Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
pedagogika_psikhologia_ioa_emtikhan_suraktary.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
109.59 Кб
Скачать

3. Ес туралы жалпы ұғым. Ес саласындағы дара айырмашылықтар

Ес дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, үмытылуын бейнелейтін процесс.

Ес — күрделі психикалық процестердің бірі. Ес есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану, үмыту секілді процестерден түрады.

Естің физиологиялық негіздерін бір кезде И. П. Павловтың жүйке жүйесінің пластикалық қасиеті туралы ілімімен түсіндіретін. Жүйке жүйесінің пластикалылығы дегеніміз түрлі лардан қалған лердің қайтадан уақытша байланысқа түсе алу қабілеті. Уақытша байланыстардың тікелей тітіркендіргіштер әсер етпеген жағдайда да мида жасалынуы ойда бүрынғы байланыстардан із қалып отыратындығын көрсетеді. Бірақ бүл жалпы долбар. Өйткені адам есінің мимен қалайша байланысты екендігі жонінде ғылымда әлі нақтылы деректер жоқ. Мәселен, ес қүбылысының табиғатын зерттеуші ғалымдардың бір тобы оны мидагы электр қүбылыстарымен байланыстырса (есті зерттеудегі электро физиологиялық бағыт) енді бір зерттеушілер есті мидың нейро-химиясына қарай түсіндіргісі келеді. Соңғы бағыттың окілдері мидың кейбір клеткаларын (нейрондарын) бір сыдырғы зерттегенмен (мидан нуклеинді қышқылдар комплексінің табылуы) естің бүкіл ми массасынан алатын орнын элі анықтай алмай келеді.

Бір нәрсені еске сақтау — оны байланыстыру деген сөз. Ес процесінің негізі болып табылатын байланыстарды психологияда ассоциация50 деп атайды, Егер бүрын бірнеше объектіні бір мезгілде немесе бірінен соң бірін елестетсек не ойласақ ардың арасында байланыс пайда болады. Кейін объектінің біреуін елестетсек миымызда оның қалған бөлегін тудыруға себеп болады. Ассоциациялық принципті алғаш рет ойлап тапқан ежелгі грек ойшылы Аристотель (б. э. д. 384—322) болды. Аристотель ассоциацияларды тек тікелей елестетумен байланыстырып, психикалық әрекеттін, қалған түрлерін (ойлау, қиял, ерік т. б.) түсіндіруге принципті қолданбады. ғылымда тұңғыш рет ассоциация ілімін шартты рефлекс теориясымен дәлелдеген, осы негізде көптеген психикалық процестердің табиғатын түсінуге болатындырын көрсеткен үлы орыс ғалымы И.П. Павлов болды. И.П. Павлов психологияда ассоциациялар деп аталатын қүбылыс ми қабығында екі процесінің қабаттасып келуі не байланысты пайда болып, сан рет қайталаудың нәтижесінде бекіп отыратын уақытша байланыстар екенін түсіндірді. үлы галым бүл туралы былай деп жазды "Уақытша жүйкелік байланыс жануарлар дүниесінде де, біздің өзімізде де байқалатын жан-жақты физиологиялық қүбылыс.

Сонымен қатар, ол түрлі әрекеттерден, лерден қүрылса да немесе әріп, сөз, әлде ойдан қүрылса да психикалық қүбылыс болып табылады, оны психологтар ассоциация деп атайды. Ассоциациялардың Аристотель заманынан белгілі үш түрі бар. Олар: іргелестік, щсастық және қарама-қарсылық ассоциациялар. Бүл ассоциациялар жөнінде И. П. Павлов былай дейді: "Шартты байланыс... бүл, сірө, біздің бір мезгілдік ассоциация дейтініміз болса керек. Шартты байланыстардың генерализациясы үқсастық ассоциациясы дегенге сфйкес келеді. Шартты рефлекстің (ассоциациясылық) анализі мен синтезі, сайып келгенде, ой өрекетінің негізгі процестерімен мәні бірдей норсе"

Кезінде Аристотель ойлап тапқан ассоциациялардың табиғатын былайша түсінуге болады: 1) Іргелестік ассоциациясы бойынша бір зат жөніндегі елес өзімен бірге оған қатысы бар екінші затты қоса туғызады. Мәселен, Кремль үғымы Қызыл алаң үғымын, көктем туралы үғым шоп туралы үғымды туғызуы мүмкін. 2) Үқсастық ассоциациясынан нәрсенің, көріністің бейнелері өздеріне үқсас образдарды еске түсіреді, яғни бір зат жөніндегі елес сол затқа қандай болса да үқсастығы бар екінші затты елестетеді. (Мәселен, толқынның шуы адамдардың самбырлаған сөзін, жапырақтың сыбдыры адамның жайлап сөйлеуін т. б.). 3) Қарама-қарсылық ассоциациясында бір зат туралы елес оған қарама-қарсы екінші затты не қүбылысты еске түсіреді. (Ақ пен қара, биік пен аласа, айқай-шу мен тым-тырыс т. б.).

Ес процестерінсіз адам баласы мәдениеттің қандай саласы болмасын, қалағанынша меңгере де, жан-жақты жетіле де алмас еді. Егер біздің есімізде ертеректе қабылданған нәрселер сақталмаса, бізге өмірді әр кез қайта жасап отыруға тура келер еді, не болмаса өмірдегі заттардың барлығы да әр уакытта белгісіз, не жаңа нәрсе болып көрінер еді.

Ес адамның басқа жан қүбылыстарымен де (қабылдау, ойлау, қиял т. б.) тығыз байланысып жатады. Ол, әсіресе, ойлау үшін аса қажет. Нәрсе есте дүрыс сақталмаса, бүл жәйт ойлауға қиындық келтіреді. Ж. Аймауытов: "...еске түсіру өнері дегеніміз — ойлау өнері... Байланыстардың мәнісі — ойлау деген сөз",— дейді.

Баланың жеке басын қалыптастыруда оның есін төрбиелеу айрықша орын алады. Мектептегі оқу-тәрбие процесінің негізгі мақсаттарының бірі — баланың есін үздіксіз дамытып отыру. Әр жастағы оқушылардың есінің қалайша дамып отыратындығы психологиялық зерттеулерде жақсы көрсетілген, олардың біразы заңдылықтар ретінде дәлелденген. Осы заңдарға сүйеніп, баланың оқу материалдарын үмытпай, есте сактауына қолайлы жағдайлар жасау — әрбір мүғалімнің міндеті.

Ес саласындағы дара айырмашылықтар.

Ес дәрежесі бірдей екі адамды табу қиын. Біреу өлеңді жылдам жаттаса, екінші біреу - санды жақсы жаттайды, үшінші біреу - үмытшақ, төртінші кісі көргенін есінде үстағыш келеді т. б. Адамдар, сондай-ақ, есінің дәлдігі жөнінен бір-бірінен ажыратылады. Естің дәлдігі — ешбір жаңылмай, ойдың тәртібін бүзбай, мағыналы түрде айта білу қабілеті. Мәселен, орыс композиторы Балакиревтің есі дәл осындай болған. Концертте отырғанда, ол Чайковскийдің бір симфониялық шығармасын естиді де, екі жылдан кейін осы симфонияны жаңылмай орындап береді.

Есі дәл адамдар материалды игеріп алудың жылдамдығы жөнінде де алдына қара салмайды. Жүрт бүларды зейінді, зерек адам дейді. Ал басқа біреулер, керісінше, кайта-қайта оқыса да есіне түсіре алмай, әуре болады. Адамдар еске қалдырудың үзақ-қысқалығымен де ажыратылады. Мүны кейде естің беріктігі деп те атайды. Мөселен, бір нәрсені жаттап алса, оны үзақ уақыт бойына үмытпайтын болады. Екінші біреу оны тез үмытады.

Естің жақсы сапаларының бірі — даярлыгы. Естің қорынан кез келген уақытта қажет нәрсені тауып ала білуді естің даярлығы дейді. Сондай-ақ көп нөрсені миына тоқи алатын, есініц өрісі кең адамдар да боладьт. Біреулер көзбен көргенді, енді біреулер қүлағымен естігенді жақсы қалдырады. Жогарыда аталған ерекшеліктер балалар арасында да жиі кездеседі. Оларды төмендегіше жіктеуге болады:

1) Есте қалдыруы шапшаң, қайта жаңғыртуы жақсы, еске қалдырғанын көпке дейін үмытпайтын оқушылар.

2) Есте баяу қалдырганымен, үмытпайтын оқушылар.

3) Есінде қалдыруы тез болғанымен, тез үмытатын оқушылар.

4) Есіне қиналып түсіретін және тез үмытып қалатын оқушылар.

Бала есінің сапасы төмен болуы көптеген себептерге байланысты. Есте қалдыруы нашар балалар сабактан коп қалады, үй тапсырмаларын жүйелі орындап отырмайды, кітапты қалай оқудың тәсілдерін білмейді. Есте қалдырудың нашарлығы баланың сабақты дұрыс тыңдамауынан, зейінсіз отыратындығынан да болады. Мүндай балалар үнемі мүғалімнің бақылауында болуға тиіс. Енді бір балалар ауру-сырқаулы (тіпті ми-жүйке ауруларымен ауыратындары да болады) болғандықтан тез шаршайды, сабақты кірбің көңілмен тыңдайды. Мүғалім осындай балалармен де жеке жүмыс жүргізуі тиіс. Мәселен, оларға қосымша сабақ үйымдастыру, ол оқушылардың арнаулы режиммен жүріп-түруын қадағалау т.б. балалардың ес қабілетін арттыруға себепші болады.

Баланың есі туғаннан былай кдрай дами бастайды. Мәселен, төрт-бес айлық бала стақандағы ыстық суды біліп, оған жоламайды, өйткені оған қолын күйдіріп алған, Жарты жастағы бала өзінің шешесін бірер жеті көрмесе де тани алады. Бүл — балада тану процесінің өте ерте көрінетіндігін байқатады. Біртіндеп баланың есінде қалатын заттарының көлемі арта түседі. Бір жасар бала көрген нәрсесін бір-екі апта есінде сақтайды, үш жасар бала кергенін бір жылға дейін үмытпайды. Бала есінің дамуына жүру, айналасындағылармен қарым-қатынас жасауға талпыну, ойын әрекеті елеулі орын алады. Үш-төрт жасар баланың есте қалдыруындағы негізгі ерекшелік — жаттайтын материалдың сыртқы түрлеріне көңіл бөлетіндігі, есінің нақтылы, бейнелі келетіндігі. Төртжасқа дейін балада еріксіз ес күшті дамиды. Мәселен, бала өлеңді, қара сөзді, тақпақты қалай болса солай, тез жаттап алғанымен, оның мазмүнын түсінбейді. Бес жастан былай қарай балада естің жоғары түрлері (ерікті есте қалдыру, қайта жаңғырту) көрінеді.

Мектепке түсу балалардың логикалық есін дамытуда үлкен рөль атқарады. Оқушылардың есін тәрбиелеуде де мүғалім олардың жас және дара ерекшеліктерін қатты ескере отырып, жүмыс жүргізеді. Теменгі сынып оқушылары оқу тәсілін өз бетімен таңдап ала алмайтындықтан мүғалім үйге тапсырма бергенде, материалды қалай оқу керектігін балаларға үдайы ескертуі керек. Бүл жөнінде оқулықтардың бәрінде мәтінді қалай оқу, тапсырманы қалай орындау керектігі айтылған. Бірақ

баланың назары кейде бүған жөнді түсе қоймайды. Мүғалім мүны қатты ескергені жөн.

Төменгі сынып оқушылары (әсіресе, бірінші, екінші кластағылар) материалды, көбінесе, сөзбе-сөз жаттап алады. Олар материалды есіне қалдырғанша оқи береді. "Оқулықтағыдай білсем болғаны ғой" дейді. Бүлайша есте қалдыруға материалдың қысқалығы әрі жинақылығы себеп болады. Балалардың сездік қорының аздығы да оз созімен айтуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан, мүғалім бір жағынан, баланың сөздік қорын дамыта отырып, екінші жағынан, материалды өз бетінше айта білуге үйретуі қажет. Баланың оқыған нәрсесінің мәнін түсіне алуы — оның материалды өз сөзімен айта білуі болып табылады. Осылайша, есте қалдыру үшін оқитын материалды бірнеше мағыналы боліктерге бөлу, оның жоспарын жасау қажет екендігі откен параграфта айтылды. Төменгі сынып оқушылары бүл жағына өте шорқақ екенін де, психологиялық зерттеулер көрсетіп отыр. Өйткені бала мәтінге талдау жасауды білмейді, мәтінді жеке боліктерге бөлгенмен, оның негізгі жерін айыра алмайды. Оқушылар шығарманың жеке боліктеріне ат беріп, басты жерлерін табудың орнына, мәтінді түгелдей жаттай қояды. Бүл әдіс оған оңай болып корінеді. Егер мәтін үсақ боліктерге болінетін болса, оқушылар жеке фактілер мен сейлемдерді оларға тақырыпша етеді де, мәтін үлкен бөліктерге бөлінсе, бүлардың тақырыпшасы шамадан тыс, шығарманың мазмүнын корсетпейтін жағдайда болады.

Шығарманың мәніне қарай бөліктерге бөлуге төменгі сынып оқушыларының копшілігінің қабілеті жетеді. Бірақ мүнда оқылатын мәтіннің сипаты және балалардың жас ерекшеліктері ескерілуі тиіс. Шығарманың ең негізгі идеясын табу, оған өз бетінше тақырыпша беру, үшінші сынып оқушыларында жап-жақсы дамитындығы байқалады. Бүл әдісті балаларға мүғалім үйрете алады. Оқушыларды жаңа шығарманы өткен шығармамен байланыстыра білуге машықтандыру, оқу материалдарын неғүрлым үзақ мерзімге есте қалдыруға бағыт беру — мағыналы есті дамытудың басты әдістерінің бірі. Мүғалім, сондай-ақ, балалардың есте қалдыру, қайта жаңғырту мүмкіндіктерін өздері қадағалай алуына үнемі жолбасшылық көрсетіп отыруы тиіс.

Бала есінің дамуы — мүғалімнің жүмыс өдісіне, өсіресе психологиялық дайындығына байланысты. Алдымен мүғалім есте қалдыру мен қайта жаңғыртудың заңдылықтарын жақсы білуге тиіс. Сонда ол балаларды осындай әдістерге үйрете алады. Мүғалім оқушылардың есін тәрбиелеуде олардың жас және дара ерекшеліктерін қатты ескереді. Мүндайда бағдарламалық материалдардың ішінен аса қажетті дегендерін іріктейді, жаңа сабақтың мазмүнын әр кез оқушының бүрыннан білетіндерімен байланыстырады, баланы алаңдататын факторларды болдырмау жағын қарастырады, оқушылардың шамасы келмейтін тапсырмаларды бермейді. Сабақты баланың есінде жақсы қалдыру үшін, мүғалім бала білуге тиісті нәрсені үнемі көзіне көрсетіп, дүрыс қабылдай алуына қатты зер салу қажет. Бүл үшін қолымен үстатқызып, суретін салдырғызып отырғаны дүрыс. "Алғашқы образдардың есте берік және барлық жағынан сақталып қалуының ерекше мәні бар,— дейді К. Д. Ушинский,— өйткені балалардың есінде оқыту арқылы жеткізілетін алғашқы образдар неғүрлым берік орын алатын болса, соғүрлым келешектегі образдар баланың есінде оп-оңай және берік сақталатындығын кореміз". Баланың есін тәрбиелеп, дамыту ісін оның бүкіл ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесімен қосақтастыра жүргізген жөн. Оқушылардың оқу мен еңбекке байланысты борышы мен жауапкершілігін, әдеті мен ерік-жігерінің жақсы сапаларын тәрбиелеу олардың есін де жетілдіріп отыруға коп комегін тигізеді.

емтихан билеті

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]