Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Diplom.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.89 Mб
Скачать

7. Бұйымның артық салмағы

Бұйымның барлық көрсеткіштері қанағаттанарлықтай (сыртқы түрі, механикалық қасиеттері және т.б.) бола тұра, шикізатты үнемдеу үшін бұйым салмағын азайту қажет болса, пішінді қысым астында ұстау уақытында материалды қанықтыруға ықпал ететін, құюдың технологиялық көрсеткіштерін реттеумен қол жеткізуге болады.

Бұйым салмағын азайту үшін, егер қысымды жинаумен пішіндеу тәртібі қолданылатын болса, пішіндеу қысымын қысқарту Рф қажет («Қысымды лақтырумен тәртіп» бөлімін қараңыз).

Егер машинада қысымды лақтыратын тәртіп болмаса, құю қысымын азайтады Рл. Қысым астында ұстау уақытын қысқартады, шнек қадамын азайтады Н және материал температурасын Тл 5-7 0С –қа жоғарылатады.

Ескеретін жағдай, аталған көрсеткіштердің әрқайсысы басқасына тәуелсіз бұйым салмағының төмендеуіне алып келеді. Сондықтан салмақты төмендету үшін барлық көрсеткіштердің біруақытта өзгерулері жеткіліксіз құюға алып келуі мүмкін.

Аталған көрсеткіштер бұйым салмағының өзгеруіне ықпалының төмендеу кезектілігі бойынша көрсетілген. Қажетті нәтижеге жету үшін әр технологиялық көрсеткішті жекелей кезектілікте өзгерту қажет. Сонымен қатар бұйым сапасы көрсеткіштерінің қойылатын талаптарға сәйкестіліктерін мұқият бақылау қажет.

8. Бұйым салмағының ауытқулары

Бұйым салмағының ауытқулары – бір ғана пішінде айналымнан айналымға қарай жүзеге асырылатын үстеме салмағындағы айырмашылық.

Салмақ ауытқуларының себебі келесі факторлар болулары мүмкін: машинаны таңдау дұрыс жасалмаған, машина қате реттелген, машинаның жұмысшы түйіндеріндегі түзетілмеулер.

Машина құю көлемі бойынша қате таңдалуы мүмкін. Егер де құйма көлемі үрлеудің белгіленген көлемінен 30%-дан азды құраса, машинада бар шнек қадамдарының нақтылығындағы қателіктер, бұйым салмағының ауытқуына ықпал етулері мүмкін.

Машина пішінді бітеу күші бойынша қате таңдалулары мүмкін. Егер бітеу күші жеткіліксіз болса, түрлі айналымдарда пішін өз көлемін түрліше ұлғайтуы мүмкін. Бұл бұйым салмағының ауытқуының себебі болып табылады.

Дәл осындай әсер, егер де бітеу күші қате реттелген болса – құжаттық сипаттамамен салыстырғанда аз көлемге – туындайды.

Бұйым салмағының ауытқулары құю машинасының гидрожүйесіндегі қысым клапанының бұзылыстары нәтижесінде жүзеге асырылулары мүмкін. Құю қысымы Рл айналымнан айналымға қарай ауытқып отыруы мүмкін және осыған сәйкес бұйым салмағы да ауытқитын болады.

9. Бұйымды нашар шешу

Пішіннен бұйымды нашар шешу пішін қуысының ішкі қабырғаларына материалдың жоғарғы жабысқатығымен байланысты.

Нашар шешу полиамид, және басқа да материалдарды қысым астында қысуда туындауы мүмкін. Бұл деформирленуге, сынықтардың қалыптасуларына, бұйымдардың пішіннен шешу кезінде шытынауларына, сондай-ақ бұйым бүлінулерінің туындауларына әкеледі.

Нашар шешудің себептері келесі факторлар болулары мүмкін: құю пішіні қате құрастырылған, пішінде бұдырлықтардың және ішкі астарлардың болулары, пішін жартыларындағы температура айырмашылықтары.

Жабысқақтықты жою үшін пішінді түзетеді.

Пішіннен бұйымды шешуді жақсартудың тиімді әдісі, негізгі материалға қосылатын, модифицирлеуші қоспаларды пайдалану. Қоспалар полимер мен пішін қуысының ішкі бетінің арасында адгезивті қабат құрады.

Пішіннен бұйымды шешуді жеңілдетуге құюдың технологиялық көрсеткіштерінің өзгерістері ықпал етеді. Құюдың технологиялық көрсеткіштерін, материалдың пішін металлына жабысқақтығын азайту және материалдың пішін беткейіндегі түрлі бұдырларға ағуларын төмендететіндей, түзетеді.

Бұл үшін материал температурасын Тл  және пішін температурасын төмендетеді, құю қысымын Рл  және қысым астында ұстау уақытын tвпд. Төмендетеді. Салқындату уақытын азайтады  tохл.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]