- •1. Нан пісіру пештерін салыстырмалы талдау, әдеби шолу
- •1.1 Нан пісіру пештерінің заманауи түрлеріне әдеби шолу
- •1.1 Сурет. Роторлық пеш
- •1.2 Сурет. Пхс маркалы туннелді пеш.
- •2.1 Сурет. Фтл-2 нан пісіру пеші (көлденең қимасы)
- •2.2 Жұмыс принципі мен жұмыс режимінің сипаттамасы
- •2.2.1 Жұмыс принципі
- •2.2 Сурет. Пештің қыздырылу схемасы және газдардың қозғалысы
- •2.2.2 Пештің жұмыс режимі
- •2.3 Тамақтық ортаның технологиялық қасиеттерінің сипаты
- •3. Есептеу бөлімі
- •3.1 Ауқымдық өлшемдерін анықтау
- •3.1 Сурет. Пеш люлкасында қамыр дайындамаларының орналасу схемасы
- •3.2 Процестің жылулық балансы
- •4.1 Жөндеу жұмыстарын ұыймдастыру және басқару. Жсж жүйесінің тағайындалуы мен мазмұны, жалпы қағидалары
- •4.2 Жөндеулерді жүргізудің тәсілдері мен әдістері
- •4.3 Жөндеуді жоспарлау және басқару, негізгі түсініктер мен нормативтері
2.1 Сурет. Фтл-2 нан пісіру пеші (көлденең қимасы)
Пештің ошағы 20 (2.1 сурет) қатты отынды жағуға ыңғайлы етіп жасалған. Бірінші қыздыру каналы пісіру камерасынан төменгі қыздыру беті арқылы бөлінген.
Бірінші каналдың соңында күл ұстағыш камера орналасқан. Камераны тазалау бүйір жағындағы тазалу люлкалары арқылы іске асырылады.
Пісіру камерасында пеш ішіндегі конвейер орналасқан. Конвейер жетектік 2 және тартылыстық біліктерден тұрады. Жетектік 2 және
тартылыстық 17 біліктерге жұлдызшалар бекітілген. Жетектік 2 және тартылыстық 17 біліктерге бекітілген жұлдызшаларға төлкелі–шығырлы шынжыр 4 бекітілген. Шынжырға түбтері бар люлкалар 1 ілінген. Түбтері бар люлкаларға қамырды тиеу отырғызу аузы 3 арқылы іске асырылады.
Пештік
конвейердің көлденең тармақтарының
арасында орташа қыздыру беті 7 орналасқан.
Орташа қыздыру бетіне 7 бірінші газ
жолынан орталық тесіккөз 10 арқылы пештің
бүйір қабырғасында орналасқан екі тік
газ өткізгіш бойымен газ келеді.
Газ орташа қыздыру бетінен (радиаторлық қорап) алдыңғы терезе 8 немесе артқы терезе 11 арқылы шағады, одан ары бүйір каналдар бойымен жоғарғы каналған 14 келеді.
Жоғарғы каналды тазалау және тексеру люк 18 арқылы іске асырылады.
Жоғарғы каналға газдың келуі шиберлердің көмегімен кіру терезелері 9, 12 және 15 арқылы іске асырылады. Егер пісіру камерасының бірінші зонасында температураны жоғарылату қажет болса, онда газдарды кірістік терезе9 арқылы бағыттайды, егер төмен температуралық режим жасау қажет болған жағдайда онда газдарды 12 немесе 15 терезе арқылы жоғарғы каналға бағыттайды. Люк 19 кірпішпен жабылған.
Пісіру камерасының ортасын ылғалдау үшін арнайы құралғы 5 қолданылады. Буды алып кету канал 6 арқылы іске асырылады. Канал 6 пештің моржасымен (көмейімен) жалғанған. Пештің үстінде үш су қайнату қазаны 16 орнатылған. Пештің жоғарғы жағында үш реттеу тартылыстық шибері орнатылған. Шиберлер 13 пештің тартысын реттеуге арналған. Шиберлер терезе 12 алдында орнатылған. Олар пісіру камерасын ені бойынша қыздыруды реттеуге арналған.
Пеш конвейері үзілісті қозғалыс жасайды. Үзілісті қозғалысты уақыт аралық реле арқылы іске асырады.
Шынжыр жетегі электроқозғалтқыштан червякты редуктор арқылы белдікті және шынжырлы беріліс арқылы іске асырылады. ФТЛ–2 пешінің төменгі және тік каналдарының ошағы саздан жасалған отқа төзімді кірпішпен жасалған.
Пештің радиаторы қимасы тік төртбұрыш болып келетін кең темір қорап түрінде болып келеді. Қораптың төменгі қабырғасы (түбі) қыздыратын газ жағынан қалыңдығы 35 мм отқа төзімді плитка қойылған.
Бұл радиатордың төменгі қабырғасы арқылы қыздыру газдарының пеш конвейерінің жоғарғы тармағындағы бірінші пісіру периоды кезінде қамыр дайындамаларына берілуін төмендетеді.
2.2 Жұмыс принципі мен жұмыс режимінің сипаттамасы
2.2.1 Жұмыс принципі
ФТЛ-2 [16] пешінің қыздырылу схемасы 2.2 суретте көрсетілген.
Түтін ошақтан 1 төменгі газ өткізгіш 2 бойымен және тік құбырмен 6 радиатолық қорапқа бағытталады; одан ары алдыңғы 8 немесе артқы 16 тік құбырлар арқылы газ жоғарғы газ өткізгіштің 14 екі кең каналына көтеріледі.
Пісірілетін нан сортына байланысты түтінді отырғызу жағына немесе ошақ жағына жіберуге болады. Түтін ағынының бағытынын өзгерту үшін радиаторлық қораптың 7 артқы тік құбырында 16 екі шибер орналасқан.
