- •1)Студент жастарға Білім және Тәрбие берудегі «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» пәнінің міндеттері мен маңызы
- •2)Хх ғ. Бас кезіндегі Қазақстанның әлеуметтік-эконмикалық жағдайы. Тәуелсіздік үшін күрестің алғышарттары
- •3) Ресей империясының қазақ жеріне қоныс аудару саясатының күшеюі. Столыпиннің аграрлық реформасы және ауыл шаруашылығы саласындағы жағдайдың күрт шиеленісуі
- •4) Хх ғ. Бас кезіндегі Қазақ жеріндегі өндіріс ошақтарының қалыптасуы ерекшеліктері және оның отарлық сипаты
- •6) Қазақ зиялыларының I және II-Мемлекеттік Дума жұмысына қатысуы және қызметі.
- •7)Қоғамдық сананы дүр сілкіндірген қазақ ұлттық зиялы қауымының қалыптасуы, құрамы, қоғамдық қызметі. Ұлт-азаттық қозғалыс идеологиясының қалыптасуы.
- •8)20Ғ. Бас кезіндегі қазақ ағартушылары: ерекшеліктері, мақсаты, тарихи тұлғасы.
- •9) Бірінші дүниежүзілік соғыс және Қазақстанда жалпы ұлттық дағдарысты күшеюі.
- •10) 1916 Жылғы ұлт-азаттық көтерілісі :себептері, қозғаушы куштері, барысы және негізгі кезеңдері
- •11) Ақпан буржуазиялық демократиялықреволюциясы және оның Қазақстанның қоғамдық саяси өміріне әсері. Қазақстандағы саяси биліктің өзгеруі
- •12) Ақпан революциясынан кейінгі Қазақстандағы саяси және діни партиялардың құрылуы
- •13) «Алаш» ұлттық партиясының құрылуы және бағдарламасы. Бүкілресейлік Құрылтай съезіне депуттатар сайлау. Алаш партиясының жеңісі.
- •14) Қазан төңкерісі және Қазақстандағы қоғамдық саяси өмірі. Қазақстанда Кеңестер билігінің орнауы
- •15.Алғашқы ұлттық автономиялардың құрылуы мен қызметі
- •16.Қазақстан территориясындағы Азамат соғысы және оның зардаптары
- •17. Ұлттық автономиядан таптық автономияға. Қырғыз (Қазақ) акср-нің құрылуы
- •18. «Әскери коммунизм» саясатынан жаңа экономикалық саясатқа көшу
- •19. Қырғыз (Қазақ) акср-нің территориялық шекарасын айқындауға командалық-әкімшілік шешімдер. Біртұтас Түркістан идеясының жеңіліске ұшырауы.
- •20.Қазақстандағы индустрияландыру және оның жүргізілуі бағытына қазақ қайраткерлерінің көзқарасы
- •21)Қазақстандағы ұжымдастыруды жүргізудің зардаптары.Қазақтардың шет мемлекеттерге ауа көшуі және олардың қасіретті тағдыры.
- •22)XX ғ. Ғ. 30-шы жылдарындағы республикадағы мәдени құрылыс.Мәдениет, білім, ғылым саласындағы кеңестік реформалардың қарама қайшылықтары.Қазақ халқының ұлттық және мәдени қайнарларының бұзылуы.
- •23)Республикадағы Сталиндік жаппай қуғын сүргіннің жүргізілуі.Қазақ жеріне көптеген халықтардың күштеп қоныс аударылуы және оның зардаптары.
- •24)Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰтзу-дың құрылуы, қалыптасу және даму тарихы.
- •25.Ұлы Отан соғысы басталуы мен негізгі кезеңдері
- •26) Соғыс аймағынан қазақ жеріне халықтарды, өнеркәсіп орындары мен мәдениет, ғылым ошақтарын көшіру және оны орнықтыру жолындағы қазақ халқының көмегі
- •27) Қазақстанда жасақталған әскери бөлімдердің Ұлы Отан соғысына қатысуы және ерлік жолдары
- •28) Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың тылдағы ерен ерліктері. Соғыс салдарынан қираған елді мекендерді қалпына келтірудегі қазақстандықтардың көмегі
- •30. Соғыстан кейінгі коғамдык-саяси жағдай
- •31. «Жеке басқа табынудың» шарықтауы және «Хрущев жылымығы». Одақ пен Республика басқарушыларының арасындағы қарым-қатынастардың қиыншылықтары. Орталықтың ұлттық мүддені елемеуі
- •32) Тың және тыңайған жерлерді игеру, оның қорытындылары мен зардаптары
- •33) Әлеуметтік-экономикалық жағдай: қарама-қайшылықар мен қиыншылықтар. Қазақстан экономикасының шикізаттық бағытының күшеюі(1965-1985жж)
- •34.Рухани және мәдени өмірдегі тоқыраулық құбылыстардың тереңдеуі. Экологиялық проблемалар және Арал қасіреті (1965-1985 жж.)
- •35.Ұлттық саясатты жүргізудегі Орталықтың әділетсіз шешімдерінің күшеюі. Целиноград оқиғасы. Қазақ тілінің қоланыс аясының шектелуі(1965-1985)
- •36.Тәуелсіздік жаршысы болған 1986 ж. Желтоқсан көтерілісі және оның тарихи маңызы.
- •38.Тәуелсіздік қарсаңындағы әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдай
- •39. Ксро-ның ыдырауының себептері және Тмд-ның құрылуы.
- •40. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы.
- •41. Тәуелсіз Қазақстандағы конституциялық-құқықтық реформаларды іске асырудың өзіндік жолы: қиындықтар мен тарихи шешімдер.
- •42.Қазақстан Республикасы рәміздерінің бекітілуі. Тарихи мәдени мұраларды қорғау және патриотизмді дамытудағы саяси рәміздердің рөлі мен маңызы.
- •43)Қр-ның қоғамдық-саяси өмірін демократияландыру жолындағы іс-шаралардың атқарылуы және саяси партиялардың қалыптасуы барысындағы қиыншылықтар мен қарама-қайшылықтар
- •44) Тәуелсіздіктің бастапқы жылдарындағы Қазақстан экономикалық дағдарыстың жағдайы және нарықтық қатынасқа көшу
- •45) Елбасының биылғы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жаңа экономикалық саясаты – Қазақстанның жаһандануға берген жауабы
- •47. Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау, спорт және дене тәрбиесән дамыту, саламатты өмір салтын қалыптастыру.
- •48. Елбасының «Қазақстанныі әлеуметтік жаңғыруы: Жалпыға бірдей Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасы (2012 ж). Елдің еңбек қуатын, адам капиталын дамыту стратегисы.
- •50. Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. «Интеллектуалды ұлт-2020» Президенттік бағдарламасы және оның маңызы.
- •2012 Жылдың бірінші жартыжылдығында Білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының негізгі индикаторларына қол жеткізу жөніндегі жүйелі жұмыстар жүргізілді.
- •52)Қазақстанның көп этностылығының қалыптасу тарихы және ұлтаралық келісімнің қазақстандық жолы
- •54)Қазақстанның ұлттық бірлігі доктринасы.
- •55)Қр-ның мдәени құрылысы барысындағы қиыншылықтары мен жетістіктері
- •57. Мәдениет саласына жаһандық өзгерістердің әсер етуі және ұлттық мәдениетті сақтау міндеттері.
- •58. Қазіргі Қазақстан терриоториясындағы діндер тарихы.
- •59. Қазіргі Қазақстан территориясындағы ислам мәдениетінің тарихы.
- •60.Конференциялық келісім және діни сенім бостандығының қазақстандық үлгісі
- •61. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы ұлттық тарихты ұлықтауға арналған іс-шаралар. Қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегіндегі ұлттық таризты зерделеу мәселелері.
- •63.Ұлттық тарих рухында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру.
- •65) Қазақ хандығының құрылуы. Қазіргі қр мемлекеттілігінің Қазақстан территориясындағы желгі мемлекеттік құрылымдардың ерекшеліктері
- •66.Қазақ халқының ауызша тарих айту дәстүрі мұрасының зерттелуі, оның ерекшеліктері мен маңызы
- •67. «Мәңгілік ел» идеясының тарихи бастаулары және бүгінгі тәуелсіздігімізбен сабақастығы
- •68. Мәңгілік елдің негізгі идеялары мен құндылықтары.
- •70. Қазақстан - әлем таныған ел.
- •75. Қр президенті н.Ә.Назарбаевтың – өмір жолы және қайраткерлік қызметі.
- •76)Қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың халықаралық тұрақтылық және бейбітшілік пен келісімді сақтаудағы рөлі.
- •78.Назарбаев н. Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму. (Елбасының 2016ж Қазақстан халқына жолдауы)
20.Қазақстандағы индустрияландыру және оның жүргізілуі бағытына қазақ қайраткерлерінің көзқарасы
Қазақстан индустрияландыру кезеңінде 1925 жылы желтоқсанда БК(б)П XIV съезінде белгіленген Кеңес Одағын индустрияландыруды жүзеге асыру ісіҚазақстанда бірқатар қиындықтарға кездесті, олар негізінен қазақ елінің бодандық өткенімен және әлеуметтік-экономикалық, мәдени өмірде артта қалуымен байланысты болды.
Бұл қиындықтардың көбі республикада халық шаруашылығын, әсіресе өнеркәсіп пен транспортты қалпына келтіру ісінің тым созылып кетуінен де күрделеніп, асқына түсті және осы жағдай Қазақстанның индустрияландыру жолымен табысты ілгерілеуі үшін басты кедергіге айналды.
1920-1921 жылдары жекелеген кәсіпорындар ғана қалыпқа келтіріле бастады, ал тұтастай алғанда бұл үрдіс 1922 жылдың екінші жартысында ғана өрістеді.Республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіруде 1923 жыл бетбұрыс кезеңіне айналды. Алдыңғы кезекте ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу кәсіпорындары қалпына келтірілді, оған 1922 жылы алынған егіс өнімділігі ықпал етті. Қостанай, Орал және Семей губернияларында, Павлодарда т.б. қалаларда ірі диірмендер іске қосылды, бұл ұн тарту өнеркәсібін жедел қалыптастыруға жағдай жасады. Солтүстік Қазақстанда май шайқау зауыттары жұмыс істей бастады, жаңадан 20 май зауыты салынды. Тамақ өнеркәсібінің басқа салаларында да ілгері басушылық байқалды, мәселен, 1923 жылғы тамызда ірі мөлшердегі күрделі қаржыны қажет етпейтін Илецк және Коряковск тұз шығару кәсіпшіліктері қайтадан жұмыс істей бастады.
Баяу болса да, республиканың оңтүстігінде мақта тазарту зауыттарының, жеңіл өнеркәсіптің тері илеу, жүн жуу т.б. кәсіпорындарының жұмысы жанданып келе жатты. Петропавлдағы қалпына келтірілген пима басу, қой терісін өңдеу, тері илеу және шойын құю зауыттары 1923 жылы біртұтас кәсіпорынға біріктіріліп, өнеркөсіп комбинаты құрылды. Алматыда, Шымкентте және Талғарда тері илеу зауыттарының жұмысы жандана бастады.
Ауыр өнеркәсіп кәсіпорындарын қалпына келтіру ісінде де кейбір игі қадамдар жасалды. Мұнай өнеркәсібі бәрінен жеделірек қатарға қосылды: Ембі жәнеДоссор көсіпшіліктері 1925 жылдың өзінде 1913 жылғы деңгейден асып түсті. Өндірісті техникалық жағынан қайта құру ісі жүргізілді, мұнай өндіруге тереңнен соратын насостар қолданылды, кәсіпорындарды электрлендіру өріс алды, жабдықтар жаңартылды, кең барлаудың геофизикалық әдістері пайдаланылды.Полиграфиялық өнеркәсіп те біршама ілгері басып, соғысқа дейінгі деңтейге тез көтеріліп келе жатты, осының нәтижесінде қазақ және орыс тілдеріндегі газеттер басылымы көбейді.
Риддерде шахталарды, рудниктерді, байыту фабрикаларын, электр стансаларын, теміржолды, басқа да нысандарды қалпына келтіру жөнінде біршама жұмыстар атқарылды, алайда жабдықтар мен ақшалай қаржының жетіспеушілігінен бұл кәсіпорындар техникалық күзет жағдайына көшіріліп, 1925 жылы ғана Риддер кәсіпорындарын қалпына келтіру жұмыстары қайтадан қолға алынды. # Қарағанды және Екібастұз көмір өндірістері, Спасск зауыты, Успен кең орны және басқа да тау-кен өндірісі орындары мен тау-кен зауыттарының кәсіпорындары тоқтап тұрды. 1925 жылдың аяғында ғана Қарсақбай мыс балқыту зауыты мен Байқоңыр — Қарсақбай-Жезқазған тар табанды теміржолын қалпына келтіру жұмыстары басталды.
Жаңа экономикалық саясат жағдайларында өнеркәсіпті басқару жүйесі жетілдірілді, Бүкілодақтық халық шаруашылығы кеңесінің (БХ ШК) Республикалық өнеркәсіптік бюросы Халық шаруашылығының орталық кеңесі (ХШОК) болып қайта құрылды, ал кәсіпорындар бағыныштылық сатысына қарай одақтық, ресейлік, аралас-федеративтік, республикалық және губерниялық (жергілікті) болып бөлінді. Неғұрлым ірі кәсіпорындар негізінде шаруашылық есеп жүйесі бойынша, кеңестік трестер атанған бірлестіктер құрылды. Орал-Ембі мұнай тресі, «Алтайполиметалл» тресі, Атбасар түсті металдар тресі, «Золоторуда» тресі (Қостанай аумағындағы алтын кең орындарының тобы) одақтық маңыздағы кәсіпорындарға айналды. Екібастұз және Риддер кәсіпорындарын РКФСР Бүкілодақтық халық шаруашылығы кеңесінің (БХШК) мандаты негізінде Қазақстанның Халық шаруашылығының орталық кеңесі (ХШОК) басқарды. Осы кеңестінтікелей басшылығына Илецк тұз тресі, Павлодар тұз тресі, «Южно-Урал-золото», «Ақжал золото» трестері, Орынбор және Петропавл тері-елтірі трестері, Қазақстан балық тресі берілді. Жыл өткен сайын Қазақстанның үлкенді-кішілі кәсіпорындарына, әсіресе өнімдері КСРО-ның индустриялық жағынан дамыған аймақтарына жөнелтіліп отыратын өнеркәсіптің өнім өндіруші салаларына (мұнай, түсті металлургия және т.б.) орталықтың басшылық ықпалы күшейе берді. Қазақстан экономикасының шикізаттық бағыты барған сайын айқындала түсті.
Транспортқа ерекше көңіл бөлінді, себебі оның жұмысын дұрыстап жолға қоймай, жаңа экономикалық саясаттың негізгі міндетін — қала мен ауыл, өнеркәсіп орындары мен ауыл шаруашылығы арасындағы экономикалық байланыстарды қалпына келтіру мақсатын жүзеге асыру мүмкін емес еді. Республиканың негізгі теміржол арқауы — Орынбор —Ташкент күре жолына көп мөлшерде паровоздар мен вагондар, отын-көмір, ТЖХК (Теміржол халық комиссариаты) салғыртынан жиналған әр түрлі материалдар бөлініп, кәсіби біліктілігі жоғары теміржол мамандары, көлік-тасымал шаруашылығының білікті басшылары жіберіліп отырды. Жетісу теміржолының Луговой стансасына, одан ары Пішпек стансасына дейінгі жалғасы, Петропавл – Көкшетау жолы, сондай-ақ Оңтүстік-Сібір магистралінің Славгород — Құлынды - Павлодар желісі және т.б. сияқты жаңа жолдар, әсіресе «астық желілері» жедел салынды. Бастапқы екі желіЖетісу мен Солтүстік Қазақстаннан елдің орталық аймақтарына астық тасуға, ал соңғысы Коряков кәсіпшіліктерінен тұзәк етуге арналды.
Алайда Қазақстанда оның отар ел болған кезеңінен қалған экономикалық артта қалушылығының, құрал-жабдықтардың, ақшалай қаржының және білікті мамандардың жетіспеушілігінің, сондай-ақ жергілікті қиындықтардың себебінен өнеркәсіп пен транспорты қалпына келтіру ісі баяу қарқынмен жүргізілді, бұл кезең 1927 жылдың аяғына дейін жалғасты.
Түсті металлургия саласында оның барлық кәсіпорындарының 60%-ынан астамы жұмыс істеді. 1926 жылдың қарсаңында республиканың өнеркәсібі 1913 жыл деңгейінің 61%-ына ғана, ал ауыл шаруашылығы 82,9%-ына жете алды.
Сөйтіп, Қазақстандағы өнеркәсіп пен транспорты қалпына келтіру ісі еліміз индустрияландыруға көшіп жатқан кезде аяқталды. Сол кезге дейін өнеркәсіп пен транспорттағы мемлекеттік сектор едәуір нығайып, дами бастады. Мемлекет иелігіне алынған жеке меншік кәсіпорындар негізінде пайда болған бұл сектордың Қазақстандағы бүкіл өнеркәсіптегі үлес салмағы 64%-на, ал ірі өнеркәсіпте 97,2%-ға жетті. Барлық теміржол желілері, сондай-ақ кемешілік ісі, кеме айлақтарын т.с.с. қосқандағы ірі су жолдары мемлекет меншігінде болды. Жеке меншіктік секторды дамытуға және сауда еркіндігіне жол беретін жаңа экономикалық саясат жағдайында Қазақстанда басқадай экономикалық құрылым айтарлықтай дамымады.
Солай дегенмен де, бұл кенже қалған, революцияға дейінгі, отарлық деңгей болатын, ол Қазақстанның дамуына индустрияландыру жағдайында берік те дербес негіз бола алмас еді, ал жана экономикалық саясат жағдайында жұмыс істеген өнеркәсіп орындары мен теміржолдар техникалық жағынан артта қалушылық, өндірісте және азық-түлік пен шикізаттарды тасымалдау ісінің мейлінше ала-құлалығы, жол қатынастарының әлсіздігі, кейде заманға сай жол қатынастарының болмауы себептері нәтижесінде 20-жылдардың екінші жартысында — 30-жылдарда Мәскеудің, Ленинградтың, Донбастың, Оралдың, КСРО-ның басқа да дамыған аймақтарының кәсіпорындары сияқты жергілікті «индустрияландыру құралы» бола алмады. Оның үстіне ескі кәсіпорындар мен теміржолдарды техникалық жағынан жаңғырту немесе оларды жаңадан салу бағытындағы алғашқы қадамдарға жергілікті тұртындар арасында білікті жұмысшылардын болмауы, ақшалай қаржының, құрылыс материалдарының жетіспеушілігі т.б. тікелей кедергі болып отырды.
Қазақстанның индустриялық дамуын тежеген қиындықтардың бірі - оның аумағының геологиялық тұрғыдан аз зерттелуі еді. Төңкеріске дейінгі уақыттардың өзінде көмірдің, мұнайдың, түсті металдардың, басқа да пайдалы қазбалардың аса бай қоры бар кең орындары туралы мәліметтер көп болғанымен, Кеңес өкіметіне дейін жер аумағының 94%-ы мүлде зерттелмеген болатын. Алғашқы бесжылдық жоспар жасалған уақытта сол кен орындарының көпшілігі «ақтаңдақ» денгейінде қалды, жергілікті жоспарлау органдарының әлсіздігі де бұған себеп болды. Осы және басқа да кемшіліктер себебінен КСРО-ның алғашқы бесжылдық жоспарында Қазақстанның мұқтаждыкқары мен мүмкіндіктері тиісті деңгейде ескерілмеді. Сондықтан да КСРО-ның Еңбек және Қорғаныс Кеңесі мен Халық Комиссарлары Кеңесінің 1930 жылғы 1 қыркүйектегі қаулысында «халық шаруашылығы құрылысының бесжылдық жоспарында Қазақ АКСР-нің мұқтаждықтары мен онын құрылысындағы мүмкіндіктер толық есепке алынбаған»,[1]. - деп атап өтуі кездейсок емес. Осыган байланысты КСРО-ның бесжылдық жоспарында көбінесе елдін негізгі табиғи қорларының толық зерттелмеуі, әсіресе өнеркәсіптік бағытта бағамдалмауы кең көлемді зерттеулерді, ізденістер мен барлауды Қазақстанның өнеркәсіптік жоспарының аса маңызды сипатына айналдырады, бұл жұмыстар келесі бесжылдықта салынатын құрылыс нысандарын даярлап қана қоймай, сонымен бірге осы бесжылдыққа белгіленген іс-жоспарларды жүзеге асыруды жалғастыруға, нақтылауға, түбегейлі есепке алуға тиіс»,[2]. - деп ерекше атап өтілді.
Ф.И. Голощекинді И.А. Зеленский қоштап: «Республикалардағы шаруашылықты тұйық шаруашылық жүйе сияқты құру бағыты тұтас алғандағы социалистік шаруашылықты өркендету көзқарасымен қарағанда зиянды және қауіпті, - деп дәлелдеді ол, - ...Тұйық шаруашылық идеясын жақтаушылар бізге таптық жағынан жау пиғылдағы элементтер болып табылады. Орта Азиядағы шаруашылықты дербес дамытудың идеологы — белгілі панисламдық қайраткер Мұстафа Шоқаев».[30].
С. Сәдуақасов өз кезегінде Ф. И. Голощекин мен И. А. Зеленскийдің дөрекі сипатта саясиландырылған ой-пікірлері мен айыптауларына қолда бар шикізат базаларында жаңа кәсіпорындарды тұрғызудың шаруашылық мүддесі жағынан дұрыстығы, теміржолдардағы қосалқы тасымалдарды жою қажеттігі туралы дәлелдерін қарсы қойды. Сәдуақасов «Өлке комитеті хатшысымен «теориялық айтыстың ұлт өкілі үшін үмітсіз іс екенін» мойындай отырып, Голощекин көзқарастарындағы «айқын келеңсіздіктерді» көрсетуден тайынбады. «Шаруашылықтың мүддесі жолындағы жөн-жоба өзі ұсынған топшылауын қолдайтынын» (кәсіпорындарды шикізат көздеріне жақынырақ орналастыру қажеттігі туралы) көрсете отырып, Сәдуақасов: «Голощекин өнеркәсіпті ауыл шаруашылығының артына апарып тіркемекші, сөйтіп, Қазақстанның мәңгі шаруа қамытын киген ел болуын қалайды» деп жазды. Экономикалық тиімді жайттарға сүйене отырып, ол мынадай сауал тастайды: «Голощекин жолдас жүн жуатын жерден неліктен әрі бара алмайды, дұрысы барғысы келмейді? Сол жерде шұға фабрикаларын ұйымдастыру ісі өзінен-өзі сұранып тұр. Жуылған жүнді апарып, одан соң сол жүннен жасалған «мәскеулік» шұғаны қайта әкеліп жүргенше, Қазақстаннан дайын шұғаны бірден алып кету теміржолдардың өзіне жақсы ғой»
