Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тесты ВОП каз 2017-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
91.78 Кб
Скачать

05_09_Акушерство и гинекология (овп)_қаз

$$$001

Əйелдер кеңесінде жүктілерді жүргізудің қайндай əдісі МЕЙЛІНШЕ қолданылады?

А) Қаралуға келгенде медициналық көмек көрсету

В) Жүкті əйелдерді кезеңді қарау

С) Профилактикалық қараулар

+D) Диспансерлік бақылау

E) Патронаж

$$$002

Əйел, 35 жаста, әйелдер кеңесіне профилактикалық қаралуға келді. Шағымдары жоқ. Жағдайы қанағаттанарлық. Пульсі минутына 72 рет. Артериалды қан қысымы 110/70 ммс.бб. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Айнамен қарауда: қынаптың шырышты қабаты алқызыл. Жатыр мойны каналынан тегіс, дөңгелек пішінді, алқызыл түсті, көлемі 1,5×1,0 сантиметр болатын түзіліс қынаптан жұқа негізінде салбырап тұр. Бөлінділер шырышты, аздаған мөлшерде. Пельвиометрияда: жатыр мойны цилиндрлі. Ернеу жабық. Жатыр көлемі қалыпты, қозғалмалы, ауырсынусыз. Жатыр қосалқылары екі жақтанда анықталмайды. Күмбездері терең, ауырсынусыз.

Төмендегі диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?

+A) Цервикальді каналдың полипі

B) Жатыр мойнының эндометриозы

C) Мойындық жүктілік

D) Мойындық миома

E) Жүрістегі түсік

$$$003

Əйел, 32 жаста. Жыныс жолдарынан аздаған қанды бөлінділермен перзентхананың қабылдау бөліміне келді. Жедел жəрдем дəрігерінің айтуы бойынша босану үйде болған. Нəрестенің салмағы 3500,0, бойы 52 сантиметр. Нəресте туылғаннан 30 минуттан кейін ұрық жолдасы өздігінен туылды. Қабықтары түгел. Плацентарлы тін ақауы 3,0×3,0 сантиметр. Жатыр қатты. Қан жоғалту мөлшері 250 мл. Бірнеше минуттан кейін қан жоғалту көлемі 350мл жетті. Жатыры болбыр.

Төмендегі диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?

+A) Уақытында босану. Ұрық жолдасы ақауы. Қан кету.

B) Босанудан кейінгі ерте кезең. Қан кету

C) Басталған жатыр жыртылуы, Қан кету

D) Атониялық қан кету

E) Диссеминирленген тамыр ішілік қан ұю синдромы

$$$004

Жүкті əйел, жүктілік мерзімі 28 апталық. Аяқтарындағы, алдыңғы құрсақ қабырғасындағы ісінулерді байқады. Бас ауыруға, бас айналуға шығымданбайды, көруі анық. Қарап тексеруде: жағдайы ауыр, артериалды қан қысымы 160/110 жəне 165/100 ммс.бб., пульсі минутына 90 рет, анасарка. Жатыры 28 апталық жүктілікке сəйкес ұлғайған, қозбаған. Ұрықтың қалпы ұзыннан, келуі баспен. Ұрықтың жүрек соғу жиілігі минутына 136 рет, ритміді, анық.

Төмендегі диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?

A) Созылмалы гломерулонефрит

B) Созылмалы пиелонефрит

C) Артериалды гипертензия

+D) Преэклампсия

E) Эклампсия

$$$005

Бірінші жүктілік, 25 жаста, ішіне соққы алғаннан кейінгі іштегі тұрақты ауыру сезіміне, əлсіздікке шағымданады. Терісі бозарған. Артериалды қан қысымы 90/50 ммс.бб. Пульсіминутына 120рет. Акушерлік статус: іш айналымы 84 см, жатыр түбі биіктігі 35 см. Жатыр овальді формада, тығыз, босаңсымайды. Ұрықтың қалпы ұзыннан, жатыр гипертонуста болғандықтан, келуші бөлігі анықталмайды. Ұрықтың жүрек соғуы тұйықталған, минутына 170 рет. Айнамен қарауда: жатыр мойны таза, қанды бөлінділер бар. Пельвиометрияда: жатыр мойны ұзындығы 3,0 см, цервикальді канал бір саусақ өткізеді, келуші бөлігі бас. Қағанақ қабы бүтін. Қанды бөлінділер анықталады.

Төмендегі диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?

+A) Плацентаның мезгілінен бұрын ажырауы

B) Плацентаның бөліктік жатуы

C) Плацентаның толық жатуы

D) Жатыр жыртылу қаупі

E) Басталған жатыр жыртылуы

$$$006

Жүкті əйел, 38 жаста. Жалпы тəжірибелік дəрігерді үйге шақырған.Туыстарының айтуы бойынша 6 күн бұрын бас ауыруына шағымданған. Қарап тексергенде: құрысу, жағдайы ауыр, есі жоқ. Артериалды қан қысымы 180/100 ммс.бб. Жатыры мерзіміне сəйкес үлкейген. Ұрық қалпы ұзыннан, келуі баспен. Ұрықтың жүрек соғуы минутына 150 рет, ритмді, анық. Катетрмен алынған зəр мөлшері 40 мл, түсі бұлыңғыр.

Төмендегі диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?

+A)Эклампсия

B) Преэклампсия

C) Вирусты менингит

D) Жедел бүйрек жеткіліксіздігі

E) Жедел бас ми қанайналым бұзылысы

$$$007

Əйел, 26 жаста, əлсіздікке, қалтырауға, дене температурасының 38,50С дейін көтерілуіне, ішінің төменгі бөлігіндегі қатты ауырсыну сезіміне, жыныс жолдарынан іріңді-қанды бөліністерге шағымданды. Аталған шағымдар медициналық түсіктен кейін 6-шы күні пайда болған, ауырғанына 2 күн болды. Тері жабындылары таза.Артериалды қан қысымы 100/60 ммс.бб. Пульсіминутына 80 рет. Іші жұмсақ, пальпациялауда ауырады. Айнамен қарауда: Қынаптың шырышты қабаты жəне жатыр мойны таза, іріңді бөлінділер бар. Пельвиометрияда: жатыр мойны цилиндрлі, ернеу саусақ ұшын өткізеді. Жатыр қалыпты көлемнен үлкен, жұмсақ консистенциялы, қозғалтқанда ауырсынады. Жатыр қосалқылары екі жақтанда өзгеріссіз.

Төмендегі диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?

A) Кольпит

B) Сальпингит

C) Параметрит

+D) Эндометрит

E) Сальпингоофорит

$$$008

Жүкті əйел, жүктілік мерзімі 8-9 апта. Сілекей ағуына, салмақ жоғалтуына шағымданы. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындылары бозарған. Артериалды қан қысымы 88/60 ммс.бб., тахикардия минутына 90 рет. Диурез азайған.Қанның биохимиялық анализінде креатинин 185 мкмоль/л. Зəрінде ацетон +++.

Қандай тактика жүргізу МЕЙЛІНШЕ тиімді?

A) Жүктілікті үзу

B) Диспансерлік бақылау

C) Жалпы нығайту терапиясы

+D) Дезинтоксикационды терапия

E) Жүктілікті жалғастыру

$$$009

Əйел, 45 жаста, жатырды қосалқыларымен бірге қынапүстілік ампутациялаудан кейін, "құйылулар" мен ыстықтау сезімі тəулігіне 15 реттен көп, терлегіштікке, жүрек қағуына, тітіркенгіштікке, ұйқының бұзылуына, еңбекке қабілетінің төмендеуіне шағымданды. Артериалды қан қысымы 120/70 ммс.бб. Пульсі минутуына 80 рет. Айнамен қарауда: қынаптың шырышты қабаты мен жатыр мойны алқызыл түсті, таза. Бөлінділер шырышты. Пельвиометрияда: жатыр мойны қалдығы өзгеріссіз. Инфильтраттар жоқ.

Қандай зерттеу əдісі МЕЙЛІНШЕ тиімді?

+A) Қандағы ФСГ, ЛГ, эстрадиол

B) Түрік ершігінің рентгенографиясы

C) Кіші жамбас қуысы ағзаларының ультрадыбыстық зерттеуі

D) Кольпоскопия

E) Маммография

$$$010

Əйел, 27 жаста, жыныс жолдарынан көп мөлшерде, сұйық, жағымсыз иісті бөлінділерге, күйдіру сезіміне, қышынуға шағымданып келді. Айнамен қарауда: қынаптың шырышты қабаты, жатыр мойнының түсі қалыпты. Қынаптың бүйір қабырғалары сұр жабындымен көмкерілген, оңай алынады, бөлінділер көп мөлшерде "балық иісті". Пельвиометрияда: жатыр мойны конус пішінді, сыртқы ернеу жабық. Жатыр өлшемі қалыпты, ауырсынусыз. Жатыр қосалқылары екі жақтанда пальпацияланбайды. Қынап жағындысының бактериоскопиясында: көп мөлшерде "кілттік жасушалар" анықталды. Гонококтар, трихомонадалар, саңырауқұлақтар табылмады.

Төмендегі препараттардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ бірінші кезекті қолданылады?

+A) Клион

B) Спринцерлеу

C) Амоксициллин

D) Лактобактерин

E) Бифидумбактерин

$$$011

Əйел, 29 жаста, Етеккірінің 4 апта кешігуін айтты. Жағдайы қанағаттанарлық. Пульс минутына 80 рет. Артериалды қан қысымы 110/70 ммс.бб. Тілі ылғалды. Іші жұмсақ, төменгі аймағында ауырады. Вагинальді: жатыр мойнының сыртқы ернеуі жабық, жатыр денесі біраз ұлғайған, ауырсынусыз, жатырдың оң жағында жұмсақ түзіліс пальпацияланды, ауырсынулы. Сол жақ қосалқылары өзгеріссіз. Күмбездері бос, ауырсынусыз. Бөлінділер шырышты.

Дəрігердің қандай тактикасы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?

A) Дезинтоксикационды терапия

B) Жалпы нығайтушы ем

C) Антибактериалды терапия

D) Гормональді терапия

+E) Оперативті ем

$$$012

Əйел, 32 жаста, Профилактикалық тексерілуге келді. Шағымдары жоқ. Соңғы етеккірі 2 апта бұрын келген. Жағдайы қанағаттанарлық. Пульсі минутына 74 рет. Артериалды қан қысымы 110/70 ммс.бб. Айнамен қарауда: қынаптың шырышты қабаты алқызыл. Жатыр мойнында ақ аймақтар көрінеді. Бөлінділер шырышты. Пельвиометрияда: жатыр мойны цилиндрлі. Ернеу жабық. Жатыр жəне қосалқылары өзгеріссіз. Күмбездері бос. Кольпоскопияда: жатыр мойнының алдыңғы жəне артқы ернінде топталған 0,5×0,5 см үш ағарған аймақ анықталды. Люголь ерітіндісімен өңдегенде йодқа реакциясы теріс.

Дəрігердің қандай тактикасы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?

A) Калий перманганаты ерітіндісімен спринцирлеу

+B) Жатыр мойнының диатермоэксцизиясы

C) Антибактериалды терапия

D) Жатыр мойнының конизациясы

E) Гормоналды терапия

$$$013

Əйел, 30 жаста, ішінің төменгі аймағындағы ауыру сезіміне, жүрек айнуға, құсуға, дене температурасының көтерілуіне шағымданды. 15-16 апталық жүктілік бойынша диспансерлік есепте тұрады. Жағдайы ауыр. Тері жабындылары бозарған. Дене температурасы 37,80С. Артериалды қан қысымы 110/70 ммс.бб. Тілі құрғақ, ақ жабындымен көмкерілген. Іші жүктілік мерзіміне сəйкес ұлғайған. Пальпациялауда оң жақ мықын аймағында ауырсыну анықталады. Щеткина-Блюмберг симптомы «+». OS: Жатыр мойнының шырышты қабаты таза. Қынаптың шырышты қабаты көкшіл. Пельвиометрияда: жатыр мойнының сыртқы ернеуі жабық. Жатыры 15-16 апталық жүктілікке сəйкес ұлғайған, ауырсынусыз. Қосалқылары анықталмайды. Жалпы қан анализінде: лейкоциттер 12х109/л, эритроциттердің тұну жылдамдығы 30 мм/сағ.

Дəрігердің қандай тактикасы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?

A) Дезинтоксикационды терапия

B) Жалпы нығайтушы терапия

C) Антибактериады терапия

D)Сақтаушы терапия

+E) Оперативті ем