- •1 Бөлім. Пісіру туралы түсінік
- •1.1 Пісіру туралы жалпы мәлімет
- •1.2 Пісіру түрлерін топтастыру
- •Бөлім. Еңбекті ғылыми ұйымдастыру
- •2.1 Пісіру орны
- •1 Сурет – Қолмен пісіруге арналған пісіру орны
- •2.2 Пісіруге қажетті жабдықтар.
- •2 Сурет - Тоқты қолмен ажырату жүйесі бар электродұстауыш
- •3 Сурет - Электродұстауыштың типтері
- •4 Сурет - Тұрақты пісіру орны
- •5 Сурет – Электргазбен пісірушінің киімі
- •3.1 Пісіру орнының параметрлері
- •6 Сурет – Пісіру орнының қоршалуы
- •7 Сурет – Пісіру орны
- •8 Сурет – Пісіру параметрлері
- •9 Сурет – Электргазбен пісірушінің бойына байланысты параметрлері
- •10 Сурет – Жұмыс орнының өлшемдері
- •3.2 Пісіру орнындағы пісіру үдерісі
- •3.3 Пісіру орнында жүргізілетін жұмыстар
- •11 Сурет - Пісіру трансформаторлардың сұлбасы
- •12 Сурет -Тұрақты тоғының пісіру генераторының сұлбасы
- •13 Сурет-Электронды-сәулелік пісірудің орнату сұлбасы.
- •14 Сурет- Түйісу пісіру сұлбасы
- •3.4 Пісіру материалдарының тағайындалуы
- •3.5 Пісіру материалдарын сақтау және тасмалдау
- •4 Бөлім. Еңбек қауiпсiздiгiне және еңбектi қорғау
- •4.1 Өндірісте еңбекті қорғаудың міндеті
- •4.2 Өртке қарсы қауіпсіздік
- •4.3 Кәсіпорындағы қауіпті және зиянды факторлар
- •4.4 Пісіру және кесу кезіндегі қауіпсіздік техникасының негіздері
- •4.5 Электр қауіпсіздікті қамтамасыз ету
- •5 Бөлім. Қоршаған ортаны қорғау.
- •5.1 Жалпы экологиялық жағдай
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
4.3 Кәсіпорындағы қауіпті және зиянды факторлар
Қазақстан республикасының халық шаруашылығының дамуын негізгі кезеңінде экономикалық саясат қоғамдық өндіріс тиімділігін көтеруге және еңбек өнімділігін жоғарылату мен жұмыс сапасына бағытталған. Осы қоғамдық мақсаттың іс жүзінде асуы ең алдымен жұмыскер адамның денсаулығы мен өмірінің күйіне байланысты екені даусыз.
Бірінші ретте зақымдаушыдан тоқ өтетін сымды ажырату қажет. Бұны құрғақ тақтаймен, ағашпен т.с. алып тасталады немесе сымды өткір қолсабы оқшауланған сайманмен қырқып жіберу қажет. Бәрінен жақсысы, егер мүмкіншілік болса, ажыратқышты немесе сақтандырғышты бірден ажырату. Зақым алған адамға таза ауа ағынын және толық тыныштық қамтамасыз ету керек.
Электр тоғымен зақымданғанда барлық жағдайда дәрігерді ертерек шақырған абзал.Электр тоғымен зақымданғанда адам клиникалық (жалған) өлім жағдайында болуы мүмкін. Бұл жағдай -12 минутқа созылады. Бұл уақытта адам медициналық көмек көрсетумен, қолдан демалдыру немесе жүрекке массаж жасаумен бұрынғы қалпына келеді. Адам өлімін тек қана дәрігерлер айтады, оған дейін дәрігер келгенше көмек көрсете беру керек.
Зиянды газдар мен шаңдардан улану. Қышқылдан және басқа марганец, көміртегі, азот, хлор, фтор т.с.с.байланыстарынан тұратын пісіру шаңымен ауа қатты ластанғанда пісірушінің улануы мүмкін. Әдетте уланудың белгілері: құсу, бас айналуы, бастың ауруы, әлсіздік, демалудың жиілеуі т.б. Улы заттардың адам организмінің әртүрлі жерлерінде тұрақты қалу қабілеттілігі бар және олар ұзақ ауыратын аурулар болдырады. Ауаның ластығымен күресу үшін келесі шараларды орындау қажет.
Осыған орай Қазақстан Республикасының «Еңбекті қорғау» заңының 4-бабы бойынша еңбек қорғау мәселесі, яғни жұмыскер адамның еңбектегі жағдайы өнеркәсіп орнының әрекетінің нәтижесінен міндетті түрде бұрын шешілуі тиіс. Өйткені, еңбек қорғау жұмыскер адамды жұмыс істеп тұрғанда табиғаттың және өндірістің қауіпті және зиянды факторларынан сақтайды. Осының салдарынан жұмыскер адамның жұмысқа деген және қоғамға деген белсенділігін арттырып, еліміздің материалдық, рухани байлығын жоғарылатын процесс. Ешбір өндіріс жабдығы өзінің құрылысындағы еңбектің өнімін арттыратын мүмкіндігін қоғамға бере алмайды, егер оны жұмыста қолданғанда жұмыскер адамға қауіпті, зиянды факторлар туғызатын болса. Осы жоба бойынша пайда болатын қауіпті және зиянды факторлардың пайда болу себебі кен орында қолданылатын жабдықтарға байланысты.
Жұмысқа тұру барысында жұмысшылар медициналық қаралудан өтеді. Содан кейін 10 сағат көлемінде басты техникалық қауіпсіздік ережелері өтіледі. Әдетте, техникалық қауіпсіздік ережесін техникалық қауіпсіздік ережесінің инженері, өрт қауіпсіздігінің нұсқаушысы және кәсіби дәрігер жүргізеді. Қауіпсіздік ережелеріне қосымша мәліметтерін оператор кен орында мастермен , басты оператормен жұмыс істеу барысында алады. Әрбір нұсқау барысында техникалық қауіпсіздік білімі тексеріледі. Өтілген нұсқау белгіленген журналға оператор нұсқаушы белгілейді.
Апат болған жағдайда: апатқа ұшыраған немесе сол апат куәгері міндетті түрде басшылыққа, бас инженерге немесе техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау жөніндегі инженерге хабарлауы тиіс. Апатқа ұшыраған адамға алғашқы медициналық көмек көрсету керек. Өндіріс орнындағы болған оқиғаны арнайы комиссия, қоршаған ортаны қорғау, қауіпсіздік ережесінің инженері қоғамдық инспектор анықтайды.
Еңбек қауіпсіздігін сақтау заңдарына сәйкес: денсаулығына келтірілген зақымдары үшін, еңбек ақы көлемінде компенсация төленіп, емделуіне кеткен барлық қаражатты жұмыс орны қамтамасыз етеді.
