Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОСПЭ Менеджмент.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
294.4 Кб
Скачать

Билет 8

Ірі ЕПМ-нің іріңді хирургия бөлімшесінде еңбектің нашар жағдайына және еңбек ақының төмендігіне байланысты медбикелердің жұмысының орындау тәртіптері төмендеді; жұмысқа кешігу, себепсіз жұмыстан қалу, ауыр және беделді емес жұмыстардан бас тарту жиіледі. Науқастарға нашар күтім жасаудан асқынулар көбейді. Бірнеше медбикелер өз еріктерімен жұмыстан кетті. 15 жылдық өтілі бар аға медбике жұмысты жақсартуға ұмтылуда, бірақ жағдайды түзете алмай жатыр.

Медициналық мекеме өз пациенттерімен нәтижелі жұмыс істеу мақсатында оларды екі принцип бойынша шағын топтарға бөлді: жыныс бойынша (ерлер және әйелдер) және табыс көлемі бойынша (жоғары және төмен). Алынған 4 топтың әрқайсысына маркетинг бөлімі өзінің медициналық қызмет жиынтығын, баға түзу әдісін және алға жылжыту әдісін өңдеді.

Қадам 1. Бөлімшедегі нақты жағдайды жақсарту үшін бас медбикенің әрекеттері қандай болу керек?

Қадам 2. Берілген жағдайда шиеліністің конструктивті құрылымдық жағы көрсетілген бе?

Билет 9

Айжан жоғарғы медбикелік білім факультетін бітіріп үздік диплом және менеджер біліктілігін алғаннан кейін, Алматылық бір фирмаға жұмысқа орналасқан күйеуінің артынан Алматыға көшіп келді. Оның үйде отырғысы келмей тез арада жұмыс іздейді. Сөйтіп келесі мазмұндағы хабарландыруды табады: жаңадан ашылған ресей-американдық емдік-диагностикалық орталыққа жоғарғы медициналық білімі бар ағылшын тілін меңгерген менеджерлер қажет. Өз кезегінде ол мектепті тереңдетілген ағылшын тілімен бітірген және оны студенттік жылдарда үнемі жетілдіріп тұрды, күйеуімен ақылдаса отырып әңгімелесуге баруға шешім қабылдады.

Алматыдағы медициналық қызмет нарығында маркетинг технологиясын қолданатын екі бәсекелес медициналық мекеме жұмыс жасайды. Біріншісі – тұрғындардың денсаулыққа деген барлық қажеттіліктері мен сұрақтарын ескеріп, емдік және диагностикалық қызметтерді жүзеге асырады. Екіншісі де - тұрғындардың қажеттіліктері мен сұраныстарын қанағаттандыра отырып профилактикалық шараларға басым көңіл бөледі.

Қадам 1. Егер сіз осы фирманың кадр бойынша менеджері болсаңыз кімді жұмысқа қабылдар едіңіз?

Қадам 2. Жұмысқа қабылдау кезінде үміткер қандай құжаттармен материалдар тапсыру керектігін, үміткерді тарту көздерін, алғашқы іріктеудің критерилерін Сіз анықтауыңыз қажет.

Билет 10

Емдік-профилактикалық мекеме тұрғындарға ақылы медициналық қызмет көрсетуге шешім қабылдады. Маркетингтік зерттеу нәтижесінде тұрғындардың стоматологиялық көмекке мұқтаж екені анықталды. Осы аудандағы бәсекелестердің жоқтығын есепке ала отырып ұсынылатын қызметке жоғарғы бағалар тағайындау шешілді.

Кез келген деңгейдегі жетекші алдында қойылған мақсатқа жылдамырақ жету үшін басқарудың қандай стилін таңдау керек деген сұрақ тұрады.

Қадам 1. Ситуацияны толық талдау үшін және нәтижелі баға түзу үшін қандай ақпарат жетіспейді?

Қадам 2. Сіздің көзқарасыңыз бойынша менеджердің дұрыс мінез-құлқына қандай ой неғұрлым сәйкес келеді?

Кезең 3

Билет 1

63 жастағы,«А» қаласында тұратын науқас, 3 жыл бұрын жедел ишемиялық инсультпен ауырды, бесінші жыл гипертониялық аурумен ауырады. Жүрек-қантамыр ауруымен диспансерлік тіркеуде тұрады. Учаскелік дәрігер науқасты кардиологиялық науқастардың екіншілікті профилактикасы бойынша арнайы мамандандырылған мекеме болып табылатын реабилитациялық орталыққа жіберді. Облыстық аурухананың терапия бөлімінің пациенті стенокардия диагнозымен емдеуші дәрігердің нұсқауларын орындайды, себебі дәрігерлерге және өз ауруының жазылуына сенеді.

Қадам 1. Билік дегеніміз не?

Қадам 2. Дәрігер тарапынан биліктің қандай түрі туралы сөз болуда?