Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
готовая.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.31 Mб
Скачать

2.1 Қосымша жабдықты негідеу.

Шынықтырғыш бакар деп суытушы орта — су, минералды май болатын резервуарды атайды.

Тікелей шынықтыру үшін, қақпағында тесігі бар үстелде орнатылған әдеттегі шынықтырғыш бакты білдіретін, механикаландырылған конвейерсіз шынықтырғыш бак қолданылады. пневматикалық жүйенің көмегімен үстел бағыттағыштар бойынша төмен түседі және жоғары көтеріледі. шынықтырғыш бак майдың керекті температурасын ұстау үшін қыздырғыш және суытқыш ирек түтіктермен, шынықтырғыш ортаны тез суыту үшін насоспен (шынықтырғыш бактағы айналатын майдың мөлшері 18 м3/с) жабдықталған. Қызған бұйымдармен айла-құрал үстелге орнатылады, содан кейін пневматикалық цилиндрдің көмегімен үстел майға түседі.Бөлшектер суыған соң ауа кранының бұрылуымен ауа цилиндрге беріледі және үстөл көтеріледі.

шынықтырғыш сұйықтарды суыту үшін бактарда айналатын суық суы бар ирек түтіктерді қолданады немесе шынықтырғыш сұйықтың өзін май суытқышта суытумен айналдыруды жүзеге асырады.

4 –суретте механикаландырылған шынықтырғыш бактың құрылысы берілген. Бак, қақпағында тесігі бар үстөл 2 орнатылған 1 корпустан тұрады. пневматикалық айла-құралдың көмегімен 3 үстөл, төмен түседі және жоғары көтеріледі, шайқалады. майды шайқау араластырғыштың көмегімен 4 жүзеге асады. Табандықтарды суыту келесі түрде жүргізіледі. бөлшектері бар ыстық табандықтар үстөлге түседі және пневматиканың көмегімен үстөл майға батырылады және шайқалады. Суытылудан кейін үстөл көтеріледі және табандықтар келесі операцияға жылжиды.

2 Сурет – Механикаландырылған шынықтырғыш бак

1 – корпус, 2 – төмен түсетін үстөл, 3 – үстөлді көтеруге арналған айла-құрал, 4 - араластырғыш

майда шынықтырған соң бөлшектер МКП-6.20-Б4 жуушы машинаға жіберіледі. МКП-6.20-Б4 техникалық сипаттамалары 1.5.кестеде келтірілген.

1.5 кесте–МКП-6.20-Б4 техникалық сипаттамалары

№ п/п

Атауы

Өлш. бірл.

Сандық шама

1

Өнімділік

кг/с

100-160

2

Аймақтар саны

2

3

Жуушы сұйықтың жұмыс температурасы

0С

80

4

электрқыздырғыштың қуаты

кВт

31,5

5

бак сыйымдылығы

- 1 аймақ

- 2 аймақ

м3

0,72

0,52

6

Жұмыс кеңістігінің өлшемдері

- ұзындығы

- ені

- биіктігі

мм

2000

600

250

7

Габариттік өлшемдері

- ұзындығы

- ені

- биіктігі

мм

3383

1624

2305

8

Салмағы

кг

2160

2.2 Көмекші жабдықты негіздеу.

Көтергіш-транспорттық жабдық. Пешті тиеу және түсірудің әртүрлі жұмыстарын орындау үшін, бөлшектерді пештің түсіру шетінен тиеу шетіне тасмалдау үшін, бір операциядан екіншіна операцияға бөлшектерді тасмалдауға кран-балканы қолданады.

Жобаланып отырған учаскеде, кран-балка деп аталатын бір балкалы көпірлік кранды қолданамыз. тельферді басқару және кранды жылжыту учаске еденінен аспалы түймелі механизмен жүзеге асырылады.

бір балкалы қолды кранның жүк көтергіштігі 2т. Кран-балка көпірден, жылжыту механизмінен және тельферден тұрады. кран көпірі, швеллерлерден жасалған шеткі рамаға тірелген ұзын екі таврлы балкадан тұратын металды пісірілген құрылысты білдіреді. шеткі балкаға кранның жүрісті доңғалақтар қондырылған. Кранның балкалары және көлденең кеңістікте инерция күшінен кран төмен түскенде және ол тоқтағанда бүгіліске ұшырайды.

Кран-балка, бөлшектерді көтеру 20-30 м/мин және түсіруді 40-60 м/мин жылдамдықтарын қамтамасыз ететін арнайы шығырлармен қамтылған.

кран-балкада жүріс доңғалақтары қозғалысқа электрқозғағыштармен іске асырылады.

Бақылау-өлшеу аспаптары. температураларды өлшеу мен реттеу үшін қыздырғыш пештерде әртүрлі бақылау-өлшеу аспаптары қолданылады: термометрлер, терможұптар, пирометрлер және т.б..

кедергінің электрлік термометрлері 2530С тан 6500С дейінгі шектерде температураны өлшеу үшін арналған. электрлік термометрдің әрекет принципі, өзінің кедергісін температураға байланысты өзгертетін, металдан орындалған (платинадан немесе мыстан) оның сезімтал элементінің қасиетіне негізделген.

терможұптың әрекет принципі терможұптар шетіндегі температуралар айырмашылығы нәтижесінде термоэлектрқозғаушы күштің пайда болуына (термо-э.қ.к.) негізделген.

терможұп бір шеті жұмысшы деп аталатын шетінен жалғанған (пісіріп қосылған) екі әртүрлі өткізгіштерден тұрады. Жұмысшы шеті температурасы өзгеретін ортаға салынады. терможұптың екінші бос шетіне, терможұптың термо-э.қ.к. өлшейтін милливольтметрге бағытталған сымдар жалғанады. Егер терможұптың жұмыс және бос шеттерінің температурасы әртүрлі, онда терможұпта термо-э.қ.к. пайда болады. термо-э.қ.к. шамасы термоэлектрод материалынан және терможұптың жұмыс және бос шеттерінің температурасынан тәуелді. Екі термоэлектродтың бос шеттерінің температурасы бірдей болуы тиіс.

температураны өлшеу үшін потенциометрлерді қолданылады. потенциометрдің әрекет принципі, терможұптың Э.Қ.К. оған шамасы бойынша теңеседі, бірақ бөгде тоқ көздерінен Э.Қ.К. таңбасы бойынша қарама қарсылығына негізделген.

термиялық учаскедегі электрпештерде температураны реттеу басқару қалқаншасында орнатылған автоматты өзі жазатын потенциометрмен жүргізіледі. Электрпештер үшін потенциометр датчигін хромель-алюмельдік терможұп (ТХА), ал температурасы 1200 0С электрпештер үшін – платинородий-платиналық терможұп (ТПП) атқарады.

Қорғаушы атмосфераны дайындау үшін ЭК-125М03 қондырғы таңдалған. Бақыланатын атмосфераның құрамы 4-12%СО2; 2-12%СО; 2-20% Н2; 0,5-1,0% СН4; қалғаны – азот. Шық нүктесі 25-30°С.

экзогазды алу үшін арналған қондырғылар газ-ауалы қоспаны даярлау жүйесін, жану камерасын және жану өнімдерін су буларынан тазарту үшін жүйені қосады. жану камерасы газ тәрізді отынды жағуға арналған әдеттегі оттық түрінде орындалған. Н2О тазарту жүйесі жану камерасымен қатар орналасқан алдын ала суытқыштан және қосымша тоңазытқыш қондырғыдан тұрады. экзогазды қондырғының сұлбасы 5-суретте көрсетілген.

экзогазды алу кезектілігі келесідей. Газ үрлеуді 10 n = 0,55 газ-ауалы қоспамен 4 шілтеріге береді. жану камерасына 5 түскен қоспа тұтанады және жану камерасынан шығарда толық жанбаған өнімдерде 4% СО2, 13%Н2О, 12%СО, 16%Н2 тұрады және қалғаны N2. Берілген құрам Н2О (более 10 г/м3) үлкен мөлшерінен термиялық өңдеуге тәжірибелік жарамсыз. Су буларын газды суыту әдісімен жояды. Суыту кезінде су булары конденсацияланады және газдан сұйық түрінде жойылады. газ неғұрлым күшті суытылса, одан соғұрлым ылғал көп шығарылады және экзогаз соғұрлым құрғақ болады.