Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
барлық ситуацилық есептер орысша, қаз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.11 Mб
Скачать

Есеп №1

Науқас П., 34 жаста, инженер-геофизик. Бір ай бұрын Африкаға командировкамен барып келген. 10.08 күні мына шағымдармен түскен: дірілдеу, басының ауруы, денесінің барлық жерінде әлсіздік. Ауру 5 күн бұрын кенеттен басталған: қалтырап-дірілдеп, дене қызуы 40,5ºС-қа жеткен. Төрт сағаттан соң науқас қатты терлеп, температурасы 35ºС-қа дейін төмендеп, бір күн бойы қалыпты болған. Кейін қайтадан діріл мен денесінің барлық жері әлсіреп қақсаған. Дәрігер шақырылып, ауруханаға жіберілген.

Объективті: Т – 39,5ºС. Жалпы жағдайы орта ауырлықта, беті қызарған, склерасы сәл сарғайған, ернінде ұшық, тілі ақ жабындамен қапталған, іші ауырмайды, бауыр мен талақ қабырға доғасынан 1 см төмен, сезімтал; жүрек тондары тұйықталған, тахикардия. Өкпеде патологиясыз. Дәреті қалыпты.

Қан анализі: эрит. – 3,3х1012/л, Нв – 111 г/л, цв.п. – 0,9, Л – 4,5х109/л, ЭОЗ – 1%, П – 11%, С – 44%, ли – 3%, мон. – 8%, Плазмат.кл. – 3%, ретикул. – 2%, ЭТЖ – 38 мм/сағ. Нейтрофильдердің токсикалық дәлділігі.

  1. Сіздің диагнозыңыз.

  2. Тексеру және емдеу жоспары.

  3. Эпидемияға қарсы қандай іс-шаралар жүргізу қажет? Есеп №2

Науқас Д., 53 жаста, қойшы, ауруханаға 13.08. күні ауруының 2-ші күнінде түсті. Шағымдары: дене қызуының көтерілгендігі, әлсіздік, бас ауруы, өне бойының қақсауы, жөтел. Ауырғандығы кеше кешке қалшылдаудан, ыстығының көтерілуінен, оң бүйрегінің шаншуынан басталған.

Объетивті: Т – 39,7ºС. Жағдайы ауыр. Ыңыранады. Тітіркенгіш, беті іскен, қызарған. Менигеальды симптомдары жоқ. Склера конъюнктиві тамырларының айқын инъекциясы, ылғалды тілі ақ жабындымен жабылған. Жүрек тондары аздап тұйықталған. АҚ – 85/60 мм сын. бағ., пульсі минутына 100 қағыс, толықтығы қанағаттанарлық, жұмсақ, ритмді, өкпелердің жоғарғы бөлігінде перкуторлы дыбыстың қысқаруы, тынысы – брохтық реңде, тұрақты майда көпіршікті ылғалды сырыл. Қан аралас қақырық тастайды. Тыныс алуы мин. – 40 рет. Іші қалыпты конфигурациялы, жұмсақ, ауырмайды. Бауыры, талағы ұлғаймаған. Үлкен дәретке шықпайды. Тәбеі нашар. Бұдан 2 кұн бұрын киіз үйдегі көршісі белгісіз қызба ауруынан шейіт кеткен, дәрігерді шақырмаған, өздері жерлеп көмген.

  1. Сіздің диагнозыңыз.

  2. Тексеру және емдеу жоспары.

  3. Эпидемияға қарсы қандай іс-шаралар жүргізу қажет? Есеп №3

Науқас Б., 35 жаста, үй шаруасында, колхозда тұрады. Бір апта бұрын сиыр етін өңдеген. Төрт күн бұрын білектің төменгі бөлігінде көпіршік пайда болған. Науқас қасыған соң, айналасында ісік пайда болған. Келесі күні ісік үлкейіп, 3-ші күні ісік иықтың жоғарғы жағына жеткен. Көпіршік ортасында қара қабыршақ пайда болған. Аурудың 3-ші күні Т – 38-38,5ºС, әлсіздік, бастың ауруы мазалайды.

Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, Т-38ºС. Беті аздап қызарған, тілі жабындымен қапталған. Оң жақ қол ұшы, білегі, иығы ортаңғы үштігіне дейін ісінген, терісінің түсі өзгермеген. Білегінің ортаңғы үштігінің ішкі бетінде қара түсті қатты, өлшемі 5 см-дей денешік байқалады, көпіршіктер ұштығымен қапталған, көпіршік серозды сұйықтықпен толған. Пальпацияда ауырмайды. Оң жақ қолтық асты лимфа түйіндері көлемі орман жаңғағындай ұлғайған, пальпацияда сезімтал. Ішкі мүшелер жағынан патология жоқ. Нәжісі қалыпты.

  1. Сіздің диагнозыңыз.

  2. Тексеру және емдеу жоспары.

  3. Эпидемияға қарсы қандай іс-шаралар жүргізу қажет? Ситуациялық есеп №1

Науқас Е., 25 жаста. Шымкент облысының колхозында тұрады. Бұры ешқандай аурумен ауырмаған. Аудандық ауруханаға 20.07 күні сырқаттануының 3-ші күні әлсіздікке, дене қызуына, мұрнынан қан кетуіне, басының ауруына шағымданып түсті. Кеше мұрнынан көп мөлшерде қан кеткен.

Объективті: дене қызуы 38,1ºС, жағдайы ауыр. Әлсіз, санасы анық, тері жамылғысы бозғылт, көп мөлшерде петехиялармен жабылған. Қабылдау бөлмесінде «кофе қоюы» түстес көп мөлшерде құсқан және қара сұйық нәжіс болған. Жүрек тондары айқын, тахикардия минутына 120 рет, пульсі оңай қысылады. АҚ – 85/50 мм сын. бағ. Өкпесінде везикулярлы тыныс, іші жұмсақ, ауырғандық жоқ. Бауыры мен талағы үлкеймеген. Зәр шығаруы қалыпты. Менингеальды симптомдар жоқ.