Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
готовая.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.31 Mб
Скачать

4.1.1 Пеш қаптамасы.

Пеш қаптамасы табақты мен профильді болаттан пісірілген. камераның алдыңғы бөлігінде периметр бойынша тығыздағышты орнату үшін арналған рамка бар.

Қаптаманың күмбездік табақтары алмалы – салмалы орындалған. Артқы қабырғада қыздырғыш элементтерді шығаруға арналған арқау, сонымен бірге газ өткізетін құбырды тығыздайтын қосымша арқау орнатылған.

электр пештің күмбезінде екі терможұпқа арналған арқау бар. Біреуі (терможұптың)- реттегіш (жұмысшы), екіншісі - бақылау.

8-сурет. Электрлі камералық пештің жалпы көрінісі

4.1.2 Пеш астары.

Пеш астары отқа төзімді және жылуоқшаулағыш талшықты материалдармен орындалған. Жылжымалы табан алдыңғы қабырғамен бірге отқа төзімділермен және жылуоқшаулағыш кірпіштермен астарланған. Астармен жанасқан жердегі есіктер астары қаңқасымен муллит-кремнеземды кигізбен тығыздалған.

Ыстық ауа ағынын жабу үшін астар мен жылжымалы табан арасына тығыздаушы материалмен толтырылған тұйықталған тік төрт бұрышты қораптан тұратын тығыздаушы қондырғы орнатылады. Қорап жылжымалы табанды рамамен топсалы байланысқан және табан жұмыс кеңістігіне кірген соң пышақтарға қысылады.

4.1.3 жылжымалы табан құрылысы.

жылжымалы табан табақты және профильді прокаттан тік қабырғамен пісіріліп орындалған. Садка жылжымалы табанның жылоқшауланған панельге орнатылады. жылжымалы табан панелінің жоғарғы табағы ұзын рамамен қатты байланыспаған, бұл температуралық деформацияның болмауына мүмкіндік береді. Тік қабырға мен табан жылоқшауланған панельдерден орындалған, олардың ішкі бөлігі ыстыққа төзімді қаңылтырмен қапталған. Тік қабырғаның ішкі және сыртқы қаңылтырлары арасындағы кеңістік минералды маталы тігілген маталармен толтырылған. Ауаның бағытталған ағынын жасау үшін тік қабырғада экрандар орнатылады. Тік қабырғада периметр бойынша ретегіш қаңылтырлар орнатылады, олар жылжымалы табан камерадағы тығыздағышқа кіргенде қымталу жасалады.

жылжымалы табан рельстік жолмен жүзеге асырылады. жылжымалы табанның қозғалу механизмі қырықаяқтар қондырғысынан және электрмеханикалық жетектен тұрады. Табанның шеткі жағдайға тоқтауын шеткі ажыратқыштар қамтамасыз етеді. Механизм электрпеш камерасының алдындағы ойықта орналасқан, қызмет көрсетуге қол жетімді.

Алдыңғы оң жақтағы бүйір қабырғада жылжымалы табан камераға кіргенде оның тоқтауына тағайындалған шеткі ажыратқыштың қондырғысы бекітіледі. Табанның қозғалуы табанның алдыңғы бөлігіндегі рамада орнатылған жетектің көмегімен жүзеге асады. Жетек электрқозғағыштан, редуктордан және шынжырлы берілістен құралады; жетекке қоректендіруді жеткізу майысқақ кабельмен жүзеге асады. жылжымалы табан қозғағышының жетегін қосу және өшіру оператормен ажыратқыштан қолмен жүзеге асады.

Қорытынды

Термиялық өңдеу үшін пештерді ір түрлі белгілеріне: энергия түріне (алаулы және электрлі), механизация дәрежесіне (механикаландырығлан және механикаландырылмаған), термиялық өңдеу түрлері (шынықтыру, цементтеу және т.б), жүктеу әдісіне (камералық, шахталық, жылжымалы табанды, қалпақты, элеваторлы, конвейерлі, итермелі, т.б.) байланысьы бөледі.

Қыздыру әдісі бойынша электропештерін, яғни электр энергиясын жылуға айналдыру мен қыздыралатын денге жылуды беру, екі негізгі топқа бөледі: электр тогының өтуі арқылы жылу өткізгіштерде жылу бөлінуі арқылы жұмыс істейтін кедергілі пештер; ауыспалы электрмагнитті өрісте орналасқан электрэнергиясы қыздырылатын денеге берілетін индукциялық пештер мен қондырғылар.

Термиялық пештердің келесі негізгі қажеттіліктері құралымның қарапайымдылығы мен эксплуатациядағы сенімділігі, өңделген бөлшектердің жоғары сапалығын алу, энергияны пайдалану минимальдігі; экономикалық эксплуатациясы, экологиялық сиппатамадағы шарттарды орындау маңызды.

Өнімділігі бұл пештердің 150-950 кг/сағ, жылу шығыны 6500-7500кДж/сағ.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.Термиялық цехтардың жабдықтары/Д.Қ Мусин, / Г.И Сұлтамұрат/ Алматы 2011

2.Термиялық цехтардың жабдықтары/ Г.И Сұлтамұрат, Д.Қ Мусин/ ҚарМТУ, 2014

3.Соколов К.Н Оборудование термицеских цехов-Киев: Высшая школа, Головное изд-во, 1984, 328 с.

4.Рустем С.Л. Оборудование проектирование термических цехов-М.: Машгиз, 1962, 588 с, ил.

ҚОСЫМШАЛАР