- •Лекциялық сабақтар тезистері
- •1.1. Физиканы оқыту әдістемесі – педагогикалық ғылым.
- •1.2. Физиканы оқыту әдістемесінің зерттейтін мәселелері мен оқыту әдістері және міндеттері.
- •1.3 Физиканы оқыту әдістемесінің физика, философия, педагогика, психология ғылымдарымен байланысы.
- •Физиканы оқыту әдістемесінің физикамен байланысы
- •Физиканы оқыту әдістемесінің философиямен байланысы
- •Физиканы оқыту әдістемесінің педагогикамен байланысы
- •Физиканы оқыту әдістемесінің психологиямен байланысы
- •2.1 Мектепте физиканы оқытудың маңызы
- •2.2. Физиканы оқытуда қойылатын міндеттер
- •2.3. Оқыту үрдісінде оқушылардың физикалық ойлауын дамыту
- •2.4. Физикалық ұғымдардың жүйесін қалыптастыру. Политехникалық білім беру
- •3.1. Орта мектеп физика курсындағы бірінші жне екінші басқысштардың мазмұны мен жүйесі
- •3.2. Физиканың пропедевтикалық курсы.
- •3.3. Мектеп физика курсының даму перспективалары
- •3.4.Пәнаралық байланыстың әдістемелік және дидактикалық маңызы
- •Физика курсының математикамен байланысы
- •Физика курсының алгебрамен байланысы
- •Физика курсының геометриямен байланысы
- •Физика курсының биологиямен байланысы
- •Физика курсының географиямен байланысы
- •Физика курсының химиямен байланысы
- •4.1. Сабақ – оқу сабақтарын ұйымдастырудың негізгі формасы. Оқу материалын тақырыптық және сабақтық жоспарлау.
- •4.2. Сабаққа қойылатың негізгі талаптар
- •4.3. Физика сабақтарының түрлері және құрлымы
- •4.4. Семинар сабақтар
- •4.5. Оқу конференциялары
- •4.6. Физикадан оқушылардың өз бетінше істейтін жұмыстарын ұйымдастыру
- •4.7 Физикадан оқу материалын ауызша баяндаудың ерекшелігі.
- •5.1. Физиканы оқытудағы эксперименттің маңызы мен түрлері, оған қойылатын әдістемелік талаптар.
- •5.2. Физикалық оқу экспериментінің жүйесі және оқу жабдығы. Физикалық приборлардың жалпы сипаттамасы және классификациясы .
- •6.1. Физикадан есептер түрлері мен классификациясы
- •6.2. Физика есептерін шығарудың тәсілдері мен әдістемесі
- •6.3. Эксперименттік есептерді шығару әдістемесі. Есеп шығару алгоритмі..
- •Тақырып 7. Физикадан оқушылардың білімдері мен дағдыларын тексерудің әдістері. Физика бойынша өтілетін экскурсиялар
- •7.1. Физикадан оқушылардың білімдері мен дағдыларын тексерудің әдістері.
- •7.2. Физикалық экскурсиялардың маңызы
- •7.4. Экскурсияларды ұйымдастыру мен өткізу әдістемесі
- •8.2. Физиканы оқытудағы техникалық оқу құралдар
- •8.3. Физика бойынша факультативтік курстар.
- •8.4. Физика бойынша өтілетің сыныптан тыс жұмыстардың маңызы.
- •9.1. Программалық оқыту.
- •9.2. Компъютер қолданылатын – физикалық білім беруге арналған - оқыту, анықтамалық, модельдеу бағдарламалары.
- •9.3. Жаңа педагогикалық оқыту технологияның түрлері
- •9.3. М.М. Жанпейісованың модульдік интерактивтік оқыту технологиясы
- •Сөйлесу бөлімінiң iс-әрекет қадамдары:
- •10.1. Физиканы оқытудың негізгі сатысы.
- •10.2 Физиканы оқытудың жоғары сатысы.
- •11.3. Механикадағы қозғалыстарды жазудағы негізгі тәсілдер
- •Энергияның сақталу заңы – энергия жоқтан бар болмайды бардан жоқ болмайды тек бір түрден екіншісіне түрленіп тұрады.
- •11.7 Механикалық тербелістер мен толқындарды үйрену әдістемесі
4.2. Сабаққа қойылатың негізгі талаптар
Физиканың әрбір сабағын сабақтардың ұзын тізбегіндегі белгілі бір буыны ретінде қарастырған жөн. Жекелей алынған сабақтың мазмұны және ондағы жұмыс әдістері бұрын өтілген сабақтардың мазмұнымен және олардың қолданылған әдістерімен байланысты. Пән бойынша оқу процесінің перспективтік жоспарын жасап алмай тұрып, тек бір ғана сабаққа дайындалғанда, жұмыста дәл ойластырылған айқын жүйеге қол жеткізуге болмайды. Жеке сабаққа даярлаудың алдында тақырып немесе тарау бойынша сабақтар жүйесі—тақырыптық жоспар талдау жасалады, ол материалдың көлемін анықтауға және әр сабақ үшін неғұрлым тиімді әдістемелік әдістерді таңдап алуға мүмкіндік береді.
Әр сабақ аяқталған сипатта болуға және әбден анықталған белгілі бір көлемдегі оқу және тәрбие міндеттерін шешуге тиіс. Барлық сабақта оқушыларды оқу процесіне белсене қатыстыру, оларды өздігінен білім алуға үйрету қажет. Мұғалімнің баяндауымен қатар VII-VIII сыныптарда физика сабақтарының маңызды бөлігі мектеп оқушыларының кітаппен, құралдармен және үлестірме материалмен істейтін өзіндік жұмысы болуға тиіс.
Сабақта жаңа материалды оқып үйрену бұрын өтілгенді қайталаумен және окулықтардың білімдерін, шеберліктері мен дағдыларын тексерумен бірге ұштастырылып отыруға тиіс. Әрбір сабақ тиімді болуға тиіс. Сабақтардың тиімділігі жөнінде, біріншіден, оқушылардың алған білімдерінің, шеберліктері мен дағдыларының тереңдігіне және беріктігіне қарап; екіншіден, жалпы сыныптың және жекелеген оқушылардың материалды меңгеруіне кеткен уакытқа қарап; үшіншіден, тәрбиелік міндеттерді шешуге ғылыми көзқарасты қалыптастыруға және оқушыларды жан-жақты дамытуға сабақтың қалай көмектескеніне қарап бағалайды. Сабақтың тиімділігі сабақта қолданылатын оқу материалын баяндау әдістеріне, оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру, олардың білімдерін дағдылары мен шеберліктерін тексеру формаларына байланысты. Окыту әдістерінің және оқушылардың сабақтағы оқу әрекетінің алуан түрлілігі, оларды шебер пайдалану - физиканы оқыту процесінің тиімді болуының аса маңызды шарттарының бірі.
Сабаққа қойылатын маңызды талаптардың бірі - уақыттың әр минутын үнемді жұмсау, бүкіл сабақтың өн бойында оқушылардың белсенді таным әрекетін ұйымдастыру.
4.3. Физика сабақтарының түрлері және құрлымы
Сабақтың мақсаты мен мазмұнына қарай мынадай бірнеше түрлері болады: 1) жаңа оқу материалын түсіндіру сабағы; 2) зертханалық сабақ; 3) есеп шығару сабағы; 4) қайталау және қорытындылау сабағы; 5) оқушылардың ебдейліктері мен дағдыларын қалыптастыру сабағы; 6) оқушыларды экскурсияға дайындау сабағы; 7) бақылау жұмыстарын алу немесе оқушылардың білімдерін тексеру сабағы; 8) аралас кешенді сабақ. Мектеп тәжірибесінде әр түрлі сабақтардың мұндай жеке дара «таза» күйіңде өтуі сирек кездесетін оқиға, көп жағдайда олардың 3-5 түрінің элементтері бір сабақта ұшырасып, «аралас» сабақ түрінде өткізіледі. Себебі, мұндай бір сабақтың өзіңде жаңа материал түсіңдіріледі, өткенді қайталайды және қорытындылайды, оқушылардың тәжірибелік ебдейліктері мен дағдыларын қалыптастырады, олардың білімдерін бағалайды, фронталь зертханалық жұмыс орындаттырады, есеп шығартып үйретеді. Сондай-ақ, сабақтың қай түрінде болса да, оқытудың бірнеше әдістері мен тәсілдері қолданылатыны есте болуы керек.
Жаңа оқу материалын түсіндіру сабағы, көбінесе, өрнекті қорытып шығаруда, тендеулерді түрлендіруде, физикалық заңдар мен теорияларды түсіндіргенде, құбылыстар мен процестердің арасындағы өзара байланыстылықты анықтауда өткізіледі (мысалы, электролиз зандары, жылу балансы теңдеуі, найзағай, электрмагниттік толқын). Жалпы алғанда, мұндай сабақтың әдістемелік құрылымы мынадай элементтерден тұрады: 1) кіріспе түсінік немесе жаттығу; 2) проблемалық ситуация туғызып, оны шешуді ұйымдастыру; 3) бұл мәселені эксперименттің жәрдемімен, не өлшеулер мен бақылаулар арқылы зерттеу; 4) алынған нәтижелерді талдау; 5) жаңа материалды бекіту мақсатында оқушыларға жаттығу орындаттыру; 6) үйге тапсырма беру.
Өзінше ерекшелік қиыншылығы көп сабақ – оқушылардың жалпы еңбектік оку ебдейліктері мен дағдыларын жұптастыру не дамыту сабақтары. Әр сыныпқа қатысты оның жүйесі физика оқу бағдарламасының соңында атап көрсетілгеніне әрқашан назар аударып, мұғалімнің оны орындауы тиіс. Мұндай сабақтар, әдетте, есеп шығаруға, өлшеулер жүргізуге, физикалық құбылыстарды бақылауға, зертханалық экспериментті жүргізуге арналады (қозғалыс мөлшері, кедергілерді тізбектеп және параллель қосу, Шарль заңы). Осы тектес сабақтарда, әсіресе, оқушылардың тәжірибелік орындайтын жұмыстарының үлгісін алдымен мұғалімнің өзінің істеп көрсетуі маңызды роль атқарады. Оқушылардың тәжірибелік ебдейліктері мен дағдыларын қалыптастыру сабақтарының құрылымдық элементтері мынадай жүйеде құрылады: 1) жұмыстың мақсатын анықтау; 2) оны орындаудың ережесімен таныстырып, теориялық тұрғыдан дәлелдеу; 3) жұмыстың нұсқасын мұғалімнің көрсетуі; 4) өлшеу, жаттығу, бақылау жүргізу; 5) қорытынды әңгіме өткізіп, жұмыс нәтижесін талдау; 6) үйге тапсырма беру.
Сирек кездесетін сабақтардың бірі - өткен материалды қайталау және қорытындылау сабақтары (әр түрлі ортадағы электр тоғы, электрмагниттік индукция, жарықтың толқындық қасиеттері). Мұндай сабақтың құрылымдық элементтері мыналар: 1) бұрын өтілген физикалық құбылыстарды талдауға арналған әңгіме; 2) оқушылардың шығарған есептері мен орындаған жалпы өлшеулеріне түсінік беру, қысқаша талдау жасау; 3) оқушылардың рефераттарын немесе баяндама-хабарларын тыңдау және талдау; 4) диа-кинофильм немесе теледидарлық хабарды көрсету; 5) мұғалімнің қорытындылауы; 6) үйге тапсырма беру. Оқушылардың білімдері мен дағдыларын тексеру сабақтары, әдетте, тоқсан немесе оқу жылы аяғында өткізіледі. Олар жеке оқушыдан немесе сынып бойынша фронталь сұрау, есеп шығарту, реферат-баяндама жасау, сынақ жұмысын алу, алған білімдерін тәжірибеде қолдану туралы мысалдар келтіру, программаланған тәсілдермен тексеру түрінде жүргізіледі. Ондай сабақтардың құрылымы: 1) мұғалімнің нұсқаулық кіріспе әңгімесі; 2) оқушылардың сынақ жұмысты немесе жеке тапсырманы орындауы, не сұраққа жауап беруі; 3) сабақты мұғалімнің қорытындылауы болып келеді.
Физика бағдарламасының соңында, әр сынып бойынша 2 сағаттан өндіріс орындарына экскурсия өткізу жоспарланған. Мұны экскурсия сабағы немесе сыныпты экскурсияға дайындау сабағы ретінде өткізуге болады. Ол үшін мұғалімнің экскурсия өткізетін объектілеріне (мысалы, құрылыс алаңы, электр станциясы, машина-трактор станциясы, радиоторабы, зауыт, фабрика, т.б.), күні бұрын өзі 1-2 рет барып, алдын ала танысып, тиісті әдебиеттерді оқып, экскурсия өткізудің жоспарын жасап алуы тиіс. Экскурсияның, оқуды өмірмен және өндіріспен байланыстыратын, физикалық заңдылықтардың тәжірибеде қолданылуын көрсететін, кәсіби мамандықтармен тікелей таныстыратын, техникалық қондырғылардың жұмыс істеуін бақылайтын сияқты дидактикалық маңызды ерекшеліктерін мұғалімнің үнемі есте сақтағаны жөн. Экскурсия өткізу әдістемесі мынадай жүйеде жүргізіледі: 1) мұғалімнің экскурсия объектісімен алдын ала танысуы; 2) экскурсияны өткізу жоспарын жасау; 3) экскурсия өткізуге оқушыларды даярлау, оларға жеке тапсырмалар беру; 4) экскурсия өткізу; 5) өтілген экскурсия бойынша оқушылардың сұрақтарына жауап беру және экскурсияны қорытындылау.
Физика сабақтарының кез келген түрін алсақ та, олардың бәрі де, негізінен, мынадай 5 кезеңге бөлінеді: 1) ұйымдастыру кезеңі (2-3 мин); 2) үйге берілген тапсырманы сұрау (10-15 мин); 3) жаңа тақырыпты түсіндіру (20-30 мин); 4) жаңа материалды бекіту, қорытындылау (3-5 мин); 5) үйге тапсырма беру (1-3 мин). Физикадан өтілетін сабақтардың мазмұндық және әдістемелік мақсаттары оқытудың ауызша сөзбен баяндау, көрнекілік, тәжірибелік тәсілдерінің барлық түрлерін қолдану арқылы жүзеге асырылатыны белгілі.
