- •Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы
- •«5В020500-филология: қазақ филологиясы» мамандығына арналған мемлекеттік емтихан бағдарламасы
- •Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы мен фразеологиясы
- •Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы
- •Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы мен морфологиясы
- •Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі
- •Қазіргі қазақ тілін оқыту әдістемесі
- •Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы
- •Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы
- •Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы мен морфологиясы
- •Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі
- •Қазіргі қазақ тілін оқыту әдістемесі
- •Глоссарий
- •Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы
- •Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы мен морфологиясы
- •Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі
- •Қазіргі қазақ тілін оқыту әдістемесі
- •Жалпы тіл білімі
- •20 Ғасыр лингвистикасы.
- •Ұсынылатын әдебиеттер
- •Қосымша:
- •Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисі
- •Глоссарий
- •5В020500-Филология: қазақ филологиясы» мамандығына арналған «Қазіргі қазақ тілі және оны оқыту әдістемесі» пәнінен мемлекеттік емтиханның бағдарламасы
Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисі
АЛҒЫ СӨЗ
Синтаксис терминінің мағынасы. Синтаксистік тұлғалар, олардың түрлері: коммуникативтік, грамматикалық дербес синтаксистік тұлғалар, құрылымдық элемент ретінде, грамматикалық дербестігі жоқ синтаксистік тұлғалар. Синтаксистік формалар, олардың лексикалық, морфологиялық формалармен байланысы, ерекшелігі. Синтаксистің қазіргі зерттелу бағыттары мен нысандары, сөз тіркесі, сөйлем, құрмалас сөйлемдер, синтаксистік тұтастық. Синтаксистік жүйе және синтаксистік норма туралы түсінік. Қазақ тілі синтаксистік жүйесінің басқа туыс, туыс емес тілдердің синтаксистік жүйесімен ұқсастық, айырмашылық жайлары. Синтаксистік жүйені танудағы методологиялық принцип. Қазақ тілінің синтаксисін зерттеген елеулі еңбектер, олардың авторлары (М.П.Мелиоранский, А.Байтұрсынов, Н.Сауранбаев, С.аманжолов, М.Балақаев, т.б.). Синтаксистік жүйені танудың, зерттеудің әдістері. Сөз тіркесі туралы түсінік, анықтамасы. Сөздердің тек грамматикалық мағына тудыратын сөз тіркестері. Еркін тіркестер, тұрақты тіркестер, түйдекті тіркестер, шектеулі тіркестер, олардың бір-бірінен айырмашылығы, жасалу жолдары, сөз тіркесі синтаксисіне қатысы. Салаласа, сабақтаса байланысқан сөз тіркестері. Сөз тіркесін құруға қатысатын амалдар. Сөз тіркестерінің байланысу сипаты (формасы). Сөз тіркестерін зерттеудегі, танудағы жалпы тіл біліміндегі, түркологиядағы, қазақ тіл біліміндегі қалыптасқан дәстүрлер. Сөз тіркестерінің грамматикалық, ұйымдасу түрлері. Сөз тіркесінің сыңарлары, байланысу формалары. Әрбір байланысу формаларының қалыптасуы. Зат есімді сөз тіркестері, олардың құрылуындағы ерекшеліктер. Қабыса байланысқан зат есімді сөз тіркестері. Матаса байланысқан зат есімді сөз тіркестері. Меңгеріле байланысқан зат есімді сөз тіркестері. Сын есімді сөз тіркесінің құрылуы. Етістікті сөз тіркесінің құрылу ерекшелігі. Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркесі. Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркесі. Сөз тіркестерінің коммуникативті мақсаттарға қызмет ету жағдайлары. Тұрлаулы сөйлем мүшелері. Бастауыш пен баяндауыштың арасындағы қатынас – предикативтілік туралы, олардың сөйлем құрылымындағы белсенділігі. Бастауыш мүше, оның формасы, жасалуы, түрлері: дара, күрделі, үйірлі бастауыштар. Баяндауыш, оның формасы, жасалуы, түрлері. Дара, күрделі, үйірлі баяндауыштар. Бастауыш пен баяндауыштың қиысуы. Зат есім, жоқ, бар сөздері баяндауыш болып қатысқан сөйлемдердің құрылымдық ерекшелігі. Баяндауыш мүшеге балама ретінде жұмсалатын предикативтік құрылымдар. Сөйлем мүшелерінің табиғи түрі, оның көрінісі, оның жасалуындағы сөз таптарының лексикалық, грамматикалық өзгерістерінің сөйлем мүшелерінің жасалуына қатысы. Тұрлаусыз мүшелер. Пысықтауыш, оның формасы, жасалуы, түрлері. Толықтауыш, оның формасы, жасалуы, түрлері. Анықтауыш, оның формасы, жасалуы, түрлері. Айқындауыш мүше, оның формасы, жасалуы, түрлері. Сөйлем мүшелерінің коммуникативтік мақсаттары. Бірыңғай мүшелер, бірыңғай мүшелерді байланыстыратын амалдар. Сөйлем мүшелерінің коммуникативтік мақсаттары. Бірыңғай мүшелі сөйлемдердің функционалдық ерекшеліктері. Жалпылауыш мүше. Бірыңғай мүшелерді ұйымдастырудағы көріністер. Жай сөйлем, жай сөйлемнің грамматикалық сипаты, анықтамасы, жай сөйлемге тән семантика. Сөйлемнің логика-грамматикалық түрлері. Жай сөйлемнің грамматикалық формаларын тану принциптері. Сөйлемнің мағыналық түрлері. Екі негізді сөйлемдер. Сөйлемдер жүйесінде алатын орны. Болымсыз сөйлемдер, олардың құрылуы. Биноминативті сөйлемдер. Бір негізді сөйлемдер. Атаулы сөйлемдер, олардың жасалуы, түрлері, жұмсалу ерекшеліктері. Сөйлемдердің жақты, жақсыз түрлері. Жақсыз сөйлемдердің жасалуы, жұмсалуы. Хабарлы сөйлем, есімді, етістікті түрлері. Сөйлемдердің айтылу мақсатына сай түрлері: хабарлы сөйлем, оның грамматикалық сипаты. Сұраулы сөйлемдердің грамматикалық сипаты, сұраулы сөйлем жасаудағы интонацияның ролі. Сұраулы сөйлемдердің қызметіне сай түрлері. Сұраулы сөйлемдердің мағынасына сай түрлері. Ашық сұрақты білдіретін сөйлемдер. Альтернативті сұрақты білдіретін сөйлемдер. Риторикалық сұрақты білдіретін сөйлемдер. Түрткі сұрақты білдіретін сөйлемдер. Бұйрықты сөйлемдер, олардың құрылу ерекшеліктері. Лепті сөйлемдер, олардың құрылу ерекшеліктері. Бұйрықты сөйлемдерден айырмашылығы, жасалу жолдары. Реплика ретінде айтылатын (түйдек қалыпты) лепті сөйлемдер. Қазақ тілі синтаксисіндегі үндеу амалдары. Қаратпа, қыстырма. Бөгде сөз. Оның сөйлем құрылысына қатысу тәсілдері. Бөгде сөздің түрлері. Бөгде сөзді ұқсас синтаксистік тұлғалардан ажырату. Қазақ тілі синтаксисіндегі үстеме тәсілдер, олардың негізгі грамматикалық жүйеге қатысы. Шегеру (диафрагмалау) амалы, оның жұмсалуы. Қазақ тілі синтаксисінің лингвомәдени аспектілері, сөйлемдердің құрылымы мен семантикасындағы ұлттық таным. Қазақ тілінің синтаксисінде ұлттық танымдардың көрінуі: сөз тіркесі жүйесінде кейбір мекендік грамматикалық мағыналардың синкретті түрде білдірілуі, үндеу қызметтерінің семантикалық жүйесі, екі негізді сөйлем семантикасы мен бір негізді сөйлемдердің функционалдық-семантикалық байланысы, эмоциялық-экспрессивтік мағыналарды білдіруде табиғат көріністеріне еліктеу, актуализация амалдары т.б.
Негізгі әдебиеттер:
1. Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі, сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. А., 1992
2. Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. А., 2003
3. Қазақ грамматикасы, А., 2002
4. Бөзбаева А. Қазіргі қазақ тіліндегі толымсыз сөйлемдердің коммуникативтік-прагматикалық аспектісі, А., 2005
5. Сыздықова Р. Емле және тыныс белгілері. А., 2007
6. Орфографиялық сөздік. А., 2007
7. Жақыпова Ж. Сөйлеу тілінің сипаты, Қарағанды, 2001
8. Әмір Р. Жалғаулықтар: құрамы, дамуы, қызметі. – Қазақ лингвистикасы мен лингвопрактика мәселелері, А., 2008
9. Шалабай Б. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. Оқу құралы. Алматы: «Қазақ университеті», 2012
10. Балакаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Сөз тіркесі және жай сөйлем синтаксисі. Алматы: Білім, 2004
11. Сайрамбаев Т. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. Алматы: Рауан, 1991
12. Садирова К. Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі. Ақтөбе: М-Стиль баспасы, 2013
