Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
практикум экзамен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
182.05 Кб
Скачать

45. Қазіргі Қазақстан жағдайында жетім балалар мен панасыздарды қорғау мәселесін талдаңыз

Отандық тарихи ғылымда мүлдем зерттелмеген тың тақырыптардың бірі-әлеуметтік жетімдік (балалар панасыздығы) тарихы.

Панасыздық- жас ұрпақтың денсаулығын әлсіретіп қана қоймай дүниетанымына да айықпас жара түсіретін алапат. Ұлы ағартушы А.Байтұрсынов ашына жазғандай, “ұлым дейтін елі болмаса,елім дейтін ұл қайдан шықсын”. Тіпті құран сүрелері мен пайғамбардың хадистерінде балаларға қамқорлық жасау барша мұсылман қоғамының парызы екені ескертілген ғой. Кеңестер билеген Қазақстанда панасыз балалар мәселесінің асқынуы мемлекеттің болашағына төнген қатер екенін большевиктер қапысыз түсінді. Осынау әлеуметтік қасіретпен күресудің ұлан-ғайыр тәжірибесі жинақталды. Балалар панасыздығын жою жолында кемшіліктер мен қателіктер аз болған жоқ. Бірақ тұтастай алсақ, Қазақстандағы кеңестік билік осы игі істі оң нәтижеге жеткізді. Панасыз қалған балалар, мемлекеттің қамқорлығы арқасында ғана қырылып кетуден аман қалды.

Өткен ғасырдың 20-30жылдары жинақталған тәжірибе зая кеткен жоқ. Қайта құру мен тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстанда панасыз балалар мәселесі тағы да бас көтерген еді. Міне осы қатердің алдын алу барысында өткен күннің тәжірибесіне жүгінуге тура келді. Мәселенің асқынғандығы соншалықты панасыздықпен күреске елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей араласуына туралы келді. Президенттің жұбайы С.А.Назарбаева халықаралық балалар қоры “Бөбекті” құрса, осыған ұқсас қорлар барлық облыстарда, қалаларда ашылды. Әйткенмен осы дерттің тамыры тереңге кеткен екен. Сондықтан да 2004жылы шілденің 9-күні президентіміз Н.Назарбаев “ Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы” Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Түптеп келгенде, аталған заң өткеннің тәжірибесіне негізделген әрі бүгінгі күннің ерекшеліктері мен өзек жарды мәселелерін кешенді айқындай алған. Атаулы заңның бұрын кеңес заманында қабылданғандардан басты айырмашылығы, мұнда жасөспірімдердің қадағалаусыз, панасыз қалуының профилактикасы жөнінде қызмет ұйымдастыру қарастырылған.

Қазіргі заманда дүние жүзінде 2 млрд. астам бала бар. Өкінішке орай, барлық елдерде көптеген балалар отбасынан тыс өмір сүреді. Яғни панасыздар мен жетімдер- 20 ғасырда толық шешімін таппай 21 ғасырға өзімізбен еріп келген әлеуметтік тауқыметіміз. Сондықтан болар, осы мәселе әлемдік деңгейдегі шешілуі күрделілер санатына жатады. Күні бүгінге дейін Азия, Африка, Латын Америкасында жетім және панасыз балалардың саны азаймай отыр. Осы әлеуметтік қасіреттің сан алуан себептерін санамалап жатпай-ақ, бұл мемлекеттер осынау мәселені шешуге қажырлы жұмыс істеуде екендігін айтсақ болғаны. Панасыздықпен күресудің Қазақстандық тағылымы мен қорытындылары халықаралық мән мағынасы бар құндылық. Сондықтан да осы елдер Қазақстанның осы саладағы тәжірибесіне назар салса, пайдасы аз болмас еді.

Панасыз балалардың пайда болуы мемлекет ішіндегі берекесіздік пен дағдарыстың ушыққанын көрсетеді. Өтпелі кезеңнің қиыншылықтары қоғамның ең бір басты институты –отбасының іргесін шайқалтып, әке-шеше мен бала қарым-қатынасына да сызат түсіргені белгілі. Өркениет жолына түскен ел панасыздықтың көзін құртпайынша қалаған мақсатына жетуі мүмкін емес. Басқаша айтсақ, 20-30 жылдардағы Қазақстанда панасыздық мәселесінің шешілуін бүгінгі азаттығымыздың қайнар бұлағының бірде болса бірегейі ретінде ұғынуымыз керек.

Қазіргі заманғы панасыз, жетімдер мәселесінің теориялық-методологиялық негізі “Социальная педагогика”атты Россияның педагогикалық жоғары оқу орындарына арналған оқулықта жақсы айтылған. Осы мәселеге қатысты негізгі ұғымдар, әке-шеше қамқорынсыз қалған балалармен әлеуметтік-педагогикалық қызметті қалай ұйымдастыру керектігі жан-жақты баяндалған. Кеңес үкіметінің жетім, панасыз балаларды мемлекеттік қамқорлыққа алу жүйесінің құрылымы, механизмі, кеңестік педагогиканың көрнекті өкілдерінің бала тәрбиесіне қатысты пікірлері айтылады. Осы оқулықтың әлеуметтік тәрбие саласындағы мамандар үшін әдіснемелік маңызы зор болады деп ойлаймыз.

Ата – ана қамқорлығынсыз қалған балалардың негізгі бөлігі білім беру және әлеуметтік қорғау органдарының интернат мекемелерінде тәрбиеленуде. Қазақстан Республикасының интернаттық білім беруді ұйымдастыру тәртібі туралы ережесінде интернаттық ұйымдар ата – ана қамқорлығынсыз қалған жетім, панасыз балаларға тұратын орын беріп, білім алу құқығын қамтамасыз ететіні туралы баяндалған. Мұндай интернаттық мекеменің қазіргі кезде төрт түрі бар:

- жалпы типті мектеп – интернат (жетім балаларға, көп балалы және тұрмысы төмен отбасылары мен жалғыз басты аналар мен әкелердің балаларына тұратын орын беріп, білім алуға мүмкіндік беретін білім беру жүйесінің мекемесі);

- санаториялық типтегі мектеп - нтернаттар, мұнда денсаулықтарына байланысты, мысалы, туберкулез – өкпе ауруына душар болған балалардың емделуі, оқуы, тәрбие алуы қамтамасыз етіледі.

- девиантты мінез – құлықты балаларға арналған мектеп – интернаттар (кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнінде комиссияның шешімімен балаларды әлеуметтік оңалту, жалпы білім беретін мектеп жанындағы интернаттар;

- жетім балаларға арналған ұйымдар – білім беру мен тәрбие алуда қолайлы жағдай жасап, мамандық таңдауға көмек көрсететін және оларды өз бетінше өмір сүруге дайыдауды қамтамасыз ететін білім беру мекемелері.

Бірқатар қоғамдық ұйымдар Қазақстанда жетім, тастанды және ата-анасының қарауынсыз қалған балалар қамқорлық көрсету, ортаға бейімдеу мақсатында республика бойынша "Наставник" атты жобаны қолға ала бастады. Жобаға әзірге Қазақстанның 5 аймағындағы қоғамдық ұйымдар қатыспақ.

Соңғы 10 жылда Қазақстандағы жетімдерге арналған балалар үйінің саны 3 есеге көбейген. Ал ата-анасының қарауынан айырылған балалар саны 96 мыңға жетті деп хабарлайды мемлекеттік емес ұйымдар. Олардың 80 пайызының ата-анасы тірі, олар әлеуметтік жетімдер деп есептеледі, дейді «Шығармашылық бастама жасаушы әйелдер лигасының» төрайымы Әсия Хайруллина.

Дамыған елдерде жетім балалар мәселесі қамқорлық жобалар арқылы шешіліп келеді. Осылайша, онда балалар үйінің саны едәуір азайған. Соның негізінде Қазақстанда қамқорлық жобалар қолға алынып отыр деп хабарлайды «Наставничество» жобасының ұйымдастырушылары.

Жаңа жобаға Қазақстанның алты облысындағы балалар үйлерінің 200 тәрбиеленушісі қатысып отыр. «Орал әйелдерінің одағы» ұйымының психологы Светлана Төлегенованың айтуынша, балалардың армандары көп:

- Олар ата-аналарын тапқысы келеді, өз үйлерінде болғысы келеді, адам болғысы келеді. Арасында дарынды балалар көп, сурет салады, би билейді, ән салады.

Америка Құрама Штаттарында баланы асырап алған адамдар немесе оған қамқорлық көрсеткен мекемелерге мемлекет және қоғам қолғабыс көрсетеді. Швецияда бала асырап алған отбасыларына қосымша қаржы беріліп, кеңес беретін психологтардың жұмысы тегін көрсетіледі екен.

Астанадағы балалар үйінің бастығы Виктор Чернецкийдің айтуынша, Қазақстанда жағдай мүлде өзгеше және жеңілдіктердің жоқтығына мемлекет кінәлі. «Аманат» қорының атқарушы директоры Шолпан Байболаваның айтуынша, өткен жылы балалар үйінің 100 тәрбиеленушісі жаздың 3 айында өздерін асырап алуға ниет білдірген отбасыларының үйінде тұрған.

Қазір осы бағдарламаға қатысқан 2 отбасы балаларды асырап алуға келісті. «Шығармашылық бастама жасаушы әйелдер лигасының» төрайымы Әсия Хайруллинаның айтуынша, баланың отбасында жақсы тәрбиеленіп, ал қазыналық мекемеде тұлға болып қалыптаса алмайтындығы бұрын дәлелденген.

Ал, кейбір мемлекеттік емес ұйым өкілдері тастанды және жетім балалар үшін жастар үйлерін ашуды ұсынып отыр. Бірақ, бұл ұсынысқа қарсы болғандар бар. Астанадағы балалар үйінің бастығы Виктор Чернецкийдің айтуынша, балалар үйінен шыққан кезде балаларға 7 мың теңге беріледі. Бұл ақшаға ол оқуға түсе алмайды, ал, жұмысқа кіру үшін одан бір үйде тіркелуі талап етіледі. Сондықтан, баланың түрмеден басқа баратын жері қалмайды дейді ол.

Қазақстанның білім миинстрлігінің баспасөз хатшысы Жанар Үсіпбекованың айтуынша, жетім балаларға оқуға түсуге жеңілдік ескерілген балалар саны мемлекеттік тапсырыстың 1 пайызынан аспайды:

- Мемлекеттік тапсырыс бойынша, 31210-ның бір пайызы жетім балаларға арналады.

Ал енді біреулер балалар үйлерін жанұя түріндегі үйлерге ауыстыру керек деп есептейді. Өйткені, баланы асырап алам деген отбасыларынан қайтып келіп жатқан балалар көп дейді олар. Қазақстандағы жетімдер саны тәуелсіз мемлекеттер достастығы аумағында Ресейден кейін екінші орында тұр деген пікір бар.

Мемлекеттік емес ұйымдардың есептеуіне қарағанда Қазақстандағы балалар үйлерін бір жерге қосса ауданы жағынан Арқалық сияқты қала пайда болады. «Орал әйелдерінің одағы» ұйымының психологы Светлана Төлегенованың айтуынша, балалардың арасында дарындылары көп, сонымен бірге психолог ол балалардың бойындағы кейбір ерекшеліктерді де атайды:

- Қайратты болып келеді. Балапан өскенде жалғыз екенін біледі, өзін қорғауды біледі. Өйткені, ешкім жоқ екендігін біледі. Ал, жетім және тастанды балалардың мәселесін шешу үшін, ең бастысы осы балалар есейіп қалған кезде, оларға мемлекет атынан көрсетілетін қамқорлық көп болу керек дейтіндер көп. Ал, ата-аналарының қарауынан айырылған балалармен тілдесуге мүмкіншілік болмады. Астанадағы балалар үйінің бастығы Виктор Чернецкийдің айтуынша, балалар үйі - жабық мекеме болғандықтан олардың журналистермен жолығуға ерекше рұқсат керек екен.