Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
готовый.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
850.59 Кб
Скачать
    1. Кесте - Өндіріс шығындарын төмендетудің сипаттау әдістемесі

Қолданыстағы жабдықтардың тұрақты эксплуатациялық шығындары

КТЛ және НИТКИ өнімділігі

Жылдық шығындар

1. жылына 6 млн. тоннадан жоғары

34 млрд. теңге

2. жылына 6 млн. тоннадан төмен

34 млрд. теңгенің 75%

3. жылына 3 млн. тоннадан төмен

34 млрд. теңгенің 50%

Айнымалы эксплуатациялық шығындар қатарына қолданыстағы жабдық арқылы өндірілетін мұнай көлеміне тәуелді химиялық заттардың және басқа да материалдардың шығындарын қосып көрсетеді. Есептеулерде қабылданған шама – 1 159 теңге/т.

Эксплуатациялық шығындар айдау және өндіру ұңғымаларындағы күрделі және қайта қалпына келтіретін жөндеу жұмыстарына байланысты қызмет көрсету шығындарын қосып есептейді. Өндіру ұңғымаларындағы күрделі жөндеу жұмыстары шамамен 6 жыл сайын жүргізу жоспарлануда. Оның құны 48 млрд. теңгені құрайды. Айдау ұңғымаларының күрделі жөндеу жұмыстары әр 4 жылда жүргізілу жоспарланса, оның құны 360 миллион теңге.

Қолданыстағы пайдаланылып жатқан жабдықтар мен объектілер сияқты жаңа жабдықтар мен объектілер тұрақты және айнымалы шығындарға бөлінеді. Өз кезегінде тұрақты және айнымалы шығындар күкіртті өңдеу жабдықтарына, мұнай мен газды қайта өңдеу жабдықтарына қатысты шығындарға бөлінеді. Барлық шығындар 2% инфляция қарқынымен есептеледі.

Мұнай жабдықтарын эксплуатациялау бойынша тұрақты шығындар тоннасына 630 теңге көрсеткішті қуатымен есептеледі.

Химикаттар мен басқа да материалдарға жылдық айнымалы шығындар тоннасына 612 тонна нормативімен және алынатын мұнай көлемімен анықталады.

Газ жабдықтары бойынша жылдық тұрақты шығындар газ айдау жабдықтарының өндірістік қуатын размере 1 548 тенге/1000 м³ мөлшеріндегі айдалатын газға көбейту арқылы анықталады.

Суды айдау нұсқасы үшін су сатып алу, оны дайындау, электр энергетикалық шығындар бойынша құралатын эксплаутациялық шығындар басқа да бар эксплуатациялық шығындар үшін қосымша болып табылады.

Электр энергиясын және суландыру бойынша суды қоса есептегенде қосымша эксплуатациялық шығындар жылына орта есеппен 7,5 миллиард теңгені құрайды.

Электр энергиясының салыстырмалы шығындары және суды алу шығындары сәйкесінше 5 400 теңге/тыс. квт сағ және су үшін 45 тенге/баррельді құрайды. Сонымен қатар, суландыру бойынша нұсқалар қолданыстағы суландыру іске қосылғаннан 60 ұңғыманың хромдалған НКТ орнату шығындарын қоса алады.

Құбырларды ауыстыру кезіндегі күрделі жөндеу жұмыстарының шығыны 720 млн. долларды құрайды. Амортизация төлемдерін есептеу үшін 5 жыл қадамдық әдіс қолданылады. Жыл сайынғы амортизация нормасы 20%.

Жалпы әкімшілік шығындарды қосқанда капиталдық салым ұңғымаларды, жабдықтарды және объектілерді эксплуатацияға берген сәттен бастап амортизациялық есептеледі.

ТШО мен Қазақстан Республикасы арасындағы Келісімге сай ҚР келесі салықтар төленеді: роялти; табыс салығы; қосылған пайыздар салығы; кіріс салығы; өзге де салықтар. Оған қосымша Қазақстан Республикасы 2032 жылы БК туралы Келісімнің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін қаражаттың 100% ақша ағынын алады.

Роялти мөлшерлемесі 18% болып қабылданады. Мөлшерлеме Шеврон Тексако компаниясының жинақталған кіріс нормасы 17% жеткенде 25% көтеріледі.

Кіріс салығының мөлшерлемесі ТШО серіктестерінің кірісін бөлгенде 15% көлемінде қабылданған.

Табыс салығының мөлшерлемесі – 30%.

Қосылған пайыздар салығы – 20%.

Сондай-ақ, ТШО ұлттық кадрларының жалақы қорынан 36% мөлшерінде ҚР әлеуметтік қорларына аударымдарды есептеу ескерілген.

Мүліктік салықтың базалық мөлшерлемесі фондтарды пайдалануға берген кездегі кезекті өсу 2014 жылы 1,4 миллиард теңгеге тең болған.

Өңдеу тиімділігінің экономикалық көрсеткіштерін есептеу негізіне халықаралық консалтингтік компания болып табылатын "Пурвин и Герц" компанияларынан алынған "брендті" мұнайдың болжамды ұзақ мерзімді бағасы қосылған. Қабылданған болжам бойынша инфляция қарқыны ағымдағы бағалардың 2% тең.

Жобаның экономикалық көрсеткіштері Құлсары аймақтық нарығында газды ұзақ мерзімді сату негізінде есептелген болатын.

КҚК құбыр желісі (Каспий Құбыр желісі Консорциумы) КҚК құбыр желілерінің тарифтерінің ұзақ мерзімді болжамын анықтауға мүмкіндік беретін мұнай айдауға арналған негізгі магистральді транспорт болып табылады.

Коррозияға қарсы күрестің қолданыстағы және ұсынылатын параметрлері арқылы мұнайдың меншікті бағасын есептеу.

Жаңа техниканы енгізу және әр түрлі енгізілетін техникалық шаралар әрқашан өнімнің меншікті бағасының өзгеруіне алып келеді. Мұнай өндірудегі шығын деңгейі қосымша алынатын көлемі бойынша сәйкес өзгеріп отырады [4].