Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Aiida_doc.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.78 Mб
Скачать

2.1 «Фитнес клубы» мәліметтер қорына кесте құру.

Кесте құру және олардың арасындағы байланыс орнату. Кесте – берілгендер қорының негізгі объектісі. БҚ жасау алғашқы кестені құрудан басталады. Кестелер-Құру (Таблицы-Создать) командасын беру керек. Жаңа кесте (Новая таблица) сұқбат терезесі ашылады (сурет 13). Біз құрғалы отырған «Фитнес клубы» мәліметтер қорына 9 кесте құрылады. Соның ішінде конструктор режимі бойынша кесте құру. Кесте құрудың 3 режимі бар.

Сурет 13. Кесте құру

Деректер қорында бағандар – өрістер, ал жолдар – жазбалар деп аталады. Өрістер деректер қорының құрылымын құрайды, ал жзбалар онда орналасқан ақпаратты құрайды.

Өрістер – бұл деректер қорының құрылымының негізгі элементі. Олар қасиеттерге ие болады. Өрістің қасиеттеріне байланысты оған енгізуге болатын және болмайтын деректердің түрлері анықталады, сонымен қатар өрістегі жазбаларға математикалық амалдар қолдануға болады. Өрістердің әр түрлі қасиеттері болады және олар әр түрлі түрлерге жатады (сурет 14). Мәтіндік өрістің негізгі қасиеті – өлшемі (ең үлкен өлшем – 255 белгі).

Сурет 14. Өріс типтері

Кестелер арасындығы байланыс. Деректер қорының бірдей атаулы өрістері бар кестелерді байланыстыру және олардың кілттік етілген кейбір өрістерін пайдаланып, басқа кесте құру – Acceess-тің негізгі ерекшеліктерінің бірі. Негіздік кестені басқаларымен байланыстыру үшін оның мәндері қайталанбайтын (бірегей) кілттік өрісі болуы және басқа кестенің осы атаулы өрісі болуы тиіс (бірегей кілттік өрісті бастапқы (первичный) кілттік өріс деп атайды). Ол ұзын сандық типті кілттік өріс болуы міндетті. Егер кестеде мұндай өріс болмаса, оны құрып алуға болады (сурет 15).

Байланыстардың төмендегідей негізгі түрлері бар:

- бірден бірге;

- бірден көпке;

- көптен бірге;

- көптен көпке;

Сурет 15. «Фитнес клубы» МҚ кестелерінің байланысы

2.2 «Фитнес клубы» мәліметтер қорына форма құру.

Форма – берілгендерді экраннан енгізуді жеңілдету үшін дайындалған бланк. Форманы кесте негізінде құрып, оған өзгерістер енгізуге болады.Бұл кезде өзгерістер автоматты түрде кестеге де енгізіліп қойылады.

Форма құрудың үш тәсілі бар:

  • Автоформа (форманы автоматы түрде құру);

  • Формалар шебері (форманы жартылай автоматты түрде құру);

  • Қолдан құру;

Конструктор режимімен форма құрамыз. Ол үшін Құру түймешігін басып, конструктор көмегімен құру батырмасын басқанда келесі терезе ашылады (сурет 16).

Сурет 16. Конструктор режимінде форма құру

Келесі форма шеберімен форма құрамыз. Ол үшін Құру түймесін басып, Другие формы – Мастер форм батырмасын басамыз. Бұл терезеден қай кестеге форма құратынымызды таңдаймыз. Таңдағаннан кейін форма терезесі ашылады. Сол терезеге кестенің батырмаларын көшіреміз. Ол үшін тышқанды басып тұрып кестедегі бағанды көтеріп форма қою қажет. Қойып болғаннан кейін саймандар терезесінен батырмалар енгізу қажет (сурет 17). Орнатылып болғаннан кейін жауып сақтау керек.

Сурет 17. Конструктор режиміндегі шебер көмегімен форма құру

Бұл конструктор режимінде құрылған форма. Екіншісі шебер көмегімен құрылған форма. Ол үшін шебер көмегімен құру батырмасы басылғаннан мына терезе пайда болады. Мәліметтер бағанасын бірінші бетінен екінші бетіне көшіру керек. Көшіргеннен кейін Келесі (Далее) батырмасын басу керек. Батырманы басқаннан кейін Форманың сыртқы пішінін таңдау терезесі шығады (сурет 18).

Сурет 18. Форма түрін таңдау терезесі

Осы терезеден қалаған сыртқы пішін көрінісін таңдауға болады. Таңдалғаннан кейін Келесі (Далее) басу керек. Осыдан келесі терезе ашылады, ол терезеде форманың стилін таңдаймыз (сурет 19).

Сурет 19. Форманың стилін таңдау терезесі

Таңдалғаннан кейін Келесі (Далее) батырмасын басамыз. Келесі терезеде формаға ат беру терезесі шығады. Сол терезеге қалаған атыңызды беріп сақтау керек (сурет 20).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]