Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РЕВМА ЕМТИХАН.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
194.89 Кб
Скачать

12.Қолқа қақпақтарының тарылуы кезіндегі клиникалық көрінісі, диагностикасы

Қолқа сағасының стенозы ұзақ уақыт бойы симптомсыз өтеді. Қолқа қақпағының едәуір тарылуында мынадай шағымдар жиі кездеседі: бас айналу,күш түсу немесе дене қалыпын тез өзгерткен жағдайда талып қалу; тез шаршау, физикалық күш түсу кездегі әлсіреу; стенокардиялық ұстамалар; күш түскенде ентігу, тыныш жағдайда ентігу; ауыр жағдайда тұншығу ұстамалары. Оң жақ қарыншалық жеткіліксіздік белгілеріне байланысты шағымдар: ісінулер; оң жақ қабырға астындағы ауырсынулар.

Жалпы қарау: терінің бозаруы; акроцианоз; аралас ентігу; аяқта ісінулер; мойын веналарының ісінуі; «жүрек өркеші». Пальпациялауда: -систолалық мысық пырылы (төстің оң жақ қырының ІІ қабырға аралықта); -pulsus parvus – кіші пульс; -pulsus tardus – баяу пульс; -pulsus rarus – сирек пульс. Перкуссияда: -жүректің салыстырмалы тұйықтығының сол жақ шекарасының сыртқа ығысуы; -жүректің қолқалық конфигурациясы; -тамыр шоғырының кеңеюі. Аускультацияда: -І тонның жүрек ұшында әлсіреуі; -ІІ тонның қолқа үстінде әлсіреуі; - төстің оң жақ қырымен ІІ қабырға аралықта систолалық шу;  Инструментальды диагностикасы

ЭКГ: • Жүрек электр өсінің солға ығысуы; • R – тісшесінің V5-V6 амплитудасының жоғарлауы; • S – тісшесінің V1-V2 тереңдеуі; Sv1 +R v6 >35мм; V4-V6 Q тісшесінің тереңдеуі; S-T интервалының изолиниядан 2мм төмен түсуі; T- тісшесінің сол жақ кеуделік тіркемеде теріс болуы. Ақаудың соңғы сатыларында сол жақ жүрекшесінде гипертрофия белгілері п.б. - I,II,aVL,V5-6 да P тісшесінің кеңеюі, үшкірленуі және деформациясы. Фонокардиография:

-Жүрек ұшында І тонның әлсіреуі; -Қолқа үстінде ІІ тонның әлсіреуі; -Төстің сол жақ қырымен ІV қабырға аралықта систолалық шуы; -Төстің оң жақ қырымен екінші қабырға аралықта жоғары жиілікті, жоғары амплитудалы систолалық шу. Рентген зерттеу -Сол жақ қарыншаның ұлғаюы; -Жүрек көлеңкесінің сол жақ контурының төменгі доғасының үлкеюі; -Жүрек ұшының домалақтануы; -Қолқалық конфигурация. Эхокардиография: -Жармалардың кальцинерлеуі; -Қолқа сағасының тарылуы; -Қолқа қақпақша жармаларының қолқаға қарай систолалық иілуі; -Сол жақ қарыншаның гипертрофиясы; -Постстеноздық қолқаның кеңеюі.

13. 18 - жаста науқас жасөспірім тізе, сирақ, кәріжілік-білезік буындарындағы ауыру сезіміне, дене қызуының 39С көтерілуіне, жүрек қағуына, терісіндегі бөртпелерге шағымданып ауруханаға түсті. Екі апта бұрын ангинамен ауырған. Об-ті: құрсақтың алдыңғы қабырғасының терісінде – сақина тәрізді эритема. Буындарының пішіні өзгерген, ұстағанда ыстық, қозғалыс кезінде қатты ауырады. Жүректің шекаралары үлкейген, үні тұйық, брадикардия.

1. Синдромдарды анықтаңыз

2. Диагнозды құрастырыңыз

3. Негізгі диагнозды дәлелдеу үшін ең қажетті қандай зерттеу әдістері

4. Негізгі ауруды емдеу үшін ең қажетті дәрілерді жазу

1.Буындық синдром, интоксикациялық синдром, қабыну синдромы.

2.Жедел ревматикалық қызба,жедел барысы.Сақина тәрізді эритема.

3.Лабораториялық зерттеу: Жалпы қан анализі(лейкоцитоз,ЭТЖ); Қанның биохимиялық анализі(серомукоид,СРБ,АЛТ,ЛДГ,сиал қышқылы,фибриноген,фибрин,альфа-,гаммаглобулин,т.б.); Иммунологиялық анализ(антистрептококтық антиденелер титрі,IgM,IgG,Т-лимфоциттер,т.б.); Коагулограмма; Бактериологиялық себу.

Аспаптық зерттеу: ЭКГ; Жүректің УДЗ; Рентгенологилық зерттеу.

4. Антибиотикотерапия(пенициллин,бициллин-6,эритромицин); Стероидты емес кабынуға қарсы дәрмектер(индометацин (метиндол), вольтарен (ортофен)); Глюкокортикоидтар(преднизолон); Аминохинолиндік дәрмектер (делагил, плаквенил, резохин, хлорохин); Метаболизмдік ем (Рибоксин, Фосфаден).