- •*Пульмонология*1*8*1*
- •*Кардиология*1*10*1*
- •*Гастроэнтерология*1*11*1*
- •*Гематология*1*4*1*
- •*Ревматология*1*12*1*
- •*Пульмонология*2*33*1*
- •*Кардиология*2*39*1*
- •*Гастроэнтерология*2*37*1*
- •12 Елі ішектің ойық жарасы
- •*Гематология*2*10*1*
- •*Нефрология*2*9*1*
- •*Ревматология*2*16*1*
- •*Эндокринология*2*10*1*
- •*Жұқпалы аурулар*2*17*2*
- •*Пульмонология*3*17*1*
- •*Кардиология*3*29*1*
- •*Гастроэнтерология*3*12*1*
- •*Гематология*3*7*1*
- •*Нефрология*3*7*1*
- •*Ревматология*3*8*1*
- •*Эндокринология*3*9*1*
- •*Жұқпалы аурулар*3*20*2*
- •*Фтизиатрия*3*12*1*
*Пульмонология*3*17*1*
#1
*!20 жасар студент қызда тамағы жыбырлауы, құрғақ жөтел, бас ауыру, қалтырау пайда болды. Қарап тексеруде мұрын қанаттарында герпестік бөртпелер. Аускультативті өкпеде қатаң тыныс, сол жақ төмеңгі бөлімінде майда көпіршікті сырылдар. Науқасты емдеуде ең тиімді препараттар комбинациясын таңдаңыз:
* Ацикловир Гентамицин
* Осельтамавир Рифампицин
* Рибавирин Метронидазол
* Рибавирин Офлоксацин
* +Осельтамивир Азитромицин
#2
*!26 жасар әйелде ауру жұтыну кезінде тамағының ауыруы, бас ауруы, дене қызуының 37,5 °С дейін жоғарылауынан басталды. Бірнеше күннен кейін емханаға барды және пневмонияға күдікпен 3 күн бойы амоксициллинмен 500 мг 2 реткүніне ем алды–әсері болмады. Дене қызуы 38-39 °С дейін жоғарылады, аз қақырықты жөтел, ентігу. Рентгенограммада оң өкпе ортаңғы және сол өкпенің төмеңгі бөлігінде гомогенді емес қараюлар анықталды. Ары қарай қандай ем тактикасы барынша тиімді?
* амоксициллин мөлшерін жоғарылату
*+ амоксициллинді ровамицинге ауыстыру
* амоксициллинді цефатаксимге ауыстыру
* амоксициллинді левофлоксацинге ауыстыру
* емге метронидазол қосу
#3
*!25 жасар әйел аз қықырықты жөтел, шаршағыштық, дене қызуының кешке қарай 39°С дейін жоғарылауына шағымданады. Суықтаудан соң ауырған. Перкуторлы- жауырынның төмеңгі бұрышынан солға қарай перкуторлы дыбыстың тұйықталуы, аускультативті сол жерде майда көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Берілген науқастың рентгенограммасында қандай өзгерістер күтесіз?
* өкпе суретінің күшеюі, сол жақтан көбірек
* өкпе түбірінің кеңеюі
* өкпе тіні жоғарылауы
* +инфильтративті өзгерістер
* өкпе суреті кедейленуі
#4
*!25 жасар еркек «Оң өкпенің төмеңгі бөлімінің ауруханадан тыс пневмониясы» деген диагнозбен амбулаторлы ем қабылдады. 7 күні шағымдары жоқ, жағдайы қанағаттанарлық, аускультацияда везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Науқастың ары қарай емінде қандай тактиканы қолданылған дұрыс?
* антибактериалды емді 10 күнге дейін жалғастыру
* антибактериалды емді дәрі күйінде жалғастыру
* антибиотиктерді сол мөлшерде және саңырауқұлаққа қарсы дәрілермен бірге
* +антибиотиктерді тоқтату, дәрумендер тағайындау
* антибиотиктер мөлшерін азайту
#5
*!65 жасар ер адам 3 жыл бұрын миокард инфарктын өткізген. Үдеп бара жатырған ентігуге шағымданады. Тексерілген кезде: ЭТЖ – 65 мм/сағ. Рентгенологиялық плевралды сұйықтық анықталды. Пункцияда 500 мл сұйықтық алынды. 2 күннен соң қайтадан сұйықтық жиналды. Диагнозды нақтылауда қандай зерттеу барынша ақпаратты?
* компьютерлі томография
* трансбронхиалды пункция
* онкомаркерлерге зерттеу
* магнитті-резонансты томография
* +экссудатты цитологиялық зерттеу
#6
*!33 жастағы әйел ессіз күйде қабылдау бөліміне жеткізілді. Анасының айтуы бойынша ЖРВИ өткізген, аурудың 4ші күні жағдайы кенет нашарлаған. АҚ 60/40 мм сын.бағ. ЖСЖ 112 рет мин. Кеуде торы рентгенограммасында екіжақты полисегментарлы пневмония белгілері. Бірінші кезекте қандай көмек көрсету керек?
* +Допамин
* Цефалоспориндер
* Глюкокортикостероидтар көк тамырға
* Жүрек гликозидтері
* Ылғалды оттегі
#7
*!56 жасар ер адам «ауызы тола» жасыл қақырықты жөтелге шағымданады. Науқас сөзінен қатты суықтаудан кейін дене қызуы 39,5С дейін жоғарылады, қалтырау, ентігу, жалпы әлсіздік мазалайды. Парацетамол ішкен, дәрігерге қаралмаған. Бүгін таңертент кезекті жөтел ұстамасынан кейін 100 мл көлемінде қақарық түсті, содан кейін жалпы жағдайы жақсарды, дене қызуы түсті. Қандай зерттеу түрі барынша тиімді?
* Пикфлоуметрия
* Спирография
* плевралды кеңістік УДЗ
* +кеуде торы мүшерелерінің КТ
* Бронхография
#8
*!Ер адам 36 жаста., соңғы кезде жаз маусымында түшкіру, мұрнынан су ағу, көзінің қышуымен қызаруын байқады. Осы жыл маусым айында қаладан сыртта түнгі кездегі тұншығу ұстамасымен ұстамалы түрде жөтел мазалады. Науқасқа бірінші кезеңде қандай препарат қажет?
* Ингаляциялық глюкокортикостероиттар
*+ Ингаляциялық бета 2-агонисттер
* Кромондар
* Антибиотиктер
* Қабынуға қарсы препараттар
#9
*!Ер адам 46 жаста, жыл сайын жаз айында түшкіру, мұрнынан су ағу, көзінің қышуымен қызаруы мазалады. Осы жыл маусым айында түнгі кездегі тұншығу ұстамасымен ұстамалы түрдегі жөтел мазалап ем алды. Науқасқа профилактикалық ем тағайындаңыз?
* +Аллерген спецификалақем
* Микротолқынды резонансты ем
* Магнитті-лазерлі терапия
* Тұзды шахта
* Ультратолқынды ем
#10
*! 55 жастағы ер адам пульмология бөліміне ұстамалы түрдегі тұншығуға, тыныс алуының қыйындауына, экспираторлы ентігіге шағымданып келді. Құрылыста прораб болып жұмыс істейді. Іқ жылдан бері күніне 20тал темекі таратды. Ем барысының 10шы күні науқас тілінде күйдіру сезіміне, ауырсынуына шағымдалды. Тексеріп қарағанда:науқастың тілінде, ұртының ішкі қабатында, жұмсақ таңдайында ақ түстегі жабындылар. Науқасты көрсетілген препараттардың қайсысы осындай жағымсыз жағдайға әкелді?
* Аминофиллин
* Дексаметазон
* Амброксол
* Фенотерол ипратропия бромид
* +Ингаляциялық будесонид
#11
*!15 жастағы жас өспірім ауыр жағдайда ауруханағатұншығу ұстамасы, ауа жетпеу сезіміне, экспираторлы ентігіге шағымданып түсті. Анамнезінде: маусымды поллиноз. Қарап тексергенде есі дұрыс, екі қолын кроватқа тіреп отрған қалпында. Тері жамылғысы ылғалды, диффузды түрде цианоз. Өкпесінде әлсіз тыныс . Пульі 125 рет минутына, ритмі дұрыс. Науқасқа жедел көмек беру үшін ең тиімді болған препаратты таңдаңыз?
* Эуфиллин 10-20,0ден т\і ұстамасы басылғанша
*+ Преднизолон 60-125мг т\і тамшылатып ұстамасы басылғанша
* Антилейкотриен препараты (монтелукаст)
* М–холиноблокаторлар (ипратропия бромид)
* қысқа әсер етуші B2-адреномиметиктер
#12
*!64 жастағы ер адам суықтаудан кейін пайда болған дене температурасының көтерілуіне, шырыш аралас іріңді қақырықпен жөтелге, ентігуге, тершеңдікке, әлсіздікке шағымданды. 20 жылдан бері сварщик болып жұмыс істейді. 45 жылдан бері тәулігіне 25 дана темекі тартады. Рентгенографияда- оң өкпенің төменгі бөлігінде инфильтрациялық көрініс. Рентгенологически выявлена инфильтрация легочной ткани справа в нижней доле. Цефазолин, линкомицинмен ем барысында қақырық анализінде – пневмокок анықталды. Сіздің ары қарай емдеу тактикаңыз:
* тетрациклин, метронидазол, ацетилцистеин
* амоксиклав, гентамицин, бромгексин
* цефазолин, преднизолон, бромгексин
* пенициллин, амброксол, сальбутамол
* ++кларитромицин, амброксол, ипратропиума бромид
#13
*!65 жастағы ер адам соңғы кездегі көп мөлшердегі қақырық пен жөтелге, аздап жүкетме кездегі ентігугі, оң қабырға астындағы ауырлық сезімі мазалады. Анамнезінде: 20 жол бойы созылмалы бронхит, 40 жыл бойы темекі тартады. Қарап тексергенде: әлсіз акроцианоз, мойын көк тамырлары шығынқы, эпигастрии аймағында пульсация, гепатомегалия. Аускультацияда өкпе артериясында II тон акценті.
Науқаста ЭКГ тексеруіндегі ең ықтымалды өзгерістерді анықтаң?
* ++V1де комплекс QRS тің rSRтипте және RV1,2 ,SV5,6 де терең.ЭОС оңға ығысыуы
* III, AVF, V1, V2шықпадаSTсегментінің изолиниядан жоғарылауы;
* I, AVL, V5, V6шықпаларында ST сегментінің депрессиясы. ЭОСоңға жылжуы;
* V2шықпада STсегментінің жоғарылауы, I, AVL, V2шықпадаТ тісшесі теріс. ЭОС солға жылжуы.
* биікR-V4,5де, т.III,V1,2 де Sтерең, I,II,aVL,V4,6да Т төмендеуі, ЭОС солға жылжуы
#14
*!45 жастағы ер адам жүрек қағуға, устамалы түрдегі жөтелмен қыйын бөлінетін қақырыққа, арлас түрдегі ентігуге шағымданды. Темкіге өш. Қарап тексергенде әлсіз акроцианоз. Аускультацияда өкпеартериясында II тонның жайылуы. АҚ150/90 мм сын.бағ. ЖСЖ мминутына 96 рет. НауқастыңАҚ қалпына келтіру мақсатында берілетін ең тиімді препаратты таңдаңыз?
* Диуретиктер
* Ингибитор АПФ
* β2-адреноблокаторлар
* Жүрек гликозиттері
* ++Кальций канал антагонисттері
#15
*!52 жастағы ер адам тыныштық кездегі ентігуге, қыйын болінетін қақырықпен жөтелге, шағымданды. Айтуынша науқасты 10 жыл бойы таңертенгі қақырықпен жөтел мазалап келеді.30 жыл бойы темекі тартады. Тексергенде кеуде торы бөшке тәрізді. Перкуссияда қорапты дыбыс, аускультацияда әлсіз тыныспен жайылған ысқырықты сырылдар. Тыныш шығару ұзарған. Спирометриялық зерттеуде ең ықтымалды болған өзгерісті анықтаңыз?
*+ бронх өткізгішінің обструктивті өзгерісі
* бронх өткізгішінің рестриктивті өзгерісі
* бронх өткізгішінің аралас түрдегі өзгерісі
* дисталды бронхтардың спазмы
* проксималды бронхтардың спазмы
#16
*!Науқас 45 жаста, шахтер, жедел жәрдем көлігімен ентігуге, аздаған физикалық жүктемеден кейінгі үдейтін ентігуге шағымдануымен жеткізілді. Науқастың айтуынша 2 сағат алдын жұмыс орнында ауыр жүк көтергеннен кейін сол жақ кеуде қуыында ауру сезімімен ауа жетпеу сезімі пайда болады. Перкуссияда сол жақ кеуде куысының барлық аймағында тимпаник дыбыс. Аускультацияда сол жақта тыныс естілмейді. Пульс 120 рет минутына. Берілген жағдайда науқастың диагнозында қандай зерттеу дұрыс мәлимет береді?
* Кеуде қуысының рентгенограммасы
* Электрокардиограмма
* Бронхография
* ЭхоКГ
* Спирография
#17
*!Науқас 45 жаста., шахтер, жедел жәрдем көлігімен ентігуге, аздаған физикалық жүктемеден кейінгі үдейтін ентігуге шағымдануымен жеткізілді. Науқастың айтуынша 2 сағат алдын жұмыс орнында ауыр жүк көтергеннен кейін сол жақ кеуде қуыында ауру сезімімен ауа жетпеу сезімі пайда болады. Перкуссияда сол жақ кеуде куысының барлық аймағында тимпаник дыбыс. Аускультацияда сол жақта тыныс естілмейді. Рентгенограммада- жүректің оң жақ кеуде қуысына қарай ығысуы. Пульс 120 рет минутына. Берілген жағдайда Сіздің емдеу тактикаңыз?
* +Торакал хирургтің кеңесіне жүгіну (дренажды пункция үшін)
* Аминофиллинді т\і енгізу
* Көп дозада преднизолон тағайындау
* Оттегі беру
* Сальбутамол
