Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ілияс_taldau.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
80.16 Кб
Скачать

Қалпымыз

Жансүгіров Ілиястың бұл туындысы Абай үлгісінде жазылған, яғни «Алты аяқ», «Сегіз аяқ» үлгісімен жазылған:

"Ашылар ма көз, Іс болар ма сөз,  Көп көксеген күн туып?... «Аусар - алаң, Жансар - жаман,  Қашан жан боп түзелер?»

- деген іспетті шумақтармен өрілген. Жастығы ма, әлде әдейі солай жазды ма, «Қалпымыздың» шумағы Абайдың «Сегіз аяғына» дәл келсе де, кей жолдарының буындары айнымалы болып отырады. 5 буынның орнына 4 буын, 8 буынның орнына кейбір жолы 7 буын болып қалатын жерлері бар. Бірақ көпшілік шумағы - «Сегіз аяқтың» өрнегі.

Қажым Жұмалиевтің пікірінше бұл туынды Абай өлеңдерімен тек түрі жағынан ғана емес, мазмұны жағынан да үндес. Абайдың «Алты аяқ», «Сегіз аяқтары» өз кезіндегі әлеумет өмірінің ұнамсыз жақтарын шенеу, атқа мініп, ел басқарушылардың мінез-құлық, іс-әркеттерін ашына сынау, мысқыл, кекесінге айналдыру болса, Ілиястың өлеңдерінде де осыны көреміз.

Революция алдындағы қазақ ауылының шындығы: әлеуметтік теңсіздік, әр алуан алаяқ, сұм-сұрқиялық, ар-намысты аяққа басушылық, мәдениетсіздік, ел қамы, жұрт пайдасын емес, өз қамдарын ойлаушылық тәрізді іс-әрекеттерді көзімен көріп, жаны ауырған жас ақын Ілияс та кемшіліктерді ұстазы Абайдың үлгісімен сынау, шенеуді негізгі нысанасы етіп, оған ең қолайлы форма «Сегіз аяқ», «Алты аяқ» өлшемдерінің құрылысы деп ұққан да, сол форманы қолданғанға ұқсайды. Ілиястың революцияға дейінгі Абай үгісінде жазған өлеңдерінің бәрі де мазмұнына түрі сай келіп, сәтті шыққан. Бұл өлең 1915-1916 жылдарда жазылған. 1960 жылы шыққан 1-томда тұңғыш рет жарық көрген. Бұл туындының түпнұсқасы -ақынның 1957 жылы қазақтың А.С.Пушкин атындағы мемлекеттік кітапханасынан табылған "Балдырған" атты қолжазба жинағында сақталған.

Жаңылғаным

Өлең жанры: көңіл-күй лирикасы. Өлеңнің жалпы құрылысында тіркестерді шебер қолданған. Мысалы: 

"Ойладым да отырдым ел табуға,..."

-деп "ел табу" тіркесі арқылы жалпы адамдарды, жақын достарды табу туралы айтады. Туындының келесі жолынан бастап жақын ешкімнің жоңын, дос таба алмай қиналғанын баян етеді, одан əріректе айналасындағы адамдардан медет таппай, бір сәт адасып қалғандай жаңылғанын жырлайды. Дос таппаған көңілдің жалғызсырағанын:

"Жалғанды «жазықты» деп жамандадым,  Ол жазықтан өзімді амандадым."

-деп жеткізеді. Бұл жайда тек өзінің қателесенін сезеді. Бұл өлең 1915-1916 жылдары жазылған. Шумақтарды түгел оқып шыққан оқырманда "Ақынның сезгіштік қасиеті басым болмады ма?"-деген сұрақтар сала тартылмайды. Өз өмірінің соңғы тұсы 1930 жылдан ары, достары,жора-жолдастарының қайсысының қас, кім дос екенін табу қиындап кетеді. Ілияс жалған жалалар жауып, ақіретке қарапайым көреалмаушылықтың, шаш ал десе бас алудың құрбаны болады.

Тек Ілияс:

"Кінə менде, кəп менде, жазық менде,..."

- деп болар жайдың достарының кім-кім екенін біле алмағанына ешкімді кінəламайды.  Өлең тұңғыш рет 1960 жылы шыққан 1-томда жарық көрген. Бұл туындының түпнұсқасы - ақынның 1957 жылы қазақтың А.С.Пушкин атындағы мемлекеттік кітапханасынан табылған "Балдырған" атты қолжазба жинағында сақталған.

МҰҢДЫ ҚҰС

Өлеңнің жанры: саяси лирика. Өлең 1915-1916 жылдары шыққан. Ақын бұл өлеңде метафораларды шебер қолданған. "Мұңды құс" өлеңінің алғашқы шумағында бұлбұлдың көктемде сайрап, шалқып, шаңқылдап көлден көлге ұшып-қонып жүрген талай құстан ерекшеленіп, көркем дауысымен таңдандыратынын айтады. 14 жол өлеңнің ортасына келгенде жараланған құстың бұл күндегі кескіні тіпті қарға мен сауысқанның қарқылын да баса алмай қалғаны һақында баян етеді. Туындының аяқталуы нақты солай болды демейді, солай болары анық дегенге нұсқайды да: 

"Қу ағашқа қонғанмен әннің де не сәні бар?  Қарашадан хабар қып айт садағы кім тыңдар?  Алмай ма соғып, сонар қып саятшылар, жылпыңдар?.."

-деп аяқтайды. Сол арқылы, ақын, заман бейнесін жырлайды. Бұлай деуімізге басты себеп болып отырған ХХ ғасырдың бас кезіндегі саяси ахуал тура айтқызбай тілді байлап тұрған кезде Ахмет Байтұрсыновтың мысал жанрындағы туындылары кеңінен тарап қазірге дейін көп оқылып та, көп айтылып та келетінінен.

А.Байтұрсыновтың "Ала қойлары" секілді бұл да жасырын түрде саясаттың секемшіл тұстарынан хабар етеді. Өлең тағы "Сынық қанат", "мұңды құс" секілді эпиттеттермен, көркем тілмен жеткізеді. Өлең он төрт-он бес буынға құрылған. Бұл өлең 1915-1916 жылдары жазылған өлеңдерінің қатарында. 1960 жылы шыққан 1-томда тұңғыш рет жарық көрген. Бұл туындының түпнұсқасы -ақынның 1957 жылы қазақтың А.С.Пушкин атындағы мемлекеттік кітапханасынан табылған "Балдырған" атты қолжазба жинағында сақталған.