартроз;
*СТЖБ жастық остеоартрозы
*+СТЖБ дисфукциясы
*сол жақ СТЖБ остеоартриті
*сол жақ СТЖБ неоартрозы
#131
*!Диспансерлік тіркеуде 5 жастағы бала самай-төменгі жақ буын ауруы бойынша тұрады.Анамнезден:туылу сәтіндегі жарақатпен байланысты.Қарап тексергенде:ауыз ашылуының шектелген,біржақты микрогения.Рентген суретте:буындық саңылаудың жартылай болмауы,буын басының,төменгі жақ тармақтарының бұзылуы.
Келтірілген болжамды диагноздың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?
*екіншілік деформацияланушы остеоартроз;
*СТЖБ дисфукциясы
*гематогенді остеомиелит;
*+буынның сүйекті анкилозы;
*остеоартрит.
#132
*!Бет-жақ хирургиясы қабылдау бөліміне ата-ана 8 жастағы баласында ауыз ашуының шектелуіне,ауыруына,құлаққа ауру сезімнің берулуіне шағымданып қаралды.Анамнеден:бір апта бұрын баспамен ауырған.Объективті:оң жақ самай-төменгі жақ буын аймағы жұмсақ тіндерінің ісінуі нәтижесінде бет асиммериясы,тері жабындылары қызарған,пальпацияда ауру сезімді.Ауызды ашқанда ауырады және шектелген,төменгі жақ оңға жылжиды.
Келтірілген болжамды диагноздың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?
*+жедел артрит
*СТЖБ шығуы
*деформирленуші остеоартроз
*фиброзды анкилоз
*созылмалы артрит
#133
*!Бет-жақ хирургиясы қабылдау бөліміне 12 жастағы жасөспірім СТЖБ-да таңертең болатын қарысуға,жақты қимылдатқандағы ауру сезімге шағымданып қаралды.Иекті және төменгі жақ бұрышын итергенде буында ауру сезімі күшиеді.Ауызды ашу шектелген.Рентген суретте буындық саңылау кеңейген.
Келтірілген болжамды диагноздың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?
*жедел артрит
*СТЖБ шығуы
*деформирленуші остеоартроз
*фиброзды анкилоз
*+созылмалы артрит
#134
*!Бет-жақ бөлімінде 3 жасар балаға туа пайда болған толық таңдай жырығы бойынша уранопластика жасалды. Екінші күні бала ЖРВИ-мен ауырып қалды, бала жиі жылайды.
Аталғандардың ішінде қайсы қалдық ақау қалыптасуы мүмкін?
*жұмсақ таңдай
*жұмсақ таңдайдың тілшігі
*қатты таңдайдың алдыңғы бөлімі
*қатты таңдайдың ортаңғы бөлімі
*+қатты және жұмсақ таңдайдың шекарасы
#135
*!Бет-жақ бөліміне 4 жасар баласымен анасы тәбетенің нашарлауына, сол жағындағы аздап ісінуге шағымданып келді. Анасының айтуы бойынша анамнезінде балада мерзімді түрде құлақ маңы аймағының ұлғаюы байқалған. Қарап тексергенде оң жақ құлақ маңы аймағының жұмсақ тіндерінің ісінуінің нәтижесінде аздаған асимметрия, құлақмаңы сүлекей безін пальпациялау ауру сезімді, төмпешіктелген, іріңмен қосарланған сілекей бөлінеді.
Төменде аталған болжамды диагноздардың қайсысының болуы НЕҒҰРЛЫМ ықтимал?
*+созылмалы паренхиматозды паротиттің өршуі
*жедел іріңді лимфаденит
*жедел іріңді периостит
*эпидемиялық паротит
*калькулезды паротит
#136
*!Бет-жақ хирургиясы клиникасына 3 жыл бұрын ураностафилопластика жасалған 8 жасар баланы алып келді. Ортодонттық ем жүргізілмеген.
Қандай кеш асқынудың болуы НЕҒҰРЛЫМ ықтимал?
*айқас тістем
*+жоғарғы жақтың тарылуы
*прогнатия
*шынайы прогения
*терең тістем
#137
*!Профилактикалық тексеру барысында дәрігер-стоматолог 14 жасар балада сол самай-төменгі жақ буыны аймағындағы сықырды байқады. Пальпаторлы буын басының айқын қозғалысы байқалады. Тістері интактілі, тістемі ортогнатиялық.
Аталған құбылыстың дамуының НЕҒҰРЛЫМ мүмкін болатын себебі?
*неоартроз;
*сүйектік анкилоз;
*+дистензионды толық емес шығу;
*созылмалы деструктивті остеомиелит;
*созылмалы деформациялаушы остеоартроз.
#138
*!Ауыз қуысының санациясына 6-жасар баланың ата-анасы шағымданады. Анамнезінде: бастан кешкен гематогенді остеомиелиттен кейін пайда болған самай-төменгі жақ буынының сүйектік анкилозы бойынша диспансерлік есепте тұрады. Ауыз қуысында: ауыз ашылуы шектелген, нашар иіс, кп+КПУ= 13.
Тіс жегінің декомпенсацияланған түрінің НЕҒҰРЛЫМ мүмкін болатын этиологиялық факторы?
*+ауыз қуысының гигиенасын сақтауға мүмкіндік болмау; *психоэмоционалды жағдайының бұзылысы; *тыныс жетіспеушілігі;
*алиментарлы дистрофия;
*тістер гипоплазиясы.
#139
*!Ауыз қуысының санациясы мақсатымен емханаға 14 жасар жасөспірім келді. Дәрігер қарап тексергенде ауыз ашылуы кезінде «сықыр» байқалды. Пальпаторлы сол төменгі жақ буын басының буын ойысынан қозғалады, ауру сезімі бар.
Аталған клиникалық көрініс буынның қандай ауруына НЕҒҰРЛЫМ тән?
*төменгі жақ айдаршықтық өсіндісінің сынуы;
*төменгі жақ буын басының шығуы;
*деформациялаушы остеоартроз;
*+буын дискісінің ығысуы; *неоартроз.
#140
*!Емханаға 13 жасар жасөспірімнің ата-анасы буын аймағындағы «сықырға» шағымданып келді. Анамнезінде: ата-анасының айтуы бойынша соңғы жылда баланың салмағы мен бойының тез өсуі байқалған. Қарап тексергенде: төменгі жақ қозғалысы кезінде буын басының алға жылжуы мен оған тән «сықыр» анықталады.
Төменде аталған себептердің қайсысының болуы НЕҒҰРЛЫМ ықтимал?
*+тірек-қимыл аппаратының өсуінің диспропорциясы; *балада сүйек жүйесінің өсуінің бұзылысы;
*буын қапшығы мен байламдарының тонусының жоғалуы;
*буын байламдарының функциясының әлсіреуі;
*буын капсуласының шектен тыс созылуы.
#141
*!12 жасар балада профилактикалық тексеру кезінде сол самай-төменгі жақ аймағында «сықыр» анықталды. Пальпаторлы СТЖБ буын басының ісінуі байқалады. Ауыз қуысында тістер интактілі, тістемі ортогнатиялық.
Аталған патология қай ауруға НЕҒҰРЛЫМ тән?
*сол СТЖБ созылмалы деформациялаушы остеоартрозы;
*созылмалы деструктивті остеомиелит;
*+сол СТЖБ дистензионды толық емес шығуы;
*ауру сезімді дисфункция;
*сүйектік анкилоз.
#142
*!Бет-жақ бөліміне 13 жасар жасөспірімнің ата-анасы буын аймағындағы ауруға шағымданып келді. Анасының айтуы бойынша, ауру сезімі таңертең пайда болып, кеште басылады, ұйықтағанда ауру сезімі мазаламайды. Бірнеше күннен бері бала кеуде қусыныдағы ауру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде шынтақ және тізе буындарының ісінуі мен ауру сезімі анықталды.
Төменде аталған болжамды диагноздардың қайсысының болуы НЕҒҰРЛЫМ ықтимал?
*+ревматикалық артрит
*жедел артит
*сүйектік анкилоз
*артроз
*фиброзды анкилоз
#143
*!Бет-жақ бөліміне таңертең буынындағы тқысылу сезіміне, тағам қабылдау кезінде ауыз ашылуының шектелуіне шағымданады. Қарап тексергенде: иектің оңға ығысуының әсерінен аздаған бет асимметриясы, СТЖБ сипап тексеру ауру сезімді. Рентгенограммада: оң төменгі жағының микрогениясы, оң айдаршықтық өсіндінің конфигурациясының өзгеруі.
Қай болжамды диагноздың болуы НЕҒҰРЛЫМ ықтимал?
*жедел артрит
*+артроз
*фиброзды анкилоз
*сүйектік анкилоз
*созылмалы артрит
#144
*!Балалр бет-жақ бөліміне 2 жасар бала ауыз ашылуының шектелуіне шағымданады, соңғы 6- айда тек сұйық тағам қабылдаған. Ата-анасының айтуы бойынша бала нәресте кезінде оң жақ іріңді отитпен ауырған. Қарап тексергенде: иектің оңға жылжуы әсерінен беті асимметриялы, ауыз қуысының ашылуы ІІІ –дәрежелі шектелген.
Төменде аталған болжамды диагноздардың қайсысының болуы НЕҒҰРЛЫМ ықтимал?
*жедел артрит
*артроз
*деформациялаушы остеоартроз
*+анкилоз
*созылмалы артрит
#145
*!Хирургиялық кабинетке 4 жасар баланың ата-анасы ауыз ашылуының шектелуіне шағымданып келді. Анамнезінде: анасы құлап түсу кезінде иектен соққы алғандығын, дәрігерге бармағандығын айтты. Қарап тексергенде: бала гипотрофиялы, физикалық дамуының кешуілдеуі байқалады. Иегі артқа ығысқан, беттің төменгі үштен бір бөлігінің дамымауы, микрогения («құс келбеті»), ауыз ашылуы 1 см-ге дейін шектелген, аузынан жағымсыз иіс шығады, көп сөлшерде тіс тасы, кп= 14, тіс-қызыл иек емізікшелерінің шырышты қабаты қызарған, ісінген, қанайды.
Төменде аталған болжамды диагноздардың қайсысының болуы НЕҒҰРЛЫМ ықтимал?
*жедел артрит
*артроз
*фиброзды анкилоз
*+сүйектік анкилоз
*созылмалы артрит
#146
*!Хирургиялық кабинетке 3 жасар баланың ата-анасы ауыз ашылуының шектелуіне шағымданып келді. Анамнезінде: анасы қысқышатрды қолдану арқылы күрделі босанғанын айтады. Қарап тексергенде: бала гипотрофиялы. Иегі артқа ығысқан, беттің төменгі үштен бір бөлігінің дамымауы, («құс келбеті»), ауыз ашылуы 1 см-ге дейін шектелген, аузынан жағымсыз иіс шығады, кп= 12.
Төменде аталған болжамды диагноздардың қайсысының болуы НЕҒҰРЛЫМ ықтимал?
*жедел артрит
*деформациялаушы остеоартроз
*біржақты анкилоз
*+екіжақты анкилоз
*созылмалы артрит
#147
*!Емханаға 5 жасар баланың ата-анасы мұрынмен сөйлеуіне шағымданады. Қарап тексергенде: таңдайдың ортасы бойымен шырышты қабатта созылмалылық байқалады, «А» дыбысын айтқан кезде таңдайда екі шығыңқы біліктің болуы анықталады. Таңдайды сипап тексергенде таңдайдың ортаңғы тігісі бойымен шырышты қабат астында науаша анықталады.
Төменде аталған болжамды диагноздардың қайсысының болуы НЕҒҰРЛЫМ ықтимал
*таңдай-жұтқыншақ сақинасының туа біткен жетіспеушілігі
*+таңдайдың туа біткен жасырын жырығы
*таңдайдың қалдық ақауы
*туа біткен жұмсақ таңдай тілшігінің кіші аномалиясы
*сау таңдай
#148
*!1жасар баланың ата-анасы клиникаға жымию кезінде баланың ерінің пішінінің өзгеруіне шағымданады. Қарап тексергенде: беті симметриялы, тері жабындылары қалыпты. Тіндер ақауы байқалмайды. Пальпацияда оң фильтрум аймағында жоғарғы еріннің ойыстануы байқалады.
Төменде аталған болжамды диагноздардың қайсысының болуы НЕҒҰРЛЫМ ықтимал?
*+жоғарғы оң еріннің туа біткен жасырын жырығы
*жоғарғы оң еріннің туа біткен толық жырығы
*оң жоғарғы ернінің посттравматикалық жағдайы
*фильтрум ақауы
*ауыздың дөңгелек бұлшық етінің птозы
#149
*!Балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан 1 жасар балада жоғарғы ерін мен таңдайдың туа біткен екі жақты жырығы диагностикаланды. Баланың жеткіліксіз салмағынан және жоғарғы тыныс жолдарының қабыну процесстерінен хейлопластика отасы кейінге қалдырылып отырды. Ортодонттық ем жүргізілмеген.
Біріншілік хейлопластиканы кешуілдеткеннің әсерінен қандай асқынудың болуы НЕҒҰРЛЫМ ықтимал?
*+жоғарғы жақтың орта фрагментінің протрузиясы
*жоғарғы жақтың орта фрагментінің ретрузиясы
*жоғарғы жақтың бүйір фрагментінің протрузиясы
*төменгі жақ микрогнатиясы
*жоғарғы жақтың орта фрагментінің атрофиясы
#150
*!Бет-жақ бөліміне ата-анасы 2 айлық баланы эстетикалық ақауға шағымданып алып келді. Қарап тексергенде: «Купидон доғасының» бүтіндігінің бұзылуы, жоғарғы ерні екі фрагменттен тұрады, мұрын негізінде дұрыс дамыған тіндердің тері көпірі анықталды. Сол мұрын қанатшасы деформацияланған.
Төменде аталған болжамды диагноздардың қайсысының болуы НЕҒҰРЛЫМ ықтимал?
*жоғарғы еріннің толық жырығы
*жоғарғы еріннің өтпелі(сквозная) жырығы
*+жоғарғы еріннің толық емес жырығы
*жоғарғы еріннің екі жақты жырығы
*жоғарғы ерін мен таңдайдың толық өтпелі(сквозная) жырығы
#151
*!Емханаға 14 жасар жасөспірім мұрынмен сөйлеуіне шағымданады. Анамнезінде: таңдайдың туа біткен толық жырығы бойынша опреативті араласу болған, уранопластика 3 жасында жүргізілген, операциядан кейінгі кезең асқынусыз өткен. Логопед-дефектологта реабилитация өткен. Қарап тексергенде қатты және жұмсақ таңдай ақауы анықталмады, жұмсақ таңдайы қысқарған.
Мұрынмен сөйлеудің аталғандардың ішінен қай себеп НЕҒҚРЛЫМ ықтимал?
*таңдайдың жасырын жырығы
*таңдайдың жасырын қалдық ақаулары
*+таңдай-жұтқыншақ сақинасының жетіспеушілігі
*тілдің дұрыс емес артикуляциясы
*тіл птозы
#152
*!Клиникаға 13 жасар бала құлақ маңы аймағындағы ісінуге шағымданып келді. Безді қарап тексергенде интактілі, өзегінен таза, мөлдір сілекей бөлінеді, без қалыңдығында тегіс беткейлі ауру сезімді тығыз түйін анықталды.
Төменде аталған болжамды диагноздардың қайсысының болуы НЕҒҰРЛЫМ ықтимал?
*+лимфонодулярлы паротит
*жедел іріңді лимфаденит
*жедел эпидемиялық паротит
*калькулезды паротиттің өршуі
*созылмалы эпидемиялық паротиттің өршуі
#153
*!Емхананың хирургиялық кабинетіне 5 жасар бала ата-анасымен сол төменгі жақ аймағындағы імінуге шағымданып келді. Сыртқы қарап тексеруде: сол төменгі жақ жұмсақ тіндерінің ісінуінен бет асимметриясы, тері жабындылары қызарған. Ауыз қуысында: 7.5 тіс сауытының 2/3 бөлігі бұзылған, тіс айналасындағы шырышты қабат қызарғар, ісінген, 75, 74 тістер аймағындағы өтпелі қатпары сипап тексеру ауру сезімді, тегістелген, тістердің ІІ дәрежелі қозғалғыштығы, флюктуация симптомы оң.
Төменде аталған қандай кеш асқынудың дамуы НЕҒҰРЛЫМ ықтимал?
*+төменгі жақтың дамымай қалуы
* сүйек тіні резорбциясы
* тіс аралық жарғақшаның ыдырауы
* дене массасының төмендеуі
* тұрақты анемия
#154
*!Бет-жақ бөлімінің қабылдау бөліміне 3 жасар баланың ата –анасы оң мойны аймағындағы ісіну мен ауру сезіміне, температураға шағымданып келді. Анамнезде: анасы туылғаннан бері түзіліс барын айтады. Мойынның бүйір аймағын қарап тексергенде тығыз , ауру сезімді инфильтрат анықталды, тері жабындылары қызарған, ісінген, тиіскенде ауырады. Төменде аталған болжамды диагноздардың қайсысының болуы НЕҒҰРЛЫМ ықтимал?
*+іріңдеген мойынның бүйір аймағының кистасы
*созылмалы лимфаденит
*жедел лимфаденит
*лимфогранулематоз
*мойын лимфангиомасы
#155
*!Балалар бет-жақ бөліміне жасөспірім тістеген кездегі ауруға және оң жақасты аймағындағы ісік тәрізді түзіліске шағымданады. Ауыз қуысында: 46 тістің шайнау бетінде терең тіс жегі қуысы, перкуссия ауру сезімінсіз, шырышты қабат аздап қызарған, өтпелі қатпар өзгермеген. Пальпациялағанда лимфа түйіндерінің 0,5х0,8 см болатын ұлғаюы, уру сезімінсіз, айналасындағы тіндермен жабыспаған, тері жабындылары қалыпты.
Төменде аталған болжамды диагноздардың қайсысының болуы НЕҒҰРЛЫМ ықтимал?
*+одонтогенді лимфаденит
*жедел іріңді периостит
*аденофлегмона
*радикулярлы киста
*фолликулярлы киста
#156
*!Балалар бет-жақ бөліміне 8 жасар бала оң мойны аймағындағы ісіну, температурасының 38.5°-қа көтерілуімен шағымданды. Қарап тексергенде: мойынның бүйір аймағында ауру сезімді жайылған инфильтрат, терісі қызарған, қысымды.
Төменде аталған болжамды диагноздардың қайсысының болуы НЕҒҰРЛЫМ ықтимал?
*+аденофлегмона
*жедел лимфаденит
*жедел іріңді лимфаденит
*гематогенді остеомиелит
*қабынулы киста
#157
*!10 жасар бала стационарға ұртының ісінуі мен субфебрильді температураға шағымданып келді. Анамнезде: ұртының ісінуі ЖРВИ-мен ауырғаннан кейін, 1 күн бұрын пайда болған. Бала бұрын эпидемиялық паротитті басынан өткізген. Қарап тексергенде: оң құлақ-маңы шайнау аймағындағы жұмсақ тіндердің ісінуінің әсерінен бет асимметриясы, осы жерде ұлғайған, тығыз, кедір –бұдырлы ауру сезімді құлақ маңы сілекей безі пальпацияланады. Стенонов түтігінің сағасы зияет, айналасындағы шырышты қабат ісінген, қызраған. Құлақ маңы сілекей безін массаж жасағанда өзектен лайлы сілекей бөлінеді.
Төменде аталған қандай аурулармен диффернциалды диагностика жүргізген НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
*+Герценберг ауруымен
*гриппозды паротитпен
*калькулезды паротитпен
*туа пайда болған кистамен
*эпидемиялық емес паротитпен
#158
*!Хирургиялық кабинетке ата-анасы 10 жасар баласымен оң құлақмаңы аймағындағы атқылаушы аурудың құлаққа таралатындығына, аузының құрғауына, дене температурасының 39 С-қа дейін көтерілуіне шағымданып келді. Ісіну бетіндегі тері жабындылары қызарғна, пальпацияда тығыз, ауру сезімді инфильрат анықталады. Безге массаж жасағанда өзек сағаларынан іріңді лайлы сілекей бөлінеді.
Төменде аталған болжамды диагноздардың қайсысының болуы НЕҒҰРЛЫМ ықтимал?
*аденофлегмона
*эпидемиялық паротит
*+жедел іріңді сиалоаденит
*жедел серозды сиалоаденит
*созылмалы сиалодениттің өршуі
#159
*!Емханаға 3 жасар баланың анасы түзілістің болуына шағымданып келді. Анамнезде бала 1 апта бұрын баспамен ауырған. Қарап тексергенде: жақасты аймағында дөңгелек «бұршақ» пішінді, қозғалмалы, айналасындағы тіндермен жабыспаған түзіліс. Тері жабындыларының түсі өзгермеген.
Төменде аталған болжамды диагноздардың қайсысының болуы НЕҒҰРЛЫМ ықтимал?
*жедел серозды одонтогенді лимфаденит
*жедел іріңді одонтогенді лимфаденит
*созылмалы периодонтиттің өршуі
*+жедел серозды одонтогенді емес лимфаденит
*жедел іріңді одонтогенді емес лимфаденит
#160
*!Хирургиялық кабинетке 2,5 жасар баланың анасы түзілістің болуына шағымданып келді. Қарап тексергенде жақасты аймағында дқңгелек пішінді, қозғалмалы, айналасындағы тіндермен жабыспаған түзіліс анықталды. Тері жабындыларының түсі өзгермеген.
Бұл аурудың балаларда дамуының НЕҒҰРЛЫМ жиі себебі?
*+жедел респираторлы инфекция
*СТЖБ созылмалы артриті
*созылмалы периодонтит
*туа пайда болған киста
*атерома
#161
*!Емханаға 6 жасар бала ата-анасымен тістеген кездегі ауру сезіміне, ахдаған ісінуге шағымданып келді. Қарап тексергенде 7,5 тісі сауытының 1/3 бөлгі бұзылған, тіс айналасындағы шырышты қабат қызарғар, ісінегн, перкуссия ауырады, өтпелі қатпар тегістелген.
Бұл жағдайда қай лимфа түйігі НЕҒҰРЛЫМ көбірек қабынуға ұшыраған?
*+жақасты түйіндер
*мойын түйіндер
*шүйде түйіндер
*құлақмаңы түйіндер
*иектік түйіндер
#162
*!Емханаға ата-анасы 6 жасар баласымен периостит белгілерімен қосарланған созылмалы периодонтиттің өршуі бойынша келді. Анамнезінде жиі ЖРВИ, созылмалы тонзиллит. Жақасты аймағын пальпациялау ауру сезімінсіз, лимфа түйіндері «көгершін жұмыртқасы» секілді ұлғайған, айналасындағы тіндермен жабыспаған.
Бұл ауруды рационалды емдемесе төменде аталған қай асқынудың дамуы НЕҒҰРЛЫМ ықтимал?
*созылмалы лимфаденит
*жедел одонтогенді остеомиелит
*+аденофлегмона
*созылмалы лимфаденит
*септикопиемия
#163
*!Бет-жақ бөліміне 4 жасар баласымен анасы жақасты аймағының ісінуіне шағымданып келді. Температура көтерілген, тәбетінің төмендеуі байқалады. Анамнезінде, анасының айтуы бойынша, бала 1 апта бұрын іріңді баспамен ауырған. Қарап тексергенде жақасты аймағының жұмсақ тіндерінің ісінуінен бет асимметриясы, ісіну аймағындағы тері қызарған, ісінген, «флюктуация» симптомы анықталады, ауыз қуысында – тіс жегілі тістер жоқ.
Төменде аталған болжамды диагноздардың қайсысының болуы НЕҒҰРЛЫМ ықтимал?
*+аденофлегмона
*остеофлегмона
*остеомиелит
*жедел периостит
*одонтогенді абсцесс
#164
*!Бет-жақ бөліміне 2 жасар баласымен анасы мойын аймағындағы ісінуге шағымданып келді. Температура көтерілген, тәбетінің төмендеуі байқалады. Анамнезінде, анасының айтуы бойынша, бала 1 апта бұрын іріңді баспамен, бронхитпен ауырған. Қарап тексергенде жақасты аймағының жұмсақ тіндерінің ісінуінен бет асимметриясы, ісіну аймағындағы тері қызарған, ісінген, «флюктуация» симптомы анықталады, ауыз қуысында – тіс жегілі тістер жоқ.
Бұл ауруды рационалды емдемесе қандай асқынудың дамуы НЕҒҰРЛЫм мүмкін?
*созылмалы лимфаденит
*одонтогенді остеомиелит
*аденофлегмона
*+медиастенит
*абсцесс
#165
*!Қай ауруда келесі патологоанатомиялық өзгерістер НЕҒҰРЛЫМ жиі дамиды: фиброзды тіннің өсуі, капсуланың қалыңдауы, лимфа түйіні жиналып, фиброзды тартпаға айналады?
*+созылмалы лимфаденитте
*жедел серозды лимфаденитте
*созылмалы периоститте
*шектелген остеомиелитте
*созылмалы абсцесстелген лимфаденитте
#166
*!Бала 4 жаста. 3 күн бұрын тонзиллитпен ауырған. Аурудың екінші күні жақасты аймағында ауру сезімді, айқын ұлғайған түзіліс анықталды. Сипап тексергенде тығыз-эластикалық, қозғалмалы. Баланың жалпы жағдайы өзгеріссіз.
Төменде аталған болжамды диагноздардың қайсысының болуы НЕҒҰРЛЫМ ықтимал?
*жедел іріңді лимфаденит
*+жедел серозды лимфаденит
*созылмалы лимфаденит
*жайылған лимфаденит
*жедел спецификалық лимфаденит
#167
*!Бала 5 жаста, ұлғайған түзіліске, төменгі жақ асты аймағындағы ауру сезіміне шағымданады. Анамнезден 1 апта бұрын ЖРВИ –мен ауырған. Қарап тексергенде интоксикация белгілері қалтырау, дене температурасы 39 С-қа дейін көтерілген, әлсіздік, бас ауруы. Жақ асты лимфа түйіндері ұлғаймаған, айналасындағы тіндермен жабыспаған, флюкуация симптомы – оң. Тері қызарған, ісінген.
Төменде аталған болжамды диагноздардың қайсысының болуы НЕҒҰРЛЫМ ықтимал?
*+жедел іріңді лимфаденит
*жедел серозды лимфаденит
*созылмалы лимфаденит
*жайылған лимфаденит
*жедел спецификалық лимфаденит
#168
*!Бала 5 жаста. Жұмсақ тіндердің ісінуіне шағымданады. Жақасты аймағындағы жұмсақ тіндердің ісінуінен аздаған асимметрия пайда болған. Ісіну аймағындағы тері жабындыларының түсі өзгермеген. Пальпацияда ұлғайған, ауру сезімінсіз, айналасындағы тіндермен жабыспаған түзіліс анықталады. Ауыз қуысында 75 тісте – тіс жегі қуысы, түбір проекциясындағы қызыл иекте іріңді бөліндісі бар жыланкөз анықталады.
Төменде аталған болжамды диагноздардың қайсысының болуы НЕҒҰРЛЫМ ықтимал?
*аденофлегмона
*одонтогенді абсцесс
*жедел периостит
*+одонтогенді лимфаденит
*одонтогенді емес лимфаденит
#169
*!Ата-анасы стоматологқа 6 жасар баласымен құлақ аймағындағы жақасты аймақтағы шар тәрізді түзіліске шағымданып келді. Ата-анасының айтуы бойынша, ол бұрын пайда болған. Қарап тексергенде беті симметриялы, тері жабындысы өзгеріссіз, баланың жалпы жағдайы жақсы. Пальпацияда лимфа түйіндері ұлғайған, қозғалмайды, тығыз, ауру сезімінсіз.
Төменде аталған қандай аурумен салыстырмалы диагностика жүргізген НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
*сиалоденитпен
*+сілекей безінің ісіктерімен
*жедер іріңді лимфаденитпен
*хейлитпен
*тонзиллитпен
#170
*!Бала 8 жаста. Оң жақасты аймағындағы «ісікке» шағымданады. 2 ай бұрын төменгі жағындағы тісі мазалаған кезде байқаған. Қарап тексергенде оң жақасты аймағында димаетрі 1,5х1,5, тығыз түзіліс пальпайияланады. Тері жабындылары қалыпты. Ауыз қуысында 75 және 74 тістерінде терең ті жегі қуысы бар, түбірлер проекциясында созылмалы іріңді бөліндісі бар жыланкөз анықталады.
Төменде аталған болжамды диагноздардың қайсысының болуы НЕҒҰРЛЫМ ықтимал?
*аденофлегмона
*одонтогенді абсцесс
*жедел периостит
*+одонтогенді лимфаденит
*одонтогенді емес лимфаденит
#171
*!Қабылдау бөліміне 3 жасар баласымен анасы қалтырау, дене температурасының 39 С-қа көтерілуіне, әлсіздікке, тәбетінің жоғалуына шағымданып келді. Анамнезінде 1 апта бұрын ЖРВИ-мен ауырған. Қарап тексергенде лимфа түйіндері ұлғайған, қозғалмалы емес, пальпация- жедел ауру сезімді, ісіну аймағындағы тері жабындысы қызарған, ісінген.
Төменде аталған қандай аурумен салыстырмалы диагностика жүргізген НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
*жедел іріңді периоститпен
*+аденофлегмонамен
*одонтогенді лимфаденитпен
*одонтогенді абсцесспен
*жедел остеомиелитпен
#172
*!7 жасар балаға стационарда процесс орналасуы аймағында тері кесіндісін жасады, іріңді бөліндісі бар капсуланы ашты, уақытша тісін жұлды. Қабынуға қарсы, десенсибилизациялаушы, дезинтоксикалық терапия жүргізілді.
Төменде аталған қандай ауруда НЕҒҰРЛЫМ аталған емді жүргізеді?
*жедел іріңді одонтогенді емес лимфаденит
*+жедел іріңді одонтогенді лимфаденит
*жедел іріңді одонтогенді периостит
*жедел іріңді одонтогенді остеомиелит
*жедел іріңді одонтогенді абсцесс
#173
*!6 жасар бала ауру мен сол жақасты аймағындағы ісінудің болуына шағымданады. Өмір ананезінен 3-4 күн бұрын бала ЖРВИ-мен ауырған. Қарап тексергенде ауыз қуысындағы тістер интактілі, шырышты қабат өзгеріссіз, сол жақасты аймағы пальпацияа ауырады, ісінген, терісі өзгермеген.
Жедел қабыну ауруларының қоздырғышы болып қай микроорганизм НЕҒҰРЛЫМ жиі әсер етеді?
*+алтын стафилококк
*стрептококк
*ішек таяқшасы
*протей
*аралас микрофлора
#174
*!7 жасар балаға бет-жақ бөліміне оң жоғарғы жақ аймағындағы ауру сезімді ісінудің болуы бойынша жолдама берілді. Сыртқы қарап тексеруде жұмсақ тіндердің ісінуінен бет асимметриясы, тері гиперемиясы. Ауыз қуысында 5.4 тісі бұзылған, шырышты қабаттың ісінуі мен қызаруы, «флюктуация» симптомы оң.
Төменде аталған болжамды диагноздардың қайсысының болуы НЕҒҰРЛЫМ ықтимал?
*жоғарғы жақтың жедел серозды периоститі
*+жоғарғы жақтың жедел іріңді периоститі
*күрек тістік өзектің іріңдеген кистасы
*біріншілік созылмалы периостит
*ұрт аймағының абсцессі
#175
*!6 жасар бала анасымен дәрігер-стоматологқа дене температурасының 38С-қа көтерілуіне шағымданып келді. Қарап тексергенде сол ұрты аймағындағы жұмсақ тіндердің ісінуінен беттің айқын асимметриясы. Ауыз қуысында 74 тісі бұзылған, тіс айналасындағы шырышты қабат қызарған, ісінген, өтпелі қатпар тегістелген, ауру сезімді.
Төменде аталған болжамды диагноздардың қайсысының болуы НЕҒҰРЛЫМ ықтимал?
*созылмалы периодонтиттің өршуі
*жедел ұяшықтық остеомиелит
*жедел іріңді пульпит
*жедел іріңді периодонтит
*+жедел іріңді периостит
#176
*!Бет-жақ бөлімінің қабылдау бөліміне 4 жасар баласымен анасы сол жоғарғы жақ аймағындағы ісінуге шағымданып келді. Ананезінде емханада 1 күн бұрын 6.4 тіс арқылы созылмалы периодонтиттің өршуі бойынша экссудат шығымы(отток) жіберілген.
Төменде аталған рентгенограмманың қандай өзгерістері НЕҒҰРЛЫМ мүмкін?
*сүйек тінінің сорылуы
*+сүйек тінінің деструкциясы
*уақытша түбірлердің резорбциясы
*процесске фолликулдың қатысуы
*периодонт саңылауының кеңеюі
#177
*!Емхананың хирургиялық кабинетіне 3,5 жасар баласымен анасы оң жоғарғы жақ аймағындағы ісінуге шағымданып келді. Қарап тексергенде оң жоғарғы жақ аймағындағы жұмса тіндердің ісінуінің әсерінен бет асимметриясы. Ауыз қуысында 5.4 тісі 1/3 бөлігі бұзылған, тіс айналасындағы шырышты қабат қызарған, ісінген, өтпелі қатпар тегістелген, ауру сезімді.
Төменде көрсетілген рентген суреттегі өзгерістердің қайсысы тісті жұлуға НЕҒҰРЛЫМ көрсетілген?
*остеопороз
*сүйек тінінің деструкциясы
*+сүйек тінінің сорылуы
*процесске фолликулдың қатысуы
*уақытша түбірлердің резорбциясы
#178
*!Бала 6 жаста. Анасы дене температурасының 38,5°С-қа көтерілуіне, оң төменгі жақ аймағындағы ісінуге шағымданады. Қарап тексергенде ауыз қуысында көптеген тіс жегі қуысы, шырышты қабат қызарған, ісінген. Жақасты лимфа түйіндері ұлғайған. Баланы жалпы жансыздандырумен емдеу шешімі қабылданды.
Төменде аталған көрсеткіштердің қайсысы наркозға НЕҒҰРЛЫМ қарсы көрсетіш болып табылады?
*тіс жегінің декомпенсацияланған түрі
*+қанның ЭТЖ 40мм/сағ
*жергілікті анестетиктерге аллергия
*Даун ауруы
*сүйек қабының қабынуы
#179
*!Бет-жақ бөлімінің қабылдау бөліміне 6 жасар баласымен сол төменгі жақ аймағындағы ісінуге шағымданады. Анасының айтуы бойынша үйде өздігінен емделген. Үшінші күні жалпы жағдайы нашарлаған, сол төменгі жақ аймағындағы жұмсақ тіндердің ісінуінен бет асимметриясы, тері жабындысы қызарған, ісінген, жылтыраған(лосниться). Ауыз қуысында – өтпелі қатпардың екі жағынан «муфта» тәрізді қалыңдауы.
Төмендегі периоститтің қай асқынуы НЕҒҰРЛЫМ дамуы мүмкін?
*лимфаденит
*+остеомиелит
*сиалоденит
*флегмона
*медиастенит
#180
*!Емхананың хирургиялық кабинетіне 12 жасар баласымен анасы оң төменгі жақ аймағындағы ісінуге шағымданып келді. Дене температурасы субфебрильді. Қарап тексергенде оң жағындағы сүйек тінінің ауру сезімді деформациясы. Рентген суретте төменгі жақтың белгіленген аймағында сүйек тінінің көлемінің ұлғаюы байқалады.
Төменде аталған қандай аурумен салыстырмалы диагностика жүргізген НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
*+жедел периоститпен
*радикулярлы кистамен
*жедел лимфаденитпен
*одонтогенді остеомиелитпен
*созылмалы лимфаденитпен
