- •3.Төмен түсетін менюлер
- •4. Құралдар тақталары
- •5.Стандарт құралдар тақтасы
- •6. Объекттер қасиеттерінің тақтасы
- •7. Қалып жолы
- •8. Функционалдық клавишалар
- •9. Графикалық қарапайымдарды жасау командалары
- •10. Қарапайымдардың қасиеттері
- •10.1 Сызбаны қабаттары бойынша жіктеу
- •11. Сызбаны безендіру командалары
- •11.2.1 Сызықтық өлшемдер
- •11.3. Өлшемдік стильдерін басқару
- •14. 3D модельдеу кеңістігіндегі Дене қосымша беті (вкладка тело).
- •15. 3D модельдеу кеңістігіндегі Бет қосымша беті(вкладка поверхность)
- •16. 3Д модельдеу кеңістігіндегі Визуализация қосымша беті (вкладка).
- •17.Ажырамалы біріктірулер (разъемные соединения).
- •18. Ажырамайтын біріктірулер.
- •19. Ажырамайтын біріктірулер. Пісірмелі біріктірулердің түрлері. Пісірмелі біріктірулерді кескіндеу.
- •20. Ажырамайтын біріктірулер. Ажырамайтын біріктірулердің түрлері. Дәңекерлік, желімдік және тойтармалы біріктірулерді кескіндеу.
- •21. Ажырайтын біріктірулер. Ажырайтын біріктірулердің түрлері. Бұранда. Бұрандалардың профиль түріне, кіріс санына, бағытына, пайдалану қажеттілігіне байланысты бөлінуі.
- •22. Бұранда. Бұранданың негізгі параметрлері : профилі, сыртқы және іші диаметрі.
- •23. Стандарттық метриалық бұранда, оның профилі және шартты белгіленуі.
- •24. Құбырлық цилиндрлік бұранда, оның профилі және шартты белгілері.
- •26. Бұрандамалы біріктіру құрамына кіретін тетікбөлшектер. Бұрандамалар, сомындар, тығырықтар және олардың стандарттық шартты белгіленуі?
- •28.Көріністер
- •30. Пішімдер.
- •32. Сызықтар. Типтері, қалыңдығы.
- •33. Негізгі жазбалар. Шрифттер.
- •34. Тіліктер(разрез). Түрлері.
- •35. Сұлбалар.Түрлері. Типтері.
- •36. Электрлік сұлбалар.
- •41. Технологиялық сұлбалар.
- •42. Автоматтандыру сұлбалары.
28.Көріністер
Түр – нәрсе бетінің бақылаушыға бұрылған бөлігінің кескіні (2.2 – сурет). Стрелкалар бақылаушының қарау бағытын көрсетеді. Түрлер негізгі, жергілікті және қосымша болып бөлінеді.
Негізгі түрлердің атаулары бақылаушының қарау бағытымен (2.3 – сурет) сәйкес белгіленеді (2.4 – сурет):1 – алдынан қарағандағы түр (бас түр), 2 – үстінен қарағандағы түр, 3 – сол жақтан қарағандағы түр , 4 – оң жақтан қарағандағы түр, 5 – астынан қарағандағы түр, 6 – артынан қарағандағы түр.Түрлерде нәрсе беттерінің көрінбейтін бөліктерінің контурларын үзілме сызықтардың көмегімен көрсетуге болады.
Сызбада түрлердің саны неғұрлым аз, бірақ нәрсенің формасы мен өлшемдері туралы толық мағлұмат беретіндей болуы қажет. Мысалы, 2.6 және 2.7 – суреттерде нәрселердің ең болмаса бір түрі болмаса, сызбаны дұрыс оқу қиындық туғызады. Сонымен қатар, шар, цилиндр, конус, табаны квадрат призма сияқты бөлшектерді бір-ақ түрмен көрсетуге болады, ол үшін өлшем сандарын төмендегідей белгілермен толықтыру керек – R, Ø,□.Егер сызбада көріністердің бірі бас кескінмен проекциялық байланыссыз орналасса, онда проекциялау бағыты бағытпен көрсетілуі қажет. Бағыттың және пайда болған көріністің үстіне орыс алфавитінің бас әріптерінің бірін қою қажет. Мысалы, 2.9 – суреттегі астынан қарағандағы В түрі.
Егер нәрсенің кез келген бір бөлігі негізгі түрлердің ешқайсына да формасы мен өлшемдері өзгертілмей проекцияланбайтын болса, онда қосымша түрлер қолданылады. Қосымша түрлер негізгі проекциялар жазықтықтарына параллель емес жазықтықтарда пайда болады. Қосымша түр де жоғарыда көрсетілгендей стрелкамен және әріппен белгіленеді (2.9 – сурет, А түрі).
29. Қима
Қима - нәрсені бір немесе бірнеше жазықтықпен қиғанда пайда болған пішіннің кескіні (2.16 – сурет, Б–Б). Қимада нәрсенің қиюшы жазықтықта орналасқан бөлігі ғана көрсетіледі. Тіліктің құрамына енбейтін қималар екіге бөлінеді – шығарылған және беттестірілген.Беттестірілген қима нәрсе кескінінің үстіне орындалады да, оның контуры тұтас жіңішке сызықпен сызылады (2.17, 2.18 – суреттер). Симметриялы емес беттестірілген қималарда қию сызықтары жүргізіледі, бірақ олар әріптермен белгіленбейді.
Шығарылған қима сызба өрісінің кез келген бос орнына сызылады (2.16, 2.19 – суреттер), сондықтан оны қолдану тиімдірек болады. Шығарылған қиманың контуры негізгі сызықпен жүргізіледі. Қиюшы жазықтықтың орны тіліктегі сияқты көрсетіледі және белгіленеді. Жалпы жағдайда үзік сызықтың көмегімен қию сызығы жүргізіліп, оған бағытын көрсететін стрелкалар қойылады. Стрелкалардың жанына және қиманың үстіне орыс алфавитінің бірдей бас әріпі жазылады (2.16 – сурет, Б – Б). Егер беттестірілген немесе шығарылған қима симметриялы кескін болса, онда қиманы әріптер және стрелкалармен белгілемейді және қию сызығын көрсетпейді
30. Пішімдер.
Сызбалар мен басқа да конструкторлық құжаттарды өлшемдерін мемлекеттік стандарт (ГОСТ 2.301-68) тағайындаған қағаздарға (ватманға) орындайды. Өлшемдері тағайындалған сызба қағазын пішім деп атайды. Пішімдер негізгі және қосымша болып екіге бөлінеді. Пішімнің сол жағындағы ені 20 мм болатын жолақ сызбаларды іске (альбом түрінде) тігу үшін қалдырылады. Сызбаны орындап болған соң, қағаздың артығын сыртқы жиектің бойымен қиып алып тастау қажет.
Негізгі пішімдер:
А0-841х1189, А1-594 х 841, А2-420 х 594, А3-297 х 420, А4-210 х 297
Ватманға сызбаны орындамас бұрын пішімнің сыртқы жиегін 1 жүргізіп алу керек .Одан кейін сызбаның өрісін шектейтін ішкі жиек 2 жүргізіледі. Ішкі жиек пішімнің үстіңгі, оң және төменгі жақ шеттерінен 5 мм қашықтықта, ал сол жақ шетінен 20 мм қашықтықта жүргізілуі тиіс.
Негізгі жазудың формасын, графаларының мазмұнын ГОСТ 2.104-68 тағайындаған
31. Масштабтар.Сызықтық масштаб деп нәрсенің сызбадағы сызықтық өлшемдерінің
оның нақты сызықтық өлшемдеріне қатынасын көрсететін санды атайды.
Сызбада кескіндердің масштабы нәрсенің күрделілігіне, мөлшеріне байланысты ГОСТ 2.302-68 тағайындаған төмендегі реттен қабылданады:
кішірейту масштабтары 1:2; 1:2,5; 1:4; 1:5; 1:10;1:15; 1:20; 1:25; 1:40; 1:50; 1:75; 1:100;
нақты шама 1:1;
үлкейту масштабтары2:1; 2,5:1; 4:1; 5:1; 10:1; 20:1; 40:1; 50:1; 100:1.
Нәрсе кескінінің масштабына байланыссыз сызбада әр уақытта оның тек қана нақты өлшемін қояды.Масштабты негізгі жазудың осыған арналған графасында былайша белгілейді – 1:1, 1:2, 2:1, т.с.с.,алқалған жағдайларда А (4:1), Б-Б (1:2) үлгісінде.
