- •Экология емтихан
- •1.Экология пәні оны негізгі мақсатын жазыңыз
- •2.Экологияның қазіргі құрылымына түсініктеме беріңіз:аутэкология,демэкология,синэко0логия
- •3.Экологияның зерттеу әдістерін жазыңыз
- •4.Экологиялық факторлар және олардың жіктелуін атап корсетіңіз.
- •5.Ю.Либихтің «Минимум заңына» түсінік беріңіз
- •6.Жер бетіне және жер астына суларының негізгі ластаушы көздері және судың эвтрофикациясын түсіндіріңіз
- •7.Арал дағдысы.Себебі және салдарын түсіндіріңіз
- •8.Судың химиялық,физикалық және биологиялық ластануының адам денсаулығына әсерін түсіндіріңіз
- •9.Жер бетінде халықтың санының өсуінің схемасы,экологиялық салдарын түсіндіріңіз
- •10. Қызыл кітап,оның маңызын түсіндіріңіз
- •11.Қоршаған ортаның химия және металлургия өндірістерінің қалдықтарымен ластануы
- •12.Қоршаған ортаның биологиялық ластануына сипаттама беріңіз
- •13. Атмосфераның экологиялық мәселелерін түсіндеріңіз
- •14.Тұрақты даму теориясы, стратегиялық құжаттарды атап көрсетіңіз
- •15.Қазасқтан Республикасының тұрақты даму саясатының болашағын түсіндіріңіз
- •16.Популяциялық экология-демэкология туралы түсінік беріңіз
- •17. Қауымдатық экология-синэкология туралы түсінік беріңіз
- •18.Биоценоз, биогеоценоз,экожүйе ұғымдарына анықтама беріңіз
- •19.Энергия ағыны және қоректік тізбектерге мысал келтіріңіз
- •20.Қазіргі кезеңдегі экологиялық негізгі дамту бағыттарны көрсетіңіз
- •21.Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктер түрлері
- •22. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген жануарлар түрлері
- •23.Биологиялық ластаушылардың адам денсаулығына әсерін көрсетіңіз
- •24.Тасқын және су басу нәтижесінде пайда болған инфекциялық аурулардың таралу жолдарын түсіндіріңіз
- •26.Қазақстанның экологиялық жағдайлары. Мысал келтіріңіз
- •27.Табиғи ресурстар және оларға сиапттама беріңіз
- •28.Биосферадағы күкірт айналымын схема түрінде көрсетіңіз
- •29. Биосферадағы азот айналымын схема түрінде көрсетіңіз
- •Аммонификациялау
- •Мочевник
- •30.Қышқыл жаңбырлардың пайда болуын түсіндіріңіз
- •31. Топырақты антропогенді ластаушыларына сиапттама беріңіз
- •39. Қазақстан Республикасының ұлттық саябақтары.Олардың қызметін жазыңыз
- •Баянауыл ұлттық саябағы
- •44. Климаттың өзгеруі және «парниктік эффектісін» түсіндіріңіз
- •45. Қазақстанда ядролық қаруды сынаулардың салдарын түсіндіріңіз
11.Қоршаған ортаның химия және металлургия өндірістерінің қалдықтарымен ластануы
Химия өнеркәсібі халық шаруашылығының қажеттілігін қанағаттандыру үшін көптеген өнім түрлерін шығарады және олар – химия, мұнай химиясы, агрохимия, микробиология салалары бойынша жалпылама бөлінеді. Өнім түрлерінің әрқилылығы, қолданатын технология мен шикізат түрлерінің әркелкілігі, атмосфералық ауаның, су бассейндері мен топырақтың ластануына тікелей себепті. Өндірістің сарқынды сулары мен қатты, газ күйіндегі қалдықтары – орасан зор көлемімен, жоғары токсикалығымен ерекшеленеді.
Қазақстандағы химия және металлургия салалары бойынша негізгі ірі кәсіпорындар - Өскемен, Лениногорск, Балқаш, Жезқазған, Теміртау, Қарағанды, Ақтөбе, Шымкент, Тараз қалаларында орналасқан. Бұл қалалардағы ауаның ластану деңгейі, жүйелі түрде жоғары болу тенденциясы байқалады және негізгі ластағыш заттар қауіптілігі жоғары класқа жатады. Аэрокосмостық мәліметтер бойынша, аталған кәсіпорындардың әсер ету аймағы, ластану көзінен 60 км қашықтыққа дейін созылуы байқалады және қалалардың көпшілігінде ауыр металдардың мөлшері, зияны жоқ жоғары концентрация (ЗЖЖК) деңгейінен бірнеше есе асып түседі.
Соңғы кездері, қоршаған ортаға тасталатын зиянды қалдықтар мен тастанды заттардың мөлшері біршама азайды; ол негізінен, өндіріс қарқынының төмендеуіне және аздап болса да табиғат қорғау шараларын жүргізуге байланысты.
Химия-металлургия өнеркәсібінің, атмосфераға негізгі зиянды заттарды шығаратын өнеркәсіп орындары қатарына – қышқылдар өндірісі (күкірт, азот, тұз, фосфор т.б.), резинотехникалық бұйымдар, фосфор, пластикалық массалар, синтетикалық каучук, минералды тыңайтқыштар, еріткіш (ацетон, толуол, фенол, бензол), мұнай крекинг, бояғыш және жуғыш заттар өндірісі, глинозем, алюминий, мыс, қорғасын, мырыш өндірісі мен байыту фабрикалары кіреді.
Тасталатын зиянды қалдықтардың ішінде, химия-металлургиялық зауыттардан басқа, азот оксиді мен күкірт диоксиді, көміртек оксиді агрохимия өнеркәсібінің, мазут күлі – микробиология өнеркәсібінің, күкіртсутек, күкірткөміртек - химиялық талшықтар, аммиак – агрохимия, олефиндер – синтетикалық каучук, бензин – шина өнеркәсіптерінің үлесіне тиесілі. Түсті металлургия кәсіпорындарының сульфидті кен мен концентраттарды пирометаллургиялық жолмен өңдеуіне байланысты, құрамында күкірті бар газдардың орасан зор мөлшері түзіледі. Газдар мен шаң-тозаңдарды тазалау дәрежесінің төмендегіне байланысты, аталған зиянды заттар қоршаған ортаны ластауын жалғастыруда. Күйдіру, жағу, кептіру пештерінен, агрегаттардан, конверторлардан, қоймалардан, майдалағыш-үгіткіш қондырғылардан, агломерациялық машиналардан бөлінген улы газдар интенсивтілігі жөнінен де, көптүрлілігі жөнінен де алдыңғы қатарда тұр. Кәсіпорындардың сарқынды, шайынды сулары минералды заттармен, флотореагенттермен (цианидтер, ксантогенаттар, мұнай өнімдері т.б.), ауыр металдардың тұздарымен (қорғасын, мыс, мырыш т.б.), сульфаттармен, хлоридтермен, мышьякпен, фтормен, сынаппен т.б. қаныққан.
12.Қоршаған ортаның биологиялық ластануына сипаттама беріңіз
Табиғи ортада химиялық және радиациялық ластанулардан басқа адамда әртүрлі ауру туғызатын биологиялық ластаушылар да кездеседі. Биологиялық ластаушылар ауру туғызатын микроағзалар, вирустар, құрттар, қарапайымдылар жатады. Олар ауада, суда, топырақта тірі ағзалардың және адамдардың ағзасында кездеседі.
Жер бетіндегі 1 500 000 жануарлардың, 50 000 жуығы паразиттік тіршілік етеді, соның ішінде 500-дей түрі адам апарзиті болып есептеледі. Адам паразитінің көбісі ауру тудыратын жәндіктер. Иесінің денесінде тіршілік етуіне қарай паразиттер: уақытша және тұрақты болып бөлінеді. Уақытша паразиттер иесінің денесінде тамақ керек болғанда ғана пайда болады. Оларға: сүліктер, кенелер, масалар, бүргелер жатады. Ал, тұрақты паразиттердің иесі тек азық үшін ғана емес, тіршілік ететін ортасы. Оларға: безгек, плазмодия, аскаридалар, қышыма қоздырғыштары жатады.
. Табиғи ортаға биологиялық зиянды заттар шығаратын кәсіпорындардың қалдықтары су объектілері мен атмосфера арқылы таралады. Жыл сайын, салалық кәсіпорындар атмосфераға 50 мың тоннаға дейн зиянды заттарды тастап отырады. Биологиялық ластануға ықпал ететін негзгі зиянды заттар: күкірт диоксиді, көміртек оксиді, метил спирті, сірке қышқылы, аммиак, ацетон, күкірт қышқылы, формальдегид, ванадий тотығы, толуол т.б. Атмосфераға шығарылатын биологиялық өте зиянды заттар қатарына – белок-витамин концентраттарын, белокты жем, ферментті препарттар шығаратын кәсіпорындардың белокты шаңдарын жатқызуға болады. Олар, қауіптілігі жөнінен ІІ класты құрайды және тыныс алу органдарына ерекше зиянды.
Микробиологиялық өнімдердің синтезі, негізінен екі технологиялық процестен тұрады: ферменттеу және дайын өнімді бөліп алу. Ферментация кезеңінде ферменттер-ыдысқа су құйылып, микроорганизмдердің дамуын тездететін тұздар қосылады. Биологиялық өндіріс орындарының сарқынды сулары да, қошаған ортаға залалды заттардан кенде емес. Биомассаны қоюландыру, бөлу, газды ауаны ылғалды тазалау, қондырғыларды жуып-шаю, т.б. кезінде қолданылған су құрамында әдетте азот, фосфор қосылыстары, фурфурол, метанол, сульфаттар, хлоридтер көп мөлшерде болады.
