Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АЗА по алфабиту.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
86.94 Кб
Скачать

6.Азаматтық істердің ведомстволығы мен соттылығы. Ведомстволықтың ұғымы. Ведомстволықтың түрлері.

Азаматтық істердің соттарға ведомстволығы.

1. Егер осы Кодекске жəне басқа да заңдарға сəйкес бұзылған немесе даулы құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді қорғау өзгеше тəртіппен жүзеге асырылмаса, соттар оларды қорғау туралы істерді азаматтық сот ісін жүргізу тəртібімен қарайды жəне шешеді.

2. Азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, қаржы, шаруашылық, жер қатынастарынан жəне басқа да құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша талап қою ісін жүргізудің азаматтық істері соттардың ведомстволығына жатады.

3. Санаттары осы Кодексте көзделген, мемлекеттік басқару саласындағы жария-құқықтық қатынастардан туындайтын ерекше талап қою ісі жүргізілетін істер соттардың ведомстволығына жатады.

4. Санаттары осы Кодексте көзделген ерекше жүргізілетін істер соттардың ведомстволығына жатады.

5. Егер заңда, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда немесе тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік ұйымдар қатысатын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар қатысатын істер соттардың ведомстволығына жатады.

6. Шетелдік соттардың шешімдерін, сот бұйрықтарын жəне төрелік шешімдерді тану жəне орындау туралы істер соттардың ведомстволығына жатады.

7. Төрелік шешімдердің күшін жою туралы жəне осындай шешімдерді мəжбүрлеп орындауға жіберу туралы істер соттардың ведомстволығына жатады.

8. Азаматтық істердің басқа санаттары да заңға сəйкес соттардың ведомстволығына жатқызылуы мүмкін.

7. Азаматтық істерді бірінші сатыдағы сотта қарау. Бірінші сатыдағы соттың актілері.

Азаматтық істі қарау мерзімі оның іс жүзіндегі күрделілігіне және іске қатысатын адамдардың мүдделеріне сәйкес келуге тиіс.

2. Сот істі сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап екi айға дейiнгi мерзiмде азаматтық iстерді қарайды және шешедi.

Жұмысқа қайтадан алу, әке болуды анықтау және алименттерді өндiріп алу туралы азаматтық істерді, сондай-ақ ерекше талап қою және ерекше іс жүргізу істерін сот істі сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап бір айға дейiнгi мерзiмде қарайды және шешедi. Ереуілдерді заңсыз деп тану туралы істер талап қою арызы сотқа түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады және шешіледі. Уәкілетті органның мемлекеттік сатып алуды өткізуді тексерудің қорытындылары бойынша шешімдерін, қорытындыларын, нұсқамаларын даулау туралы істер істі сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады және шешіледі.

Сот актісі бұл құқықтық қолдану актісі. Мұнда құқық туралы дау немесе өзге даулы мәселені шешу үшін іс жүргізуде сотпен материалдың және процессуалдың құқық нормаларын қолданғанның аяқталғаны және қорытындысы көрінеді. ҚР АІЖКі бойынша іс жүргізу құжаттары ретінде бірінші сатыдағы сот қабылдайтын актілердің төрт түрі бар: 1) сот қаулысы;2) сот шешімі;3) сот ұйғарымы; 4) сот бұйрығы.

31 Билет: Аппеляциялық сатыдағы сотта істі қарау ж/е істі қараудың маңызы мен мәні:

53-тарау. АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ ШАҒЫМ, НАРАЗЫЛЫҚ БОЙЫНША ІСТЕРДІ ҚАРАУ

412-бап. Апелляциялық қараудың нысанасы

      Апелляциялық шағым, наразылық бойынша апелляциялық сатыдағы сот істе бар және осы Кодекстің 413-бабының екінші бөлігінің талаптарына сәйкес ұсынылған материалдар бойынша істің нақты мән-жайларының анықталуының, материалдық құқық нормаларының қолданылуы мен түсіндірілуінің дұрыстығын, сондай-ақ істі қарау мен шешу кезінде азаматтық процестік заң нормаларының сақталуын тексереді.

413-бап. Апелляциялық қараудың шектерi

      1. Сот істi апелляциялық тәртiппен қарау кезiнде бiрiншi сатыдағы сот шешiмiнiң заңдылығы мен негiздiлiгiн толық көлемде тексередi.

      2. Апелляциялық сатыдағы сот істе бар, сондай-ақ осы Кодекстің 404-бабының екінші бөлігіне сәйкес ұсынылған дәлелдемелерге мәлімделген талап қою шегінде баға береді.

      Егер апелляциялық сатыдағы сот жаңа дәлелдемелердің бірінші сатыдағы сотқа ұсынылуы дәлелді себептермен мүмкін болмағанын таныса, оның ішінде егер адам бірінші сатыдағы сотта іске қатысуға тартылмаса, сондай-ақ егер бірінші сатыдағы сотта дәлелдемелерді зерттеу және (немесе) талап етіп алу туралы өтінішхат мәлімделсе, бірақ ол қанағаттандырусыз қалдырылса, сот жаңа дәлелдемелерді қабылдайды.

      Апелляциялық сатыдағы сотқа дәлелдемелерді ұсынатын тұлғалар олардың қандай жолмен алынғанын және оларды ұсыну қажеттілігі қандай мән-жайларға байланысты туындағанын көрсетуге міндетті.

      3. Бірнеше талап қою талаптарын біріктіру және бөлу, талап қою талаптарының мөлшерін өзгерту, талап қою нысанасы мен негізін өзгерту, тиісті емес жауапкерді ауыстыру, қарсы талап қою туралы қағидалар апелляциялық сатыдағы сотта қолданылмайды.

      Егер осы Кодекстің 427-бабы төртінші бөлігінің 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша шешімнің күші жойылса және үшінші тұлғалардың қатысуынсыз істі мәні бойынша қарау мүмкін емес деп танылса, апелляциялық сатыдағы сот өз алдына бөлек талаптарды мәлімдемеген үшінші тұлғаларды іске қатысуға тарта алады.