- •1. Философияның пәнін және объектісін түсіндіріңіз.
- •2. Дүниеге көзқарас ұғымының мәнін және түрлерін ашыңыз.
- •3. Ортағасыр христиан философиясының негізгі кезеңдері мен ұстанымдарын сыпаттаныз.
- •4. Ежелгі Үнді философиясын сыпаттап жазыңыз.
- •5. Буддизм ілімі туралы түсінікті тұжырымдаңыз.
- •8. Қайта өрлеу философиясын сыпаттап жазыңыз.
- •9. Жаңа заман философия өкілдері көзқарастарын тұжырымдаңыз(ф. Бэкон, р. Декарт)
- •10. Француз Ағартушыларының философиялық көзқарастарын тұжырымдаңыз.
- •11. Болмыс, материя, қозғалыс, кеңістік, уақыт ұғымдарын салыстырыңыз.
- •12. Ақиқаттың қазіргі қоғамдағы ролін анықтаңыз.
- •13. Танымның шындықты бейнелеу процесі ретінде қарастырыңыз.
- •14. Табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынасты сыпаттап жазыңыз.
- •15. Сананың құрылымын және қоғамдағы орнын сыпаттап жазыңыз.
- •16. Қытай философиясындағы мектептерді салыстырыңыз.
- •17. Конфуций ілімінің мәнін тұжырымдаңыз.
- •18. Сократқа дейінгі антика дәурінің философиясын сыпаттап жазыңыз.
- •19. Таным процесінің(сезімдік және рационалдық) денгейлері мен формаларын салыстырыңыз.
- •20. Платонның философиясын түсіндірініз.
- •21. Ағартушылар философиясының ерекшеліктерін анықтап ашыңыз.
- •22. Р.Декарттың рационализмін түсіндіріңіз.
- •23. Фейербах философиясын түсіндіріңіз.
- •24. Ежелгі қазақ халқының дүниетанымын сыпаттап жазыңыз.
- •25. Абай және қазақ халқының рухани дамуын сыпаттап жазыңыз.
- •27. Диалектиканың негізгі категориялары мен заңдарына мысал келтіріңіз.
- •28. Қоғам дамушы жүйе ретінде анықтап ашыңыз.
- •29. Мәдениет және оның құрылымын сыпаттап жазыңыз.
- •30. Прогресс тұралы ұғым. Қоғамдық прогресстың өлшемдерін сыпаттаңыз.
- •31. Хх ғ. Қазақ ойшылдарының негізгі ой-пікірлерін салыстырыңыз (тандау бойынша)
- •32. Аристотель концепцияларын тұжырымдаңыз.
- •35. Қ.А. Ясауи көзқарасынің тұжырымдаңыз.
- •36. И.Канттың философиясын сыпаттап беріңіз.
- •37. Гегельдің диалектикалық идеализм мәнін ашыңыз.
- •38. Жүсіп Баласағун және оның ,,Құтты білік” дастанын сыпаттап жазыңыз.
- •39. Аврелий Августинның сенім мен сана гармониясы туралы ілімінің мәнін ашыңыз.
- •40. Шәкәрім шығармашылығындағы Алла мен адам болмысы, жан мен тән арақатынасын ашыңыз.
- •41. Экзистенциализм бағытындағы адам мәселесын анықтаңыз.
- •42. Прагматизм бағытындағы негізгі ойларды сыпаттап жазыңыз.
- •43. Бейсаналық түрлерінің өмірдегі мәнін ашыңыз.
- •44. Ғылыми танымның әдіс-тәсілдері мен түрлерін сыпаттап жазыңыз.
- •45. Болашақ және ғылым. Ғылыми болжау, оның әдістерінің айырмашылығын түсіндіріңіз.
29. Мәдениет және оның құрылымын сыпаттап жазыңыз.
Мәдениет әлемі өте күрделі және алуан түрлі. Сондықтан оны философия, тарих, өнертану, этнография, мәдениеттану, әлеуметтану зерттейді, бірақ олардың әрқайсысы бұл құбылысты қарастырғанда өзінің ерекше пәнін тауып зерттейді. Ең алдымен әлеуметтануды қоғамның әмір сүруі мен дамуындағы мәдениеттің рөлі қызықтырады. Мәдениет социумде болып жатқан барлық өзгерістерге бірден көңіл аударады. Мәдениет көптеген әлеуметтік процестерді калыптастыру мен анықтауда өзі де оларға белгілі бір ықпал жасайды.
Мәдениет әлеуметтануы жалпы әлеуметтану ғылымының бір саласы. Оған әлеуметтанудың тұтас ғылым ретіндегі ортақ, жалпы заңдылықтары тән және оның өзіндік ішкі заңдылықтары, өзіндік ұғымдар жүйесі бар. Оларды түсіну үшін қоғамдық құбылыс ретіндегі мәдениеттің мәнін түсіну қажет.
Балалық шақтан бастап, тілді меңгергеннен кейін, біз адамзаттың мәңгілік кұндылықтар дүниесіне шығамыз, бізді қоршаған қайсыбір заттардың қолданыс аясын білеміз, оларды қолдануды үйренеміз, біз мектепте ең алғашқы, жер үстінде жатқан мәдениетті меңгереміз, бұл дүниенің есігін ашамыз. Адам дамуы оның бүкіл өмірі бойы іске асатын, өшпейтін мәдениет кұндылықтарының шексіз әлеміне ену. Кейде мәдениетті тек «адамзат жинақтаған құндылықтардың жиынтығы» ретінде қарастырады, оны көркем мәдениет кұндылықтарымен шектеу де кездеседі. Мәдениетті мұндай тұрғыдан қарастыру өте тар шеңберге соқтырады, сондықтан да ол қате. Адам кез келген практикалық кызмет процесі барысында дүниені өзгертеді, өл реалды өзгерту ғана емес, сонымен қатар идеалды, яғни өз санасында өзгертеді. Дүниені өзгерту арқылы әзінің қабілеттерін жетілдіреді, қажеттіліктерін қанағаттандырады, білімін көтереді, дүниетанымын кенейтеді, әлеуметтік сезімін жетілдіреді, бір сөзбен айтқанда, әзінің әлеуметтік күштерін жетілдіру арқылы адамның өзі де өзгереді. Жалпы айтқанда, мәдениет «адамзат тарихының кесіндісі», ол тарихи даму барысындағы адамдағы өзгерісті көрсетеді. Мәдениет оның әлеуметтенуінің құралы болып табылады, яғни оның қоғамдық тұтастықпен қарым-қатынасын, қоғам мүшесі болып қалыптасуын білдіреді. Бірақ осы әлеуметтенудің өзі мәдениетті меңгеру барысында тұлғаның индивидуалдығы ретінде жүзеге асады, оның өзгеге ұқсамайтын «менің» игеру ретінде көрінеді. Әлеуметтендіру мен индивидуалдандыру — мәдениетті меңгеру процесінің екі жағы. Мәдениет адамның еркіндік, бостандық саласы, өйткені мәдениет адамды өзін қоршаған басқа адамдарға конформистік еліктеу шаблоны мен стереотиптерінен босатады, өз бетінше әрекет етуге кепіл болады, оның тұлғасын егеменді етеді. Мәдениет адамның өз ісінің шебері болуына, кәсіби кызметтің ең биік деңгейіне дейін көтерілуіне мүмкіндік береді.
30. Прогресс тұралы ұғым. Қоғамдық прогресстың өлшемдерін сыпаттаңыз.
Бұрынғы ұлы ойшылдар Гессиод пен Сенека, Платон мен Аристотель, Вико мен Руссо, Кондорсэ мен Гегель адамзат тарихының барысын түсіну мақсатында - коғам деген не, жалпы прогресс деген не? — деген сұрауларға жауап іздеген еді. Олар бұл мәселеде өз заманының шек қоюларына қарамастан данышпандық болжамдар айтқан. К. Маркс, Ф. Энгельс, В. И. Ленин «қоғам» және «қоғамдық прогресс» категорияларына ғылыми тұрғыдан қарауға, олардың мазмұны мен объективтік өлшем белгілерін анықтауға теориялық үлес қосты.
Қоғамдық прогресс ұғымы латынның «прогрессус», яғни алға қарай қозғалыс деген сөзін білдіреді. Қоғамдық прогресс — адамзат қоғамының даму бағыты. Ол адамзат өмірінің барлық жақтарын өзгертеді, соның нәтижесінде адамзат дамуының төменгі сатыдан жоғары сатыға көтерілуі жүзеге асады. Қоғамдық прогресті қалыптастыратын адамның, адамдардың, азаматтың кажеттілігі, мұқтажы болып есептеледі. Қоғам дамуына ықпал еткен қажеттіліктерді екі топқа бөлген:
1) табиғи;
2) адамның әлеуметтік кажеттілігі.
Бірінші топқа, яғни табиғатқа адамның табиғи қажеті арқылы байланысқан қажеттіліктің бәрі жатады. Адам биологиялық тіршілік иесі ретінде өмірін сақтау мен оны жалғастыру үшін өзінің табиғи қажетін қанағаттандырады (оттекке, суға, азық-түлікке, киімге, баспанаға, т.б.). Табиғаты оңды жерлерде адам осы қажеттіліктердің кейбіріне (мысалы, оттекке) еңбек шығынын шығармайды. Басқа қажеттіктерді (суға, тамаққа, киімге, баспанаға) қанағаттандыру еңбек шығынымен, өмірлік игіліктерді өндірумен байланысты болады. Адамның табиғи қажеті шектеулі. Екінші топқа, яғни адамның әлеуметтік қажетіне қалған барлық әлеуметтік және рухани қажеттіліктер (коғамға, коғамдық іс-әрекетке, білімге, мәдениетке, т.б.) жатады. Бұлар адамның әлеуметтік тіршілік иесі ретінде әзін сақтауы, дамуы үшін қажет. Бұл қажеттіліктердің бірде-біреуі қоғамнан тыс, қоғамдық материалдық және рухани өндіріссіз қанағаттандырылмайды. Адамның әлеуметтік қажетінің табиғи қажеттілігінен өзгешелігі сонда — оның шегі болмайды, өйткені қоғамдық және интеллектуалдық процесс тоқтамайды, үнемі дамиды, ол да шексіз. Қоғамның дамуы, бір жағынан, адам қажетін қанағаттандыру үшін жаңа құралдар шығарса, екінші жағынан, әлеуметтік қажеттілік адам сұранысының бірін қанағаттандырса да, оның орнына жаңа бір қажеттілік туады.
Жалпы әлеуметтанудың қоғамдық прогресс өлшемі өндіргіш күштер мен өндіріс қатынастары болып табылады. Бірлескен іс-әрекет процесінде адамдар өндірістік қатынасқа түседі. Оның негізіне өндіріс құралдарына деген меншіктілік жатады.
