Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экология емтихан.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
132.43 Кб
Скачать

31. Топырақты антропогенді ластаушыларына сиапттама беріңіз

Аадамдар мен олардың шаруашылығы жер бріне тікелей және жанама зор ықпал-әсерін тигізіп келеді. Егер де жылына ауаға дүние жүзі бойынша 1 млрд тонна деңгейінде шамамен 15 млрд т ластағыштар енгізіліп отырса жерге түсетін техногенді қалдықтардың мөлшері 90 млрд т. Кейбір ғылыми мәліметтерге сүйенетін болсақ ХХ ғасырдың 90-шы жылждарының аяғына жерде жинақталған қалдқтар көлемі 4000 млрд тоннаға дейін көтерілген. Топырақтың ластануына байланысты қазіргі уақытта құрлықтың жартысында жуығын антропогендік ландшафт алып жатыр. Ғалымдардың арасында тараған пікір бойынша дүние жүзіндегі шөлдердің барлығының шығу тегі де антропогендік. Антропогендік шлдің аумағы жылдан жылға үнемі ұлғаюда оның көлемі қазірғі шақта 10 млн км-ден асып отыр бұл бүкіл құрлықтың 7 процентін құрайды.

Топырақты ластайтын компоненттерге қарай топырақтың ластануының түрлері:физикалық,химиялық және биологиялық болады

Физикалық ластану-радиоактивті заттармен байланысты.

Биологиялық ластану-ауру тудыратын және басқада жағымсыз жағдайларда итеретін микроорганизмдердің қоршаған ортада болуы.

Химиялық ластануы- топырақта тірі организмдерге қауіп туғызатын химиялық заттардың жиналуы

Түсті металл кендерін алу,байыту және таза металдар алу процестерінен шыққан өнімдермен және қалдықтармен топырақ көп ластанады.Ауыр металдардан топырақтың ластануының зардабы тұрақты болып келеді. Түсті металлургия кәсіпорындардының маңындағы топырақта қорғасын мен басқа ауыр металдардың мөлшері нормадан 10-20 есе асып отырған жерлер белгілі.

32.Ағзалардың тіршілік ортасы және бейімделу механизмдеріне түсінік беріңіз

33.Экожүйенің тіршілік деңгейіне түсінік беріңіз

34.Атмосфералық ауаның табиғи және антропогенді ластануына түсініктеме беріңіз

35.Судың негізгі қасиеттері мен жердің су ресрстарына түсініктеме беріңіз

36. Экологиялық қауіп-қатер туралы түсінік беріңіз

37. Қоршаған ортаны әртүрлі нысандарындағы ластаушылардың гигиеналық нормалау шарттары

38. Қазақстан Республикасының ұлттық қорықтары.Олардың қызметін жазыңыз

Ақсу-Жабағылы, 1926 жылы құрылған, ертеден келе жатқан қорық. Талас Алатауының солтүстік-батыс бөлігін алып жатыр (оңтүстік Қазақстан облысы). Ауданы 73 мың га. Территория құрамында тұрғын жерлер жоқ. Физико-географиялық ерекшеліктеріне байланысты екі бөлікке бөлінеді. Бес өсімдік белдеулеріне бір мыңнан астам өсімдіктер, құстардың — 130-дан астам түрлері, сүтқоректілерден арқарлар, маралдар, суырлар және т.б. кіреді.

Барса-келмес. Арал теңізінің солтүстік бөлігінде Барса-келмес аралында орналасқан. 1939 жылы құрылған. Аралдың ауданы 198 шаршы км. Аралдың флорасына 130-дан астам өсімдіктердің түрлері кіреді. Жануарлар түрлері көп емес. Сүтқоректілердің алты түрі, амфибиялардың екі түрі және құстардың 110 түрі тіршілік етеді. Олардың барлығы 1927 жылы сырттан әкелінген сайғақтар, қарақұйрықтар, құландар, құм сарышұнағынан басқалары аборигенді түрлер больш табылады.

Наурызым. 1931 жылы құрылган. Қостанай облысының Жетісу ауданында орналасқан. Ауданы 100 мың га. Қорықта 151 кұстардың, 25 сүтқоректілердің, рептилиялардың 5 түрі, амфибиялардың 2 және балықтардың 8 түрі кездеседі.

Алматы. 1934 жылы құрылған. Алматы облысының Шелек ауданында орналасқан. Іле Алатауынын, тау жотасының топырақ жабыны альпілік өсімдіктер жабыны бар таулы-шалғындық топырағына жатады. Өсімдіктердің 1300 түрінен астамы кездеседі. Жануарлар әлеміне құстардың 200 түрі, сүтқоректілердің 62, амфибиялардың 3 түрі, рептилиялардың 16 және балықтардың 8 түрі кіреді.

Қорғалжын. 1958 жылы құрылған. Ауданы 237 мың га. Ақмола облысының Қорғалжын. ауданында орналасқан. Қорық Қорғалжын мемлекеттік қорықтық аңшылық шаруашылығымен байланысты. Қорықта ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Әсем Қорғалжын көлдерінің тізбегі қызғылт фламинго популяциялары-ның ұя салуының ең солтүстік орны болып табылады. Су құстарының табиғи резерваты ретінде маңызы зор.

Марқакөл. 1976 жылы құрылған. 71 мың га территорияны алып жатыр, оның 44 мың га-ын Марқакөл көлі алып жатыр.

Қорық территориясына Азутау жотасының солтүстік беткейлері және Күршім тау жотасьшың оңтүстігі кіреді. Марқакөл ойпатының өсімдіктер жабыны өте бай және алуан түрлі. Оның құрамына жоғары сатыдағы өсімдіктердің бір мыңнан астам түрлері кіреді. Жануарлар дүниесі де өте бай, құстардың 232 түрі мекендейді, олардың 125 түрі ұя салады.

Бетпақ-дала. Сарысу өзені мен Балқаш көлінің арасында территорияда орналасқан. Ол Қазақстанның төрт оңтүстік облыстарының территориясына кіреді.

Қаратау (Қызылқұм) қорығы. Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс және Шардара аудандарының территориясында орналасқан көлемі 150,6 мың га 1990 жылы Шымкент облыстық Атқару Комитетінің шешімімен құрылған. Қаратау қорығы Қаратау тау жоталарының өте бай табиғатын қорғауға арналған. Мұнда өсімдіктердің шамамен 1,5 мың түрлері кездеседі. Өсімдіктердің эндемик түрлерінің саны бойынша Қаратау тау жоталары республикада бірінші орында тұр.

Биосфералық қорықтар. Соңғы жылдары қорғауға алынған территориялардың бір формасы болып табылатын биосфералық қорықтар көптеп құрыла бастады.

Биосфералық қорық Жердің әр түрлі аймақтарының табиғи комплекстерінің (биогеоценоздарының) эталоны болып табылады. Олар экожүйелерге жыл бойы және көпжылдық зерттеулер жүргізу мен биосфераға антропогенді әсердің мониторингін жасау үшін жақсы база болып табылады