Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жалпы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
312.09 Кб
Скачать

47. Жерді мелиорациялаудың экологиялық және техникалық негіздері

Адам өзінің саналы әрекеттерінің нәтижесінде жерді қолдан суарып немесе құрғатып, мелиорациялап, топырақтың табиғи даму құбылыстарына көп өзгерістер енгізді. Бұл өзгерістердің көбі - топырақтың пайдалы қасиеттерін жақсартуға, топырақтың құнарлылығын арттыруға бағытталған шаралар. Жер жыртылып, топырақ өңделгеннен кейін табиғи өсімдіктер орнына мәдени дақылдар егіледі, ал олардың табиғи өсімдіктерге қарағанда, топыраққа тигізетін әсері әрине, өзгеше. Топырақтарды көп жыл бойы суарып, тыңайтқыштар енгізуден топырақтардың бұрынғы табиғи қасиеттері өзгеріске түсіп, жаңа "мәдениеттелген" сапалы топырақтарға айналады. Бұған Орта Азиядағы көп жылдар бойы суарылып келе жаткан жазира алқаптардың топырақтары мысал болады. Адамның саналы әрекетінің арқасында, табиғи жағдайда құнарсыз жатқан топырақтар (шөлді, батпақты, сорланған, сортаңданған) құнары артқан, сапалы топырақтарға айналды. Дегенмен, осы әрекеттердің барлығы оң нәтиже беріп жүр деп айтуға болмайды. Суармалы алқаптардағы егістікті суарудағы және жерді мелиорациялаудағы жіберілген қателіктерден құрамында тұзы шамалы топырақтың екінші рет сорлану құбылыстары басталып немесе батпақтанып, топырақтары егістікке жарамай, істен шығып қалатын жағдайлардың да болып тұратыны рас. Ал кейде жыртуға жарамсыз, механикалық құрамы жеңіл немесе сортаң топырақтар жыртылып, одан кейін жел эрозиясына ұшырап, пайдаға аспай қалатын жерлер қаншама. Мәселен, Қазақстанда ХХ ғасырдың 1950 жылдардағы тың игеру кезінде мұндай жағдайлар кездесті. Павлодар облысында мыңдаған гектар жыртуға жарамсыз жеңіл топырақтар мен Ақтөбе, Қостанай, Көкшетау, Ақмола, т.б. облыстарында сортаң топырақтар жыртылып, көптеген зиян шектік. Осы сияқты халық шаруашылығына зиян келтіретін жайларға жол берілмей, керісінше топырақты өндеу, мелиорациялау, химияландыру, оның құнарын арттыруға бағытталуы тиіс. Ол үшін әрбір аймақтың өзіндік ерекшелігін, топырағының қасиеттері мен құрамын жете білген жөн.

Жерді мелиорациялау жобасы — ауыл шаруашылығы дақылдарынан тұрақты мол өнім алу үшін аса ылғалданған және батпақтанған жерлердің барынша тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық шешімдер кешені. Жерді мелиорациялау жобасын жасау алдында кешенді инженерлік ізденістер жүргізіледі. Оны жобалау институттары (мекемелері) жобалау мен құрылыстың шаруашылық қажеттілігі мен экономикалық мақсатқа сәйкестігін дәлелдейтін жобалау алды құжаттары мен материалдары негізінде жасалады.

Жерді мелиорациялау жобасы бір немесе бірнеше сатыда жасалып, техникалық және экологиялық сараптаудан өткізіледі. Жұмыстық жоба типтік және қайталай қолданылатын жеке жобалар бойынша салынуға тиіс объектілер мен техникалық тұрғыдағы жеңіл объектілер үшін жасалады. Жоба және жұмыстық құжаттар ірі және күрделі объектілер үшін, сонымен қатар құрылыс жүргізу аса күрделі болғанда жасалады. Ірі объектілерді жұмыстық жоба мен жоба ұзақтығы 2 жылдан аспайтын құрылыс кезегімен атқарылады. Жерді мелиорациялаудың жұмыс жобасында өндірісті ұйымдастыру мен экономика, жер телімін тиімді пайдалану мен бас жоспардың құрылыс нұсқасын таңдау, ғимараттардың көлемдік-жоспарлау сәулеттік және конструкциялық шешімдерін, құрылысты ұйымдастыру және оны қалыпты мерзімде іске асыру, су қоймаларды, топырақты жөне атмосферадағы ауаны ақаба сулармен ластанудан қорғау, бұзылған жерлерді қалпына келтіру және жер қойнауын қорғау, құрылыстың сметалық құны, жобалық қуаттарды игеру жөне т.б. Мәселелер шешіледі, техникалық-экономикалық көрсеткіштер келтіріледі. Жұмыстық жобаның құрамына: түсіндірме жазба (объектінің табиғат жағдайларының сипаттамасы, өткізуші каналдар мен су қабылдағыштағы су өтімі, құрылыс көлемі, өндіру тәсілі көрсетілген құрастыру және мәдени-техникалық жұмыстар, құрылыс материалдары мен механизмдерге деген сұраныстардың тізімдемесі, табиғатты қорғау, техникалық пайдалану, ауыл шаруашылық игерілу және мелиорацияланған жерлерді пайдалану жөніндегі шаралардың тізімі кіреді), мелиорация желісіндей барлық имараттар түсірілген бас жоспар, су қабылдағыштың, өткізуші каналдардың, жабық коллекторлардың, бөгетшелердің, жолдардың жер жұмыстарының көлемі есептелген ұзына бойы жөне көлденең қималары, жеке жобаланатын имараттардың жоспарлары мен қималары, типтік имараттарды байланыстыру кестелері, тапсырыс ерекшелігі. Мелиорация жүйесінің жобасында ұсынылған өндіріс технологиясы және таңдалған құрал-жабдық бойынша негіздеу материалдарында қабылданған шешімдер, алғашқы шикізатқа, материалдарға, энергияға, суға жөне өзге де ресурстарға деген қажеттіліктер; құрылыстың жобаланушы кезегінің құрамы, бас жоспардың схемасы; техникалық-экономикалық көрсеткіштер қосымша қарастырылады және дәлдігі анықталды. Мелиорация(лат. melioratio – жақсарту) — жерді жақсартуға бағытталған техникалық және шаруашылық-ұйымдастырушылық шаралар жиынтығы. Топырақты сумен, ауамен, қоректік заттармен қамтамасыз ету тәртібін жақсартуға, оны жел, су эрозиясы сияқты қатерлі құбылыстардан қорғауға мүмкіндік береді. Мұның негізінде ауыл шаруашылық дақылдары мен мал азығы ретінде өсірілетін шөптерден ұдайы мол өнім алуға болады. Мелиорацияның Қазақстан үшін айрықша мәні бар: республика жерінің басым бөлігін шөлді, шөлейтті және жартылай шөлейтті аймақтар алып жатыр. Олардың әрдайым суландыруды қажет ететіндігін адам баласы қола, темір дәуірлерінен бастап-ақ білген. Сыр өңірі, Шу-Талас аймағы мен Іле алабы, Сарыарқа өлкесіндегі көптеген ортағасырлық қалалардан ежелгі суландыру жүйелері табылды (қара Қазақстанның ежелгі қалалары). Қазақстанда мелиорация жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 1928 жылы 671 мың гектар, 1940 жылы 1153 мың гектар, 1985 жылы 2172 мың гектар суармалы егістік болды. 20 ғасырдың соңына қарай 54 мың гидротехникалық құрылыс салынды. Ол мақта, күріш, бидай, жүгері, жүзім, сондай-ақ өзге де дақылдарды, бау-бақша, мал азықтық өнімдерді өсіруге көп мүмкіншіліктер туғызды. Өндірістік қатынастың сипатына, елдің өндіргіш күштерінің дамуына, аймақтың жағдайына, жұмыс түрлеріне байланысты мелиорацияның гидротехникалық, химиялық, орман, мәдени-техникалық жұмыстар, тағы басқа түрлері жүргізіледі. Құрғату мелиорациясы артық суды құрғататын жерден сыртқа шығарады; суландыру мелиорациясы суды қажет мөлшерде керек кезінде жеткізеді; химиялық мелиорация топырақтың қышқылдылығын азайтады, сор, сортаң топырақтарды бейтараптандырады; агротехникалық мелиорация топырақтың физикалық, химиялық қасиеттерін жақсартады; гидротехникалық мелиорация су және жел эрозиясын тоқтатады. Қазақстанның солтүстік облыстарында қар мелиорациясы (қар тоқтату) жүргізіледі. Мелиорацияның ішіндегі ең көп тараған түрі су мелиорациясы. Мелиорацияны кең көлемде дамыту әр елдің техникалық және экономикалық мүмкіншіліктеріне тікелей байланысты.

Соңғы жылдары мелиорациялық жұмыстар техниканың дамуына байланысты қауырт өрістеді. Ертеректе ғалымдар мелиорацияны ХХ ғасырдың резерві деп болжаған. Шындығында солай. Мәселен, ХХ ғасырдың басында суармалы жер көлемі дүние жүзінде 40 млн гектар ғана болса, қазір ол алты еседей көбейіп, 235 млн гектарға жеткен. Дүние жүзіндегі суармалы жер көлемі 235 млн га, яғни бұл суарылмайтын егістік көлемінен алты еседей аз. Соған қарамастан бұл жерлерден бүкіл азық-түлік өнімдерінің жартысы өндіріледі, демек бір гектар суармалы жер өзінің өнімділігі жағынан алты гектар суарылмайтын жерге теңеседі. Бұл жағдай Қазақстанға да тән.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін арттыруда кешенді механикаландырудың, химияландырудың және мелиорациялаудың маңызы ерекше. Қазақстан жері негізінен құрғақшыл аймақ, мұнда батпақты жер жоқтың қасы. Осы себепті республикамызда жерді суаруға көп көңіл бөлінді. Қазір Қазақстанда суармалы егіншілік көлемі 1,0 млн гектардай. Жерді суару жағынан республика ТМД елдер ішінде Өзбекстан мен Ресейден кейінгі үшінші орында, демек елімізде суармалы егіншіліктің болашағы зор. Онда суаруға жарамды жер көлемі 30-40 млн гектар. Оның үстіне Қазақстанда суарудың тиімділігі басқа Достастық елдеріне қарағанда едәуір жоғары. Мысалы, белгілі агроклиматологтар Ф.Ф.Давитая мен С.А.Сапожниковалардың (1963) мәліметтеріне қарағанда, түрлі аймақтарда жерді суарудың тиімділігін анықтайтын коэффициент жасауға болады. Бұл коэффициент бойынша суарудан алынатын қосымша молырақ өнім Қазақстанда және Орта Азия республикаларында едәуір артық (10-кесте). Бұл жағдай іс жүзінде кезінде дәлелденді де. Әлемдік рекордтық өнімдер: күріштен гектарынан 171 центнер (Ы.Жақаев), тарыдан 201 центнер (Ш.Берсиев), қант қызылшасынан 1500 центнер (О.Гоноженко), темекіден 35-40 центнер (П.Томоровский), Қазақстанның суармалы жерлерінен алынды.

Жерді мелиорациялау мәселелерін негіздеу мақсаттарымен Сырдария, Жайық, Шу, Талас, Іле, Қаратал, Тентек, Лепсі, Көксу, Арыс өзендерінің бойлары мен сағалары, Маңғыстау түбегі жан-жақты зерттелді, топырақты мелиорациялау мүмкіншіліктері анықталды. Ұлттық ғылым академиясының Топырақтану иниституты республикадағы күріш егуге жарамды жерлерінің барлығына мелиорациялық зерттеулер жүргізді. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Талдықорған облыстарында күріш егуге жарамды жерлер анықталды. Алматы облысында негізгі күрішті аймақ Іле өзенінің бойы мен сағалары болмақ. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде 500 мың гектардан астам күрішке жарамды жерлер белгілі болды, оның су жеткізуге қолайлысы - 300 мың гектардай. Дегенмен оның барлығын суаруға су жетпейді. Кезінде Ақдала алқабында «Бақбақты» «Октябрьдің 50 жылдығы», «Ақдала», «Жеңіс», «Тыңның 25 жылдығы» күріш совхоздары ұйымдастырылып, отанымызға қымбат ақ маржанды дән тапсырған болатын. Ескеретін жай: бұл аймақ еліміздегі күріш егілетін ең терістік аймақ, сондықтан мұнда күріш егісінің пісіп жетілуіне кейбір жылдары вегетациялық уақыттың жетіспеуі байқалады. Бұған қоса Балқаш көлінің деңгейін бірқалыпты сақтау мақсатымен, бұл өңірде бұдан былай күріш егісін азайтып, мал шаруашылығымен шұғылдану жоспарланған.

Алматы облысында соңғы жылдары суармалы егіншіліктің дамуына Д.А.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы зор үлес қосуда

Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара ауданындағы Сырдария өзенінің ескі жағалауларында да күрішке жарамды жерлер көп. Мұнда Шардара және Отырар далаларында 1 млн гектардан астам суаруға жарамды жерлер зерттелді, оның 500 мың гектардай жері су келуге ыңғайлы. Дегенмен оның барлығын түгелдей игеруге су көздері жетіспейді. Қазіргі кезде Сыр бойының теріскей жағалауындағы аймақ Қызылқұм каналы арқылы игерілуде. Қызылқұм алқабын алғашқы кезеңінде күріш шаруашылықтары игерген. Қазір мұнда көлемі 40 мың гектардан астам суармалы жерде егістіктер орналасқан. Табиғи жағдайда өнім беріп жартыпайтын тақыр түстес топырақтар, оны суарып, тыңайтқыштар қолданған кезде гектарынан 40-50 центнерден ақ маржан беруде.

Жерді мелиорациялаудың экологиялық және техникалық негіздері

Жерді мелиорациялау жобасы — ауыл шаруашылығы дақылдарынан тұрақты мол өнім алу үшін аса ылғалданған және батпақтанған жерлердің барынша тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық шешімдер кешені. Жерді мелиорациялау жобасын жасау алдында кешенді инженерлік ізденістер жүргізіледі. Оны жобалау институттары (мекемелері) жобалау мен құрылыстың шаруашылық қажеттілігі мен экономикалық мақсатқа сәйкестігін дәлелдейтін жобалау алды құжаттары мен материалдары негізінде жасалады.

Жерді мелиорациялаудың экологиясы —бір немесе бірнеше сатыда жасалып, техникалық және экологиялық сараптаудан өткізіледі. Жұмыстық жоба типтік және қайталай қолданылатын жеке жобалар бойынша салынуға тиіс объектілер мен техникалық тұрғыдағы жеңіл объектілер үшін жасалады. Жоба және жұмыстық құжаттар ірі және күрделі объектілер үшін, сонымен қатар құрылыс жүргізу аса күрделі болғанда жасалады. Ірі объектілерді жұмыстық жоба мен жоба ұзақтығы 2 жылдан аспайтын құрылыс кезегімен атқарылады. Жерді мелиорациялаудың жұмыс жобасында өндірісті ұйымдастыру мен экономика, жер телімін тиімді пайдалану мен бас жоспардың құрылыс нұсқасын таңдау, ғимараттардың көлемдік-жоспарлау сәулеттік және конструкциялық шешімдерін, құрылысты ұйымдастыру және оны қалыпты мерзімде іске асыру, су қоймаларды, топырақты жөне атмосферадағы ауаны ақаба сулармен ластанудан қорғау, бұзылған жерлерді қалпына келтіру және жер қойнауын қорғау, құрылыстың сметалық құны, жобалық қуаттарды игеру жөне т.б. Мәселелер шешіледі, техникалық-экономикалық көрсеткіштер келтіріледі. Жұмыстық жобаның құрамына: түсіндірме жазба (объектінің табиғат жағдайларыныңсипаттамасы, өткізуші каналдар мен су қабылдағыштағы су өтімі, құрылыс көлемі, өндіру тәсілі көрсетілген құрастыру және мәдени-техникалық жұмыстар, құрылыс материалдары мен механизмдерге деген сұраныстардың тізімдемесі, табиғатты қорғау, техникалық пайдалану, ауыл шаруашылық игерілу және мелиорацияланған жерлерді пайдалану жөніндегі шаралардың тізімі кіреді), мелиорация желісіндей барлықимараттар түсірілген бас жоспар, су қабылдағыштың, өткізуші каналдардың, жабық коллекторлардың,  бөгетшелердің, жолдардың жер жұмыстарының көлемі есептелген ұзына бойы жөне көлденең қималары, жеке жобаланатын имараттардың жоспарлары мен қималары, типтік имараттарды байланыстыру кестелері, тапсырыс ерекшелігі. Мелиорация жүйесінің жобасында ұсынылған өндіріс технологиясы және таңдалған құрал-жабдық бойынша негіздеу материалдарында қабылданған шешімдер, алғашқы шикізатқа, материалдарға, энергияға, суға жөне өзге де ресурстарға деген қажеттіліктер; құрылыстың жобаланушы кезегінің құрамы, бас жоспардың схемасы; техникалық-экономикалық көрсеткіштер қосымша қарастырылады және дәлдігі анықталады.

Мелиорация жүйесін кешенді жобалау құрамына: конспект, бас жоспардың схемасы, табиғат жағдайларының жазбасы (объектінің климаттық, гидрологиялық жөне топырақ мелиорациялық ерекшеліктері), техникалық пайдалану, энергиямен жабдықтау, электрлік құралдармен жабдықтау, автоматтандыру, телемеханикаландыру мен байланыс мөселелері, жалпы техникалық жазбасы, мелиорациялық құрылыстың жобасы, ауыл шаруашылық өндірісін ұйымдастыру жобасы, ауыл шаруашылық құрылыстарының жобасы, құрылысты ұйымдастыру жобасы, сметалық бөлім, жобаның төлқұжаты, сызбалар кіреді.

Жұмыстық құжаттар құрамына: құрылыс жұмысшы сызбалары, металл конструкциялар мен құбырлардың бөлшектенген сызбалары, жобаланушы каналдардың, кәріздер жүйесінің жабық коллекторларының, бөгетшелердің, жолдардың толық ұзына бой және көлденең қималары, негізгі конструкциялық өлшемдері, канал трассаларына қатысты белгілер мен байланыстары көрсетілген имараттардың тізімдемелері; арнайы жобаланатын гидротехникалық имараттардың сызбасы (орнатылатын құралдары көрсетілген барлық құрылыс конструкциялары сәйкестендірілген) және жалпы жоспары, қималары, су шаруашылық есептеулерін дәлдеу, мелиорацияланатын аумақтағы ауылшаруашылықты игеру мен ауыл шаруашылығын ұйымдастыруды дәлелдеу және т.б. кіреді. Жоба бойынша құрылыс оны қараудан өткізген соң және бекіткен соң ғана іске асырылады.