- •1.Психологияның пәні, міндеттері және қызметтері.
- •2.Психологияның даму кезеңдері.
- •3. Психологияның дербес ғылым ретіндегі қалыптасуы.
- •4. Психика. Адам психикасының құрылымы. Психика дамуының негізгі кезеңдері.
- •5. Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орны. Психологияның өзге ғылымдармен байланысы. Психологияның зерттеу әдістері.
- •6. Қазіргі психологиялық мектептер.
- •7. Түйсік - шындықты бейнелеудің алғашқы формасы.Түйсіктің түрлері мен рефлекторлық табиғаты.
- •8. Зейіннің түрлері мен қасиеттері. Зейін теориялары.
- •12.Ес және оның түрлері. Ес процестеріне жалпы сипаттама. Есте сақтау және оны жақсарту жолдары.
- •13.Танымның жоғарғы баспалдағы ретіндегі -ойлау және оның сөйлеумен байланысы
- •14.Ойлау туралы түсінік. Ойлаудың түрлері, формалары және тәсілдері.
- •16.Эмоция және сезімдер жайлы жалпы ұғым. Эмоция мен сезімнің түрлері мен қызметтері.
- •18.Темперамент типтері және оларға психологиялық сипаттама. Темперамент типтері жайлы ілімдердің даму тарихы.
- •19.Ерік және мотив туралы жалпы түсінік. Еріктік қозғалыстарға талдау. Ерік және мотив туралы жалпы түсінік.
- •20.Психологиядағы іс-әрекет туралы ұғым. Іс - әрекеттің даралық стилі.
- •21. Тұлға түсінігі және оның құрылымы. «Адам», «дара адам», «тұлға» ұғымдарының мәні. Тұлғаның бағыт-бағдары.
- •22. Тұлға қабілеттері мен оның түрлері. Нышан және қабілет. Қабілет дамуының шарттары
- •23.Мінездің түрлері, типтері және формалары.
- •24.Мінез-құлық акцентуациясының типтері.
- •27. Сөйлеу туралы түсінік, және оның қызметтері. Ішкі сөйлеу және оның негізгі ерекшеліктері.
- •28. Қарым-қатынас туралы ұғым. Қарым-қатынастың түрлері мен қызметтері.
- •29. Қабілет туралы түсінік, қабілеттің түрлері. Қабілеттің сапасы мен деңгейлері.
21. Тұлға түсінігі және оның құрылымы. «Адам», «дара адам», «тұлға» ұғымдарының мәні. Тұлғаның бағыт-бағдары.
Тұлға — жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі. Тұлға психологияда өзінің өмір жолын белгілей алатын, қайталанбас даралық ерекшелігін сезінетін субъект. Тұлға адам ұғымынан гөрі нақты мағынаға ие. Өйткені адам тұлғалық сипатты иелену үшін өз “менің” өзге “меннен” ажыратып, есейіп, өз бетінше дербес әрекет ету мүмкіндігін ашуы керек. Яғни, белгілі бір мәнді іспен айналысатын, азды-көпті білімі, өмірлік тәжірибесі, дүниетанымы мен сенімі бар адамды тұлға деп атайды.
Тұлғаның әлеуметтік-психологиялық құрылымы.
Тұлға құрылымын К.К.Платонов төрт құрылымшадан тұратынын белгіледі:
1) Тұлға бағыты мен қатынасындағы құрылымша: ниет, қызығушылық, бейімділік, идеялары, көзқарас, дүниетанымы, сенімі, құштарлығы жатады.
2) Тұлғаның жеке әлеуметтік тәжірибесі. Оған адамның білімі, дағдысы, білігі мен әдеті жатады.
3) Адамның психикалық процестердегі жеке ерекшелігі – яғни, ес, қабылдау, түйсіну, ойлау, қабілеттерінің жеке көріністері.
4) Құрылымшадағы биологиялық негізділік – тұлғаның типологиялық,жас ерекшеліктік, жыныстық өзгешеліктері енеді.
Платонов пікірінше, құрылым құрылымшаларының өзіндік үлес салмақтары бар. Биологиялық,психологиялық процесс,әлеуметтік тәжірибе сияқты үш құрылымша жалпы психологияға топталған,тек бағыттылық қана әлеуметтік психология үлесіне қалған.
А.Н.Сухов, А.А. Деркач тұлғаның әлеуметтік-психологиялық құрылымына мыналарды, жатқызды:
ментальдық, құнды-мәнділік өрісі, себептілік өрісі (бағыттылық, өмірлік мақсат, жоспар, өмірлік жол);
когнитивтік сипат (әлем суреті); «Мен сипаты» («Мен» тұжырымы», «Мен – образы», өзіне қатынасы, өзін бағалауы); тексеру локусы; тұлғаның статусты-рольдік сипаты; тұлғаның эмоциональді психикалық күйі мен әлеуметтік сезімі. Осылардың кейбірін ғана қарастырайық. «Мен» - бұл тіл мен ойлау негізінде қарым-қатынаста қалыптасумен болатын тұлғаның өзіндік санасы.
«Мен-образ» - біздің өзіміз туралы біліміміз, өзіміз туралы не ойлайтынымыз.
Өзіндік баға саналы сипатында өзін-өзі сыйлау формасы болады. Өзіндік баға шындыққа сай болғанда «Мен-образ» өзін-өзі бекіту мен өзіндік жетілуге жақын болады. Имидж – бұл «Мен-сырты»: адамның өзін сыртқа көрсетуі, айналасындағыларға қандай әсер қалдыруы.
Тексеру локусын (латынша Lokus – орын) американ ғалымы Д.Роттер ұсынған. Мұны түсінудің екі типі бар. Олар:интернальді және экстремальді .Интернальді типтегі адам өз ісінің нәтижесі жеке сапалығы: жетік білушілік, мақсатқа талпынушылық, жеке қабілеттілікке байланыстылығына сенімд. Экстремальді типтегілер – жеңісі (сәтсіздігі) сыртқы күш көмегі немесе айналадағылардың қысымы деп есептейтіндер.
Тексеру локусы ерекше жеке сипаттама болып табылады. Нәтижесінде адам әлеуметтік проблемаларды дұрыс құбылыс ретінде қарап, оған бейімделеді немесе керісінше де болады. Әлеуметтену мазмұнын бағалағанда, тұлғаның нақты жағдайға бейімделуімен емес, өркениет пен мәдениет, жалпы адамзаттық образбен өмір сүру сияқты әлемдік стандартпен қараған жөн.
