Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Базовая СЛР каз. яз..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
33.68 Кб
Скачать

6. Клиникалық дағдыны орындау алгоритмінің сипаттамасы

1. Клиникалық өлім белгілерін анықтау: есінің болмауы (дыбысқа реакцияның болмауы, қозғалмауы), өздігінен тыныс алудың болмауы (кеуде клеткасының экскурсиясы жоқ), жүрек қызметінің болмауы (ұйқы артериясында пульсациясының жоқтығы) (осының барлығы 10 секундтан аспау керек).

Н ПРО БҚММУ 703-11-15. Оқытушының жетекшілігімен білім алушыларға өткізілетін өзіндік жұмыс үшін әдістемелікнұсқамалар. Төртінші басылым.

Ф ПРО ЗКГМУ 703-11-15. Методические рекомендации для проведениясамостоятельной работы обучающихся под руководствомпреподавателя. Издание четвертое.

2. Зардап шегуші арқасымен тегіс, қатты беткейге жатқызылады, кеуде клеткасы киімінен босатылады.

3. Кеуде ұшын сипап тауып алып және қолды семсер тәрізді өсіндіден 2 саусақ жоғары орналастырады. Бір алақанның негізін төстің үстіне

қоямыз, екінші қолды оның үстіне қоямыз. Иық және төстің арасындағы бұрыш - 90 градус болу керек. Қол шынтақ буынынан толығымен жазылған болу керек. Басқан кезде қолдың күшін ғана емес, дененің массасын және арқаның бұлшық еттерін қолдану керек. Кеуде клеткасының серпімділігін анықтау мақсатында, алғашқы басқан кезде жайлап басу керек.

4. Кеуде клеткасының компрессиясы – 1 минутта 100-120, қатынасы «қысу-дем беру» - 30:2, кеуде клеткасының компрессиясының тереңдігі – 5 см. Кеуде клеткасының компрессиясының уақыты 1 секундтан аспайды. Жүректің жабық массажын жасау кезінде алақанды зардап шегушінің кеуде клеткасынан ажыратпау керек.

5. Ауыз-жұтқыншақ санациясы - саусақпен ауыз-жұтқыншақты ұйыған қаннан, құсықтан, бөгде денелерден, қақырықтан, сілекейден және т.б. тазартылады. Өкпенің жасанды желдетуін дұрыс жүргізу үшін Сафардың үштік әдісі қолданылады: зардап шегушінің басын артқа шалқайтады, төменгі жақты алға және жоғарға қозғалтады, және аузын ашады. Жел үрлеу зардап шегушінің мұрны (ауызы) қысылған күйде жүргізіледі.

6. Әр жел үрлеу 1-2 секунд ішінде кеуде клеткасының экскурсиясын бақылап отырып жүргізіледі. Жаңа туылған балаларда тыныс алу көлемі ауыз қуысы көлеміне сәйкес келеді, жас балаларда жасына сәйкес келеді.

7. Жасөспірімдерде жүрек массажын бір қолдың білезігімен минутына 100 жиілікпен, төстіктің ығысу тереңдігі 4-5 см-де жасалады. Нәрестелерде және 1 жасқа дейінгі сәбилерде – 2-3 саусақтардың ұштарымен төстіктің ортаңғы үштік бөлігіне минутына 100 жиілікте, төстіктің ығысу тереңдігі 4 см-де жасалады.

8. Жүрек-өкпе реанимациясының тиімділігін ұйқы артериясында пульстің пайда болуына және кеуде клеткасының экскурсиясына қарап бағалайды.

Н ПРО БҚММУ 703-11-15. Оқытушының жетекшілігімен білім алушыларға өткізілетін өзіндік жұмыс үшін әдістемелікнұсқамалар. Төртінші басылым.

Ф ПРО ЗКГМУ 703-11-15. Методические рекомендации для проведениясамостоятельной работы обучающихся под руководствомпреподавателя. Издание четвертое.

Практикалық дағдыны бағалау

Дағдыны орындау хронологиялық реттілікке сай құрылған тізбектелген бағалау критерийі түрінде болады. Әр бағалау критериі растау немесе жоққа шығару үшін бекітілген түрде болуы керек. Процедураны орындау барысында оқытушы студенттің қимылын бақылап, жинаған балын максималды балға дейін бағалайды.

Қорытынды баға (пайызбен) жинаған балының максималды балға қатынасы бойынша анықталады. Қадам критерийлері қоса беріледі.