Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарих гос.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
692.63 Кб
Скачать

Ксро-ның сыртқы саясаты

70-жылдардың соңында КСРО- ның өз өскерлерін Ауғанстанға кіргізуі “қырғи-қабақ” соғыс саясатының жаңадан басталуына әкелді. АҚШ жөне оның одақтастары КСРО-ға қарсы күш көрсету саясатын жалғастыра отырып, “жұлдыздар соғысы” доктринасын қабылдады. Бүл КСРО Үкіметі үшін өте ауыр болды. Кеңес мемлекеті сыртқы саясатта Орталық жөне Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдеріндегі “барқыт” революциясынан қорғанып, кеңестік диктат саясатын жалғастырды. 80-жылдардан бастап КСРО сыртқы саясатта жаңаша ойлау доктринасын жариялады. 1985 жылы КОКП-Ның Орталық комитетінің сөуір пленумында М. С. Горбачев сыртқы саясаттағы жаңа доктринасын белгілеп, американ-кеңес қарым-қатынастарындағы келіссөздерді жаңа бағытқа көшірді. 1985 жылы күзде Женева қаласында М. С. Горбачев пен Р. Рейган кездесті. 2000 жылға дейін ядролық қаруды таратпау жөне қысқарту туралы келісімдерді жалғастыруға келісті. 1985 жылы қазан айында Исландия астанасы Рейкявик қаласында М. С. Горбачев пен Р. Рейган кездесті. Орта қашықтықтағы зымыран- дарды қысқарту туралы келіссөздер жүргізілді. М. С. Горбачевтың сыртқы саясаттағы жаңаша ойлау түжырымдамасын көптеген Батыс Еуропа елдері қолдады. Бейбіт қатар өмір сүру саясатын жалғастыру арқылы КСРО өзінің диктаттық саясатынан бас тарта бастады. 1987 жылы 8 желтоқсанда Вашингтон қаласында М. С. Горбачев пен Р. Рейган үшінші рет кездесті. Олар орта жөне қысқа қашықтықтағы зымырандарды жоюға келісті. 1989—1991 жылдардағы Орталық жөне Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдеріндегі демократиялық револю­ция нөтижесінде бүл елдерде социализмнен капитализмге өту процесі жүрді. 1989 жылы желтоқсанда АҚШ Президенті Дж. Буш (үлкен) жөне КСРО Президенті М. С. Горбачев Мальта аралында кездесті. Екі ел стратегиялық қаруларды 50 %-ға қысқартуға келісті. Химиялық қару-жарақты жоюға келісті. 1989 жылы қарашада Берлин қабырғасы құлатылып, бүл “қырғи-қабақ” соғыс саясатының символына айналды. 1990 жылы 3 қазанда екі Германия мемлекеті біріктірілді. Еуропада Герман Федеративтік Республикасы — біртүтас неміс мемлекеті құрылды. М. С. Горбачев пен Г. Коль екі мемлекетті біріктіруге зор еңбек сіңіріп, тарихта қалды. 1989 жылы 15 ақпанда КСРО Ауғанстаннан Кеңес өскерлерін шығарды. 1990 жылы М. С. Горбачев Нобель сыйлығын алды. 1990—1991 жылдарда КСРО-ның ішкі дамуындағы дағдарыс пен ұлтараздық, жергілікті соғыстар КСРО-ның халықаралық қатынастағы беделін түсірді. Халықаралық қатынаста бір полюстің ықпалы күшейе түсті. 1991 жылы АҚШ-тың Иракқа қарсы “құмдағы дауыл” соғыс жылдарында айтарлықтай қолдау жасай алмай, бейтараптық саясат ұстанды. КСРО үлы державалық саясатынан айырылды. 1991 жылы 28 маусымда Социалистік елдер арасындағы ынтымақ ұйымы, Өзара экономикалық кеңес ұйымы өз жүмысын тоқтатты. 1991 жылы 1 шілдеде Прага қаласында Варшава келісіміне мүше елдер өскери одақтың жұмысын тоқтатқандығы туралы келісімге қол қойды. КСРО-ның құлауынан кейін Төуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) ұйымы құрылып, КСРО-ның мүрагері — Ресей Федерациясының жаңа тарихы басталды

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТӘУЕЛСІЗДІГІ ТУРАЛЫ» ҚР КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢЫ

1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының қабылдануы Қазақстан Тәуелсіздігінің маңызды кезеңі болды. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының қабылдануы Қазақстан халқының тағдырын анықтаушы құжат болды. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заңның қабылданғанынан бастап елдің тәуелсіз даму жолы басталды.  Оның мазмұнында ұлттардың өзін-өзі басқару құқығы, жеке тұлғалардың құқығы мен бостандығына басымдық беру, саяси тұрақтылық, билікті бөлісу, ұлтаралық келісім т.б. іргелі демократиялық қағидалар көрініс тапты.  Шынайы егемендікті жариялау елді сыртқы әлемнің мойындауына мүмкіндік берді. Мемлекеттік егемендік туралы декларация мен «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституцилық заң мемлекет Конституциясының негізі болды. Олар саяси және әлеуметтік-экономикалық салада тиісті реформалар жүргізу үшін құқықтық база болды.  «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы дәуір құжаты болып табылады. Аталған заң 1991 жылдың 16 желтоқсанында Алматы қаласында қабылданды.  «Қазақстан Республикасы — тәуелсіз мемлекет» деп аталатын оның бірінші тарауында былай жазылған: «1-бап. Қазақстан Республикасы — тәуелсіз, демократиялық және құқылық мемлекет. Ол өз территориясында өкімет билігін толық иеленеді, өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес белгілеп, жүргізеді. 2-бап. Қазақстан Республикасы барлық мемлекеттермен өзара қатынасын халықаралық құқық принциптері бойынша құрады. 3-бап. Өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін басқа мемлекеттер тануы үшін Қазақстан Республикасы ашық. 4-бап. Қазақстан Республикасының бүкіл территориясында Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, сондай-ақ ол таныған халықаралық құқық нормалары қолданылады. 5-бап. Қазақстан Республикасының территориясы қазіргі шекараларында біртұтас, бөлінбейтін және қол сұғуға болмайтын территория болып табылады».  «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 7 тараудан тұрады.  Міне, осылай 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi Қазақстан халқының еркiн бiлдiре отырып, Адам құқыларының жалпыға бiрдей Декларациясында, халықаралық құқтың жалпы жұрт таныған өзге де нормаларында баянды етілген жеке адамның құқылары мен бостандықтарының үстемдігін мойындай отырып, қазақ ұлтының өзiн-өзi билеу құқын растай отырып, азаматтық қоғам және құқылық мемлекет құруға бел байлағандығын басшылыққа ала отырып, бейбітшiлiк сүйгiш сыртқы саясат жүргiзе отырып, ядролық қаруды таратпау принципi мен қарусыздану процесіне адалдығын мәлiмдей отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсiздiгiн салтанатты түрде жариялады.