Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
31686.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
304.13 Кб
Скачать

1.2. У.Черчилль-антифашистік идеяның қызу қолдаушысы «Егер Гитлер тозаққа түсер болса мен ібіліске мақтау өлең арнар едім»

Черчилль нацистік дәуірде герман милитаризімінің қанат жаюынан қорыққан еді. Нацизм мен ашизм лаңы тек Кеңестер әкелетінін түсінді.

1933 жылғы немістерді қарусыздануға шақырған «Макданольд жоспары» да немістердің көңілінен шықпады. Нәтижесінде немістер осы жылғы конференцияны тастап, жылдың соңында Ұлттар лигасынан шығып кетті.

Ағылшын үкіметі жағдайының бақылаудын шығып бара жатқанына алаңдап, мұның соңы жойқвн, соғысқа ікелетінін түсінді. 1934 жылы Черчилль корольге ұлттық ұлттық қауіпсіздік пен бейбітшілікті қамтамасыз етуге біздің әуе күштеріміз ( ПВО) дайын да лайықта емес. Германия ендігі жерде өзінің авиациялық күштерін қарыштатып дамытып жатыр, сондықтан да келешекте герман авиациясы Англия әуе күштерін басып озуы мүмкін деді.

1935 жылы халықаралық қауымдықтың назары Африкадағы Эфиопия мемлекетіне ауды. Бұл мемлекет осы кезеңде империалистік державалардың, соның ішінде фашистік Италияның отарлау орбитасына айналып үлгерген. Муссолини Англия, Францияның пікірімен санаспай Эфиопияны Итальян Колониясына айналдыруды көздеді. Мұндай агрессия әлем және ағылшын жұртшылығының ашу ызасын туғызды.

Италияның мұндай қадаманыа Черчилль салқын қабақтық танытуға асықпады. Өтйкені, ол Италияның Эфиопияны басып алуынан гөрі. Германияның қолтығына кіріп, одақтасып кетуінен қорықты.

Черчилль Ұлттар лигасын Европадағы антифашистік майданға қарсы тұру үшін пайдаланғысы келді. Бұл Черчилльдің империалистік бәсекелесі Германия мемелекетіне қарсы жоспарлаған саясаты болатын. Ол өзіне дейінгі басқа да ағылшын басшылары секілді 30жылдардағы Германия қаупінің Англия үшін қаншалықты дәрежеде екенін айқын түсінді. Сондай-ақ, Черчилль Гитлер саясатының өзгемемлекеттер мен ұлттарға деген жеккөрініштілік тұстар пайдаланылып, сол мемлекеттер, сол ұлттар ынтымақтасуды да көздеді. Эмрис Хьюз: «Черчилль саясатының басты амбициясы мен анагонистік көзқарасы нацизмге қарсы бағытталды» деп жазды. Ал американ публисті Френсис Нейльсон: «Черчилль билікке жету үшін фашизмді жек көрді, оның гитлерік саясатты жек көруі оны билікке жеткізді» деп жазды.

Сонда да, Черчилль герман үкіметі мен Адольф Гитлердің бірінші дүнижүзілік соғыс жылдарындағы Германияның масқара жеңлісті үшін реванизм (есе қайтару) саясатын жүргізілетін, дүниежүзілік соғыс бастайтындығын анық түсінді. Черчилль Гетлердің саяси карьерасына жоғары баға берген де болатын. Ол беймәлім фюрердің ефрейтор дәрежесінен мемлекет басшылығына дейін көтерілуін жоғары сипаттады. Ал Гитлерді Черчилль алдымен Кеңестер одағының қас жауы және революциялық қозғалыстардың жек көрушісі ретінде таныла түсті.

Черчилль ешқашан да Гитлермен кездескен емес. Ол 1932 жылы Германиядағы саяхатында Мюнхенде Гитлермен кездеспек те болған. Алайда, кездесу болмай қалды. Одан соң Англиядағы неміс елшісі Риббентроп оны Германияға екі рет шақырып, аса зор сақтықпен қарап, Риббентроптың қолын қайтарып тастайды.

Черчилль мен Гитлердің ағылшын және герман империализмнің қарама-қайшылықтары бөліп тұрды. Гитлер Версаль бейбіт келісімінің күшін жоюды талап етсе, Черчилль мұны Англияның бірінші дүниежүзілік соғыста тапқан ерліктерінен ерікті түрде бас тарту деп қабылдады.

Осы кезеңде Черчилль Англияның қарулануын талап етіп отырды. Өйткені, Германияның милитаристік саясатқа асып түсуі мүмкін деп дабыл қақты. 1936 жылы Черчилль құпия барлау қызметкерлеріне көмегімен Германияның әскери саясатына жұмсалып жатқан қаражатын білді. Барлау жұмыстары қаруланға жыл сайын 1 млрд. фунт стерлинг жұмсап жатқанына хабар берді. Германияняң Европадағы келекшекте салатын ойрынынан сескенген Англия және Франция елдері Кеңестер Одағымен келіссөздер жүргізген. 17 наурыздан 18 сәуірге дейін созылған бұл үш жақты кездесуде Англия мен Франция елдері одақ құру туралы келісімдер жасанады, керісінше КСРО –ны Германиямен соғысқа итермеледі. Осы ойлары арқылы Гитлердің бірінші Батыс Европада емес, Кеңестер одағында қырғын ұйымдастыруын күтпек болды.

Англия мен Францияда фашизмге қарсы тұру үшін КСРО бірігуді талап еткен халық наразылығы мен демонстрациялары күн санап өсті. Бұған қарамастан, 1939 жылы Англия мен Франция Европадағы неміс агрессиясына қарсы тұру үшін құрмақ болғын одақтарының маңызды еместігін көріп, КСРО-мен келіссөздерін үзді. Лондон мен париж саясткерлерімен мұны тек КСРО мен Германиямен арасындағы соғыс өртін тұтандыру үшін жасаған әрекеттері екенін жақсы түсінді, сондықтан да, КСРО дәл осы жылы Германиямен шабуыл жасаспау арқылы пакт жасасты. Черчилль ендігі жерді Гитлерді өзіне қас жауы санағанын түсінген соң өз өміріне қауіп төнгенін түсінді. Өйткені, Англияда неміс агенттері саяси қайраткерлерді өлтіріп кетуімен аты шыққан болатын.

Сонымен, 1939 жылы 1 қыркүйекте 2 жаһандық соғыс басталып, Германия Польшаға басып кірді. Тіпті, ол Чемберлен секілді өз алдында бас имегені үшін Черчилльге қарсы диверсиялармен қастандықтар ұйымдастурды да көздеген еді. Сондықтан да, Черчилль антифашистік бағытты тыңдағаны үшін сақ жүрді. Арнайы барлау ұйымдарына өзінің ең сенімді серіктерін тағайындап, солардың Германияның ішкі және сыртқы саясаттары туралы мәліметтер алып отырды.

Халықаралық саясаттағы мәселелері жөніндегі ақпараттарды ол сыртқы істер министрлігінің ірі шенеунігі Рольф Уайграмнан алып отырды. Уайграммен Черчилль ағылшын- герман қатынастарына қатысты. Ортақ пікірде болғандықтан үнемі жақын байланыста болды.

Бірде бірқатар француз министрлігі Англияға келген сәттерінде Черчилльмен кездесіп, халықаралық проблемаларды талқылады. Черчилль үнемі Геманиядағы нацистік режимнің тепкісін көріп, қудалауға ұшыраған саяси қайраткерлермен көрнекі ғалымдарды өзіне тартып, оларға Англиядан баспана беріп, азаматтық сыйлаған. Осы арқылы германиядағы Гитлер саясатының қыр-сырымен танысып отырған. Халықралық саясатты бұл кезеңде ұлттар лигасы өз функцияларын дұрыс атқара алмай, құлдырап жатқан тұсы. Елде лейбористер ( 1940 жылға дейін) екінші дүниежүзілік соғыс алдында ұлттар лигасынының мүшкелерін бейбітшілікті қолдау және антифашистік агрессияны басуға пайдалауды көздейді. Лейбористер елге қарулануды жақтап дауыс беруден бас тартты. Ағылшын халқының санасында қарулану бұл өзін қорғау үшін агрессорға қарсы тұру емес, керісінше өзінің империалистік мақсат, мүдделерін жүзеге асыру үшін жүргізіледі деген тұжырым қалыптасып қалды.

Ағылшын тарихнамасы ағылшын үкіметінің екінші жаһандық соғысқа әскери мақсаттармен кіргенін жазады. Англияның 30 жылдарының екінші жартысында қарулануға жұмсаған қаражаты. Едәуір ол дәрежеде болды. Бұл бүкіләлемдік экономика дағдарыстан елді алып шығып, өнеркәсіптің индустрияны қарғыштап дамытқан бірден-бір фактор болды. Англияның 1935 -1936 жылдардағы әскери бюджеті жылына 136,9 миллион фунт стерлинг құраса, 1938-1939 жалдарда бұл көрсеткіш 2,4 миллион фунт стерлингке жеткен. Бюджетке бөлінген бұ қаражаттардың басым бөлігі әскери авиацияны дамытуға жұмсалған.

Черчилль 30 жылдардың екінші жартысында өзін байсалды әрі сақ күйінде көрсете білді.1936 жылы Испанияда фашистік бүлік басталып, Испания республикасына герман-итальян интервенциясы бағытталған тұста Черчилль Испан мәселесіне араласпау бағытын ( нейтралитет) жариялады. Бұл кезеңде Черчилль коммунизмді жек көрумен қатар социалистік құрылыс атаулыны жаны сүймеді. Алайда, 30 жылдардың аяғында фашитсртедің Англия үстінде қауіпті екеніне әбден көзі жеткен соң ғана ол бұл райынан уақытша бас тартты. Черчилль-Европадағы антифашистік коалицияны құрушылардың бірі болды. Ол Франциядағы Шарль де Голль бастаған қарсыласу ( сопративления) қозғалысына кезінде мол жәрдем берді. Гитлерді билікке халықтың тілегей теңіз аққан Қанының арқасында билікке келген тиран деп сипатталады. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдардағы Черчилльдің антифашистік бағыты жалпы адамзат баласына фашизм мен нацизм жалынынан аман қалғаны белгілі жәйт.

II-тарау. У.Черчелльдің қоғамдық-саяси өмірі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]