- •Топпен жұмыс істеу бағдарламасы
- •Тесттің кілті «Сіз жақсы доссыз ба?»
- •Досыңа көмектесе аласың ба?
- •Қарым-қатынас деңгейін анықтау.
- •Қарым-қатынас деңгейін анықтау
- •Сіз қаншалықты қарым-қатынасқа түсе аласыз?
- •«Сенің мінез-құлығың қандай?»
- •«Өз құрбыңызға ықпал ете аласыз ба?»
- •«Кактус» әдістемесі
- •Әдістеменің нәтижесін өңдеу.
- •Жеке оқушыға психологиялық-педагогикалық мінездеме
- •6. Сыныптас құрдастарымен өзара қарым – қатынас .
- •Тренингтің тақырыбы: «Қиын бала» қалай пайда болады?
- •1 Тапсырма: «Қиын бала» - ол кім?
- •2 Тапсырма: «Жағдайлар»
- •3 Тапсырма: «Жасөспірім бейнесі»
- •4 Ойын: «Жақсы тілек»
- •«Мен туралы не ойлайсыңдар?» тренингі
- •«Біз бәріміз әртүрліміз - өз-өзімізді танимыз және бағалаймыз».
- •Жетекшінің рөлі және оның тәртіп стилі.
- •Тренингтің барысы:
- •Анықтау мәліметтері туралы әңгіме.
- •3. Екі топ бір-біріне қарама-қарсы тұрып, бір-біріне жақсы тілек айтады.
- •8.Әр топ жағдайды көрініс арқылы көрсетеді. Талдау жасалынады.
- •8.Жаттығу жасалынады.
- •Мінездеме
- •V ойын
- •VI тапсырма:
- •Viі Практикалық жұмыс:
6. Сыныптас құрдастарымен өзара қарым – қатынас .
6.1 Социометриялық зерттеу негізінде оқушының сыныптағы құрбыларымен өзара қарым – қатынас ерекшелігіне тоқталу :
лидерлік ;
топ белсенділері қатарында ;
топ құрамында ;
шеттелген бала .
6.2 Топтың оған қарым – қатынасының сипаты .
7. Оқушының мектепке қатынасы .
7.1 Мектепке ( сыныпқа ) ықыласы ; оқиғасы келу ниеті .
7.2 Мұғалімдер қарым – қатынасы.
8. Мінез – құлық ерекшелігі .
8.1 Мінез – құлқындағы басын көріністер ( жағымды , жағымсыз ).
8.2 Өз жетістіктеріне қатынасы
9. Оқу үлгерімі .
9.1 Сабаққа қатысы ( кешігу , себепсіз қалу )
9.2 Сабақ үстіндегі тәртібі ( мазасыз , тыныш , сыбырлау , көшіріу , көмектесу т.т )
9.3 Үлгерімі ( нашар , орташа , жақсы )
Қарым-қатынас тренингі
Мақсаты: 9 Б сынып оқушылар арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктерін қандай екенін білу, бойындағы мінез-құлықтарына сипаттама беру, араларындағы қарым-қатынастарын нығайту, жақсы психологиялық ахуал орнату.
Әдіс – тәсілдер: Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығулар, ойындар.
Қажетті оқу-құралдар: ақ қағаз, маркер, плакат, арқан.
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу рәсімі (жылы импульстер жіберу, атын, гороскоп бойынша атауын атау, бір-біріне жақсылық тілеу)
2. Оқушыларды тренинг тақырыбымен таныстыру. «Қарым-қатынас ерекшеліктері».
ІІ Негізгі бөлім:
Сұрақ – жауап:
Қарым-қатынас дегеніміз не?
Қарым-қатынас қандай болуы мүмкін?
Ол неге байланысты?
Сендердің сыныпитарында қарым-қатынас қандай?
Тапсырма 1.
«Мен неге ұқсаймын?» (музыка ойнап тұрады)
Әр оқушыға бір ақ парақтан таратылып «Мен неге ұқсаймын?» деген тақырыпқа сурет салу ұсынылады (талға, гүлге, аюға, т.б.), әр кім өзін қалай елестетеді. Сурет салып болғаннан кейін әр оқушы өз суретін түсіндіреді.
Тапсырма 2.
«Сұрақ-жауап»
Әр оқушыға карточка таратылады (карточкаларда қатысушылардың аттары жазылады). Кімнің аты сіздерге түседі, сол кісіге сұрақ қоясыздар. Олар жауап береді.
Ойын «Шеңбер»
Қатысушылар шеңбер құрып орындықтарда отырады. Ортада еденде арқанмен шеңбер құрылады. Сұрақтар бойынша қатысушылар сол шеңберге тұру керек.
Кімнің үстінде шалбар бар ? (осы шеңбердің ішіндегі қатысушыларға машина боламыз).
Кімнің киімінде түйме бар? (балық боламыз)
Кімнің қолында сағаты бар? (мысық боламыз)
Кім өзін сұлу адам деп санайды? (америкадағы бостандық ескерткішін көрсет)
Кімнің мұрыны жоқ? (жел тұрғандағы ағаштар)
Кімнің тісі түгел емес? (үрленген шар)
Кімнің басында шашы бар? (өте дәу аюды көрсет)
Кім бүгін жылы сөз айтты (жылы сөздер айтамыз)
Ойын «Молекула» (музыка ойнайды)
Бәріміңз тұрамыз, еркін жүреміз. Атом молекуладан тұрады, молекула деген майда бөлшектер. Әр атом көп молекулардан тұрады. Біз барлығымыз молекуламыз, қәзір атомдарды құраймыз. Мен қанша сан айтамын, сонша адам топ құраймыз, артық қалған адамдар орындарында отырады.
4,5,3,2........................
Тапсырма 3.
Ақ плакатқа схема түрінде қарым-қатынас деген ұғымды талдау.
Ата-анамен
Мұғаліммен
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС (кіммен болады?) Достармен
Таныстармен
Сыныптастармен
Қыздар, ұлдармен
Үлкен кісілермен
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС (қандай болады?) Жақсы (сыйластық, жақсы
көру, бір-бірін түсіну,
адамгершілік, мейірімділік
қасиеттер)
Жаман (ұрыс,жанжал,
түсініспеушілік, жек көру,
қатыгездік)
Тапсырма 6.
«Егер сен сиқыршы болсаң?»
Егер сен сиқыршы болсаң қандай қасиеттер сыйлар едің?
өзіңе
өз досыңа
ата-анаңа
мұғалімдерге
білім
ақыл
еңбекқорлық
белсенділік
мейірімділік
адалдық, шыншылдық
жауапкершілік
шығармашылық
көтеріңкі көңіл-күй
тіл табыса білу
Тренингті аяқтау:
Жеміс интерьеріндегі сіздің бейнеңіз.
Релаксация.
