Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zanyatost`.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
626.71 Кб
Скачать

20. Жұмысбастылықты басқару технологиясы дегеніміз не және жүзеге асырылу деңгейін тұжырымдаңыз

Жұмысбастылық – маңызды макроэконоикалық көрсеткіш, экономиканың, халықтың байлығының ең басты мінездемесі. Бірақ та, жұмысбастылық тек-қана экономикалық құбылыс емес, сонымен қатар, ол әлеуметтік сипатқа да ие. Ол қоғамға пайдалы қарекет ету арқылы өзін-өзі көрсету көмегімен адамдардың тек-қана табысты керек етушілігін емес, сонымен бірге, қоғамның дамуының белгілі бір әлеуметтік-экономикалық деңгейінде сұрауларға қанағат болу сатысын айқындайды.

Тұрғындар жұмысбастылығы дегеніміз – азаматтардың ҚР конституциясына, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмейтін жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты және оларға табыс немесе кіріс әкелетін қызметі деп, ҚР жұмыспен қамту туралы заңында атап көрсетілген.

Жұмысбастылық саясатының сұрақтарын анықтап алу үшін жұмысбастылықтың әлеуметтік және экономикалық тұрғыдағы мәнін анықтап алу керек.

Экономикалық тұрғыдан жұмысбастылық – тұрғындардың қоғамдық немесе өнімді ұлттық табысты өндірудегі қызметі, ал қоғамдық өндірісте жұмыс істеуге жарамды немесе ынталы адамдарға жұмыс тауып беру жаппай жұмысбастылыққа алып келеді.

Әлеуметтік тұрғыдан, жұмысбастылықтың мынандай түрлері бар: жалры білім беретін арнайы оқу орындарында оқу, әскер қатарындағы қызметі, үй шаруашылығы, балаларды тәрбиелеу, қарттар мен ауруларды бағып-қағу, қоғамдық ұйымдардың жұмысына қатысу.

Қоғамның дамуы тұрғысынан алғанда қоғамдақ өндірістегі жұмысбастылық негізгі болып табылады. Ол қоғамның экономикалық потенциалымен қатар, тұтастай тұрғындардың өмір сапасы мен денгеиін және жеке азаматтардың жақсы тұрмысын сипаттайды.

Еңбек аясында қажеттіліктерін қанағаттандыру мен еңбекке байланысты қатысы бар адамның дамуының әлеуметтік аспектілерінің ең негізгілерінің бірін жұмысбастылық ашады.Тұрғындардың жұмысбастылығын қамтамасыз ету мен оларды әлеуметтік қорғаудың мәселелерін шешудің көптеген жолдары бар. Көптеген әлеуметтік байланыстар қоғамның байлар мен кедейлерге бөлінуі мен жұмыссыздық көбейген кезінде олардың қайсысы ең тиімді екен деген сұрақ туады. Дағдарыс кесірінен тұрғындардың нақты ақшалай табыстары мен өмір сүру деңгейі төмендеп, экономиканың салалары мен мемлекет аймақтарында өткір қақтығыстар пайда бола бастайды.

Тұрғындардың кедей категорияларының ақшалай табыстарының, зейнетақы мен төлемдердің, жалақының минималды және орта мөлшерлерінің арасындағы айырмашылық пен халықтың табыс деңгейі бойынша бөлінуі әжептеуір көбейді және ресми түрде тіркелген жұмыссыздар саны да өсті.

Қазіргі кезде жұмысбастылықты басқару мәселелері бірінші ретте шешілуі тиістілердің қатарына қосылып, оларды шешудің жолдары өзінің шегіне жеткенін көрсетті. Тұрғындардың түрлі категорияларын әлеуметтік қорғаудың нақтылы іс-шаралары керек. Әлеуметтік-еңбек аясындағы жағдайдың шиеленісуіне кірісу үшін жаңа шешу жолдарын табу керек. Олардың дәстүрлік жолдары қазіргі кезде орындалуы тиіс мәселелерге қатыса алмайды.

Қазіргі таңда мүгедектер, жастар және әйелдер сияқты әлеуметтік қорғаусыз қалған тұрғындар категориясын жұмысбастылар қатарына қосу мәселелерін ұйымдастырудың жаңа жолдарын табу өте маңызды. Бұл азаматтар категориясы мемлекеттің аса қатты қорғауын сұрау етеді. Өйткені, төменгі әлеуметтік статуспен шектелген еңбекке деген жарамдылығы бар адамдар ұшін қазіргі кездегі жағдайда жұмыс табу өте қиын.

Қазіргі уақытта аймақтық деңгейде жұмыспен қамту құрылымдарының қызметін бағыттау негізінде, жастарды жұмыспен қамтудың толық басқару жүйесін қалыптастыру керек. Жастарды жұмыспен қамтуды басқару қажеттігі, сондай-ақ жас ұрпақтың өздігінен даму мәселесіне де байланысты, ол сапалы білім алу, қызмет барысында өсу және лайықты еңбек ақы алу мүмкіндіктерімен көрінеді, ал оның табиғаты нақты аймақта қалыптасқан экономикалық, географиялық, демографиялық және қайта жаңғыру шарттарымен анықталады.Жастардың жұмыс бастылығын ретке келтiрушi жүйе реттеушiлiк әсерiн тигiзу жұмысбастылықты басқарудың парадигма сұлбасына бағытталған тұтас жүйе болып көрiнуi мүмкiн. Оның мәнi “емдеуде” емес, әлеуметтiк қолайсыз жағдайлардың алдын алуда, сол сияқты жастардың жұмысқа орналасу талаптарын қанағаттандыру мақсатында болып отыр. Жастарды басқару жүйесiнiң негiзiн реттеушi қызметтердiң мақсаттары мен мiндеттерi құрайды. Реттеудiң негiзгi функциялары: алдын алу, терапия, түзету, реабилитацияның маңыздары қаралған. Реттеушi ықпалдардың элементтерi: басқарудың субъект немесе объектiнiң бiлiми құндылық бағыттары, мотивтерi, мақсаттары, әрекеттiк стратегиялары, ықшам социумы түсiндiрiлiп жазылған және атап көрсетiлген. Технологиялық база – нормативтiк, операциялық және инструментальдық блоктармен көрсетiлген. Жастардың жұмысбастылығын басқару жүйесiн қарастыру ұйымдастырылу жүйелерi қорытындылайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]