Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
200417_Aida_Alemshat_1.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.4 Mб
Скачать

2 Алматы қаласы аудандарындағы жаяужолдардың қазіргі сипаты

2.1 Жаяужолдардың қазіргі жағдайы бойынша әлеуметтік сауалнама жүргізу

Бізге әлеуметтік жоба тақырыбын ұсынған “Алматы қаласының даму орталығы” АҚ-ның дайындаған сұрақтарын Алматы қаласы тұрғындарымен жүргіздік. Қойылған сұрақтар:

  1. Жаяу жиі жүресіз бе?

  2. Сізді қаладағы жаяужолдың жағдайы қанағаттандырады ма?

  3. Сіз тұратын ауданда қоқыс салатын жәшіктер бар ма?

  4. Жаяужолдың бойында баспалдықтар бар ма?

  5. Жаяужолдар бойынша мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандустар бар ма?

  6. Пандустар нормаға сай келеді ме?

  7. Ауданның көгалдандыру жағдайын анықтаңыз?

  8. Өсіп кеткен бұталар мен ағаштар жаяу жүргіншілерге кедергі тудырады ма?

  9. Ауданның жаяу жолдары көңіліңізден шығады ма?

Зерттеу барысында, біз 630 тұрғыннан сұхбат алдық. Оның ішінде әйел – 364, еркек – 236 адам.

Қала тұрғындарына жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша қаламыздың жалпы жаяужолдары туралы нақты ақпараттар алдық. Жаяужолдармен жиі жүресіз бе?- деген сұраққа (16 сурет) респонденттердің 35% - ия, 25 % - жиі, 24% - сирек, 16% - жүрмеймін деп жауап берген.

Сурет-16 Респонденттердің жаяужолдармен жүру туралы сауалнаманың нәтижесі

Ескерту: автормен қарастырылған

16-суреттің нәтижесінде халықтың басым бөлігі жаяужолдармен жүретін болып шықты. Сол сияқты «Сізді қаладағы тротуарлардың жағдайы қанағаттандырады ма?» - деген сұраққа, қанағаттандырады деп жауап бергендер 171 адам болды, ол 31% - құрайды. Ал жоқ дегендер 315 адам, 47% - ойынша жаяужолдар нашар. 144 адам немесе респонденттердің 22% - үшін бәрібір деп жауап берді.

Сурет-17 Тұрғындардың өз көшелеріндегі жаяужолға қанағаттануының көрсеткіші

Ескерту: автормен қарастырылған

18 кескіндемеде респонденттердің назарына тек жаяужолдардың қазіргі жағдайынан басқа ондағы қоқыс салатын жәшіктердің барлығы туралы сұрақ қойылған болатын. Респонденттердің 52% - қоқыс жәшіктері бар десе, 48% - жоқ деп жауап берген, ол қаладағы кейбір көшелердегі қоқыс жәшіктерінің жоқтығын білдіреді.

Сурет-18 Қала көшелеріндегі қоқыс жәшіктері туралы мәліметтер Ескерту: автормен қарастырылған

Сол сияқты «Жаяужолдар бойынша мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандустар бар ма?» - деген сұраққа (19 сурет)62% - (393 адам) респонденттер бар деп жауап берді, ал 38% - (237 адам) жоқ деген жауап қайтарды.

Сурет-19 Жаяужолдардағы пандустартың жағдайы туралы деректер

Ескерту: автормен қарастырылған

Пандустардың тазалығы мен жағдайын бағалауы бойынша респонденттердің 40% - жақсы десе, 35% - орташа, ал 25% - жаман деген жауаптар берген. (20 сурет)

Сурет-20 Пандустардың тазалық жағдайы

Ескерту: автормен қарастырылған

Жаяужолдардағы өсіп кеткен бұталар мен ағаштар жаяу жүргіншілерге кедергі келтіре ме? - деген сұраққа 64% - респонденттер ия деген жауап берген, тек 20% - жоқ десе, 16% - ойынша әр жерде әртүрлі деген. Бұл сұрақтардан қала аудандарының көшелерінде біркелкі жұмыс жүргізілмейтіндігі белгілі болды.

Сурет-21 Жабайы ағаштар мен бұталардың жаяужолда кедергі келтіруі

Ескерту: автормен қарастырылған

Ауданның жаяужолдары көңіліңізден шығады ма? – деген сұраққа (22 сурет) 58% - респонденттер (369 адам) ия деп жауап берген, ал 32% - үшін (200 адам) көңілімнен шықпайды деген, 10 % - (61 адам) бәрібір деп жауап берген.

Сурет-22 Аудандағы жаяужолдардың талапқа сай болуы

Ескерту: автормен қарастырылған

Зерттеу нәтижесі бойынша Алматы қаласының жаяужолдарының қазіргі жағдайы орташа деуге болады. Респонденттердің пікірі бойынша басым көпшілігі тротуарлардағы қоқыс жәшіктерінің барлығы, әрқашан да таза болмайтындығы айтылған. Демек, қаладағы жекелеген көшелердегі жаяужолдары бар көшелерді әлі де жақсартуды қажет етеді.

Қорытындылай келе, тұрғындарға жүргізілген әлеуметтік сауалнаманың нәтижесі анықталып, көрсетілген мәселелерге сипаттама берілді. Әрбір сұрақтың жауап нәтижелеріне диаграмма құрылып, пайыздық мөлшерлері анықталды. Қаланың қазіргі келбетіне тұрғындар саналы түрде ат салысып, оның ыңғайлы қала болуына өздерінің көзқарастарын белсенді түрде білдірді. Сонымен қатар тротуарлардың сапалы материалдармен жасалынылуы қауіпсіздікті және де сапаны, әсемдікті, демалыс орны болып табылатындығына өз ойларын білдірді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]