- •*Амбулаторлық-емханалық педиатрия *1*10*
- •*Амбулаторлық-емханалық педиатрия *2*40*
- •*Амбулаторлық-емханалық педиатрия *3*40*
- •*Бала аурулары. Пульмонология *1*19*
- •* Бала аурулары. Пульмонология *2*79*
- •* Бала аурулары. Пульмонология *3*82*
- •Пульмонология визуалды диагностика
- •* Бала аурулары. Кардиология *1*27*
- •* Бала аурулары. Кардиология *2*82*
- •* Бала аурулары. Кардиология *3*80*
- •* Бала аурулары. Кардиология. Визуалды диагностика*1*4*
- •*Бала аурулары. Кардиология. Визуалды диагностика*2*6*
- •*Бала аурулары. Кардиология. Визуалды диагностика*3*4*
- •*Бала аурулары. Ревматология *1*10*
- •*Бала аурулары. Ревматология *2*40*
- •* Бала аурулары. Ревматология *3*40*
- •* Бала аурулары. Ревматология. Визуалды диагностика*2*3*
- •* Бала аурулары. Ревматология. Визуалды диагностика*3*3*
- •* Бала аурулары. Гематология *1*28*
- •* Бала аурулары. Гематология *2*98*
- •* Бала аурулары. Гематология *3*56*
- •*Бала аурулары. Гематология. Визуалды диагностика*3*5*
- •* Балалар неврологиясы*1*20*
- •* Бала неврологиясы *2*80*
- •* Бала неврологиясы *3*80*
- •* Фтизиатрия *1*20*
- •* Фтизиатрия *2*80*
- •* Фтизиатрия *3*80*
- •Аталғанның ішінде диагностика мақсатымен дәрігердің бірінші кезекте тағайындайтын ең лайықты зерттеу әдісі қандай?
- •Фтизиатрия. Визуалды диагностика *1*5*
- •Фтизиатрия. Визуалды диагностика *2*20*
- •Фтизиатрия. Визуалды диагностика *3*20*
- •* Бала хирургиясы *1*37*
- •* Бала хирургиясы *2*90*
- •* Бала хирургиясы *3*54*
- •*Ревматология. Реанимация және қарқынды терапия*2*3*
- •*Гематология. Реанимация және қарқынды терапия*3*5*
- •*Бала хирургиясы. Реанимация және қарқынды терапия *1*5*
- •*Бала хирургиясы. Реанимация және қарқынды терапия *2*20*
- •*Бала хирургиясы. Реанимация және қарқынды терапия *3*20*
* Фтизиатрия *3*80*
#101
*! 17 жастағы жасөспірім В. «Оң жақ өкпенің инфильтративті туберкулезі, ыдырау фазасы, ТМБ(+), қан түкіру, 1 категория» диагнозомен ауруханада емделгеніне 1 ай болды.
Осы жағдайда дәрігердің беретін ең дұрыс шұғыл хабарламасы қандай болады?
* 089е, 030е
* 063е, 058е
*+089е, 058е
* 014е, 030е
* 033е, 016е
#102
*! 10 жастағы бала алғашқы рет оң нәтижелі Манту сынамасы бойынша тексерілген, қақырық бактериоскопиясында ТМБ-ры анықталған. Кешенді түрде тексерілгеннен кейін қойылған диагноз «Сол жақ өкпенің біріншілік туберкулезді кешені (БТК), ыдырау сатысы, ТМБ (оң), 1 категория, жаңа жағдай».
СЭБ мекемесіне фтизиатр қандай шұғыл хабарлама жібереді?
* 089/е және 063/е нұсқа
* 058/е және 016/е нұсқа
* 093/е және 089/е нұсқа
*+089/е және 058/е нұсқа
* 030/е және ТБ-05 нұсқа
#103
*! Балаға 12 ай. Перзентханада БЦЖ екпесі жүргізілді. Тексеру кезінде жергілікті белгі табылмаған. Шағымы және улану белгілері жоқ. Туберкулезбен ауыратын науқаспен қатынас анықталмады.
Бұл жағдайда педиатрдың ЕҢ ықтимал іс-әрекеті қандай?
* Баланы 1 жасқа дейін ай сайын мұқият қадағалау
*+Манту сынамасынан кейін қосымша вакцинация
* Балаға бірден қосымша вакцинация жүргізу
* Баланы фтизиатрға кеңеске жіберу
* Арнайы химиялық алдын алу
#104
*! Балаға 6 ай. Перзентханада туылғаннан кейін 4-ші күні БЦЖ екпесі жүргізілді, бірақ жергілікті белгі түзілмеді. Шағымы және улану белгілері жоқ. Туберкулезбен ауыратын науқаспен қатынас анықталмады.
Бұл жағдайда педиатрдың ЕҢ ықтимал іс-әрекеті қандай?
* Баланы 1 жасқа дейін ай сайын мұқият қадағалау
* Манту сынамасынан кейін қосымша вакцинация
* +Балаға қосымша вакцинация жүргізу
* Баланы фтизиатрға кеңеске жіберу
* Арнайы химиялық алдын алу
#105
*! 5 жастағы бала фтизиатр кеңесіне жіберілді. Тұрмыстық жағдайы нашар отбасынан – әке-шешесі маскүнемдер, жұмыссыз. Туберкулезді қарым-қатынас анықталмаған. Жоспарлы түрде Манту сынамасы қойылды, нәтижесі 15 мм папула, диаскинтестпен – везикуло-некроз 13 мм. BCG екпесі перзентханада, тыртығы 3 мм, 7 жасында ревакцинация алмаған. Туберкулин сынамасының нәтижелері туралы мәлімет жоқ. Баланың даму тарихы картасы табылған жоқ. Туберкулезге тексеріліп ауруы анықталмады.
Аталғанның ішінде дәрігердің ең тийімді нәтижелі іс-әрекеті қандай болады?
* Сауықтыру үшін туберкулез шипажайына бағыттау
* Емханалық жағдайда химиопрофилактиканы тағайындау
*+Химиялық алдын алуды туберкулез шипажайында жүргізу
* Тексерілуге туберкулезге қарсы ауруханаға бағыттау
* 4 айға «0» диспансерлік есеп тобына тіркеуге алу
#106
*!Алматы қаласының Бостандық ауданында №77 пәтерде қақырық жағындысы оң туберкулезбен науқас анықталды. Онымен бірге контактта 2 ересек және 15 жастағы жасөпірім тұрады. Жергілікті фтизиатр туберкулез ошағында көрсетілетін көмек ретін құрастырды.
Аталғанның ішінде қандай іс-шараларды дәрігер терапевт бірінші кезекте жүргізеді?
*+Ем қабылдау үшін науқасты туб.ауруханаға жатқызу
* Ошақтың эпидемиологиялық тексеруін жүргізу
* Эпидемиологпен бірге ошақтың сауығу жоспарын құрастыру
* Барлық қатынаста болғандарды диспансерге тексерілуге жіберу
* Туберкулезі жоқ контакттағыларға химиопрофилактика жүргізу
#107
*! 5 жастағы балаға БЦЖ екпесі перзентханада жасалған – тыртығы 5 мм. Кезекті туберкулин диагностикасында Манту сынамасы алғашқы рет оң нәтиже көрсетті – папула 13 мм. Фтизиатрға консультацияға жіберілді, қосымша тексерілді. Туберкулезді қарым-қатынас анықталмаған. Интоксикация симптомдары жоқ. Гемограмма қалыпты. Рентгенограммада – өкпесі таза. Диаскинтест – папула 11 мм.
Аталғанның ішінде фтизиатрдың тағайындайтын ең лайықты іс-шарасы қандай?
* Қауіпті топта педиатрдың бақылауы
* 1-Б диспансерлік есеп тобына тіркеу
* Шипажайдағы химиопрофилактика
* «0» диспансерлік топқа тіркеу
*+3-Б топта бақылау және химиопрофилактика
#108
*! Бала Ш. перзентханада жапондық БЦЖ вакцинасымен егілген. 2 айдан кейін анасы сол жақ қолтық астында «орман жаңғағы» тәрізді ісікті байқаған. Аймақты дәрігер үйге шақырылды. Баланы қараған кезде жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы қалыпты. Сол жақ қолтық астында ортасы жұмсарған үлкейген лимфа түйіні анықталды. Бұл жерде тері жабындылары айқын қызарған, ауру сезімінсіз. Фтизиатрмен «БЦЖ – лимфаденит» диагнозы қойылды.
Аталғандардың ішінде арнайы емдеу үлгісінің қайсысы ЕҢ дұрыс болады?
* Изониазид, рифампицин, этамбутол 4 ай бойы, хирургтың бақылауы
* Изониазид пен рифампицин 2 ай бойы және жергілікті емді жүргізу
*+Изониазид пен этамбутол 2 ай бойы және жергілікті емді жүргізу
* Изониазид 3 ай бойы және жергілікті емді жүргізу
* Изониазид 4 ай бойы, қосымша хирургтың кеңесі
#109
*! Бала В., 3 жаста, бір жылдан бері қалалық СПИД орталығында дәрігердің есебінде тұрады. Шағымсыз, интоксикация белгілері анықталмады. Фтизиатрға кеңеске жіберілді. Тексерілгеннен кейін туберкулез ауруы анықталмады.
Осы жағдайда фтизиатр тағайындайтын ең лайықты химиопрофилактика үлгісі қандай?
* Тек қана бір рет 3 ай бойы
*+Тек қана бір рет 6 ай бойы
* Екі рет 3 ай бойы көктем және күз мезгілінде
*2 ай бойы екі препаратпен (изониазид, этамбутол)
*Жыл сайын 3 ай бойы изониазид пиридоксинмен бірге
#110
*! Жаңа туылған нәрестеге БЦЖ екпесі перзентханада жасалды. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Әкесі активті туберкулезбен ауырады, спецификалық емді үйде жалғастырып жатыр.
Перзентханадан шығысымен бактерия бөлуші туберкулез науқасымен контактқа түсетін балаларға педиатрдың қолданатын ең лайықты дұрыс іс әрекеті қандай?
* Баланы 5 айға әкесінен оқшаулау
* Баланы әкесінен жеке бөлмеге оқшаулау
* Баланы туберкулез ауруханасына жатқызу
*+Кемінде 2 айға нәрестені әкесінен оқшаулау
* Кемінде 1 жылға нәрестені әкесінен оқшаулау
#111
*! 2 жастағы балаға БЦЖ екпесі перзентханада жасалған – тыртығы 4 мм. Тұрмыстық жағдайы қанағаттанарлық отбасынан. Туберкулезді қарым-қатынас анықталмаған. Бала жағдайы қанағаттанарлық. Шағымсыз, интоксикация белгілері жоқ. Манту сынамасы қойылған – папула 8 мм.
Аталғанның ішінде осы жағдайда дәрігердің ең дұрыс іс-әрекеті қандай болады?
* Иммунологтың қауіп-қатер тобында бақылау
* Фтизиатрдың қауіп-қатер тобында бақылау
* Педиатрдың қауіп-қатер тобында бақылау
*+Аймақты педиатрдың бақылауы
* Аймақты фтизиатрға кеңеске жіберу
#112
*!Алматы қаласының қайсы бір мектебінде 5 сынып оқушыларына Манту сынамасы жоспарлы түрде койылды. Мынадай нәтижелер тіркелді: теріс нәтиже - 500 балада; күмәнді – 300 балада; оң – 600 балада, күрт оң – 100 балада.
Қанша балаға педиатр БЦЖ ревакцинациясын тағайындайды?
* 1000 балаға
* 1500 балаға
* +500 балаға
* 800 балаға
* 100 балағa
#113
*! Астана қаласының қайсы бір мектебінде 1 сынып оқушыларына Манту сынамасы жоспарлы түрде койылды. Мынадай нәтижелер тіркелген: теріс нәтиже - 800 балада; күмәнді – 200 балада; оң – 400 балада, күрт оң – 50 балада. Қанша балаға педиатр БЦЖ ревакцинациясын тағайындайды?
* 1200 балаға
* 1000 балаға
* +800 балаға
* 400 балаға
* 150 балаға
#114
*! Науқаста бронхит симптомдары бар, қақырығында таяқшалар қайталанып анықталған, бірақ өкпенің рентген-томограммасында өзгерістер жоқ.
Аталғанның ішінде осы жағдайда дәрігердің ең дұрыс іс-әрекеті қандай болады?
* Манту сынамасы және 3 мәрте қақырық микроскопиясы
* Бактерия бөлуші науқас ретінде есепке алу, ем тағайындау
* Бірінші диспансерлік топқа тіркеуге алу және бақылау
*+Тексерілуге және емделуге туб.ауруханаға жатқызу
* Химиопрофилактиканы тағайындап жүргізу
#115
*! Жалпы тәжрибедегі дәрігер науқастың 2 қақырық үлгісін зертханаға жіберді. Бірінші сынама теріс нәтиже берді, ал екіншісі – оң нәтижелі.
Аталғанның ішінде дәрігердің келесі ең дұрыс және сенімді іс-әрекеті қандай?
* +Қақырықтың үшінші сынамасын тапсыру қажет
* Өкпенің аумақты шолу рентгенографиясына жіберу
* Қақырықты қайталап жинау, тағы 2 сынама тапсыру
* Антибактериальды ем және қақырықты қайталап тапсыру
* Оң нәтижелі жағындымен туберкулезді науқас деп тіркеу
#116
*!Аль-Фараби атындағы ҚазУУ-нің 300 2 курс студенттерінің флюорографиялық тексерілуі кезінде туберкулезге күдікті 3 адам анықталды. Фтизиатрда қосымша тексерілді, 2 студентте алғашқы рет көп мөлшерде бактерия бөлінуімен өкпенің активті туберкулезі анықталды.
Аталғандардың ішінде науқасқа бірінші кезекте тағайындалатын іс-шарасы қандай?
* Науқастарды шұғыл ауруханаға жатқызу
* Қарым-қатынаста болған студенттерді тексеру
* Студенттерді оңашалау, ауруханаға госпиталдау
*+058-е нұсқасы бойынша шұғыл хабарлама жіберу
* Қарым-қатынастағы студенттердің химиопрофилактикасы
#117
*!Сәтбаев атындағы ҚазУТУ-нің 1000 студенттерінің флюорографиялық тексерілуі кезінде туберкулезге күдікті 5 адам анықталды. Фтизиатрда қосымша тексерілді, 3 студентте алғашқы рет бактерия бөлінуісіз өкпенің активті туберкулезі анықталды.
Аталғандардың ішінде науқасқа бірінші кезекте тағайындалатын іс-шарасы қандай?
* Студенттерді оңашалау және ауруханаға жатқызу
* Науқастарды диспансерде тіркеу, ауруханада емдеу
* Қарым-қатынаста болған студенттерді тексеру
*+Шұғыл хабарлама (089-ф), науқастарды госпиталдау
* Қарым-қатынастағылардың химиопрофилактикасы
#118
*! Бала Р., 11 жаста. Жалпы селқостық, субфебрильді дені қызуы, жиі отит және коньюнктивиттер шағымдарымен тексерілді. Рентген суретінде: оң жақ өкпенің С1 инфильтратты көлеңке түрінде өзгеріс көрінеді. Ол үлкейген трахеобронхиалды лимфа түйіндерімен жол арқылы байланысып жатыр. Диагнозды дәлелдеу үшін қандай зерттеуді дәрігер бірінші кезекте жүргізеді?
* Қақырық микроскопиясы мен көректі ортаға себу
*+Манту сынамасы, қақырық бактериоскопиясы
* Өкпенің компьютерлік томографиясы
* Жалпы қан және зәр сараптамасы
* ИФА мен ПТР диагностикасы
#119
*! Иванова С., 5 жаста. 1 жыл бұрын туберкулин сынағы теріс нәтиже берген. Казіргі кезде папуласы – 9 мм. Тәбеттің төмендегеніне, тез шаршағыштыққа шағымданады. Жалпы қан сараптамасында: эозинофилия, лимфопения, ЭТЖ жылдамдатылған. Фтизиатр кеңесіне жіберілді.
Осы жағдайда қандай тексеру әдістерді дәрігердің қолданғаны дұрыс болады?
* Диаскинтестпен Манту сынамасын қайталау
*+Анамнез жинау, рентген-томографиялық зерттеу
* Біріншілік туберкулезден химиотерапияны бастау
* Компьютерлік томография, ТМБ-на аңқа жағындысы
* Байқау емін жүргізуге жалпы емдеу жүйесіне жіберу
#120
*! Бала Д., 12 жаста. Жалпы селқостық, субфебрильді дені қызуы, жиі отит және кератоконьюнктивиттер шағымдарымен тексерілді. Рентген суретінде: оң жақ өкпенің С1 инфильтратты өзгеріс көрінеді. Ол үлкейген трахеобронхиалды лимфа түйіндерімен жол арқылы байланысып жатыр.
Кеудеішілік туберкулезді диагностикалау үшін қандай қосымша зерттеулерді дәрігер жүргізеді?
* Қанның биохимиялық анализі
* Диаскинтестпен ғана сынама жүргізу
* ТМБ-на қақырық микроскопиясын қайталау
*+G-xpert әдісімен зерттеу, Манту/Диаскинтест, түбірлі томограмма
* Өкпенің ультра дыбысты зерттеуі, бронхоскопия
#121
*! Ер бала Ж., 3 жаста, салмағын жоғалтуда, қозғыш, коньюнктивит, отит, жөтел ұзақ уақыт мазалайды, шеткі лимфа түйіндері ұлғайған. Ентігу жоқ, дене қызуы субфебрилді, өкпенің сол жақ жоғарғы бөлігінде перкуторлы дыбыс тұйық, аускультацияда - әлсіз тыныс. Рентгенде - өкпенің сол жақ жоғары (С1-2) бөлігінде әлсіз, анық емес контурымен инфильтративті көлеңке. Сол жақ өкпе түбірі кеңейген, құрылымсыз, контуры анық емес.
Педиатрдың ең ықтимал жүргізу жолы қандай болады?
*+Диагнозды дәлелдеуге қосымша тексерулер жүргізу
* Туберкулез ауруханасына емделуге жіберу
* Кең спектрлі антибиотиктермен емді бастау
* Бірнеше күн бойы бақылауда қалтыру
* Өмір мен ауру анамнезін дәлелдеу
#122
*! Ер бала Ш., 3 жаста, салмағы азайған, қозғыш, коньюнктивит, отит, жөтел ұзақ уақыт мазалайды, шеткі лимфа түйіндері ұлғайған. Ентігу жоқ, дене қызуы субфебрилді, өкпенің сол жақ жоғарғы бөлігінде перкуторлы дыбыс тұйық, аускультацияда - әлсіз тыныс. Рентгенде - өкпенің сол жақ (С1-2) бөлігінде әлсіз, анық емес контурымен инфильтративті көлеңке. Сол жақ өкпе түбірі кеңейген, құрылымсыз, контуры анық емес.
Диагнозды дәлелдеу үшін қандай зерттеуді бірінші кезекте жүргізесіз?
*+Жалпы қан және зәр анализі, екіншілік флораға қақырықты зерттеу
* Плевральды пункция, өкпенің компьютерлік томографиясы
* Тері астылық Кох сынамасы, полимеразды тізбекті реакция
* Қанның биохимиялық сараптамасы, фибробронхоскопия
* Екіншілік флораға және зооноздарға қанды тексеру
#123
*! Бала С., 3 жаста, салмақ тастаған, қозғыш, коньюнктивит, отит, жөтел ұзақ уақыт мазалайды, шеткі лимфа түйіндері ұлғайған. Ентігу жоқ, дене қызуы субфебрилді, өкпенің сол жақ жоғарғы бөлігінде перкуторлы дыбыс тұйық, аускультацияда - әлсіз тыныс. Рентгенде - өкпенің сол жақ (С1-2) бөлігінде әлсіз, анық емес контурымен инфильтративті көлеңке. Сол жақ өкпе түбірі кеңейген, құрылымсыз, контуры анық емес.
Осы жағдайда мынандай науқасқа қандай ем тағайындар едіңіз?
* Негізгі химиотерапия – этамбутолмен бірге изониазид
*+Кемінде 2 кең спектрлі антибиотикпен емдеу курсын жүргізу
* Антибактериалды терапия қосымша сорғыш препараттармен бірге
* Антибактериалды терапия қосымша иммуномодуляторлармен бірге
* Туберкулез химиотерапиясы қосымша кең спектрлі антибиотиктермен
#124
*! Иванов С., 6 жаста, педиатрдың есебінде қауіп-қатер тобында бақылауда тұр. Манту сынамасы қойылды, күрт оң нәтижені берді – папула өлшемі 18 мм болды. Шағымдары жоқ. Туберкулезбен ауыратын науқаспен қатынас жоққа шығарылды. БЦЖ тыртығы – 4мм. Мойын, бұғана үсті-асты, шынтақ және шап шеткі лимфа түйіндері бұршақ тәріздес көлемде ұлғайған. Рентгенде: сол өкпенің төменгі бөлігінде жаңа, әлсіз, жайылмалы контурымен инфильтратты күнгүрттену, сол жақ түбірі кеңейген, құрылымсыз, контуры анық емес.
Фтизиатр кеңесіне жіберілді.
Аталғандардың ішінде кеуде ішілік туберкулездің диагностикасында ең лайықты зерттеу әдісі қандай?
* жалпы қан және зәр анализі
* екіншілік флораға қақырық
* өкпенің компьютерлік томографиясы
*+түбірлі томограмма және Диаскинтест
*қанның биохимиясы, фибробронхоскопия
#125
*! Қыз бала К., 8 жаста, педиатрдың есебінде қауіп-қатер тобында бақылауда тұр. Манту сынамасы қойылды, күрт оң нәтижені берді – папула өлшемі 18 мм болды. Шағымдары жоқ. Туберкулезбен ауыратын науқаспен қатынас жоққа шығарылды. Мойын, бұғана үсті-асты, шынтақ және шап шеткі лимфа түйіндері бұршақ тәріздес көлемде ұлғайған. Фтизиатр кеңесіне жіберілді.
Қойылған диагноз: Біріншілік туберкулезді комплекс, инфильтрация фазасы, ТМБ (оң) , 1 категория үлгісі бойынша кешенді ем басталды.
Емнің тийімділігін нәтижелілігін бағалау үшін дәрігердің тағайындайтын ең лайықты зерттеу әдісі қандай?
* жалпы қан және зәр анализі , компьютерлік томография
*+бактериоскопия, ТМБна себу, рентгено-томография
*Манту және Диаскинтест сынамалары
* өкпенің УДЗ, фибробронхоскопия
*қанның биохимиясы
#126
*! Ер бала, 9 жаста. Туберкулез ауруханасында қойылған диагнозы: Біріншілік туберкулезді комплекс, ыдырау және себілу фазасы, ТМБ (+). 1 категорияның қарқынды фазасының үлгісі бойынша 3 айлық емнен кейін бактерия бөлінуі тоқтады. Рентгенде: өкпеде бірлі-жарым фиброз және түбірде тығыздалған лимфа бездері. Жалғастыру фазасын 2 аптадан кейін аяқтайды.
Осы жағдайда болған ең ықтимал ем нәтижесі қандай?
* сәтсіз ем
* басқалар
* ем аяқталды
* ауыстырылды
*+туберкулезден жазылды
#127
*!Бала, 5 жаста. Туберкулез ауруханасында қойылған диагнозы: Біріншілік туберкулезді комплекс, инфильтрация фазасы, ТМБ (-). 1 категорияның қарқынды фазасының үлгісі бойынша 3 айлық емнен кейін жалғастыру фазасына ауыстырылды. Рентгенде: түбірде ұсақ кальцинаттар. Жалғастыру фазасын 10 кейін аяқтайды.
Осы жағдайда болған ең ықтимал ем нәтижесі қандай?
* сәтсіз ем
* басқалар
* жазылды
*+ем аяқталды
* ауыстырылды
#128
*!Науқаста кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезіне клиникалық-рентгенологиялық күдік туған жағдай. Туберкулезге шалдыққан науқаспен қарым-қатынаста болғаны анықталды.
Осы жағдайда жалпы тәжрибедегі дәрігердің ең лайықты дұрыс іс-әрекеті қандай болады?
* +Диагнозды анықтау үшін диагностикалық алгоритмді жүргізбей фтизиатрға жолдау
* Қайталап микроскопияға, рентгенографияға, жалпы қан сараптамасына жолдау
* Науқасқа диагностикалық алгоритмді жүргізу, содан кейін фтизиатрға жіберу
* Пневмонияға байланысты кешенді ем жүргізу, содан кейін қайталап тексеру
* КТ және бактериологиялық әдіспен қақырықты зерттеуге жіберу
#129
*! Бала Т., 12 жаста. Жалпы селқостық, терлегіштік, субфебрильді дені қызуы шағымдарымен тексерілді. Рентген суретінде: оң жақ өкпенің С1 инфильтратты көлеңке. Ол үлкейген трахеобронхиалды лимфа түйіндерімен жол арқылы байланысып жатыр.
Аталғандардың ішінде туберкулезді диагностикалау үшін қандай зерттеу ең маңызды болады?
* Бұрынғы Манту сынамаларының нәтижелері
* +Эпид.анамнез (туберкулезді қатынас)
* Баладағы қосарланған аурулар
* БЦЖ вакциналаудың тиімділігі
* Ауру және өмір анамнезі
#130
*! Бала 4 жаста, ағасымен туберкулезді қарым-қатынаста болғаны анықталды, тексеру кезінде жалпы улану симптомдары, параспецификалық реакциялар, микрополиадения байқалды, алғашқы рет туберкулиндік Манту сынамасы оң - 8 мм папула болды.
Қандай қосымша тексерулерді осы балаға дәрігер жүргізген дұрыс болады?
* Өкпенің биопсиясын
* Плевралді пункцияны
* Фибробронхоскопияны
*+Өкпе рентгенографиясын
* Иммунологиялық зерттеулер
#131
* ! Бала В., 3 жаста, салмақ тастаған, қозғыш, коньюнктивит, отит, жөтел ұзақ уақыт мазалайды, шеткі лимфа түйіндері ұлғайған. Ентігуі жоқ, температура субфебрилді, өкпенің сол жақ жоғарғы бөлігінде перкуторлы дыбыс тұйық, аускультативті - әлсіз тыныс. Рентгенде - өкпенің сол жақ (С1-2) бөлігінде әлсіз, анық емес контурымен инфильтративті көлеңке. Сол жақ өкпе түбірі кеңейген, құрылымсыз, контуры анық емес. Манту сынамалары: 1 жаста – 8мм, 2 ж. – теріс, 3 ж. – 15 мм.
Жылдар бойы көрсетілген туберкулин сезімталдығының ең лайықты сипаты қандай?
* Баладаның 1 жасында параллергиялық белгі, 3 жасында туберкулез инфекциясын жұқтырған
* Бала 1 жасында туберкулезді жұқтырған, 3 жасында параллергиялық реакция
* Бала 1 жасында туберкулезді жұқтырған, 3 жасында поствакциналық реакция
*+Баланың 1 жасында поствакциналық реакция, 3 жасында туберкулезді жұқтырған
* Бала 1 жасынан бастап туберкулез инфекциясын жұқтырған
#132
*! Оң нәтижелі Манту сынамасы бойынша 9 жасар қыз балаға профилактикалық тексеруді жүргізгенде оң жақ түбірде ұлғайған лимфа түйіндері анықталды. Түбір кеңейген, анық контурымен, құрылымсыз. 1 категория үлгісі бойынша ем тағайындалды.
Үш айлық емделуден кейін болатын ең ықтимал рентгендік сүреттемесі қандай?
* Түбір кең, контуры анық, шығыңқы шетімен, құрылымсыз
* Түбір кеңейген, контуры анық емес, бағаналы бронх тарылған
* Түбір екі жақты симметриялы түрде ұлғайған, контуры кедір-бұдыр
*+Түбір сәл ғана кеңейген, лимфа түйіндері қатайып, өлшемі кішірейген
* Түбір фиброздалған, лимфа түйіні кальци тұздарының шөгінділерімен
#133
*!4 жастағы бала С. туберкулезді науқаспен қарым-қатынасына байланысты фтизиатрдың бақылауында болған, тағайындалған химиопрепаратты қабылдамаған. Соңғы кездері мезгілмен дене қызуының көтерілуі, ентігу, жиі ұстамалы коклюш тәрізді жөтел мазалайды. Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде өкпе дыбысы қысқарған, сол жерде тыныстың әлсіреуі дем шығаруының қиындауымен естіледі.
Аталғанның ішінде осы жағдайда фтизиатрдың ең дұрыс іс-әрекеті қандай болады?
* Диагнозды дәлелдеу ушін бала ауруханасына жіберу
* Симптоматикалық емді тағайындап біраз уақыт қадағалау
* Диагнозды дәлелдеу ушін туберкулез ауруханасына жіберу
*+Диагнозды дәлелдеу ушін қосымша зерттеулерді тағайындау
* Диагнозды дәлелдеу ушін антибактериалды емді тағайындау
#134
*! 5 жастағы бала Р. туберкулезді науқаспен қарым-қатынасқа байланысты фтизиатрдың бақылауында болған, химиопрофилактика тағайындалған. Соңғы кездері мезгілмен дене қызуының көтерілуі, ентігу, жиі ұстамалы коклюш тәрізді жөтел мазалайды.
Диагнозды дәлелдеу үшін бірінші кезекте тағайындалатын тексеру әдісі қандай?
* Манту сынамасы
* Өкпенің томографиясы
*+Өкпе рентгенографиясы
* ТМБ-на қақырықты тексеру
* Екіншілік флораға қақырық анализі
#135
*! 6 жастағы бала У. туберкулезді науқаспен қарым-қатынасына байланысты фтизиатрдың бақылауында болған, тағайындалған химиопрепаратты қабылдамаған. Соңғы кездері мезгілмен 37 - 37,50 С дейін температура, ентігу, жиі ұстамалы коклюш тәрізді жөтел мазалайды.
Қандай тексерулер аурудың диагностикасында ең дәлелді болады?
* Пирке сынамасы, өкпе рентгеноскопиясы
* ТМБ-на микроскопия және себу әдістері, ИФА, ПТР
* Өкпе рентгенографиясы мен компьютерлік томография
* Жалпы қан мен зәр анализдері, екіншілік флораға қақырық
*+ТМБ-на қақырықты тексеру, рентген-томография, Манту/Диаскинтест
#136
*! 7 жастағы бала Ф. «Туберкулезді жұқтыру» диагнозымен фтизиатрдың бақылауында болған, химиопрофилактикатағайындалған. Соңғы кездері мезгілмен дене қызуының көтерілуі, кеуденің оң жағында ауру сезімі, ентігу, битоналды жөтел мазалайды. Жарты жыл бұрын Манту сынамасы оң нәтиже берді – папула 13 мм.
Диагнозды дәлелдеу үшін бірінші кезекте фтизиатрдың тағайындайтын зерттеу әдістері қандай?
* Жалпы қан мен зәр анализдері
* Өкпенің УДЗ, плевралды пункция
* ТМБ-насебу әдісі , өкпе рентгенографиясы
* Фибробронхоскопия бронх шайынды суын зерттеумен
*+ТМБ-на қақырық, өкпе рентген-томографиясы, диаскинтест
#137
*! Науқас Т.К., 6 жаста. Жедел көмек көлігімен инфекциялық ауруханаға Грипп. Пневмония? диагнозымен жеткізілді, бөлімшеге бірден жатқызды. Рентгендік зерттеуде: екі жақты өкпенің тұтас диссеминацисы анықталды. Шұғыл түрде ТМБ-на қақырық бактериоскопиясы жүргізілді, көп молшерде таяқшалар анықталды.
Осы жағдайда дәрігердің ең ықтимал іс-әрекеті қандай?
Пульмонология бөлімшесіне жатқызу
Туберкулезге диагностика алгоритмын жүргізу
Туберкулезге қарсы күресу диспансеріне жіберу
+Шұғыл түрде фтизиатр кеңесі және ауруханаға жатқызу
Ауруханадан үйге шығарып фтизиатрдың кеңесін ұсыну
#138
*!Науқас А.К., 5 жаста. Жедел көмек көлігімен инфекциялық ауруханаға Грипп. Пневмония? диагнозымен жеткізілді. Анамнезінен: ауырғанына 10 күн болды, солғын, тәбеті нашар, температурасы 37,5 – 380 С дейін көтерілді. Үйде емделген – көп мөлшерде суйықты ішу, қызбаны басатын дәрілер. Жағдайы одан сайын нашарлап, құсу, қатты бас ауруы, жөтеліңкіреу қосылды. Бөлімшеге бірден жатқызылды. Рентгендік зерттеуде: екі жақты өкпенің тұтас диссеминацисы анықталды.
Аталғанның ішінде диагностика мақсатымен дәрігердің тағайындайтын ең лайықты зерттеу әдісі қандай?
Өкпенің компьютерлік томографиясы
*+ТМБ-на бактериоскопия, G-xpert
Жұлын-ми пункциясы
*Фибробронхоскопия
СТҚ зерттеу
#139
*!Бала В., 3 жаста, анасы баласын педиатрға қаралуға әкелді. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр, жоғары температура, ентігу, салмағы төмендеген, сопорозды, өкпенің барлық аймақтарында бірлі- жарым құрғақ сырылдар, әлсіреген тыныс естіледі.
