Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 нуска толық ответтері.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.47 Mб
Скачать

Жоғарыда!!!

23-билет

  1. Қадырғали Қосымұлы Жалайыридің «Жылнамалар жинағы».

  2. ХІХ ғасырдың бірнші жартысында қазақ даласын зерттеген ғалымдар.

  3. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы жайлы кестені толтырыңыз.

Кеңес өкіметі орнауының ерекшеліктері

Аймақ

Себептері

Бейбіт түрде

Сырдария, Ақмола облыстары мен Бөкей

Ордасы

Большевиктер бастаған күштер

қарулы қарсылық көрсетуге шамасы келмеді.

Қарулы күреспен

Торғай, Орал, Семей, Жетiсу облыстары

Сібір, Орал, Жетісу казактары мен офицерлер, кулактар біріккен контрреволюциялық күштер басым болды.

Жауаптары:

  1. Қадырғали Қосымұлы Жалайыридің «Жылнамалар жинағы».

Жылнамалар жинағы- Қадырғали Жалайырдің (1530-1605 ж.ж.) 1600-1602 жылдары жазған еңбегі. Орта ғасырда өмір сүрген қазақтың ғұлұма ғалымы Қадырғали Жалайыри Сырдария бойын мекендеген жалайыр тайпасынан шыққан.

Қадырғали Жалайыри Қазақ хандағының Орда сарайында хан кеңесшісі және ханзадалардың тәрбиешісі болып қызмет істеген. 1588 жылы қазақ ханзадасы Ораз-Мұхаммед сұлтанмен бірге Ертіс бойында қаршыға салып жүргенде оларды орыс әскелері тұтқындап, Мәскеууге алып кетеді. Жалайыри тұтқында отырып жазған Жылнамалар жинағы атты еңбегін достықтың белгісі ретінде орыс патшасы Борис Годуновка сыйға тартып, оның қамқорлық жасауын өтінген. Еңбек үш бөлімнен тұрады:

1)Борис Годунов билігін бейнелеу.

2)Рашид ад-Диннің «Джами ат-Таварих» атты еңбегінің қысқаша аудармасы.

3)Орыс ханның Оразмұхаммед сұлтанға дейінгі қысқаша аудармасы.

2.Хіх ғасырдың бірнші жартысында қазақ даласын зерттеген ғалымдар.

Қазақстанның тарихы мен географиясын, этнографиясын және мәде-

ниетiн зерттеуде Ресей ғалымдарының сiңiрген еңбегi зор болды.

Ресей зиялы қауымының Қазақстан аумағына саяси себептермен

жер аударылып келген өкiлдерi көптеген ғылыми еңбектер жазып

қалдырды. Олар, әрине, әр түрлi кәсiп пен мамандық иелерi – ақын-

жазушылар, тарихшылар, географтар, әскери қызметкерлер мен дә-

рiгерлер болатын. Сонымен қатар олар қазақ өлкесiн отарлау саяса-

тына ғылыми тұрғыдан негiздеуге де iшiнара қызмет еттi.

Қазақстанды зерттеушiлердiң басым көпшiлiгi Орынборға, Ом-

быға, Ташкентке – Орынбор, Батыс Сiбiр және Түркiстан өлкелерiнiң

әкiмшiлiк орталықтарына шоғырланды.

1830 жылы «Отечественные записки» журналында орыс офицерi

Б.С. Броневскийдің «Орта жүз қырғыз-қайсақтары туралы жазбалар»

атты жұмысы жарияланды. Онда Солтүстiк-Шығыс Қазақстан қазақ-

тарының тарихынан, өмiрi мен тұрмыс-тiршiлiгiнен егжей-тегжейлi

құнды деректер берiлген.

Белгiлi тарихшы А.И. Левшин (1799–1879) «Қырғыз-қазақ неме-

се қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы» деген

үш бөлiмнен тұратын зерттеу еңбегiн жазды. Осы бiрегей әрi iргелi

еңбегi үшiн ол «Қазақ тарихының Геродоты» деген атаққа лайықты

ие болды. Автор өз зерттеуiнде қазақ өлкесiнiң тарихы мен этно-

графиясы және географиясы туралы аса маңызды мәлiметтер

келтiредi.

Торғай облысының мал дәрiгерi А.И. Добросмыслов қыруар мол

дерек көздерi негiзiнде «Торғай облысы. Тарихи очерк» атты үш том-

дық iргелi еңбек жазып қалдырды. Онда Кiшi жүздегi қазақ хандық-

тарының тарихы мен саяси оқиғалар толық сипатталған. Автор ХIХ

ғасырдың 60-жылдарындағы әкiмшiлiк реформалар барысын және

қалай жүргiзiлгенiн толық баяндаған.

Торғай облысының әскери губернаторы Л.Ф. Баллюзек «Кiшi

Қырғыз Ордасындағы орын алған, қазiр де iшiнара орын алып келе

жатқан халықтық әдет-ғұрыптар» деген атпен қазақтардың әдет-ғұ-

рып құқықтарының жинағын құрастырып, басып шығарды. Баллю-

зек Қазақстанда қызмет еткен кезiнде орыс шенеунiктерiне қазақтың

билерi мен сұлтандарынан дәстүрлi әдет-ғұрып құқықтары туралы

материалдар жинастыру жөнiнде тапсырма беретiн. Ол сондағы жи-

налған материалдарды өңдеп, кiтап етiп шығарды.

ХIХ ғасырдың орта кезiнде М.М. Красовский «Сiбiр қырғыздары-

ның аймағы» атты үш томдық еңбек жазды. Онда Қазақстанның cол-

түстiк-шығыс аймағындағы қазақтардың өмiрiнен көптеген егжей-

тегжейлi тарихи-статистикалық, географиялық және этнографиялық

мәлiметтер келтiрiлген.