- •Көне түркі ескерткіштері.
- •Сұхбаттасудан қалайөтеміз?
- •Нобель сыйлығы және оның лауреаттары.
- •Нанотехнология
- •Әбілхан Үмбетов
- •Күлтегін ескерткіші.
- •Жарнама және оның түрлері
- •Шапық Шөкин
- •Олжас Сүлейменов
- •Дінмұхамед Қонаев
- •1942-1952 Жылдары Қазақ кср Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары болып қызмет етеді. Д. Қонаев республика ғылымының дамуы жолында зор еңбек сіңіреді.
- •Альфред Нобель
- •Халықаралық ұйымдар
- •Біріккен ұлттар ұйымы
- •Ел үміті – қоғам қайраткері
- •Мұхамеджан Тынышбаев
- •Қазақстанның жеті кереметі
- •Басшының басқару стилі
- •Ғылым – инновациялық экономиканың негізі
- •Аңдатпа
- •Іскерлік қарым-қатынас мәдениеті.
Күлтегін ескерткіші.
Түркі халықтарының көне дәуірдегі ұзақ ғасырлық мәдени мұраларының бірі - Күлтегін ескерткіші. Күлтегін ескерткіші қазіргі Монгол Республикасының астанасы Улан-Батордың бытысындағы орналасқан. Оның биіктігі – 3,15 метр, ені – 1,24 метр, қалындығы – 0, 41 метр. Күлтегін ескерткіштің негізгі бетінде 40 жол жазу бар, ол ескерткіштің сол жақ бетіндегі 13 жол – жазудың жалғасы. Күлтегін жыр жызуы 53 бөлімнен тұрса, соның 27-ден 53-ке дейінгі жазулары, Күлтегіннің батырлығын мағлұмат береді.
Күлтегін ескерткіштің көшірмесі 2001 жылы 18 мамырда Астанадағы Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде орнатылды.
Жарнама және оның түрлері
Жарнама (франц. reclame, лат. reclamo – жар саламын) – тауарлардың, қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру және оған деген сұранысты көбейту. Жарнаманың мақсаты – ақпарат беру, сұранысты жоғарылату, фирманың имиджін көтеру.
Жарнаманың түрлері көп. Олар: сату орнындағы жарнама, институционалдық (жақсы пікір қалыптастыру мақсатында) жарнама, хабарламалық жарнама, сауда және көлік жүйесіндегі жарнама, көше жарнамасы (плакат, афиша), ауызша жарнама, баспалық жарнама т.б.
Жарнамалар мәтіні қысқа, түсінікті, мағыналы әрі тартымды болу керек. Сонда жарнаманың сапасы жоғары болады.
2003 жылы 19 желтоқсанда ҚР-ның Жарнама туралы Заңы қабылданды. Ол Қазақстанда жарнама жасау, тарату, пайдалану простарді реттейді.
Шапық Шөкин
Шапық Шөкіұлы Шөкин (1912-2003 ж.ж.) – энергетик, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы.
1937 жылы Омбының С.М.Киров атындағы ауылшаруашылық институтын бітірді. Ол 1944-1950 жылдары Іле өзенінің суы мен энергетика қорын пайдалану мәселесін зерттеді, Қапшағай бөгені мен Қапшағай су электр станциясын салу ісіне үлкен үлес қосты. Ертіс-Қарағанды каналының салынуына себепкер болды.
Ш. Шөкин Қазақстан отын-энергетикалық кешендерінің қалыптасу жолдарын анықтады. Шапық Шөкин – 400-дей ғылыми жұмыстардың, оның ішінде 22 монографияның авторы. Негізгі еңбектері энергетика және су шаруашылығының болашақ дамуы мен отындық энергетиканың баланс мәселелеріне т.б. арналған.
2000 жылы ғылымға қосқан үлесі үшін «Тарлан» сыйлығы берілді.
Олжас Сүлейменов
Олжас Сүлейменов – ядролық сынаққа қарсы «Семей-Невада» қозғалысының, Халық Конгресі партиясының лидері, Қазақ КСР Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1967 ж.), Қазақстанның Халық жазушысы (1992 ж.), Қазақстан Меценаттар клубының «Тарлан» сыйлығының лауреаты (2000 ж.).
Туындыларын орыс тілінде жазады. Өлеңдері мен поэмаларының алғашқы жинағы – «Арғымақтар» (1961 ж.) шыққаннан кейінгі жылдардан бері «Адамға табын, Жер, енді» өлеңдері. Кинодраматургия, әдеби зерттеу саласында да еңбек етіп жүр.
Әзірбайжан Республикасының «Шухрат» орденімен, Украинаның «Ярослав Мудрый», Шешен Республикасының, Францияның және Ресейдің «Достық» ордендерімен марапатталған.
