- •19 Билет
- •Түр. Түр туралы ұғым даму тарихы. Түр критериясы.Репродуктивті оқшаулану механизмі.
- •2. Алғашқы су буын аяқтылары ретінде шаянтәрізділердің
- •3. Фотосинтез. Фотосинтез процесінің ішкі химизі. Бұл
- •18 Билет
- •Плаундар тәрізділер бөлімі. Кластарға жіктелуі, көбею ерекшелігі, спорофитті және гаметофитті көбеюі, таралу маңызы.
- •Жұмыртқа клеткасының құрылысы . Жұмыртқалардың сары уыздың орналасуына және мөлшеріне байланысты классификациясы.
18 Билет
Плаундар тәрізділер бөлімі. Кластарға жіктелуі, көбею ерекшелігі, спорофитті және гаметофитті көбеюі, таралу маңызы.
Плаун (Lycopodiun) – плаунтәрізділер класына жататын мәңгі жасыл шөптесін өсімдіктер.Көпшілік түрлері Солтүстік жарты шарда кездеседі. Қазақстанда орманды жерлер мен қара топырақты аймақтардағы шоқ ормандарда, қылқан жапырақты ормандарда өсетін 5 түрі бар. Олардың ішінде жиі кездесетіні – шоқпарбас Плаун (Lycopodium clavatum). Сабағы төселмелі, ұзындығы 150 см-дей, көп бұтақтары осы сабақтарынан өседі. Олардың ұшында споралары жеттіледі. Жапырақтары жіңішке таспа немесе ланцет тәрізді, масақшалары көп, ұзын, тығыз орналасқан, спорангийлі спорофиллалары бар. Споралары арқылы немесе вегетативті түрде көбейеді. Споралары көп , ұнтақталған ұсақ, май сияқты сары сұр түсті. Олар шілде – тамыз айларында пісіп жетіледі. Плаун спорасының құрамында 50%- ға дейін кеппейтін май , қышқылдар, алкалоидтар, клаветин, клаватоксин, никотин бар. Плаундар – улы өсімдіктер, олардың спораларын (ликоподийларын) медицинада , ветеринарияда дәрілік препараттар алу үшін пайдаланады. Алтай мен Жетісу (Жоңғар) Алатауында ғана өсетін, өте сирек кездесетін – таңдамалы Плаун қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Плаундар класына мынадай үш қатар жатады. 1)Астероксилондар (Asteroxylales) 2)Плаундар қатары (Lycopodiales) 3) Протолепидодендрондар (Protolepidodendrales). Бұлардың біріншісі мен үшіншісі түгелдей жойылып кеткен өсімдіктер. Ал плаундар қатарына ертеде жойылоып кеткен дреланофикустар тұқымдасы (Prepanophycaceac) кластың осы кластың ішіндегі қазіргі кезге дейін жеткен плаундар тұқымдасы жатады. Шоқпарбас плаун вегетативті, жыныссыз және жынысты жолдармен көбейеді. Вегетативті көбеюі төселіп өсетін өркендерінің үзінділері арқылы жүзеге асады. Мұндай үзінділердің жас клеткаларынан қосалқы тамырлар, содан соң өркендер жетіледі. Осылайша бір өсімдіктен бірнеше жас плаун пайда болады. Кейбір түрлері (басқа ағашқа жабысыр өсетіндер) өркендерінің ұшында пайда болатын бүршіктері арқылы вегетативті көбейеді. Бүршік толық жетілген соң үзіліп (0,5м қашықтыққа) түсіп, қолайлы жағдайда өнеді. Мұндай бүршіктер өркенде жылыа бір рет түзіледі. Жыныссыз көбеюі споралар арқылы жүзеге асады. Споралар масақтарында жетіледі. Плаунның спора түзетін масағының өсіне көптеген үш бұрышты, ұшы үшкір спорофилдер бекиді. Спорофилл – түрі өзгерген жапырақ. Осы спорофилдерде бүйрек тәрізді спорангийлер орналасады. «Спорангий» споралар дамитын орын, олардың ішінде көптеген ұсақ сары түсті споралар жетіледі. Споралардың барлығының пішіні мен мөлшері бірдей. Пісіп-жетілген споралар спорангийлердің қабықшасының жарылуының нәтижесінде жерге шашылады. Плаун тәрізділердің кейбіреулері (мысалы, Selaginella) әртүрлі споралары өсімдіктер болып келеді. Жынысты көбеюі жерге түскен споралардың өнуінен басталады. Плаун спораларының өнуінің екі типі белгілі. Жер үсті және жер асты типтері. Бірінші жағдайда споралар жерге түскен соң бірнеше күннен кейін жер үсті өскіншелерін береді. Бұл өскіншелержартылай сапрофит ретінде қоректенеді. Олардың жерге төселіп өскен ашықтау – жасыл түсті өскіншелерінің астында саңырауқұлақтардың жіп шумақтары болады. Саңырауқұлақтың жіп шумағынсыз өскіншелер өспей қурап қалады. Осылайша жартылай жерге еніп жататын өскіншелер бір жаздың өзінде пісіп жетіледі. Плаундардың өскіншелері қос жынысты, ұзындығы 20 мм аспайды.Өскіншенің үстіңгі бетінде аталық және аналық жыныс клеткалары қосылып ұрықтанады. Ұрықта болашақ өсімдіктің тамырының, сабағынның және жапырағының бастамасы болады. Келещекте ұрықтық тамыршадан нағыз тамыр, сабақшадан – нағыз сабақ, ал жапырақшадан – нағыз жапырақ қалыптасады. Нәтижесінде плаун өсімдігі пайда болады. Жер асты споралар жерге түскен соң 6-15 жылдың аралығында саңырауқұлақтардың жіп шумақтарымен селбесіп өсіп, қос жынысты өскіншеге айналады. Ұрықтанған клеткалардан келешекте жас плаун өсімдігі пайда болады. Плаундардың маңызы. Плаундар барлық жасыл өсімдіктер секілді фотосинтез процесінің нәтижесінде органикалық заттар түзеді және топырақ түзу процесіне қатысады. Плаундардың практикалық маңызы шамалы. Спораларын көп мөлшерде дәрі-дәрмек жасауға пайдаланылады. Шөбін қайнатып, тұнбасын іш жүргізетін, несеп айдайтын және өтті тазартатын дәрі ретінде медицинада қолданылады.
