- •Қонақ үй индустриясының туризмдегі орны
- •Қонақ үй сферасындағы жұмыс жасау ерекшелігі
- •3. Орналастыру орындарының классификациясы
- •4. Таймшер дегеніміз не?
- •5. Кондоминиум қонақ үйлер дегенеміз не?
- •6. Қонақ үйлердің типологиясы
- •7. Кішкентай қонақ үйлердің ерекшеліктері
- •8. Бизнес қонақ үйлердің ерекшелігі
- •9. Курорттық және Спа қонақ үйлерінің ерекшеліктері
- •11. Германиядағы қонақ үйлерді санаттау ерекшелігі
- •12. Швейцариядағы қонақ үйлерді санаттау ерекшелігі
- •13. Грециядағы қонақ үйлерді санаттау ерекшелігі
- •14. Грециядағы қонақ үйлерді санаттау ерекшелігі
- •16. Ұлыбританиядағы қонақ үйлерді санаттау ерекшелігі
- •17. Франциядағы қонақ үйлерді санаттау ерекшелігі
- •18. Аустралиядағы қонақ үйлерді санаттау ерекшелігі
- •19. Қонақ үй кәсіпорнының ортасы. Қонақ үйдің жұмысына әсерететін факторлар
- •20. Қонақ үй жұмысының негізгі көрсеткіштері
- •21.Қонақ үй қызметтерінің ерекшеліктері
- •23. Қонақ үй қызметтерінің түрлері
- •24. Қонақ үй қызметінің сапасын басқару
- •25. Қонақтарды қарсы алу және орналастыру бөлімінің қызметі
- •26. Шаруашылық бөлімінің қызметі
- •27. Тамақ және сусындар бөлімінің қызметі
- •28. Техникалық бөлімінің қызметі
- •29. Қаржы бөлімінің қызметі
- •30. Сату және маркетинг бөлімінің қызметі
- •31. Қауіпсіздік бөлімінің қызметі
- •32. Қонақ үйді басқару формалары
- •33. Қонақ үйлерді франчайзинг келісімшарты бойынша басқару
- •35. Қонақ үйлік консорциумдар
- •38. Халықаралық қонақ үйнарығының даму тенденциялары
- •39. Қонақ үйдің миссиясы мен мақсаты
- •52. Негізгі қорға деген қажеттілік қалай анықталады?
- •58. Жалпылама коэффициенті
- •59. Қонақ үй кәсіпорынының негізгі қорлар жағдайын және қозғалысын бағалау көрсеткіші:
- •66.Қызмет көрсетілетін туристік туристік қонақжай кәсіпорындарындағы көрсеткіштер
- •68. Туризм индустриясындағы қонақ үй шаруашылығының мәні
- •69. Қонақ үй кәсіпорынының негізгі қорлар жағдайын және қозғалысын бағалау көрсеткіштері:
- •71. Қонақжайлылық ерекшеліктері
- •72. Франчайзинг негізінде өз бизнесіңізді ұйымдастырудағы франчайзи мен франчайзер үшін тәуелділікті қалай бағалайсыз?
- •73. Моральдік тозу дегеніміз не?
- •74. Жеке бизнес құру кезеңдері
- •75. Қор сыйымдылығы дегеніміз не?
- •78. Қонақ үйдегі жоспарлау қызметі қандай негізгі міндеттерді қарастырады
- •79. Халықаралық қонақ үйлер желісі
- •85. Қонақ үй өнімін құрайтын элементтер
- •92. Қонақжайлық бизнесті қалыстастыру идеясы
- •93. Жабдықты интенсивті қолдану коэффициенті
- •95. Қонақжайлық кәсіпорындарының негізгі қорлары: түсінігі және жіктелімі
- •96. Қонақ үй кәсіпорнын басқарудың ұйымдық құрылымы
- •97. Амортизация нормасы
- •98. Негізгі қорларды ақшалай нысанда бағалау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі
- •99. Физикалық тозу дегеніміз не және ол қалай сипатталады?
- •100. Қонақ үй кәсіпорынының негізгі қорлар жағдайын және қозғалысын бағалау көрсеткіштері (Қозғалыс көрсеткіштері)
- •101. Негізгі қорлардың тозуы және амортизация түсінігі
- •102. Қонақжайлық индустриясының қызметін ұйымдастырудағы жоспарлау функциясы
- •103. Лицензиялау дегеніміз не
- •104. Қонақ үй кәсіпорны жұмысының көрсеткіштеріне әсер ететін факторлар
- •105. Негізгі қорларды айналым құралдарынан айырмашылығы
- •106. Қонақжайлық индустриясының өнімі
- •107. Пассивті қорлар дегеніміз не?
- •108. Қонақ үй кәсіпорнының айналым құралдарын пайдаланудың тиімділік көрсеткіштері.
- •110. Қонақжайлық іс-әрекетінің көрсеткіштері
- •111. Қонақ үй кәсіпорындарының негізгі қорлары қалай жіктеледі?
- •112. Қор қайтарылымы дегеніміз не және ол қалай анықталады?
52. Негізгі қорға деген қажеттілік қалай анықталады?
53. Орта ғасырлардағы қонақ үй қызметтерінің сипаттамалары «Қонақжайлық» түсінігі адамзат өркениеті сияқты ескі түсінік. Қонақ үйдің ең алғаш шығуы, адамдарға қызмет көрсету кәсібімен, түнгі жатар орнына тоқтау себебтерімен тікелей байланысты. Қонақ үйлер әдетте бір елмен басқа елдерге баратын басты жолдардың бойында орналасады. Сонымен бірге жолаушыларды күтумен қатар, қонақ үйлерде үкімет қызметкерлерімен өкілдер жұмыс жүргізеді. Қонақ үйлерде адамдарға түнеу, баспана, сол жерде тамқтандырады, аттарын ауыстырады. Орта ғасырларда Еуропада тұрақты аулалар монастырлар кезінде соғыла бастады. Шіркеу жолаушылары діни қызметкерлерге, әулие жерлерге саяхаттаушыларға арнап қонақ жайлар ұйымдастыруды міндеттеді. Уақыт өте келе тегін қонақжайлылықтан кіріс табуға есептелінген мекемелерге айналды. Алғашқы қонақ үйлер бастамасы Таяу шығыста, Орталық Азияда және Кавказияда орын ала бастады. Шөл далалар мен таулы үстірттерде саудагерлер тауар керуендерімен жолаушылайды. Олар әдетте шатырларда, кеу кездері керуен сарайларда, әр түрлі қонақжай кешендерінде, адамдардың арнайы түнеу орындарында жайғасты. Сауда байланысының дамуына байланысты Еуропада қонақжай шаруашылығының біршама өсуіне әкеп соқтырды. Мысалы XIV – ғасырда Миланда 150 қонақ үйі орын алды. Дегенмен ол кезеңдегі қонақжай шаруашылығы ең төменгі сатыда еді. Қонақ үйлерде ешқандай жағдай болмады, санитарлық деңгейі өте төменгі жағдайда болды. XVIII–XIX ғасырлардағы мемлекетаралық экономикалық және саяси байланыстардың өсуі, Еуропа қалаларындағы қонақ үй шаруашылығының тез дамуына ықпал етеді. 54. Қонақ үй шаруашылығындағы негізгі қорлар Негізгі қорлар - ұзақ уақыт өндіріс үдерісінде әрекет ететін, өзінің натуралды-заттық нысанын сақтайтын және құны тозу мөлшеріне байланысты бөлшектенген амортизациялық аударылымдар түрінде өнімнің немесе қызметтің өзіндік құнына қосылған өндірістік, материалдық-заттық құндылықтардың жинытығы. Есепке алу, бағалау және талдау мақсатында негізгі қорлар бірнеше сипаттар бойынша жіктелімге жатқызылады. Кәсіпорынның негізгі қорлары – бұл тозуына байланысты өзінің құнын дайын өнімге жартылай көшіретін еңбек құралдарының құндық көрінісі. Негізгі қорлардың жіктелімі: қызметтік тағайындалуы бойынша (өндірісті/өндірісті емес); меншік нысаны бойынша (жеке меншік/жалға алынған); сапалық сипаттар бойынша (өнеркәсіптің негізгі құралдары/ауылшаруашылықтық негізгі құралдары); натуралды-заттық құрамы бойынша (ғимараттар/құрылыстар/құрылғылар/техника және құрал-жабдықтар); қолдану үдерісіне байланысты (қолданыстағы/қорға сақталған). Негізгі қорларды ақшалай нысанда бағалау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
Негізгі қорлардың бастапқы құны;
Қайта қалпына келтіру құны;
Қалдық құны;
Жою құны.
Негізгі қорлардың бастапқы құны құрамына құрал-жабдықтарды сатып алу құны, құрал-жабдықтарды жеткізуге кеткен көлік шығындары, т.б. жатады. Бастапқы құны бойынша қорлар есепке алынады және амортизациялық нормалар, басқа да көрсеткіштер анықталады. Бұл негізгі қорларды қайта қалпына келтіру үшін кеткен қаражат, олар көбінесе қайта бағалау нәтижесінде белгіленеді.
Негізгі қорлардың бастапқы құны мен қайта қалпына келтіру құнының арасындағы айырмасы мен тозу соммасымен қосындысы ретінде анықталады. 55. Қонақжайлылық қызметін ұйымдастырудағы жоспарлау әдістері мен тәсілдері Жоспарлау – өндірісті материалдық көздерімен қамтамасыз етілуін және нарықтағы сұраныс деңгейін ескере отырып, кәсіпорынның дамуының негізгі бағыттарын, сонымен қоса пропорциялырын анықтау болып табылады. Жоспарлаудың мәні – мақсаттарды нақтылау, оларға жету жолдарын, мерзімдері мен жүзеге асыру тәртібін, қойылған мақсаттарды шешу үшін қажет материалды, еңбек жцне қаржы ресурстарын анықтауда көрінеді. Жоспарлаудың басқару қызметі келесі негізгі міндеттерді қарастырады:
Маркетингтік талдау;
Техника-экономикалық талдау;
Қаржылық талдау.
Жоспарлау сапасының деңгейінің маңызды шарттары:
Басқарудың барлық деңгейлеріндегі басшылардың құзыреттілігі;
Қызметтік бөлімшелердегі мамандардың біліктілігі;
Ақпараттың базаның болуы мен компьютерлік техникамен қамтамасыз етілуі.
Жоспарлаудың әдістері:
Баланстық әдіс жоспарлы бөлімдер арасында байланыстардың қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Есепті- талдамалық әдіс белгілі сандық деңгейді қамтамасыз ететін жоспар көрсеткіштерінің динамикасы мен факторын есептеу үшін колданылады.
Экономика-математикалық әдіс сандық параметрлерді негізгі факторлар мен салыстыру негізінде көрсеткіштер тәуелдігінің экономикалық модельдерін құрастыруға мүмкіндік береді және жоспардың бірнеше нұсқасын дайындап, оның ішінен оңтайлысын таңдауға мүмкіндік береді.
Графоталдамалық әдіс экономикалық талдау нәтижелерін графикалық құралдар арқылы сипаттауға мүмкіндік береді.
Бағдарламалық әдіс жоспарды бір мақсатқа біріктіру, іс-шаралар кешені ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Жоспарлаудың тәсілдері:
Жоғарыдан төменге (ретроградты тәсіл) – қонақ үйдің жоғары деңгейлерімен құрастырылып, бекітіліп, ұйымның иерархия бойынша төменгі бөлімдерге түсіріледі.
Төменнен жоғарыға қарай (прогрессивті тәсіл) – қонақ үйдің төменгі қызметтерінде және бөлімшелерінде құрастырылады және дайын жоспар бекітілуге жоғары басшыларға ұсынылады.
Қарама-қарсы – прогрессивті және ретроградты жоспарлау тәсілдерін біріктіреді, яғни басшылар және төменгі бөлімшелердің әрқайсысы өздерінің жоспар-нұсқаларын дайындайды және жалпы талдау негізінде бір ортақ нұсқаны бекітеді.
56. Орта ғасырлардағы керуен сарайлардың қызметі ерекшеліктері Тарихшылардың көпшілігі көне кезеңдегі қоғамның дамуында алғашқы қонақ үйлердің пайда болуын айтады – қазіргі замаңғы қонақ үйлер мен мейрамханалардың жаңа үлгілері. Кәсіпорындар туралы айту – таверналар – біздің эрамызға дейін 1700 жылы жазылған Хаммурапи Вавилония патшасының кодекс болып табылатын көне манускриптілерде бар. Көне Грецияда біздің эрамызға дейіңгі І-ші мың жылдықта таверна әлеуметтік және діндік өмірінің негізгі элементі болып табылады. Бірақ таверналарда саяхатшыларды орналастыру орны болғанымен, көбінесе олар тамақтану қызметін ұсынуға арналған. Сауданың дамуымен және оған байланысты ұзақ мерзімді жол жүру тамақтандыру қызметін ғана емес, сонымен қатар, түнеуді ұйымдастыруды талап етті. Осы жағдай – керуен сарай типті кәсіпорындардың пайда болуын болжады. Керуен сарай жүйенің кең тармақтануы Рим империясының аймақтарында жасалды.Көне Римдік керуен сарайлары қала мен ауылдың негізгі жол жағаларында бір-бірінен 25 миль (40,225 км.) шамада орналасты. Рим мемлекетіндегі қатаң таптық құрылым қонақжайлық кәсіпорын қызметіне үлкен әсер көрсетті. Саяхатшыларды таптық көрсеткіштеріне қарай орналастырды. Еш уақытта жай халықтың көпестері, саудагерлері мен басқа саяхатшылары мемлекеттік қызметкерлер мен үкіметтік хатшылар жанына орналастырылмаған. Осы жағдай керуен сарадың сапасына әсер етті. Аристократтар өкілдері мен мемлкеттік төрелерінің тоқтаған жерлері сәулет өнерінің тәртібімен құрылған және сол уақыттағы кең тараған қызметтерді ұсынған. Марко Поло «Бұндай керуен сарайларда патша да тоқтай алады» деген. Таверна мен керуен сарайларда төмеңгі сословиялы азаматтарға арналған түнеу мен демалу қызметтері мимнимальды болған. Мысалы, өте көп жол жүретін саяхатшы сабаннң үстінде ұйықтаған, ал тоңбау үшін атының жылы бүйіріне қысылып жатқан. Басқа қосымша комфорт туралы әңгіме болмаған. Қонақжайлық кәсіпорындардың пайда болуына өте үлкен роль көрсеткен, ол Жақын Шығыстағы, Азия мен Кавказ сыртындағы саудалар байланысының дамуы. Осы аймақтардан ұзын керуендер жылжитын ірі сауда жолдары өткен. Керуенге қатысушылардың түнейтін жерін ұйымдастыру үшін – сауда жолдарының жағаларында арнайы орналасатын пункттер құрылған, адамдарға және аттар мен түйелерге жайлар құрылған. Осының бәрі табиғи апаттардан (жауын, дауыл, жел, боран), ұры мен қарақшылардан қорғайтын дуалдармен қоршалды. Қонақжайлық кәсіпорындардың дамуына орта ғасырдағы діндік дәстүрлер үлкен әсерін тигізді. Осы кезеңде киелі жерлерге қажылыққа баратын адамдардың саны бірден көбейді. Шіркеулер қажылық жасаушыларға түнейтін жерлер мен тамақтануды ұйымдастыруды монастырға міндеттеді. Осы уақытта да осған ұқсас қызмет көрсететін жерлер пайда болды. Мысалы, Франкийстік патша, кейіннен Ұлы Карл императоры (742-814) шіркеулердің қорғаушысы VIII ғасырда қажылық жасаушының демалысына арналған үйлер ұйымдастырды. Саяхатшылардың тегін қызметін алуының кең тарауы жеке кәсіпорындарының дамуын тақтатты. Англиядағы керуен сарайлардың және таверналардың дамуы орта ғасыр кезеңіне берілді, әсіресе Ресформация кезінде ағылшын патшасы Генрих VIII монастирердің секуляризациясын өткізгенде дамыды. Енді елкезушінің еш қайсысыда монастырдың ьегін тұрағын алуға мүмкіндігі болмай, жеке керуен сарайларында тоқтауға мәжбүр болды. ХІІ-ХІІІ ғасырларда керуен сарайлар – алғашқы қонақ үйлер Ресейде пайда болды. Ол кезде олар, «Ям» деп аталды. XV ғасырда ям үкімінде болған, пошта станцияларында құрылды. XV ғасырда орыстың ірі қаласында керуен сарайлардың құрылысы жүрілді, олар орналастыруы мен тамақтанудан басқа коммерциялық операциялар жүргізуіне мүмкіндігімен ерекшеленетін. Сонымен қатар, қонақ үйде сауда қатарлары, қоймалары бар, бөлмелері жиһаздармен толтырылған. Қонақ сарайларында шетелдіктер ұлттық белгілеріне қарай орналастырылды. XV- XVІІ ғасырларда Новгородта «неміс» және «голандиялық» қонақ сарайлары болды, ал Мәскеуде – «аглицкий», «грек», «армян» және т.б. қонақ үй сарайлары болды. ХІІІ ғасырда қонақ үй сарайлары Витебскте, Гродно, Брест, Слониме және басқада белорус қалаларында болды. Белорус көпестеріне арнап XV- XVІ ғасырларда арнайы қонақ үй сарайлары Брянск, Везьмя, Мәскеуде болды. Орта ғасыр кезеңінде қонақжайлық кәсіпорындар қызметінің үдейуі, алғашқы мамандандыру ассоцияциясын құруы болды. Солай, 1282 жылы Флоренция мен Италя қалаларының трактирлері өзінің гильдиясын негіздеді.
57. Дебиторлық және несиелік берешекті басқару Дебиторлық берешек – кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан оларға сатқан тауарларды, көрсеткен қызметтері үшін берешектер. Дебиторлық қарызды басқару – бұл кәсіпорынның кредиторлармен есеп айырысуы үшін қажетті ақша қаражатының уақытында және жеткілікті көлемде түсуін қамтамасыз ететіндей қылып сатып алушылармен келісімге келу. Несие - нарықтық экономиканың тірегі ретінде, экономикалық дамудың ажырамас элементі. Оны барлық шаруашылық субъектіоермен қатар, мемелекетте, үкіметте, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады. Несиелік берешек – заңды жене жеке тұлға уақытша тартқан несиеге алған мерзімді уақыты біткен соң тиісті заңды тұлғаларға немесе азаматтарға қайтарылуы тиісті қаражат.
