Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 ТТЖ Тжірибе жмыс №2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.98 Mб
Скачать

3.2.2 Тегерікті пышақты машиналары

Ілгері-қайтымды қозғалатын пышақты, жылжымалы пішу машиналарының негізгі кемшілігі қиманың сапасының жеткіліксіздігінде. Бұл жағдай негізінен пышақтың жылдамдығының шамасы бойынша да, бағыты бойынша да тұрақсыз болуымен байланысты. Сонымен қатар, құрылманың күрделілігі және шыдамдылық мерзімсіздігі тегеректі пышақты жылжымалы пішу машиналарының пайда болуы мен кең қолдануын айқындады. Тегеректі пышақты жылжымалы пішу машиналарын жиегінің қисықтық радиусы 200 мм шамасындағы бөлшектерді пішуге қолданады.

Тегеректі пышақты жылжымалы пішу машиналарын сырт көрінісі сурет 2.4-те келтірілген.

Сурет 2.4 - Тегеректі пышақты пішу машиналары

Осындай машиналардың құрылысының және жұмысының ерекшеліктерін ЭЗДМ-3 машинасының мысалында қарастырайық.

ЭЗДМ-3 машинасының техникалық сипаттамасы

Кесілетін төсемдердіңдің максималды қалыңдығы, мм

Пышақтың диаметрі, мм

Пышақтың қалыңдығы, мм

Машина жетегінің электрқозғалтқышы:

- қуаты, кВт

- кернеуі, В

- айналу жиілігі, с-1

і-ші конустық берілістің берілістік қатынасы

Сыртауқымы, мм

Массасы, кг

- 40;

- 110;

- 1,5;

- 0,25;

- 220;

- 50;

- 1,82:1;

320×114×290;

- 6,2.

Машинаның платформасында 1 (сурет 2.5) тіреу 10 бекітілген, оған электрқозғалтқыш 5 орнатылған.

Сурет 2.5 - ЭЗДМ-3 машинасының сұлбасы

Тегерік пішінді тіреу 10 саусаққа таяныш қызметін атқарады, саусақта шарикті мойынтіректің көмегімен тегерікті пышақғы 11 бар конустық тістегеріш 2 бекітіледі. Тістегеріштің 2 тістері, электрқозғалтқыштың 5 білігінің ұшына (реттеу мүмкіндігімен) отырғызылған, екінші конустық тістегеріштің 14 тістерімен іліністе болады. Машинаның платформасының төсем үстелдің бойымен жылжу ыңғайлығы болуы үшін астыңғы жағында төрт аунақшалары 12 бар. Тегерікті пышақтың платформа арқылы өту орнында, аустырылу мүмкіндігі бар, призмалы пышақ 13 орналастырылған. Бұл пышақ серіпенің көмегімен тегерікті пышақтың кескіш жиегіне қысылады.

Пішу машинасының жылжуы үшін электрқозғалтқышта тұтқа 8 бекітілген. Тұтқаға сөндіргіш 7 орнатылған. Тұтқаның астынғы жағында серіппеленген өсте қайрау шарығы орналасқан. Шарықтың тұрқыға қарағандағы орналасуы реттелінеді. Электрқозғалтқышқа қуат сым 6 арқылы беріледі.

Машинада жұмыс орындаудың қауіпсіздігі қалқаншамен 3 қамтамасыз етіледі, оның орынжайы өзгертіп реттеуге болады.

Пышақты қайрау оны машинадан шығарылмай-ақ орындау мүмкін. Ол үшін қайрау құрылғысының қосу батырмасы басумен айналып жатқан пышаққа (электрқозғалтқыш өшірілмейді) қайрақ тасы келтіреді.

Машинаның шуылсыз, сапалы жұмысы көптеген жағдайда пышақты (құрылғы 4), конустық берілісті, сонымен қатар пышақтың таяныштарын және аунақшаларын уақытылы және жеткілікті майлаумен қамтамасыз етіледі.

Тегерікті пышақты жылжымалы пішу машиналарының бір түрі, пішімді дәлдеу машинасы болады. Бұл машина бөлшектердің өлшемдерін дәлдеу кезінде олардың жиектерін кесу, бөлшектерді кертпелеу үшін қолданылады. Мұндай машиналардағы тегерікті пышақ, тұйықтасқан шеңбердің төрт доғаларымен түзілген, айрықша пішінді болады. Өнеркәсіпте ОМ-3 пішімді дәлдеу машинасы кең пайдаланылады, оның пышағы, машинаның тұтқасында орналастырылған, қуаттылығы 80 Вт электрқозғалтқыштан айналыс алады. Электрқозғалтқыштан айналым беріліс қатынасы і – 3:1 тең, иірмекті беріліспен беріледі. Пышақтың айналу жиілігі 15,8 с-1.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]