Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дайын тренинг улкен шрифт.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
126.93 Кб
Скачать

1 Тренингті ұйымдастыру кезеңдеріне тоқталыңыз. 35 балл

Тренинг – білімді дамыту немесе адамды оқытуда жоспарланған жағдайға жүйелі күш салу арқылы орындау. Жұмыс жағдайында тренинг адамның бір немесе бірнеше әрекет түрлерін нәтижелі орындауынан білім мен дағдыны меңгеру мүмкіншілігіне бағытталады. Тренингтік жаттығулар кейбір жағдайларда тұлғалық өзгеруге түрткі қызметін атқарады. Өзіндік сана тұлғаның даму процесін жанама түрде және мазмұндау арқылы қарым-қатынас үйлесімділігін орнатып және қарым-қатынастағы қиындықтардың себебін ұғыну динамикасына ықпал жасайды. Тренинг барысында мынандай жағдайларға да дайын болуы тиіс, олар: ыза, қатты дауыс, дөрекілік, өзімшілдік, қатыспаушылық, қажетсіз күлкі, ынтасыздық, шыдамсыздық немесе «сөзге керісу», қажетсіз сөзге араласу; тыныштық, селсоқтық; қылжақтық және т.б.

Жетекші, жаттықтырушы, ұйымдастырушы немесе жүргізуші мына төмендегі мақсаттарды негіз етіп алуы жүктелінді:

- Сәлем беру рәсімі;

- Жаттығу тапсырмалары;

- Үй жұмысы, өткен сабақтың рефлекциясы;

- Тапсырманың негізгі құрылымы

- Өткен сабақтың рефлекциясы

- Қоштасу рәсімі

2 Музыка терапияға сипаттама беріңіз 35 балл

Әуен терапиясында — бала әуенді тыңдай отырып, тыңдай білу қабілетінің артуымен қатар бойындағы әсемдікпен көркемдікті сезіне алады. Мұнда әуен әсер етуші негізгі фактор. Музыка терапиясы — бұл психотерапиялық әдіс. Бұл жерде музыка дәрілік, емдік заттар ретінде қарастырылады. Музыка терапиясы көне заманнан бері қолданылып келеді. Музыка терапиясымен емделу

кез-келген адамға қолайлы.

Әуелі, ырғақты музыка адам миының бөліктеріне әсер ете отырып ми қызметінің дұрыс жұмыс жасауын реттейді.Сонымен қатар кез-келген музыканың өзіне тән белгілері бар. Ол белгі адамның көңіл күйіне әсер ете отырып эмоциясының тууына себепкер болады. Әуен терапиясының әдістерін қолдануда бала бойындағы шығармашылық қабілетін төңірегіндегі болып жатқан көптеген өзгерістермен байланыстыра алуына, ішкі сезімін оятуына баса назар аударылады.

3.Интеллектілі және эмоциялы сфералар үйлесімділігі қағидасына түсінік беріңіз.30 балл

Интеллектіні және эмоциялық салаларды гармонизациялау қағидасы – бір жағынан тренингте жоғары эмоциялық қатысушылар болған жағдайда ол шынайы өтеді, бұл ашықтыққа бағалап, топ мүшелерін ізгілікті қарым –қатынасқа жетелейді.Екінші жағынан болған жағдайды талқылаған кезде интеллектілі аналитикалық процесттер ынталандырылады. Мұндай әрекеттің формасы барлық тренингте қолд.дискуссия.

Билет № ___28

1.Қиялды дамыту тренингтарын сипаттаңыз

Адам миында бұрыннан бар елестерді мәнерлеп жаңа образ жасау процессі –қиял деп аталынады. Қиял екі психикалық процеспен-ес және ойлаумен тығыз байланысты. Қиялдардың іс-әрекеті адамдардың эмоциялық көңіл күйімен тығыз байланысты. Бақытты болашақ туралы арман белгілі-бір жағдайларда адамды негативті жағдайдан шығарады, оған дәл қазіргі уақыттағы оқиғадан шығуына көмектеседі. Яғни қиял біздің іс-әрекетімізді реттеуде үлкен роль атқарады. Ерікті қиялдың адам үшін маңызы зор. Қиялдың бұл түрі адамның алдында өзі қойған немесе басқа біреуден тапсырылған міндет бойынша белгілі-бір образдарды жасау мақсаты туған кезде көрінеді. Бұл жағдайда қиял адамның өз арқылы бақыланады және бағытталады. Ерікті қиялдың көптеген түрлері мен формалары арасынан жаңадан жасалынған қиял, шығармашылық қиял және арманды бөліп қарауға болады. Ырықсыз пассивті қиял сананың іс-әрекеттерінің әлсіреуі, оның бұзылуы кезінде түсте байқалады. Пассивті қиялдың айқын көрінісі, адам жоқ объектілерді қабылдайтын галлюцинация болып табылады. Қиялдың алғашқы көріністері үш жасар бөбектерде байқалады. Мүны бөбектердің қызық ертектерді шын ықыласымен тыңдауынан, ертегідегі оқиғаны шын көріп, бар ынтасымен берілуінен көреміз

Мектеп жасына дейінгі баланың негізгі әрекеті болып табылатын ойын — бала қиялын дамытуда ерекше орын алады. Ойын үстінде оның творчестволық талабына кең жол ашылады. Бала ылғи да бір нәрсені жасау, қүрастыруға әрекетжасайды. Ойын баланың ойлау белсенділігін, күш-қуатын барынша жұмсауға мүмкіндік туғызады. Ойын үстінде бала айналадағы шындықты сын көзімен қарап аңғара алмайды да, қиял бейнелерінің жетегінде кетеді. Бала психикасының осы жағы да қиял тәрбиесінде есте болатын жай. Төменгі сынып оқушыларының қиялын дамыту олардың эстетикалық сезімдерін оятады. Мәселен, көркем әдебиет кітаптарын оқу, музейлер мен галереяларға бару, кино көру, ұйымдасып музыка тындау, бала қиялын жаңа мазмүнға толтыра түседі

қиялды дамытуға арналған тренингтер

«Болады, болмайды» тренингісі

Тренинг мақсаты: бала қиялын дамытуға арналған.

Тренинг барысы: Тәрбиеші сөздерді айтады, ал балалар солай болуы мүмкін болса, онда қолдарын шапалақтайды, егер ондай мүмкін болмаса онда аяқпен топылдатады.

Мысалы: Қасқыр орманда кезіп жүреді-алақандарын шапалақтайды; қасқыр ағаш басында отыр-аяқтарын топылдатады; кастрюлде кесе қайнап жатыр-аяқтарын топылдатады; мысық үйдің төбесінде қыдырып жүр-алақан соғады; ит аспанда жүзіп келеді- аяқтарын топылдатады; қыз үйдің суретін салып отыр-қолдарын шапалақтайды.

2.Тренингтің қалыптастырушы (дамытушы) бөлімінің ерекшеліктеріне түсініктеме беріңіз.35 балл

3.Тренингтегі қозғалмалы ойындардың мәнін ашыңыз 30 балл

Педагогикалық практикада, әлеуметтік өмірде және тұрмыста қозғалмалы ойындарды ұйымдастырудың екі негізгі формасы бар: белгіленген және белгіленбеген.

Қозғалмалы ойындар өткізудің белгіленген формасы мұғалімнің жетекші рөлін, қатысушылардың өзгеріссіз құрамы бар сабақтардың реттілігін, ойын материалының регламентацияланған (белгілі бір ережеге бағындырылған) мазмұны мен көлемі және берілген ойын енетін оқу-тәрбие үрдісінің әдістемесі, мазмұны және ұйымдастырылуы бар оның өзара байланысы.

Белгіленбеген формаға қозғалмалы ойындар балалардың ішінен ұйымдастырушылардың, вожактардың үлкен рөлін бөліп көрсетеді, олар ереже бойынша элизодтық түрде ұйымдастырылады, қатысушылар құрамы өзгереді, ал ойындар ойын материалдарының көлемі және мазмұны бойынша түрленеді.

Оқушылардың қозғалыс тәртібіндегі қозғалмалы ойындарға жіберілетін уақыт оқушылар оқитын сынып, жас деңгейлеріне, оқытудың жылдық күг тәртібіне және басқада әрекеттермен демелудың түрлеріне тәуелді.

Жоғарыда көрсетілгендей қозғалмалы ойындарды өткізудің бекітілген формасында келесі міндеттерді шешуі тиіс жетекші басты орынға ие, олар: 1) сауықтандыру; 2) білім беру; 3) тәрбиелік.

Қозғалмалы ойындардың сауықтандыру міндеттері.

Ойыншылардың дене даярлықтарын және жас ерекшеліктерін ескерілген сабақты дұрыс ұйымдастыру кезіндегі қозғалмалы ойындар бой өсуіне, сүйек-байланыс аппараттарының бекітілуіне және дамуына, баллар мен жасөспірімдердің дұрыс тұлғасының қалыптасуына, сонымен бірге ағзаның қызметін жоғарлатады.

Ойындары бар сабақтар кезінде дене жүктемелері оңтайлы болуын қадағалау қажет. Ойындары бар жүелі өткізілетін сабақтар кезінде интенсивті жүктемелерге ағзаның үнемі оларға үйрене беруі үшін жол беруге болады. Бұл өмірмен еңбекте үлкен маңызға ие. Алайда қатысушыларды қатты шаршап-шалдығуға апаруға болмайды.

Белсенді, энергетикалық, көп қайталама қозғалыс әрекеттері бар, бірақта ұзақ бір жақты күш қуаттылықпен (әсіресе статистикалық) байланысты емес ойындар баллар мен жасөспірімдер ағзасына оң әсер етеді. Міне, сондықтан да ойындарда шамадан тыс бұлшық ет қуаттылығы және тыныс алудың созылмалы кідірістері болмауы қажет.

Сауықтандыру қатынысында қозғалмалы ойындарды таза ауада жыл бойы өткізу айрықша құнды: айналысушылар шыныққан бола түспек, ағзаға келіп түсетін оттегі көлемі көбейеді.

Қозғалмалы ойындар – ұзақ ақыл-ой іс-әрекетінен кейінгі жақсы белсенді демалыс, сондықтан олар мектеп қоңырауларында, ұзақтылған күн топтарындағысабақтар аяқталған кезде немесе мектептен келгеннен кейін үйде өте қолайлы.

Қозғалмалы ойындар сауықтандыру әсерін беретін ойын үрдісіндегі балаларда туатын функционалды және эмоционалды көтерілу аурушаң балалардың денсаулығын қалыпқа келтірудегі арнайы емдік мақсаттарға да қолданылады.

Билет № ___29