- •1)Студент жастарға Білім және Тәрбие берудегі «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» пәнінің міндеттері мен маңызы
- •2)Хх ғ. Бас кезіндегі Қазақстанның әлеуметтік-эконмикалық жағдайы. Тәуелсіздік үшін күрестің алғышарттары
- •3) Ресей империясының қазақ жеріне қоныс аудару саясатының күшеюі. Столыпиннің аграрлық реформасы және ауыл шаруашылығы саласындағы жағдайдың күрт шиеленісуі
- •4) Хх ғ. Бас кезіндегі Қазақ жеріндегі өндіріс ошақтарының қалыптасуы ерекшеліктері және оның отарлық сипаты
- •6) Қазақ зиялыларының I және II-Мемлекеттік Дума жұмысына қатысуы және қызметі.
- •7)Қоғамдық сананы дүр сілкіндірген қазақ ұлттық зиялы қауымының қалыптасуы, құрамы, қоғамдық қызметі. Ұлт-азаттық қозғалыс идеологиясының қалыптасуы.
- •8)20Ғ. Бас кезіндегі қазақ ағартушылары: ерекшеліктері, мақсаты, тарихи тұлғасы.
- •9) Бірінші дүниежүзілік соғыс және Қазақстанда жалпы ұлттық дағдарысты күшеюі.
- •10) 1916 Жылғы ұлт-азаттық көтерілісі :себептері, қозғаушы куштері, барысы және негізгі кезеңдері
- •11) Ақпан буржуазиялық демократиялықреволюциясы және оның Қазақстанның қоғамдық саяси өміріне әсері. Қазақстандағы саяси биліктің өзгеруі
- •12) Ақпан революциясынан кейінгі Қазақстандағы саяси және діни партиялардың құрылуы
- •13) «Алаш» ұлттық партиясының құрылуы және бағдарламасы. Бүкілресейлік Құрылтай съезіне депуттатар сайлау. Алаш партиясының жеңісі.
- •14) Қазан төңкерісі және Қазақстандағы қоғамдық саяси өмірі. Қазақстанда Кеңестер билігінің орнауы
- •15.Алғашқы ұлттық автономиялардың құрылуы мен қызметі
- •16.Қазақстан территориясындағы Азамат соғысы және оның зардаптары
- •17. Ұлттық автономиядан таптық автономияға. Қырғыз (Қазақ) акср-нің құрылуы
- •18. «Әскери коммунизм» саясатынан жаңа экономикалық саясатқа көшу
- •19. Қырғыз (Қазақ) акср-нің территориялық шекарасын айқындауға командалық-әкімшілік шешімдер. Біртұтас Түркістан идеясының жеңіліске ұшырауы.
- •20.Қазақстандағы индустрияландыру және оның жүргізілуі бағытына қазақ қайраткерлерінің көзқарасы
- •21)Қазақстандағы ұжымдастыруды жүргізудің зардаптары.Қазақтардың шет мемлекеттерге ауа көшуі және олардың қасіретті тағдыры.
- •22)XX ғ. Ғ. 30-шы жылдарындағы республикадағы мәдени құрылыс.Мәдениет, білім, ғылым саласындағы кеңестік реформалардың қарама қайшылықтары.Қазақ халқының ұлттық және мәдени қайнарларының бұзылуы.
- •23)Республикадағы Сталиндік жаппай қуғын сүргіннің жүргізілуі.Қазақ жеріне көптеген халықтардың күштеп қоныс аударылуы және оның зардаптары.
- •24)Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰтзу-дың құрылуы, қалыптасу және даму тарихы.
- •25.Ұлы Отан соғысы басталуы мен негізгі кезеңдері
- •26) Соғыс аймағынан қазақ жеріне халықтарды, өнеркәсіп орындары мен мәдениет, ғылым ошақтарын көшіру және оны орнықтыру жолындағы қазақ халқының көмегі
- •27) Қазақстанда жасақталған әскери бөлімдердің Ұлы Отан соғысына қатысуы және ерлік жолдары
- •28) Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың тылдағы ерен ерліктері. Соғыс салдарынан қираған елді мекендерді қалпына келтірудегі қазақстандықтардың көмегі
- •30. Соғыстан кейінгі коғамдык-саяси жағдай
- •31. «Жеке басқа табынудың» шарықтауы және «Хрущев жылымығы». Одақ пен Республика басқарушыларының арасындағы қарым-қатынастардың қиыншылықтары. Орталықтың ұлттық мүддені елемеуі
- •32) Тың және тыңайған жерлерді игеру, оның қорытындылары мен зардаптары
- •33) Әлеуметтік-экономикалық жағдай: қарама-қайшылықар мен қиыншылықтар. Қазақстан экономикасының шикізаттық бағытының күшеюі(1965-1985жж)
- •34.Рухани және мәдени өмірдегі тоқыраулық құбылыстардың тереңдеуі. Экологиялық проблемалар және Арал қасіреті (1965-1985 жж.)
- •35.Ұлттық саясатты жүргізудегі Орталықтың әділетсіз шешімдерінің күшеюі. Целиноград оқиғасы. Қазақ тілінің қоланыс аясының шектелуі(1965-1985)
- •36.Тәуелсіздік жаршысы болған 1986 ж. Желтоқсан көтерілісі және оның тарихи маңызы.
- •38.Тәуелсіздік қарсаңындағы әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдай
- •39. Ксро-ның ыдырауының себептері және Тмд-ның құрылуы.
- •40. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы.
- •41. Тәуелсіз Қазақстандағы конституциялық-құқықтық реформаларды іске асырудың өзіндік жолы: қиындықтар мен тарихи шешімдер.
- •42.Қазақстан Республикасы рәміздерінің бекітілуі. Тарихи мәдени мұраларды қорғау және патриотизмді дамытудағы саяси рәміздердің рөлі мен маңызы.
- •43)Қр-ның қоғамдық-саяси өмірін демократияландыру жолындағы іс-шаралардың атқарылуы және саяси партиялардың қалыптасуы барысындағы қиыншылықтар мен қарама-қайшылықтар
- •44) Тәуелсіздіктің бастапқы жылдарындағы Қазақстан экономикалық дағдарыстың жағдайы және нарықтық қатынасқа көшу
- •45) Елбасының биылғы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жаңа экономикалық саясаты – Қазақстанның жаһандануға берген жауабы
- •47. Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау, спорт және дене тәрбиесән дамыту, саламатты өмір салтын қалыптастыру.
- •48. Елбасының «Қазақстанныі әлеуметтік жаңғыруы: Жалпыға бірдей Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасы (2012 ж). Елдің еңбек қуатын, адам капиталын дамыту стратегисы.
- •50. Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. «Интеллектуалды ұлт-2020» Президенттік бағдарламасы және оның маңызы.
- •2012 Жылдың бірінші жартыжылдығында Білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының негізгі индикаторларына қол жеткізу жөніндегі жүйелі жұмыстар жүргізілді.
- •52)Қазақстанның көп этностылығының қалыптасу тарихы және ұлтаралық келісімнің қазақстандық жолы
- •54)Қазақстанның ұлттық бірлігі доктринасы.
- •55)Қр-ның мдәени құрылысы барысындағы қиыншылықтары мен жетістіктері
- •57. Мәдениет саласына жаһандық өзгерістердің әсер етуі және ұлттық мәдениетті сақтау міндеттері.
- •58. Қазіргі Қазақстан терриоториясындағы діндер тарихы.
- •59. Қазіргі Қазақстан территориясындағы ислам мәдениетінің тарихы.
- •60.Конференциялық келісім және діни сенім бостандығының қазақстандық үлгісі
- •61. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы ұлттық тарихты ұлықтауға арналған іс-шаралар. Қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегіндегі ұлттық таризты зерделеу мәселелері.
- •63.Ұлттық тарих рухында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру.
- •65) Қазақ хандығының құрылуы. Қазіргі қр мемлекеттілігінің Қазақстан территориясындағы желгі мемлекеттік құрылымдардың ерекшеліктері
- •66.Қазақ халқының ауызша тарих айту дәстүрі мұрасының зерттелуі, оның ерекшеліктері мен маңызы
- •67. «Мәңгілік ел» идеясының тарихи бастаулары және бүгінгі тәуелсіздігімізбен сабақастығы
- •68. Мәңгілік елдің негізгі идеялары мен құндылықтары.
- •70. Қазақстан - әлем таныған ел.
- •75. Қр президенті н.Ә.Назарбаевтың – өмір жолы және қайраткерлік қызметі.
- •76)Қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың халықаралық тұрақтылық және бейбітшілік пен келісімді сақтаудағы рөлі.
- •78.Назарбаев н. Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму. (Елбасының 2016ж Қазақстан халқына жолдауы)
34.Рухани және мәдени өмірдегі тоқыраулық құбылыстардың тереңдеуі. Экологиялық проблемалар және Арал қасіреті (1965-1985 жж.)
1960 жылдардың аяқ шенінде-ақ Қазақстан КСРО-ның ірі ғылыми орталықтарының біріне айналды. Жекелеген ғалымдар мен топтар өндірістік мәні бар салада жетістіктерге қол жеткізді. Олардың еңбектері шетелдерге мәлім болды. Д.В.Сокольский катализаторларды электрохимиялық әдістермен зерттеу мәселесін тұңғыш көтеруші болса, У.М.Ахмедсафин республикадағы гидрогеология және гидрофизика ғылымдарының ұйымдастырушысы қызметін атқарды.Қазақстан ғалымдары генетика мен микробиология саласында ірі табыстарға жетті. Ғалымдардың бір тобына, оның ішінде Қазақстандық ғалым М.А Айтхожинге өсімдік жасушаларындағы информосомаларды яғни жасуша ішіндегі бөлшектердің жаңа тобын тапқаны үшін Лениндік сыйлық берілді. Қазақ кеңес энциклопедиясының қазақ тіліндегі басылымын шығару аяқталды. Академиктер Ә.Х. Марғұлан мен Е.А. Букетов есімдері ғылыми ортада ғана емес, көпшілік қауым арасында да кеңінен танымал болды. Медицина саласындағы Қазақстандық ғалымдар аллергология – онкология және вирусология салаларында айтарлықтай табыстарға жетті. 1970жылдар ішінде құқықтық ғылымда жаңа бағыттар пайда болып, заң актілерін белгілеу жұмыстарына қатысты. Отырарда және басқа өңірлерде қазба жұмыстарын жүргізген археологтар едәуір табыстарға қол жеткізді. 1969 жылы Есік қаласының жанындағы қорғаннан біздің заманымызға дейінгі ІV-ІІІ ғасырларда өмір сүрген сақ жауынгерінің киімі мен қару-жарағы табылуы дүниежүзі тарихшыларының назарын аударды. Тұтастай алғанда тоқырау жылдарында қоғамдық ғылымдар қатты зардап шекті. Ғалымдар ғылыми еңбектерін әкімшілік сызып берген шеңбер көлемінде ғана жазатын болды.Республика жазушыларының ішінен қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, танымал сөз шебері Ғабит Мүсірепов «Ұлпан» повесін жазды. Сол кездегі ең жоғары Соцалистік Еңбек Ері атағына ие болды. «Қан мен тер» трилогиясының авторы Ә.Нұрпейісов, майталман ақын, көптеген эпикалық поэмалардың авторы Жұбан Молдағалиев КСРО Мемлекеттік сыйлығын алды. Ілияс Есенберлиннің романдары бұқара арасында кең танымал болып, қолдан-қолға өтіп жүрді. Аса ауыр саяси қуғындардан кейінгі кезеңнің өзінде, таптық идеологияның өктемдігі жағдайында жазушының хан Кенесары Қасымұлы туралы тарихи шындықты ашып жазуы әдебиет тарихында батыл қадам еді. Шығармаларын орыс тілінде және екі тілде бірдей жазатын қазақ жазушылары Ә.Әлімжанов, О.Сүлейменов, Б.Момышұлы т.б. атауға болды.Ә.Әлімжанов бұқараның санасына өзінің шығармалары арқылы отаншылдық сезімін ұялата білді. Қазақ киносының Ш.Айманов, М.Бегалин, С.Қожықов сияқты ірі қайраткерлерінің қатысуымен жасалған «Атаманның ақыры», «Қыз Жібек», «Мәншүк туралы ән» атты тұлғалы көркем фильмдер экранға шықты. Цензурадан өтпей, көпшілікке жолдана ала алмай қалған қойылымдар да болды. Сол сияқты баспасөз, радио, теледидардан берілетін хабарлар, мақала, бағдарлама авторлары алдын-ала қатаң бақылаудан өтетін. Сонымен Қазақстан мәдениетінің даму барысында тоқырау көрінісі айқын байқалды. Қоғамдық-әлеуметтік ғылымдар идеологиялық тығырыққа тірелді. Көркем өнерде жекелеген авторлар құнды шығармалар бергенімен, қазақ тілінің рухани өмірдегі жағдайы өзгерістер қажеттігін байқатты. Тоқырау жылдарының идеологиясы ұлы державалық шовинистік бағытымен ерекшеленді.
1960 жылдан 1988 жылға дейін Арал теңізінің бассейнінде жаңа жерлерді кеңінен игеру жүрді де, суарылатын жер көлемі және суды пайдалану екі есе артты. Соның салдарынан теңізге құйылатын су 1961 жылғы 55 мың текше километрден 8-10 текше километрге азайды. Сөйтіп, 90 жылдардың басында Арал теңізі өзінің көлемінің 85 пайызын, аумағының 65 пайызын жоғалтты. Дәл қазір Арал теңізінің айдыны 13 шаршы километр, бұрынғының 17 пайызы, ал су көлемі 90 мың текше километр, бұрынғының 9 пайызы ғана.
Теңіздің көлшікке айналуы, судың тапшылығы әлеуметтік-экологиялық сипаттағы проблемалар тудырды. Климаттың өзгеруіне, өзендердегі сулардың сапасының төмендеуіне, Арал теңіздегі балық кәсібінің жойылуына, 4 миллион гектардай жердің құнарсыздануына байланысты миллиондаған доллар экономикалық зиян келумен қатар, Әмудария және Сырдария өзендерінің сағасындағы өмір сүріп жатқан 5 миллиондай халықтың өмір деңгейі мен денсаулығына қатты әсер етті. Мұндай экологиялық дағдарыстан, ең алдымен балалар мен аналар жапа шекті.
ХХ-ғасырдың 70-жылдарынан бастап, ғарыштан (космостан) түсірген суреттерде Арал маңынан орасан зор шаңды дауылдар тіркеле бастаған. Шаңды дауылдардың ошағы Арал теңізінің солтүстік шығыс және шығыс жағалауындағы суы кепкен аймақта болды. Аралдың табанынан желмен көтерілген тұзды шаң жүздеген мың шаршы километр аумаққа таралуда. Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда тартылған теңіз табанының 1 км2 жерінен 8000 тоннаға жуық тұзды шаң көтеріліп, қоршаған ортаға таралады екен. Шаңмен көтеріліп, шөккен тұз топырақтың құнарлылығын азайтып, eгic өнімін төмендетеді, ауыз судың сапасына әсер етіп, жергілікті халықтың денсаулығына зиянын тигізіп отыр. Тұзді шанның шөгуінің зиянды әсері тұрмыста пайданатын ауыз судың сапасын, халықтың денсаулығы нашарлатуда. Атмосфераға зиянды заттардың шамадан тыс таралуы климатқа да өз әсерін тигізуде. Арал маңында атмосфера ғана емес, су мен топырақ та ластанған. Теңіз шыңындағы ауылдарда жас балалар өлімі көп, ересектер арасында сырқаттану басым. Әсіресе тыныс алу органдары мен жүйке, қан айналысы жүйесі, асқазан т. б. аурулары жиі кездеседі. Жұқпалы аурулар (ішек және сары ауру), қатерлі ісік, кеміс боп туушылық соңғы кезде көптеп кездесуде. Арал маңының экологиялық жағдайының бұзылуы жергілікті халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына да қатты әсер етіп отыр. Байырғы тұрғындар ата-баба жерінен амалсыз қоныс аударуда Арал проблемасына арналған бірнеше халықаралық конференциялар өтіп, Аралға көмектесу жолдары іздестірілуде 1988 жылы ХХ ғасыр «Бейбітшілік және экология» атты ақындардың халықаралық Арал қозғалысы өткізілді. Соңғы жылдары Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттері басшылары Аралды аман сақтап қалу жолдарын қарастыруда. Бұл шаралардан шет мемлекеттер де сырт қалуда. Өйткені бұл ғаламдық проблема. Ғалымдардың есептеуінше Арал теңізінің экологиялық дағдарысы бұрынғы Кеңестер Одағындағы «Чернобыль» апатынан кейінгі екінші орында. Қазіргі Арал теңізінің экологиялық жағдайы шет ғалымдарын да алаңдатып отыр. Қазіргі заман экологиялық тауқыметтерді адам қолымен жасап, бүкіл тіршілікке қауіп төндіріп келеді.
