Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Барлық билеттің жауабы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
32.01 Mб
Скачать
  1. Хх ғасырдың басындағы Қазақстанның экономикалық жағдайы.

Жауабы:

Шетелдік интервенция мен, азаматтық соғысынан кейінгі өлкедегі шаруашылық көріністері:

  • 307 кәсіпорындарының 250-і жұмыс істемеді

  • Өнеркәсіп өнімі 6,3 % болды

  • Егіс көлемі Оралда 2 есе, Жетісуда 3 есе қысқарды.

  • Мал саны 29,9 млн-нан – 16,3 млн-ға кеміді.

1921 жылы 8-16 науырызда РКП (б) Х съезі өтіп, онда жаңа экономикалық саясатқа (ЖЭС) көшу туралы шешім қабылданды.

ЖЭС-тің мәні:

  • азық-түлік салғырты азық-түлік салығымен ауыстырылып, еңбек міндеткерлігі жойылды;

  • сауда жасауға, жерді жалға алу, жалдамалы еңбекті пайдалануға рұқсат етілді;

  • кооперация мен шаруашылық есепке еркіндік берілді.

2.Әбілхайыр ханның Ресей патшалағымен жүрізген келіссөздерінің мәні мен сипаты.

Жауабы:

Қазақ елінің ауыр сыртқы жағдайын Кіші жүз ханы Әбілқайыр хан (1680-1748) Ресей империясының қолдауы арқылы шешпекші болды.

Әбілқайыр ханның мақсаттары:

  • Қалмақтар мен башқұоттардың Қазақ жерін шабуылдарын тоқтату

  • Петербург билеушілеріне арқа сүйеп, аға хандыққа таласта қарсыластарын жеңу

  • Ең басты мақсаты жоңғарларға қарсы күресте ресеймен байланысм орнату.

Әбілқайыр хан 1726 ж Ресей империясының құрамына кіруге өтініш білдіріп, елшілерін жіберген болатын. Бірақ елшілікке күманданған патша үкіметі хан ұсынысын жауапсыз қалдырған болатын.

  • 1730 ж кіші жүз ақсүйектерінің талабы Ресеймен әскери одақ құру

  • Әбілқайырдың талабы Ресейдің құрамына кіру

1730 ж қыркүйекте Петербургке аттанған елшілер Сейтқұл Қойдағұлұлы мен Құтлымбет Қоштайұлына Ресейдің құрамына кіру туралы құжат тапсырылды.

  • 1731 ж 19 ақпан кіші жүзді империя құрамына қабылдау туралы ұсынысымен императрица Анна Иоанновна қабылдады.

Тевкеелев қазақ жеріне жіберілді.

1731 ж 10 қазанда кіші жүздің 29 старшыны Ресейдің қол астына кіруге ант берді.

Патша үкіметінің мақсаты

  • Жоңғар соғыстарын пайдаланып, қазақ жеріне бекіністер салып алу

3. Суретке қарап отырып, оқиғаны сипаттаңыз.

Жауабы:

1932—1933 жылдардағы ашаршылық.Шабындық және егістік жерді қайта бөлу, тәркілеу, азық-түлік салығы, күштеп отырықшыландыру мен ұжымдастыру барысындағы зорлық-зомбылықтардан көп азап шеккен ең алдымен қазақ халқы болды. Бар дүниесінен, мал-мүлкінен, құрал-саймандарынан, тіпті жертөлесінен де айырылған қазақтар ашаршылыққа ұшырап, босқын күйге көшті.

Ауыл шаруашылығында егіншілік көлемі күрт азайып кетті. Мал шаруашылығы терең күйзеліске ұшырады. Ұжымдастыру қарсаңында Қазақстанда 40,5 млн бас мал болды, ал 1933 жылдың 1 қаңтарында олардан қалғаны бар болганы 4,5 млн бас еді. 1931—1933 жылдары бүкіл Қазақстанды құшағына алған аштықтан 6,2 млн республика халқының 2,1 млн-ы қырылды.

Өлкелік партия комитетінің Торғай ауданындағы уәкілі 1932 жылдың қыркүйегінде мұнда әр адам басына орта есеппен 56 килограмм ғана астық және бір ғана мал калғанын, ал бұлар алты айдан кейін мүлде таусылып, қаңтардың соңына қарай, қыстың кақаған, сары аязында нағыз қиямет-қайым орнайтынын алдын ала ескертіп, дабыл қақты. Ол сонымен бірге кейбір толық емес мәліметтер бойынша ауданда ең кемі 2042 адам аштық құрбаны болғанын, ал 8500 адам аштан өлейін деп жатқанын Құрамысов пен Кахианидің, Исаев пен Құлымбетовтың аттарына жолдаған ресми мәлімдемесінде ашық айтты. Анадан туғандай тыржалаңаш, аш адамдардың дала төсінде босып сандалып жүргендерін, басқасын былай қойғанда, олардың даладағы атқұлақ пен сарышұнақты түгін қалдырмай жеп койғанын жазды. Осындай қайғылы жағдайдың көрші Батпаққара ауданында да кеңінен орын алып отырғаны да айтылды.Голощекин қазақ даласындағы жағдайды өзі жіберген уәкілдері арқылы жақсы біліп, толық хабар алып отырды. Арнайы тапсырмамен Сарысу ауданында болған О.Жандосов мынадай мәлімет берді: «Ауылдарды аралаған кезімде мен ондаған күндер бойы жерленбеген мәйіттерді кездестірдім... Әйелдер жоқшылық пен аштыққа төзімділеу. Еркектердің бірден ұнжырғасы түсіп кетеді. Күйзелгендер қолдарына не түссе де түк қалдырмай жеп қояды. Сүйек-саяқты жинайды, оларды жүрек жалғау үшін ондаған мәрте қайнатады. Тамақ орнына жартылай өңделген терілер де кете береді. Мен иттің етін жеген және онысын жасырмайтын бірнеше адамдарды кездестірдім. Оныншы ауылдан келе жатқан жолымда елсіз жапаннан екі жасөспірімді көрдім, Олар қайдағы бір ескі жұрттағы, атылған иттердің терісін алу үшін қалған өлімтіктеріне бара жатыр екен. 5-ауылда аштықтан жартылай ісінген, аяғы ауыр әйел маған жақын келіп, оған ит атып беруімді өтінді».Голощекиндік геноцид қазақстандықтарды, ең алдымен, қазақ халкын аштыққа және босқындыққа ұшыратты.

14-билет